OSI стандарты бойынша халықаралық ұйымдар желіде берілген бірегей көріністер үшін бірдей емес құралдар мен бағдарламаны қамсыздандырудың OSI жүйесінің ашық байланыс моделін өңдеп шығарды. Бұл модель түрлі желілік ортадағы байланыс сеансының ұйымдасуында мәліметтерді беру процедурасы мен ережесін сипаттайды. Модельдің негізгі элементтері болып деңгей, қолданбалы үрдістер және физикалық байланыс құралдары табылады. OSI моделінің әрбір деңгейі желі арқылы мәліметтер беру процесінде нақты есептер орындайды. Желілік протоколдарды жасауына негізгі модель болып табылады.
Сурет 1 OSI модельдерінің деңгейлері
OSI моделі соңғы қолданушылар қолданбасына жетпей, құралдардың жүйелік қарым-қатынасын ғана сипаттайды. Желілік құралдарға қарай отырып, қолданбалар қарым-қатынастың өзінің меншік хаттамаларын жасайды. Егер қолданба OSI моделінің жоғарғы деңгейлерінің кейбір функцияларын алатын болса онда мәліметтермен алмасу үшін OSI моделінің төменгі деңгейінде қалған функцияларды орындайтын желілік құралдарға тікелей қарайды.
OSI модел деңгейлерінің байланыс қарым-қатынасы
OSI моделін 9 суреттегідей екі модельге бөлуге болады:
Программалар мен кез келген машиналардағы процесстер қарым қатынасын қамсыздандыру хаттама базасындағы горизонталь модель
Қызмет негізіндегі вертикальды үлгіні бір машинадағы көршілес деңгейлерді қамсыздандыру.
Сурет 2 OSI моделіндегі эталонды базасындағы компьютер арасындағы қарым қатынас
Жіберуші компьютердің әр қайсысы алушы компьютердің деңгейі сияқты деңгейде жұмыс істейді. Бұл байланыстар логикалық немесе шынайы байланыс деп аталады.
Жіберуші компьютердегі ақпарат әрбір деңгейден өтуі қажет. ол физикалық ортадан отіп алушы компьютерде алғашқы деңгейіне дейін барады.
Көлденең модельде екі программаға да ақпаратты алмасуына ортақ хаттама керек. Тік модельде ақпаратты көршілес деңгейлерде амасу қолданбалы интерфейсті API программасы арқылы жүзеге асады.
Желіге берілмес бұрын ақпарат пакеттерге бөлінеді. Пакет – желі станциялары арасында берілетін ақпараттар бірлегі. Мәліметті жіберген кезде ол барлық деңгейден өтеді.
Алушы компьютерде пакет кері тәртіп бойынша екі деңгейден өтеді. Пакет Қолданба деңгейіне жеткенде барлық деңгейлік ақпарат пакеттен жойылады, ақпарат алғашқы түріне келеді. әрбір деңгей өз функциясын орындайды.
OSI моделінің әрбір деңгейі өз функциясын орындайды. Мысалы: бірінші деңгей ASCIIден EBCDICге ауысуына жауап береді және де осыған қажетті программалардан тұрады.
Әр түрлі өндіруші бір желідегі системаының ашық қарым қатынасына арналған сервисті қамсыздандырады. Сондықтан ол соларға координалданған қимылдар жасайды:
Қолданбалы процестер қарым қатынасы;
Ақпаратты көрсету формалары;
Ақпаратты сақтау бірегейлігі;
Желілік ресустарды басқарады;
Ақпаратты қорғау мен ақпарат қауіпсіздігі;
Техникалық құралдар және программа диагностикасы.
Қолданбалы деңгей (Application layer)
Қолданбалы деңгей қолданбалы үрдіске өзара әрекеттесу аймағына қолайлы амалды қамтамасыз етеді және жоғарғы деңгей болып табылады, негізінде қолданбалы деңгей - әртүрлі хаттамалар жиынтығы, оның көмегімен желіні қолданушылар бөлшектелетіе ресуртарға рұқсат алады, ол мынадай файлдар, принтерлер және гипермәтіндәк Web – парақтар, сонымен қатар өздері бірге жұмысын ұйымдастырады, мысалы: электрондық почта [30] хаттаманың көмегімен қолданбалы сервистің негізгі элементтері тұрақты қолданбалы бағдарламаларға сервисті қамтамасыздандырады, ол мынадай бағдарламалар файлдарға сілтеме және терминалдық эмуляциялары. Егер мысалы бағдарламаға файлдарды қайта жіберу керек болса, онда міндетті түрде жіберу хаттамасы және FTAM (File Transfer, Acces and Managment) файлдармен басқару қолданылады. OSI моделінде, мысалы (компьютерде мәліметтер қорын жаңарту) қолданбалы бағдарлама қолданбалы деңгейге диаграммаа түрінде нақты мәліметтерді жібереді. Бұл деңгейдің негізгі бір есептерінің бірі – қолданбалы бағдарламаға сұранысты қалай орындау керек, басқа сөзбен айтқанда, берілген сұроаныс қандай түрді анықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |