Тақырыбы: Қазақ тілінде сан есімдерді оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі мазмұНЫ

Loading...


Дата08.04.2020
өлшемі161 Kb.
Тақырыбы: Қазақ тілінде сан есімдерді оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі

МАЗМҰНЫ


Кіріспе.............................................................................................

3

І. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері





1.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің принциптері...............................

5

1.2 Қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер............................

9

ІІ. Қазақ тілі сабағында сан есімдерді оқытуда пайдаланылатын

көрнекі құралдар





2.1 Қазақ тілі сабағында сан есімдерді оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер...........................................................................................


22

2.2 Сан есімді оқытуда көрнекіліктерді қолдану тиімділігі...................

30

Қорытынды..................................................................................................

40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................

42


Кіріспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласына жатады. Дегенмен, ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өз бетінше зерттейтін объектісі, мазмұны, ұғымдар жүйесі мен зерттеу әдістері, дәлелдеу тәсілдері бар.

Қазақ тілін оқытуда біріншіден, практикалық мақсат қойылады, яғни оқушылардың сөздік қорын байыту, қазақша ауызекі сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, оқығанын, көргенін, естігенін қысқаша жүйелі әңгімелеп беруге үйренеді. Екіншіден, білімдік мақсат көзделеді, яғни қазақ тілін пән ретінде оқыту арқылы оқушылар қазақ халқының тұрмыс мәдениеті, тілі туралы (сөз өнері, қол өнері), саз (музыка) өнері жайында мағлұматтар беріледі. Үшіншіден, тәрбиелік мақсат көзделеді, яғни қазақ тілімен, әдебиетпен танысу арқылы оқушыларды азаматтық, адамгершілік рухына тәрбиелеуге, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік туады. Екі тілдің (қазақ тілі, орыс тілі) грамматикалық өзара айырмашылықтарымен салыстыра отыра үйрету арқылы оқушылардың сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Қазақ тілі сабағында сан есімдерді оқытуда көрнекіліктерді қолдану тиімділігі.

Диплом жұмысының зерттеу мақсаты. Қазақ тілі сабағында көрнекіліктерді пайдаланудың негізін ашып көрсету; қазақ сыныптарында сан есімді оқыту әдістемесі.

Диплом жұмысының зерттеу міндеттері. Оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру, тілдің қарым-қатынастық қызметін меңгерту; сан есімді өтуде қолданылатын көрнекі құралдардың түрлерін көрсету; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытуға арналған жұмыстарды көрсету; қазақ тілі сабағында көрнекілікті пайдалану жолдарын қарастыру; жаңа технологиялар негізінде қолданылатын техникалық құралдарды зерттеу; көрнекілікті пайдаланудың психологиялық, педагогикалық негізін қарастыру.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Оқу үрдісінде қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану сабақтың тиімді өтуіне және оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттырып, мұғалімге де, оқушыға да септігін тигізетіні айқын.

ХХ ғасырдың басында ана тілімізді оқытуды жетілдіру, оның сапасын арттыру ең алдымен «жақсы методикаға, методиканы жақсы білетін мұғалімге және сапалы оқулық пен оқу құралдарына байланысты» деген қағиданы ұстанған А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, К.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов сияқты біртуар тәлімгер ғалымдарымыз ана тіліміздің сапалы төл оқулықтары мен оқу құралдарын жазып тәжірибеге енгізді.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттелуінде құнды пікірлер айтып, ғылыми және әдістемелік тұрғыдан сапалы оқулықтар жазған Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Х.Сарыбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев сияқты ғалым-әдіскерлеріміздің де есімдерін ерекше атауға болады.

Соңғы жылдары ана тілімізді оқытып үйрету мәселесі жаңа бір белеске көтерілді: атап айтқанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оқулық, оқу құралдары жазылуда.

Сонымен қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту тек қана ана тілін ғана емес, А.Затаевичтің сөзімен айтқанда «Азиядағы ұлы көшпенді халықтың» тарихымен қайталанбас өзіндік мәдениетімен, әдебиет тарихы мен т.б. жақсы қасиеттерімен таныстырумен ұштастырыла жүргізілсе, жаңалық пен жақсылыққа жаны құмар ең алдымен балалардың қазақ тілі сабағында ынта-ықыласын арттырады, қызықтырады. Ол үшін мұғалім қазақ тілін жетік білетін жоғары білімді маман болуға тиіс [2, 11].

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері
1.1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің принциптері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мынандай принциптері бар. Олар: 1) оқыту заңдылықтары. Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды. Оқыту процесінің заңдылықтары: а) Қоғам талабы оқытудық мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс; ә) Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі; б) Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іскерлік, дағды деңгейіне сүйену керек.

Принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.

Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Коменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудың ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі.

И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.

1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, «принцип» сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.

А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудың белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін анықтау. Ол «Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар» - деп тұжырымдалады.

Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.

Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.

2) Оқытудың ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. 3) Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды

4) Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытуда аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді. 5) Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным

Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде негізгілері және көмекшілері жоқ. Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын көрсетеді. Білімді ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады [5,41].
1.2 Қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Бүгінгі таңда Қазақстанда Б.Әбдікәрімұлының, Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтың, Ш.Таубаеваның, К.Қабдықайыровтың, М.Жанпейісованың, С.Көшімбетованың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі жастарда. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. Біз өз зерттеу жұмысымызда Ш.Таубаева мен К.Құдайбергенова берген анықтамаға сүйенгенді жөн көрдік, яғни «Инновация» – бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады?

Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Әдістеме ғылымы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Оқыту әдістемесі – оқытудың мазмұнын, мақсатын, міндетін, әдісін, сондай-ақ үйрету амалдары мен тәрбиені зерттейді. Ал әдіс білім алу мақсатындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің өзара байланысын қарастырады.

Тілдерді оқыту әдістемесі – тілді оқытудың ұтымды жолдары мен түрлі әдістерін, тәсілдер мен амалдарын сабақта пайдалана отырып, ауызекі сөйлеуге, сауатты жазуға, өз ойын жеткізуге білуге, қарым-қатынасқа түсе алатындай дағды мен біліктілігін қалыптастыратын педагогикалық ғылым.

Қазақ тілін компьютермен оқытудың мақсаты - оқу жұмысының жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды, оқушының қазақ тілі пәні бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етеді, өзін-өзі реттеуді дамытады, оқушының мақсатты қызметін ынталандырады. Әрбір жаңа грамматикалық тақырыпты өткен кезде, мысалы, зат есім, оның жасалуы немесе сын есім, оның шырайлары, т.б. керекті тірек-сілтемелер, кестелер беріледі. Оқушы тірек-сілтемелер арқылы ойын жинақтап, шығармашылықпен жұмыс істей алады. Сонымен бірге оқушылардың көмегімен бағдарламадан тыс материалдарды жинақтап, мультимедиа бағдарламасы бойынша репортаж дайындауға, ұйымдастыру кезеңінде оның фотосуреттерінен галерея ұйымдастыруға болады. Компьютермен жұмыс істеу өте кызықты. Нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Соның нәтижесінде асықпай, компьютермен еркін сырласа отырып, (өз бетімен) ойлануға қолын жеткізеді. Сонымен бірге оқушының танымдық қабілетін арттыра отырып, білім нәтижесіне көзін жеткізеді.

Қазақ тілін оқытумен байланысты сабақтардағы диафильмдерді, оқу кинофильмдерін, сондай-ақ сабақтағы фотодокумент, граммпластинка, лото, қызықты грамматикалық ойындардың барлығын сканер желісі, яғни компьютер желісі арқылы шешуге болады. Айта кететін жай, қазіргі кезде тілдерді дистанциялық оқыту үрдісі кеңінен тараған. Қазақ тілін оқытуда сапалы электронды оқулықтардың болуы қашықтықтан оқуға бірден-бір мүмкіндік берер еді.

Компьютерді пайдалану сабақ сапасын көтерумен қатар, оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыруда ерекше орын алады, оқушының назарын пән мазмұнына аударады, өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға қызықтырады.

Модульмен оқыту мұғалім мен оқушының субъект-субъектілік қатынасына негізделген. Сондықтан қазақ тілін модульмен оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі қандай болса, оқушының да рөлі сондай болмақ.

Әлемдік модульмен оқыту тәжірибесінде оқытудың келесі жүйелері қолданылуда: алгоритмдік; оқытуда өзін-өзі басқару; аудиовизуалды, автоматталған басқару; бағдарламалық.

ІІ. Қазақ тілі сабағында сан есімдерді оқытуда пайдаланылатын көрнекі құралдар
2.1 Қазақ тілі сабағында сан есімдерді оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер
Әл-Фараби «Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік» деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.

Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.

Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.

Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері

Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.

Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді [10,51].

Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:

• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;

• көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;

• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;

• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;

• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;

• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;

• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.

Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.

ІХ-Х сынып оқушыларын әдебиетті іріктеуге, аннотация жасауға, конспектілеуге, картотекалар жасауға, жоспар жасауға, материал жинауға, оның жоспарын жасауға, құрастыруға, баяндауға үйрету керек.

Зерттеу кезеңдері: 1) факті, не құбылыстарды бақылау, зерттеу; 2) зерттелетін мәселелерді анықтау; 3) мәселені шешу жөнінде жорамал айту; 4) зерттеудің жоспарын жасау; 5) зерттеу; 6) нәтиже; 7) оны қолдану туралы ұсыныс.

Оқушының шешетін мәселелері оқу бағдарламасына ену керек. Оқушының зерттеуі ғалымның зерттеуіне ұқсас, күрделі болмау керек. Оларды әдіскер-ғалымдар жасайды.

Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі. Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс.

Эвклидтің элементарлық геометриясы дедуктивтік әдіспен оқытылады. Бірақ оқушылардың дайындығын қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда мұғалім оларды жеке зат және құбылыстарды меңгерту үшін қолданады.

Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк көтеретінін білу үшін Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер қолданылады.

Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады.

Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы индукция әдісін қолдануды талап етеді. Индукция әдісі бастауыш сыныптарда жиі қолданылады. Себебі Бұл жастағы балалар нақты жеке құбылыстарға қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, қорытындылар жасайды. Осылайша жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. Осы кезден бастап дедукция әдісі қолданыла бастайды.

Ынталандыру әдісі. Қызығушылықтың үш түрі: а) іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы; ә) танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі; б) іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.

Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.

Педагог ақын М.Жұмабаев ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі деп көрсетеді. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин әдеби шығармалардың адамгершілік туралы жазған жерлерін оқушыларға талдатады. Қызықты мысалдар, тәжірибе жүргізу, бір-біріне кереғар келетін айғақтар оқушының түрлі сезімдерін туғызып, оны оқуға ынталандырады. «Тұрмыстағы физика», «Ертегілердегі физика» деген тақырыпқа мысалдар жинату да пайдалы жұмыс.

Атақты ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы кештер, көркем әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты арттырады.

Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.

Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:

1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;

2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;

3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару;

4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.
2.2 Сан есімді оқытуда көрнекіліктерді қолдану тиімділігі
Сан есімдер мағынасы мен қызметі жағынан сын есімдерге өте ұқсас, демек, сын есімдер, зат есімнің әрқилы сапасын, сынын, қасиетін, түр – түсін білдірсе, сан есімдер тобындағы сөздер зат есімнің алуан түрлі сан мөлшерін, шамасын білдіреді.

Сан есімдер ішінара есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік, топтау сан есімдер болып бірнеше салаға бөлінетіні сараланып түсіндіріледі.

Сан есімдердің лексика – семантикалық мағыналары, морфологиялық қасиеттерін және әрбір сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметін түсіндіру сын есімнің ерекшелігін оқыту жолымен ұштастырылып оқытылады.

Сын есім мен сан есімнің грамматикалық белгілерінің ұқсастықтары көп. Бұл ұқсастықтар сөз таптарына тән үш түрлі принциптің үшеуіне де сын есім де, сан есім де ортақтасып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, сын есім заттың сынын білдірсе, сан есім заттың санын білдіреді. Екеуі де зат есіммен тіркесіп сөйлемде, негізінен, анықтауыш қызметін атқарады. Ал морфологиялық жасалу жолдарының да ортақтастық жақтары мол. Сан есімдер дара, күрделі, негізгі, туынды болып келуі – «Сөздердің жасалуы» деген бұрын өтілген тарауда айтылған таныс категория. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, сан есімді ұтымды меңгертудің жолын салыстыру - сұрақ – жауап әдістері арқылы іске асады.

Сан есімдердің мөлшерлік мағынада қолданылатын : жарым, жарты, дара, жалғыз, сыңар, қос, егіз деген сөздер, сол сияқты центнер, килограмм, пұт, тонна, қадақ, гектар, кубометр, адым, шақырым, қарыс, елі, ат шаптырым, бие сауым, қас қаққанша, ет асым, шай қайнатым, қас пен көздің арасында деген сияқты мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің барын да ескеру қажет. Бұлар мағына жағынан сан мөлшерін білдіргенімен, сан есімдер тобына жатпайтын фразалық тіркестер екені аңғартылады.

Сан есімдер жасалу жүйесі жағынан, семантика – лексикалық мағыналары жағынан іштей өз алдына жеке – жеке категорияларға, топқа бөлінетінін мектеп оқушыларына саралап түсіндіру көзделеді. Сан есімнің мағынасы көп: кейбір сан есім заттың нақты санын білдірсе, енді біреуі ретін, үшінші бір тобы бөлшегін, төртінші бір тобы топтау көрсеткішін білдіреді. Бұлардың әрқайсысының өздеріне тән мағыналық және жасалу жолы, белгілі бір қызметі болатыны айтылады.

Біз бұл дипломдық жұмысымызда сан есімнің осы айтылған белгілерімен қатар, сан есімнің сөйлемдегі мәні мен қызметі, олардың септелуі мен көптелуі және де сан есімнің емлесіне тоқталып, оларды мектеп оқушыларына қандай дәрежеде жеткізу керектігі жөніндегі мәселелерге тоқталамыз.

Қазақ тілінің V – VII сыныптарға арналып жазылған программасында бесінші сыныпта сан есімді оқытуға 12 сағат уақыт берілген. Сан есімді бұл сыныпта мына үлгі бойынша оқуға болады:

1.Сан есімнің мәні........................................ 1 сағат

2.Сан есімнің түрлері:

а) есептік сан есім.............................................. 1 сағат

б) реттік, жинақтық сан есімдер........................ 1 сағат

в) болжалдық, топтау сан есімдері.................... 1 сағат

г) бөлшектік сан есім.......................................... 1 сағат

3.Дара және күрделі сан есімдер....................... 1 сағат

4.Сан есімнің септелуі мен көптелуі.................. .1 сағат

5.Сан есімнің тәуелденуі мен жіктелуі............... .1 сағат

6.Сан есімнің сөйлемдегі қызметі....................... .1 сағат

7.Сан есімнің емлесі .............................................1 сағат

8.Бақылау диктантын жүргізу және оны талдау..2 сағат.

Барлығы 12 сағат.
Сан есімнің заттың санын, ретін, сандық мөлшерін, бөлшегін білдіру үшін қолданылатынын түсіндіру үшін, ішінде сан есімнен болған мүшелері бар сөйлемдер келтіріп, солардан оқушыларға сан есімдерді таптыртып, олардың заттың санын қалайша білдіріп тұрғанын сұрау керек. Оқушылардың өздеріне де сан есімді келтіріп, сөйлем ойлатып құратуға да болады. Осы әдіспен балалардың бастауыш мектепте сан есім туралы алған мәліметін қайталап, еске түсіру қажет.

Оқушыларға сан есімдерді таптыру үшін мына сөйлемдерді пайдалануға болады.

1. Меніңше, сол үйінділердің өзінде ғана үш жүз мың пұт мыс жатыр. 2. Мыңбай қарақ – қарақ күлгенде, аппақ отыз екі тісі түгел көрінді. 3. Дүр етіп үлкен бір топ қарақұр ұша жөнелді (Ғ.Мүсірепов). 4. Әсіресе, соңғы он бес жыл өміріндегі көрген – білгені – бір ғасырға да сыймастай мол уақиға (Ғ.Сланов). 5. Мылтықпен зуылдатып екі тартты (И.Байзақов). 6. Бес жүз саулықтан өрген төл мыңнан асады. 7. Биыл дегенге жетіп отырмыз : тоғыз мың қой он бес мыңға жетті (Ғ.Сланов). 8. Тойды ма, әлсірей бастады ма? Үшеу әлде бұған көп болды ма? Қарашолақтың қара жүні қопсыңқырап отырған, тұнжыраған бейнесіне төрт аңшы кезек – кезек барлай қарап қайтқан – ды. (М. Әуезов). 9. Аялап одақ өсірген мыңдаған қыз, ұлым бар (Жамбыл). 10. Өлкенің дәл ортасын қақ жарып өтетін өзен бар. Соның екі жағасы селдір біткен аласа тоғай еді (М. Әуезов). 11. Оқу басталғаныан үш айдың жүзі болып қалған (С.Көбеев). 12. Мехцех бүгін сегіз вагон береді. 13. Қарағанды көмірін, осы суыр індерінен бір мың сегіз жүзө отыз үшінші жылы қой бағып жүріп, бала жігіт Апақ Байжанов тауыпты. 15. Азырақ дем алған соң екеуі тағы жүрді (Ғ. Мұстафин).

Бұл сөйлемдерде кездесетін сан есімдерді талдағанда, оқушыларға бұлардың бірсыпырасы есептік санды, біразы реттік санды, кейбіреуі жинақтық санды, қайсыбірі болжалдық санды білдіретінін айтып, сан есімнің мағынасына қарай алты түрге бөлінетінін схемамен көрсетуге болады. Бұлай ету сан есімнің түрлерін көрнекті түрде ұғуға көмектеседі [13,78-85].

Сан есім түрлерінің схемасы мен мысалдары

Сан есім



Есептік сан

есім



Реттік сан

есім



Жинақ

тық

сан

есім


Болжалдық

сан

есім


Топтау сан

есім



Бөлшектік

сан

есім


Сан есімнің түрлерін өткенде мынадай тәжірибе жасап көруге болады. Сан есімнің алты түрі жазылған схеманы тиісті мысалдармен тұспа – тұс келтірмей тақтаның екінші шетіне жазып сан есімнің әртүрлі мысалын оқушыларға таңдатқанда, олардың бір – бірімен тоғыстыра алатындығын байқаймыз. Мысалдарды терминдеріне тұспа – тұс келтіріп жазу пайдасыз, бұлай еткенде оқушылар ойлауды қойып, әзір тұрған мысал мен ережені пайдалана қояды.

Сан есімдердің жасалу жүйесі жағынан, семантика-лексикалық мағыналары жағынан іштей жеке-жеке категорияларға, топтарға бөлінетіні туралы түсініктер дара және күрделі сан есімдердің ерекшеліктері таныстырылғаннан кейін жеке тақырыптар негізінде беріледі.

Есептік сан есімнің басқа мағыналық топтарға тірек ретінде алынатынына айрықша назар аударылады.

Реттік сан есімдердің жасалу жолдары, олардың қолданылатын орындары мен жазылу емлесі туралы мағлұматтар түрлі ғылыми-көпшілік әдебиет материалдарын, көркем әдебиет құралдарын талдату нәтижесінде тереңдетіледі.

Жинақтық сан есімдердің өзіндік ерекшелігі, олардың тек "жеті" санымен шектелуі, жасалу жолдары мен қолданылу орындары, мағыналық сипатының ерекшелігі (заттық мағынаны білдіруі) оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы дәлелденеді.

Топтау сан есімдердің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін, жасалу жолдарын түсіндіргенде де қос сөздердің жасалуы еске түсіріле отырып баяндалады.

Болжалдық сан есімдердің жасалуындағы ерекшеліктерге олардың жұрнақ арқылы да, қосарлану, тіркесу арқылы да болжалдық мәнді білдіретіндігін көрсетуге болады.

Бөлшектік сан есімдердің жасалу жолдары математикадан өткен тақырыптармен байланыстырыла түсіндіріледі.

Бөлшектік сан есімдердің өмірге, тұрмысқа қажетті мәселелерді есептеудегі кажеттінше әр түрлі жаттығулар орындату арқылы көңіл бөлінеді. Мысалы, қаржыны күнге қалай бөлу, оның бөлшектерін қайда жұмсау т.б. немесе үй, қора салуға кететін құрылыс материалдарын пайдалану үшін оларды дәл есептеп бөлудің пайдасы туралы қызықты тапсырмалар ұсыну да тілдік, ойлау қабілеттерін дамытары сөзсіз [22,9-25].

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі елеулі өзгерістерді нәзік сезініп, оның әрбір өтпелі кезеңіне өзінің даму дәрежесін қалайда сәйкестендіріп отырғаны дәлелді қажет етпейтін аксиома. Олай болса, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру мәселесі де әр кезеңде өз дәрежесіне сай сұраныста болды.

Қазіргі қоғам талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы, яғни оған қоғамдық қызмет аясының кеңеюі, тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жақсарту, тілдерді оқытудың жаңа технологиясының озық практикасын қорыту проблемасының бар екендігін көрсетіп отыр.

Мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі жаңа типтік бағдарламалар мен оқулықтарды жасауды, білікті кадрларды көбейтуді, техникалық құралдармен жабдықтауды айрықша талап етеді.

Білім беру жүйесінің көптеген тармақтарында бұрынғы дәстүрлі әдістемелерден елеулі айырмашылықтары бар, жаңа ізденістегі соны оқыту әдістемелері қолданылып жүр. Бұл нақты айтқанда, оқушының дербес танымдық белсенділігін арттыратын жаңаша жаңғыртып оқыту (инновационная), жоғары белсенділікті дамыту (интерактивная), оқытудың көпдеңгейлік әдістемелері мен жобалық әдістер.

Сондықтан біз өз зерттеу жұмысымызда қазақ тілін компьютермен, техникалық құралдармен оқыту әдістемесімен қатар жүретін модульмен оқыту технологиясына кеңінен тоқталдық. Әрине, бұдан басқа, деңгейлеп, саралап оқыту, дамыта оқыту, сыни тұрғыдан оқыту және т.б. жаңашыл бағыттар барынша. Алайда соңғы деректерге қарағанда, оқу үдерісінде, оқулықтарды құрастыруда қолданылатын модульмен оқыту технологиясы ерекше орынға ие. Жұмысымызда моудьмен оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру жолдары, тиімділігі және т.б. сынды мәселелер қарастырылды. Қазіргі таңдағы еліміздің жетекші әдіскер ғалымдары Н.О.Оралбаева, Ф.Ш.Оразбаева, К.Ж.Жақсыликова және т.б. ғылыми еңбектірне сүйене отырып, бірнеше дәлелдемелерге қолымызды жеткізуге тырыстық. Жұмыста, сондай-ақ, нақты дерек-мысалдар келтірілді.

Сөз табының бірі сан есім қазақ мектептерінде 6-7-сыныптан бастап оқытылып келеді. Сан есімді оқыту туралы біраз зерттеу жұмыстары бар. Сан есім әдіскерлері Х.Ш.Сарыбаев, Д.Әлімжанов, Е.Көшербаев, Б.Кәтембаевалардың еңбектерінде біршама зерттелген.

Сонымен бірге дипломдық жұмыста біз сан есімді оқыту әдістері мен тәсілдерін талдап, жүргізілген тіл ұстарту мен жаттығу жұмыстарына тоқталдық. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытындыдан тұрады, соңынан қолданылған әдебиеттердің тізімі беріледі.

Кіріспе бөлімінде жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсат, міндеттеріне шолу жасадық.

I тарауда сан есім жайлы жалпы түсінік беріліп, оның мағыналық топтарына тоқтала кетсек, II тарауда сан есімге байланысты жүргізілетін тіл ұстарту мен жаттығу жұмыстарына тоқталып, талдау жасауға талаптанып, оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілетін, білімдерін кеңейте түсу мақсатында істелетін жұмыс түрлерін қарастырдық. Сөйлемді байланыстырып тіл дамытуға арналған тапсырмалардың үлгісі берілді.

Тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап, күнделікті шығып жүрген жаңа әдістемелік еңбектерді оқи отырып, бұл тақырыптарды оқушылардың жете меңгеруіне бағытталған сол алған білімдерін практикада дұрыс қолдана білудің жолдарын көрсетуді ұйғардық.

Ол үшін мынадай мәселелерді атап көрсеттік:

1) Алған теориялық білімдерді практикада қолдану;

2) Грамматикалық анықтама айтқызып, мысал келтіру;

3) Оқушылардың өздеріне кесте жасату.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1965.

  2. Төлеуов Ә. Сөз таптары. - Алматы, 1982.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. - Алматы, 1991

  4. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі сын есім мен сан есім категориясы. –Алматы, 1975.

  5. Оралбаева Н.О. Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы, 1996.

  6. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері. Пед.ғ.докт.дис.автореф. - Алматы, 1996.

  7. Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992.

  8. Артықова Т., Төлеуова М., Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - А., 2006.

  9. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – А., 2005.

  10. Жақсылықова К. Қазақ тілін модульмен оқыту.-Алматы, 2000. - 367б.

  11. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1999.

  12. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. II бөлім. - Алматы, 1959.

  13. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 2000.

  14. Әбілқаев Ә. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы, 1995.

  15. Кәтенбаева Б. Морфологияны оқыту әдістемесі. - Алматы, 1967.

  16. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тіліндегі сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар. - Алматы, 1957.

  17. Уәйісова Г. Бастауыш кластарда морфологиялық ұғымдарды оқыту. - Алматы,1994.

  18. Мустафина Т. Көрнекі құралдардың пайдаланудың тиімділігі. Бастауыш мектеп. 2000.

  19. Әбілдина С.Қ. Оқу құралы. Бастауыш мектептерде қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы. - Қарағанды, 2005.

  20. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тілі методикасының очерктері. - Алматы, 1962.

  21. Әубәкірова А. Оқыту жүйесіндегі өзгеріс. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2001, №8.

  22. Дәулетова Р. Сыни тұрғыда қалыптасу. Қазақ тілі мен әдебиеті, 2001, №8.

  23. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1988.

  24. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 1995.

  25. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының мәселелері. - Алматы, 1972.

  26. Шадыкенова К. Жаттығулар жинағы. Алматы, 1997.


Қосымша

Сан есімге байланысты өтілетін сабақ түрлері

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Аукцион сабақ

Қазақ тілі сабағын түрлендіріп өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері бар. Қазақ тілінен тақырыптар, тараулар бойынша алған білімдерін анықтап, жылдам, нақты жауап беруге жаттықтыруда аукцион сабақтың орны ерекше. Аукцион сабақ оқушылардың алған білімі мен дағдысын тексерудің тиімді де қолайлы, шығармашылық түріне жатады.

Бұл сабақ, біріншіден – оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында өткізілсе; екіншіден - өтілген тақырыптарды қайталау, жинақтау, қорыту мақсатында жүргізіледі. Аукцион сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу мақсаты көзделеді. Аукцион сабақтың тиімділігі – оқушылардың мұғалімнің қойған сұрағына жылдам жауап беруі, ауызша тез сөйлеп, ұтымды жауап беруге дағдылануы. Дұрыс жауапты жылдам дәптерлеріне түсіреді. Аукционды өткізудің ережесін күнделікті өмірдегі аукционға ұқсатуға тырысамын. Сыныптағы 3 оқушыдан 3 фирмаға бөлінеді. Әр фирма өзіне лайықты ат қояды, фирма құжатын дайындайды. Әр фирма өткен сабақта алған бағаларының қосындысынан ақша қорын жасайды. Болашақта жиналатын ақша қоры аукционда алған бағаларына байланысты. Оқушылар сан есім тарауын толық қайталап дайындалады, ал мен сабаққа аукцион ережесін дайындап, оқушылардың өткен тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін тексеру, олардың ойлау қабілетін жетілдіру, шығармашылық тіл дамыту жұмыстарын өз бетімен ізденулеріне жағдай туғызамын, қызықтыру жолдарын іздеймін. Ол сабақты 3 лот арқылы өткіземін.

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау (VI сынып).

Сабақтың мақсаты. Білімділік: оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, достыққа, әдептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: жәрмеңке арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашьшыққа баулу, өз ойьш тиянақты жеткізуін дамыту.

Сабақтың типі: қайталау сабағы.

Сабақтың түрі: аукцион сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, проблемалық жағдаят, шығармашылық жұмыс, қайталау, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, қызыл, ақ, жасыл қоржынға салынған тапсырма сұрақтар, көкөніс, кітап дүкеніне керекті заттар, гонг.

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, экономика, халық педагогикасы.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру барысы. Оқушыларды түгендеу.

2. Аукционды өткізу шарттары және кезеңдерімен таныстыру.

Аукцион 3 лот арқылы өткізіледі.

    1. Ашық лот.

    2. Жартылай жабық лот.

    3. Жабық лот.

Аукционға түсетін зат «Майлы бояумен салынған суреттер», «Кітап дүкені», «Сауда орталығы» ғимараты.

Үш лотқа сұрақтарына байланысты 3 қоржын дайындалған.

Ашық лот кішілеу қоржын сұрақтары көк түсті қағазға жазылған.

Жартылай жабық лот үлкендеу қоржын сұрақтары жасыл түсті қағазға жазылған.

Жабық лот үлкен қоржын түсті қызыл қағазға жазылған.

Берілген сұрақтар мен тапсырмалардағы сан есімдерді мағынасына қарай түрлерін, құрамына қарай түрлерін, емлесіне, сөйлемдегі қызметін сатылы түрде талдау керек.

Тапсырма былай бағаланады.

10 ұпай - 5 (қатесіз толық, жан-жақты орындалған)

8 ұпай - 4 (бір қате болса)

6 ұпай - 3 (2-3 қате)

Аукционда жинаған ұпайлары арнайы дайындалған тақтаға жазылады. Сұраққа жедел, жылдам, дұрыс жауап беру керек. Аукционға 3 фирма қатысады. Есепшісі сұрақтардағы сан есімді түрлеріне, мағынасына қарай сызылған сызбаға дұрыстап толтыру керек. Қорытындылаған кезде әр фирманікі жеке бағаланып ақша қорына қосылады.

Сызба төмендегідей.


Мағынасына қарай

Құрамына қарай

Мысалдар

Есептік

Реттік

Топтау

Болжам

Жинақ

Бөлшек

Дара

Күрделі



























Ашық лот



I. Тапсырма. Жұмбақтар.

  1. Екеуі қарауыл қарап тұр.

Төртеуі ұйықтап жатыр.

Біреуі қамыр басып жатыр.

Бір көлде екіден қаз ойнайды

Алса деп бірін-бірі наз ойнайды

Бірін-бірі алмасына еш қоймайды.

Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты.

Кешке үш аяқты.

Бес ін, бес іннің аузы бір ін.

II. Тапсырма. Мақал-мәтелдер.

  1. жасар бала келсе ... .

  2. жаман ... қолды ірітер.

  3. білмеген жетесіз.

  4. ала болса ауыздағы кетеді, ... түгел болса төбедегі келеді.

  5. тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды.

  6. рет өлшеп, ... бір рет кес.

  7. Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені.

III. Жаңылтпаштар.

  1. Үш кіші ішік піштім.

Бес үлкен ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім?

  1. Арқада алты арқар бар,

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда қарт арқар бар.

Алты арқарда марқа арқа бар.

  1. Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш шыбыш.

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

Жартылай жабық лот

Тапсырма.

  1. Өлең сұрау (сан есімі бар болуы керек).

  2. Санамақтар құрау.

  3. Киелі сандар.

  4. Шығармашылық.

Үш арсыз, үш ғайып, үш дауасыз, үш жамандық, үш бунақ, жеті амал, тоғыз тармақ және он екі апат, жеті қазына, жеті жетім, жеті ата жайлы не білесіңдер?

Жеті амал: күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, айдың толғағы, қыс тоқсанының бітуі.

Жеті қазына:

Жабық лот


  1. Мәтін. «Тайқазан» сан есімдеріне морфологиялық талдау.

  2. Сурет бойынша мәтін.

  3. Тайқазан

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауидың кесенесі бар. Бұл ғажайып кесененің ішінде алып қазан тұр. Қазанды 1399 жылы Ақсақ Темірдің әмірімен Түркістан қаласынан 25 шақырым қашықтықтағы Атабай деген жерде жасаған. Оны термездік шебер Әбділ Әзіз Шарафуддин 7 металл қоспасынан құйып жасаған. Оның құрамында темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын бар. Бұл алып қазанға 60 шелек су сияды. Қазанның өз салмағы 2 тонна, диаметрі 2,5 метрге жуық. Қазанның 12 құлағы бар. 1935 жылы қазан Санкт-Петербургке көрмеге апарылды. Тайқазан 54 жыл Санкт-Петербургте болып 1989 жылы өз орнына қайта оралды.

IV. Қорытындылау, баға қою.

Үйге тапсырма: Сан есімге байланысты сөзжұмбақ құрау.






Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...