Тақырыбы: Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер Аты-жөні



Дата20.05.2022
өлшемі85.77 Kb.
#256412
Байланысты:
ГүлфаридаБ.И.


Тақырыбы: Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер
Аты-жөні: Болегенова Гулфарида Изгалиевна
Қызмет орны: №19 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі, модератор
Мекен-жайы: Орал қаласы, ш/а Арман М.Жұмабаев 2А
Байланыс телефоны: 87783306275
Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер
Күнбе-күн ізденіске толы қазіргі заманымызда білім мен ғылымның алар мәні мол. Қазіргі таңда елімізде білім берудің жаңа жүйесі қалыптасып, әлемдік деңгейде білім кеңістігі өзіндік ерекшелікпен алға басуға бағыт алуда. Рухани , ұлттық құндылықты өрістетуге, тәуелсіздіктің ақ таңының нұрлы болуына, елді нығайтуға берік болатын-білім нәрі.Жаңашылдықты пайдалана отырып, жаһандану заманы қоғам өмірінің кез-келген аясында инновациялық-технологиялық дамудың стратегиялық бағытына бет бұруды талап етеді. Бұл бағытты игерудің бағдаршамы-жоғары білім саласы. Кез-келген салада инновациялық тұрғыда ойлап, іс-әрекеттерге баратын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, Қазақстанның инновациялық-технологиялық дамуының негізгі міндеті болып табылады.
Білім саласының парадигмасының өзгеруі болашақ шәкірттердің қоғам тарапынан көзқарастың түбегейлі өзгеруін талап етеді. Бұл жерде, оқытудың жаңа әдістемелік тұрғыдан жүргізілуі, оқытушының ролінің өзгеруі, Болондық процесс философиясына сай болуы керек.Қазіргі кезде сабақтарды ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Мұнда компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге формулалар, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, кұбылыстардың динамикалык бейнесі және т.б. жатқызуға болады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын жалпы пәннің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушылардың шығармашылык, интеллектуалдык қабілеттерінің дамуына, өз білімдерін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.Оқушының ақпаратты жаңаша қабылдауына мүмкіндік береді. Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – жаңа материалды баяндауда, үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы жұмыстарды жүргiзу барысында, баяндалған материалды бекiту және т.б. мақсаттарда компьютермен оқыту құралы ретiнде қолдану.
Әрбір оқытушының негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта,қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ өткізуді әртүрлі әдістермен кіріктірілген сабақ ретінде жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.
Оқытудың интерактивтік үлгілерінің негізгі критерийлері : пікір-талас тудыру, оқу материалын еркін баяндау, дәстүрлі дәрістердің аз болуы, оқушылардың белсенділігін арттыру, топпен жұмыс істейтін тапсырмалардың болуы, бақылаудың болуы, жазбаша жұмыстардың болуы т.т. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Жаңа ақпарттық технологияны сабақта пайдаланудың тиімділігі оқушылардың еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл - ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс –әрекет тапсырманы жан-жақты орындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі қоғамның жаһандық ақпараттылығы да еліміздегі жоғары білім жүйесіне айтарлықтай әсер етіп, онда қолданылып жүрген әдістердің түбегейлі қайта қаралуын талап етеді. Жоғарыда айтып кеткен оқыту әдістерімен көпшілігіміз таныс болып қалдық. Оларды оқыту процесінде пайдалану міндетті екені бәрімізге мәлім. Қорыта келгенде оқытудың бұл әдістері мен құралдарын қолдануды түпкі мақсат етпей, ең алдымен бұл жаңа инновациялық әдістер ЖОО алдындағы білім беру міндеттерін шешудің құралы екенін түсінуіміз керек. Сондықтан әр әдісті қолданғанда оқу пәнінің нақты спецификасын ескеруіміз керек. Себебі біздің ойымызша оқудың танымал, заманауи әдістерін көзсіз қолдану әрқашан ойдағыдай нәтиже береді деп ойламаймыз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек.» деп атап көрсеткеніндей, ғылым мен білімді адам ой-санасының, дүние танымының өсуіне қорек беретін рухани азық ретінде барынша қолдану керек.Жаңаның жақсысын ала отырып, заманауи әдістердің білім беру процесінде тигізер септігін сараптай білу қажет.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы- оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдана білуге бағыттайды. Оқушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесі жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталғанын түсінеді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Не үшін?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей бастайды.
Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ.Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұстастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, зерттеу, пысықтап анализ жасау- әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында «Миға шабуыл», «Автор орындығы», «Ыстық орындық», «Уақыт тізбегі», «Хикая картасы», «Балық қаңқасы», «Дара диаграмма», «INSERT», «Аквариум», пікірталас, дөңгелек үстел, диалог, оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау үшін тиімді әдіс-тәсілдер болып саналады. Мысалы: жаңа сабақ басталар алдында «Миға шабуыл» әдісі бойынша тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазып, уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларын оқиды, идея қайталанбау керек. «3 таяқша» әдісін қолдану барысында әр топ берілген тақырыпқа байланысты оқушылар 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея дайындап, көпшілікке таратады.
Жаңартылған бағдарлама негізінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері:
- Оқушылардың қызығушылығын туғызады;
- Әрқайсысының оқу үдерісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
- Әрбір оқушының сезіміне ерік аударады;
- Кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
- Оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
- Мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді.
Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда РАФТ, INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымызда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушыларға көмегін тигізеді. Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін және мәтінмен жұмыс жасауға арналған стратегиясы «INSERT», «ДЖИГСО» стратегиясын жиі қолданамыз. Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады: «Y»- білемін, «-» - білмеймін, «+» мен үшін жаңа ақпарат, «?»- мен таң қалдырады белгілерін қойып отыру оқу арқылы тапсырылады. Оқушы жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекітуде «Фишбоун», «Өрмекшінің торы», «SWOT талдау» әдісін қолданған тиімді. «Фишбоун» әдісінде постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады, денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Бұл берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Оқушылардың ерекше қызыға орындайтын тапсырмалардың бірі - «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру». Оқушыларға дәптердің бетін ортасынан түзу сызықпен бөліп, мәтінді оқи отырып, бөліктің оң жағына мәтіндегі әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады. Әр оқушы мәтінмен танысып, дәптерге жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен, одан кейін топпен талқылау ұйымдастырылады.
Ал жазылым кезеңінде «Еркін жазу», «5 минуттық эссе», «5 жолды өлең» стратегиясын қолдану өте тиімді. Оқушылар оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасайды. Проблема бойынша өз көзқарасына рефлекция жасай алады. Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсі керек екенін тағы басқа да өз пікірлерін қағаз бетіне түсіру тапсырылады.
Пікірталасқа арналған «Кубизм», «Болжау таблицасы», «Үштік» т.б. әдісі арқылы оқушылар өзара пікірталас, диспут, дебат жүргізу арқылы өз ойларын айтып, оны дәлелдеуді үйренеді, басқалардың пікірін тыңдай біледі, топпен, жұппен, жеке жұмыстар жүргізу барысында өзара қарым-қатынаста болады.
Қызығушылықты ояту, мағынаны ажыратуда «Галерияны шарлау», «Түртіп алу», «5 жолды өлең», «Венн диаграммасы», т.б әдісі арқылы баланың дамуына, ақпаратпен тиянақты жұмыс жасауына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, сабағын жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.
Қазақ халқының көрнекті қайраткері Ж.Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»,- дегендей, әрқайсысымыз өз сабақтарымызды заман ағымына қарай түрлендіріп, оқушылардың тілдік қабілеттерін арттыру мақсатында пайдалансақ, мемлекеттік тіліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесіміз болмақ.
Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибе жүзінде сыннан өткізу маңызды. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше қазіргі білім беру саласында сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Актобе. РИПК СО, 1999.
2.Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,1994ж
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010 жылғы 7 желтоқсан.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы