Тақырыбы: «Бала -біздің болашағымыз»
«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:Сәлеметсіздерме балалар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Бүгін сіздер мен біздің балаларды қорғау күніне арналған «Бала- біздің болашағымыз» атты концертімізге қош келдіңіздер! Біз ойын ойнамыз, өлең айтамыз, би билейміз және бізге тамаша қонақтар келіп қатысады, бірге мейрамдаймыз. ! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді мектебіміздің құттықтау сөзі мектебіміздің директоры А.Карекееваға беріледі.
Сайқымазақтардың келуі
Сайқымазақ:Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақтаңдар.
Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба? Қалдырамыз.
Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Перизат пен Айгерімнің орындауында Ертегілер әнін ду қол шапалақтап қарсы алайық!
Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.
Ойын:«Қалай өмір сүресің» Сайқымазақтар өткізеді.
Балалар сөздердің мағынасы бойынша қимыл – қозғалыстар жасай бастайды
Қалай тұрасың? – Былай! (бас саусағын көрсетеді)
Қалай жүресің? – Былай! (орында жүре бастайды)
Қалай малтыйсың? – Былай! (сұға жүзіп малтып бара жатқан кейіп көрсетеді)
Қалай жүгіресің? – Былай! (орында тұрып жүгіреді)
Қалай көңілсіздене қаласың? – Былай! (басын иығына салып мұная қалады)
Ал бұраңдай аласың ба? – Былай! (бұраңдайды)
Ал қорқыта аласың ба? – Былай! (сұқ саусағын кезейді)
Ойын 3-4 рет қайталанады, әр қайталанған сайын тез сұрақ қойылып, тез – тез жауап қайтарылады.
Баршамызды бала тілмен баурайтын
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата-ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
-----------------------орындауында ән:
Жүргізуші: - Ал, балалар, енді жұмбақтар шешейік.
Жұмбақтар:
Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп. (Күн)
Ішін желмен толтырдым,
Қуалап жүріп болдырдым. (Доп)
Арлы – берлі қақпаны,
Тербетіп – ақ жатқаны. (Жел)
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю)
Жүргізуші:
Қолдарыңа бор алындар
Асфальтта сурет салыңдар
Сол суретте болсыншы
Шаттық күн, ашық аспан көк түсті
Бақыт деген сол екен
Береке, бірліктерің жарассын
Әр топ өздері қалаған суреттер салады асфальтта. Жақсы әдемі салынған сурет, марапатталады.
Сайқымазақтар: -Балалар, біз сендерге арнап сиқырлы шарлар ала келдік, бұл шарды біз ұшарамыз, ұшырмас бұрын барлығымыз жиналып өз армандарымызды сыбырлап айтамыз (шарды ұшырамыз).
Сайқымазақтар: Әзірге қош сау болыңдар.
Көңілді әннің әуенімен қонақтар кетеді.
Жүргізуші: - Міне, біздің мереке де аяқталып келді. Бірақ біз әлі кездесеміз, талай кездесеміз. –Ал, қане балалар, бәріміз ортаға шығып «Қара жорға» биін билейік.
«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тексерілді: Бекітемін:
ДТІЖО Мектеп директоры:
_______ Ғ.Әбшеқызы _________ А. Б Карекеева
«Бала -біздің болашағымыз»
2021-2022 жыл
2021-2022 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |