Тақырыбы 6: Қазіргі философиядағы адам мәселесін талдау тәжірибесі



бет1/3
Дата14.09.2022
өлшемі25.44 Kb.
#290234
  1   2   3
Байланысты:
Документ философ 6
1535621457

Жаппар Әсел
ФӨТҚ-06-19
Тақырыбы 6: Қазіргі философиядағы адам мәселесін талдау тәжірибесі.
2. Мақсаты: қазіргі философиядағы адам мәселесін ерекшеліктерін түсіндіру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
Философиядағы адам мәселесінің мәні мен ерекшелігі. Адамның өз табиғатын танып білуге ұмтылуы философиялық ойды дамытудың басты түрткілерінің бірі болып табылады. Философия ежелгі заманнан бастап жалпы адам дегеніміз кім, оның табиғаты, оның мәні қандай екендігін айқындауға ұмтылып келеді.
Адамның өзін-өзі танып білуі – философияның орталық мәселесі. Философияның адамды зерделеуге арнаған тарауы философиялық антрология деп аталады. Оның ғылыми антропологиядан немесе адамды зерделейтін арнаулы ғылыми пәндер кешенінен бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Заманауи ғылымда мұндай 800-дей пән мен бағыттардың бар екендігін айтуымыз керек. Алайда олардың әрқайсысы адамды белгілі бір жақтарынан, қандай да бір жекелеген қырларынан қарастырады. Мысалы, психология адамның ішкі дүниесін, оның санасы мен түпсанасын; медицина – аурулардың себептері мен оларды емдеу жолдарын; нейрофизиология – адамның жүйке жүйесінің қызметін зерделейді.
2. Адам және оның әлемдегі - болмысы: экзистенциализм, прагматизм. Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы -“адам дегеніміз не” мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтайды. Ол адамды барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани - практикалық іс - әрекетінің біртұтас жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.
Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде орын алған. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияның басқа да көптеген ағымдарын қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философияда, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр
3. Адамның биологиялық, әлеуметтік және рухани табиғаты. Адамның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргіэволюцияадамөмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініпшықаннан кейін олшешуші рөл атқармйтынболғаны сөзсіз. Енді адамныңэволюциясынаоның өмірінмәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдықөндірістің тәсілі,еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайларытағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсізадамдарда медицинаның көмегі арқасындақоғам өмірінебелсене қатыса алады.
Табиғи сұрыпталудыңкүші қоғам өміріндебарған сайын әлсіреуде,өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтікинституттар жеке адамдардың биологиялықжағынан өзгергіштігінұдайы әлсіретеді.Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж.1млн адамнан4000адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды,ал бұл құрт ауруыныңемдеуге қарсыласуыбойынша сұрыпталуымүлдем дерлік тоқтады деуге болады.
4. Адам мәні. «Адам» , «тұлға», «индивид» ұғымы
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін:әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде