Тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты



Дата14.01.2022
өлшемі15.47 Kb.
#154918
Байланысты:
Алтын күз сценарий балабақша
Ароматты косылыстар кмж, циклограмма 11.10

Тақырыбы: «Арайлы алтын күз»

Мақсаты: Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және

күз ханзадасын анықтау.

Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайыс

қа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.

Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Жоспары:

Бүгінгі күзгі балымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.



1.Таныстыру

2.Өнер сайысы (би,ән)

3. Үй тапсырмасы (Күзгі көкөністерден, өсімдіктерден жасалған аппликациялар, қол өнер бұйымдары)

5. Білгенге –маржан. (Күз мезгіліне байланысты сұрақ-жауап)

6. Күз сән үлгісі.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер!

Бүгінгі балабақша топтарының арасында ұйымдастырылып отырған

«Арайлы алтын күз» атты күзгі балға қош келдіңіздер.

- Уа халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық - деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

- Біздерде ойын - сауық басталады

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық

Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып

Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

1 жұбымызды ортаға шақырайық.

Ай секілді өзі де,

Сыңғыр,сыңғыр сөзі де.

Томирис деген арудың,

Әдемі ғой көзі де.

Арман бар биік шыңға шықсам деген

Қыран боп көк әлемге ұшсам деген

Бүгінгі сайыста жеңіп шығып

Кең сермеп қанатымды ұшсам деген Ильяс.

2 жұбымызды ортаға шақырайық.

Үлкендерді сыйлайды,

Балабақшадан қалмайды.

Азиза қыз сіздерге,

Ән мен жырын арнайды.

Жігіттің дара туған ірісіндей

Жүрісі батырлардың жүрісіндей

Келбетті батыр тұлға

Сом білек Қажымұқанның інісіндей Нурали

3 жұбымызды ортаға шақырайық.

Керемет ән салатын,

Бәрімізге жағатын.

Адель кейде қырсықса,

Түйіп алар қабағын.

Сыйлаған ата - анасын

Үлкеннің алған батасын

Ғарышкер болу арманы.

Медеуді шақырсақ болғаны

4 жұбымызды ортаға шақырайық.

Сабағын да меңгерген,

Жақсылықты жөн көрген.

Ата-анасы Айшаға,

Әдемі есім теңгерген.

Әрқашанда көңілді жүрер Бейбарысымыз,

Тобында ержүрек батырымыз.

Өнермен тәнті қылар баршамызды,

Қарсы алайық,қол соғып Бейбарысты біз.

- Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап қатысушыларымыздың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

1-бөлім Жүргізуші:Сонымен құрметті қонақтар «Арайлы алтын күз» атты күзгі балына сайыскерлеріміздің өзін - өздері таныстыруларын тамашалайық.Әділ-қазылар 1 сайыс «Таныстыру»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.

Ән «Күз келгенде»

2-бөлім Жүргізуші:

Өнер жастан жаныңдар

Өнерпаздар дарындылар

Көрейік, ән би, күйді көрермендер

Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз

Әділ-қазылар 2 сайыс «Өнерлі өрге жүзер»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.



Тақпақтар

3-бөлім Жүргізуші: Үй тапсырмасы күзгі көкөністермен, өсімдіктерден жасалған аппликация, қол өнер бұйымдарын әділ қазыларға табыстау. Әділ-қазылар 3 сайыс «Үй тапсырмасы»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.

Би «Джентельмен биі»ұлдар өз өнерлерін көрсетеді.

4-бөлімінде жүргізуші: Білгенге –маржан Жүргізуші: (Күз мезгіліне байланысты сұрақ-

жауап) «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы

ағаштағы жапырақшалардағы сұрақтарға жауап бересіздер. Әділ-қазылар

4 сайыс «Білгенге маржан»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.



Би«Жылайды жапырақ»қыздар өз өнерлерін көрсетеді.

5 бөлім- Жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен

Әр топ әсем болар өз сәнімен

Күз сәні өнерімен ортаға шығып

Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз. Әділ-қазылар 5 сайыс «Күзгі сән» топтардың сән үлгісін бақылап сол бойынша әділ бағалаларын көрсетеді.



Ән «Біз осылай өсеміз»

6-бөлім. Жүргізуші:Осымен «Арайлы алтын күз»атты күзгі балымыз өз мәресіне жетті.Назар қойып тамашалағандарыңызға рақмет.Әділ қазыларымыз әділ

шешімдерін айтып өтсе болады.



Қорытынды бөлім. М а р а п а т т ау

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді