Тақырыбы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы»

Loading...


Дата20.09.2021
өлшемі78.28 Kb.

«БЕКІТЕМІН»

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе

өңірлік университетінің

Жоғары колледжі

директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

________ Ж.Ы.Көлдеева

«___»__________ 2021ж.




Тақырыбы

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы»


Өткізген: Жалгасбаева Г.М

Тобы: есептеу техникасы

2021-2022 оқу жылы


1- ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КУРАТОР САҒАТЫ
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы»

Мақсаты:
1.    Cтуденттерге Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің  тарихын білуге тәрбиелеу.
2.    Студенттердің таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3.    Студенттерге патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 

Қазақстан Республикасының рәміздері;

Н.Ә. Назарбаев – 2030  бағдарламасы

Слайд  «Тәуелсіздікке 30 жыл».



Барысы:
Ұйымдастыру.

Мұғалім: – Студенттер, бүгін қандай күн?

1-қыркүйек –білім күні. Білім күні-гүлденген, тәуелсіз еліміз Қазақстанның болашағының мейрамы. Бұл күн тек қана оқушылардың,студендтер мен ұстаздардың мерекесі ғана емес, сонымен қатар өз балаларынан өмірлерінің жалғасын, арман-мақсаттарының орындалып, олардың жарқын болашағын көруге үміттенген ата-аналардың да мейрамы. Сіздерге денсаулық,бақыт, оқушылар білім бәйгесінде тек биіктен көрінсін!



Кіріспе:

- Құрметті ұжымдастар! Қадірлі ата-аналар! Қымбатты студенттер! «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» атты онлайн куратор сағатына қош келдіңіздер!

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан – 2030 » жолдауында  «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы, нарықтық экономика өркендеу үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары болады» – деп нақты көрсетілген.

Студент:

«Пай, пай, пай!


Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!…
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»

– деп М. Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз.



Еліміздің әнұранымен басталады.


Мұғалім:

Ақиық ұлы ақынымыз:


«Ой – хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның  шерге толы өлеңдерін!
Ой – хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»- деп жырлағандай, 

Слайд  Тәуелсіздікке 30 жыл( жетістіктер)
 

Студент:

Ел болдық ерік алдық астаналы


Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Студент:

Еліміздің бейбітшілігі мен тәуелсіздігінің арқасында күліп – ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата – анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді.



Мұғалім:

Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу – асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші  міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.



Мұғалім:

-Бүгін сенің ұлттық намысыңды оятатын, жүрегіңе қуаныш ұялататын байтақ жерің бар, кең-пейілді елің бар.

Ән «Көк тудың желбірегені».

Мұғалім:

-Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен?

Назарларыңызға шағын түрде жүргізілген сауалнаманы ұсынамыз.

– Сен өзіңізді патриотпын деп айта аласың ба?

Студент:

Мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта тек қазақ тілінде сөйлеймін.

Патриоттық деген еліне, туған жеріне деген  сүйіспеншілік, барлық ұлттық құндылықтарды құрметтеу болып табылады.

Студент:

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс.  Мен  өз Отанымның патриотымын, өйткені, кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің өз Отаныма деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты.



Қорытынды:

– Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің патриоты екендеріңді,  көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:


Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
– деген екен.

-Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойыңдағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, құрмет тұтып, еліміздің нағыз патриоттары болатындарыңа сенімім мол.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...