Т оп сағатының мақсаты

Loading...


Дата28.02.2021
өлшемі21.1 Kb.

«Төрлет құтты жаңа жыл»

Т оп сағатының мақсаты: Студенттерге Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Мейіз:


Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендер де, көрмегенде арманда

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Ұлжан:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,



Ай жүзіндей айшықтанып арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

- Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті студенттер жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

-Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,

Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!

Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді 4БББ-15б/б тобының топ басшысына береміз.

-Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,

Диана:

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!

Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

Айдана: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

Гүлнар:

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.

Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Нұрбибі:

Жаңа жыл – бұл жаңа нұр

Нұрдан ләззат ала біл.

Ақын жазар жаңа жыр,

Жырдан тыңда терең сыр.

Дидар:

Біздің елде өткен жылы,



Шошқа жылы тыныштық.

Ал ұмтылдық, біз есейдік.

Жақсылыққа тырыстық.

Ескі Жылым – Ит жылы,

Қош, аман бол көргенше.

Сен сыйладың бақытты күн.

Қайта айналып келгенше,

Талап, талант дарынды,

Өрлеттің туды аспанда,

Бойыңнан бердің барыңды.

Айналар бір күн дастанға.

-Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.

Ортаға Жаңа шошқа жылы келеді.

Шошқа жылы: Жақсылыққа бағыттаған

Шошқамын мен Жаңа жыл!

Жаңа Жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл.

Ит жылының мерекесін,

Мерекеге жалғаймын.

Елде, жерде, табиғатта,

Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,

Қызметім де соларға,

Сеніңдер маған барлығың

Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,

Ізбасарың мен болам.

Аман болсын деп тіле,

Елім, жерім, кең далам.

Хор: Қош келдің Жаңа жыл!



Хаттама

«_26_»__желтоқсан_2018ж



Орны: «Каспий» педагогика жəне салалықтехнологияларколледжі

Отырысы:304 кабинет, 4БББ-15б/б

Барлығы:19

Қатысқандар:

Күн тəртібінде:

1.Төрлет құтты жаңа жыл топ сағаты

2. Əртүрлі мəселелер

Тыңдалды:

1.Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша 24.10.2018ж 4БББ-15б\ б тобында топ са.аты өткізілді. Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады

2. Ал,күн тәртібінде екінші мәселе бойынша студенттерге сабақтан кешікпеу, сабақтан себепсіз қалмау және де сабақтарын жақсы оқулары мен колледж ережелерін қатаң сақтауға әрбір студент ескертілді

Қаулы:

1. «Төрлет құтты жаңа жыл »студенттермен жүргізілген түсінік жұмысы «жақсы» деп табылсын.



2. Колледж ережелерін сақтау, сабақта жақсы нəтиже көрсету топ студенттерінің əрбіріне жүктелсін.

Жиналыс төрайымы: А.Б.Хайруллаева

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...