Тақырыбы: "Ана деген тіршіліктің тірегі" Өткізілетін орны



Дата09.06.2022
өлшемі15.84 Kb.
#267259
Байланысты:
Ана деген тіршіліктің тірегі


Тақырыбы: "Ана деген тіршіліктің тірегі"
Өткізілетін орны: мәжіліс залы
Өтетін күні: 4.03.2022
Өтетін уақыты: 11.40
ФАНФАР

Жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Жүргізуші:
Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе, «Шабыс» биімен 4 сынып өнерпаздарының биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: 
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, – дей келе, құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Айнұр Тоқтарқызы Сарсеноваға беріледі (директор сөз сөйлейді).
Жүргізуші: 
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне3 «а» сынып оқушыларын « Анашым, қартаймашы» әнімен сахна төріне шақырамыз.
Жүргізуші: 
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті қазақ биіне береміз. Алдарыңызда 5 «а» сынып оқушылары.
Жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Олай болса 2 «ә» сыныпты қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ұл мен қыздың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық! «Ай дидарлы анашым» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші:
Бұралып біздің қыздар билегенде,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам - демекші, «Көңілді аспазшылар» биімен 3 «а» сынып өнерпаздарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: 
Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап ,құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» -деп ъхалқымыз текке айтпаған. 2 «а» сынып оқушыларының әжелеріне арнаған «Сағындым, әже» атты әніне кезек берейік.
Жүргізуші: 
Келесі биіміз қыздарымыз бен аналарымызға арналады. «Большая стирка» биін тамашалаңыздар
Жүргізуші:
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.
Келесі кезекте 4 сынып оқушыларының орындауында «Мама» әнін тамашалайық
. Жүргізуші: 
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. «Гүлдер» биімен 3 «ә» сыныбының қыздарын ортаға шақырамыз.
. Жүргізуші: 
Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.
Ән айтпақшы 7 «ә» сынып сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен, - дей келе, 7 «ә» сыныпты «Мереке» әнімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Жүргізуші:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру