Тақырыбы: Антон Семенович Макаренко


А.С.Макаренко тәрбие мәселесі туралы



бет2/5
Дата20.11.2021
өлшемі123.46 Kb.
түріРеферат
1   2   3   4   5
А.С.Макаренко тәрбие мәселесі туралы.
   А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.

   Оның айтуынша, қабілетсіз немесе "бұзылған” бала "сәтсіз педагогтардың” ойлап тапқандары, барлық "бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”.

   Макаренко бүгінгі "бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеды. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.

   А.С.Макаренко буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогиканы қатты сынға алды. Буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогика құрғақ жаттауға және баланың жеке басын басып-жанщуға, соқыр бағынуға негізделген авторитарлық педагогикадан "еркін тәрбие” анархистік теориясына негізделді.

   Макаренко жұмыс бастаған жылдары Горький атындағы колонияда көптеген педагогтар "еркін тәрбие” теориясының рухында тәрбиеленген болатын-ды. Ұсақ буржуазиялық "еркін тәрбие” теориясын жақтау балаларда эгоизмді, тәртіпсіздікті және басқа жағымсыз қылықтарды тәрбиелейді.

   Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап қоя білу керек. Макаренко адамның шығармашылық күштеріне, оның үлкен мүмкіншіліктеріне терең сене білді. Макаренконың гуманизмі оптимизммен тығыз ұштасады, әрбір тәрбиеленушінің жағымды жақтарын көре білді.

   Макаренко педагогикалық теория тәрбиенің практикалық тәжірибесін жинақтауға құрылуын талап етті. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммуна мектептерінде бағдарламалық материалды орналастырудың кешенді жүйесі қолданылмады. Макаренко оқу пәндерін біржүйелі оқытудың жақтаушысы болды, ол оқыту үрдісін кез-келген бұрмалаушылыққа "Дальтон-жоспарға”, "жобалау әдісіне” қарсы болды.

   Ол еңбек тәрбиесі үрдісіндегі бұрмалаушылыққа қарсы болды.

   Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко оқушылардың бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды. Макаренко кейбір педагогтардың сол кездегі америка прагматистік педагогикасымен алынған "Еңбек – бүкіл мектеп жұмысының орталығы” деп аталатын дұрыс емес ұранға қарсы болды. Бұл ұран бойынша, мектеп өмірінде еңбек дағдыларына ерекше мән берілді, біржүйелі жалпы білім алуға зиян келтірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік