Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары I.“Кафедра” мәліметтер қоры

Loading...


бет4/4
Дата03.04.2020
өлшемі144.5 Kb.
1   2   3   4
VI. «Оқу тобы» мәліметтер қоры.

1 тапсырма.

1. Бір группаның студенттері туралы мәліметтер сақталатын кесте құрыңыз.

Кесте келесі өрістерден тұрады:


  • ·        Code (жазба номері),

  • ·        Surname (Фамилиясы),

  • ·        Name (Аты),

  • ·        Birthday (туған күні),

  • ·        Address (адресі),

  • ·        Parents (ата-анасы туралы мәлімет),

  • ·        Form Stud (оқу түрі -грант, кредит, договор),

  • ·        Pay (оқуға төлеу ақшасы)

  • ·        Үлгерімі туралы мәлімет (1- 2 курстағы алған емтихандарының бағасы).

Әрбір өріс үшін сәйкес типті және өлшемін таңдаңыз. Кілттік өрісті анықтаңыз. Кестені толтырыңыз.

Мәліметтерді сұрыптауды және електен өткізуді жүзеге асыратын форма құрыңыз. Мәліметтерді сұрыптауды ұйымдастыру үшін формаға 2 тәуелді айырғышты қойыңыз. Біріншісінде сұрыптау түрі(фамилия бойынша, туған күні бойынша, оқуға төлеген ақшасы бойынша), ал екіншісінде-сұрыптау бағыты(өсу реті және кему реті бойынша) көрсетілсін. Сұрыптау “Сұрыптау” батырмасын басқанда орындалатын болсын.

Қосымша “Оқуға төлем ақшасы” өрісі бойынша келесі шарттарды қанағаттандыратын електен өткізуді орындасын:


  • ·        25 %-тен төмен

  • ·        25 % және жоғары

  • ·        50 % және жоғары

  • ·        100 % төлеген

2 тапсырма.

 3 кестеден тұратын мәліметтер қорын құрыңыз. Personal (жеке мәліметтер), Pay (Төлем ақша), Progress (Үлгерім) .



 

Personal Pay Progress



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 Кестелер бір-бірімен байланысқан.

Оқу түрі(грант, кредит, договорник) және төлеген ақшасы(25 %-тен төмен, 25 % және жоғары, 50 % және жоғары, 100 %) мәліметтерді електен өткізуді жүзеге асыратын форма құрыңыз.

Орта балы бойынша сұрыптауды, барлық бағасы “5”, “4” және “5”, үлгеруші, яғни екілігі жоқ, үлгермеуші студенттерді шығарып беруді жүзеге асыратын форма құрыңыз.

Оқуға төлеген ақшасы туралы мәліметтің есебін шығарыңыз.

 

 VII.  “Автосалон” мәлімет қоры



1 тапсырма

1. Автосалон кестесін құру. Аты - avtosalon.db.

Кестені өзіңіздің жеке каталогыңызда сақтаңыз. Кесте өрістері:


    • -         CODE – модель коды

    • -         MODEL – модель

    • -         PROBEG – қашықтығы

    • -         GVP – шыққан жылы

    • -         COLOR – түсі

    • -         CENA – бағасы

Кестенің әрбір өрісі үшін сәйкесінше тип пен өлшем (егер қажет болса) таңдаңыз. Кестенің өрістерінің қосымша қасиеттерін беріңіз:

Кестені толтырыңыз.

2. Бір формадан тұратын қарапайым қосымша құрыңыз.Қосымшада автомобильдердің бағасы және қашықтығы бойынша сұрыптауды (өсу және кему ретімен) ұйымдастыру керек. Сұрыптау “Сұрыптау” батырмасын басқаннан кейін орындалуы керек. Сонымен қатар қосымшада “CENA” өрісі бойынша келесі шарттарға сай мәліметтерді електен өткізуді ұйымдастыру:

- бағасы 6000$ кіші автомобильдерді анықтау

- бағасы 3000$ үлкен автомобильдерді анықтау
2 тапсырма

1.Үш кестеден тұратын реляциондық МҚ құрыңыз:

1) AVTOSALON (автосалон)

2) KLIENT (клиент)

3) VISTAVKA (ұсынылатын модельдер)

 AVTOSALON VISTAVKA KLIENT



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

1.1. Автосалон, Клиент, Ұсынылатын модель кестелерін байланыстыру.



    1. Corolla Kombi автомобилін сатып алуға ниет білдірген клиенттерді анықтау.

1.3. Клиент Умировтың сатып алатын машинасының бағасы мен жеңілдікті анықтау.

2. 2.1. Автосалон кестесі бойынша қашықтығы 80 мың шақырымнан кіші болатын барлық автомобильдерді анықтайтын сұраныс құру.

2.2. Автосалон кестесі бойынша автомобильдердің модельдері бойынша максималды және орташа бағаларын анықтайтын қорытынды сұраныс құру.

Қосымша негізгі формадан тұруы керек. Онда Автосалон, Клиент, Ұсынылатын модельдер, Мәлімдемелерді енгізу, Есеп беру, Шығу батырмалары болуы тиіс.

“Автосалон” формасында Автосалон кестесіндегі мәліметтер бейнеленуі керек. Бұл формада автомабильдерді бағасы және қашықтығы арқылы електен өткізу мүмкіндігін қарастыру.

“Ұсын.мод” формасында VISTAVKA кестесінің мәліметтері, ал “КЛИЕНТ” формасында “KLIENT” кестесінің мәліметтері бейнеленуі керек.

Жеңілдік бойынша мәліметтерді сұрыптауды қарастыру. Барлық формаларда негізгі формаға қайтуға арналған батырма болуы керек. Мәліметтер қорын сұрыптау , електен өткізуді SQL сұраныс көмегімен жүзеге асыру.

Қосымша үш кестенің мәліметтерін толтыру және өзгертуге арналған “Мәліметтерді енгізу” формасынан тұрсын.

Мәліметтерді басқару үшін визуалды textBox1, comboBox, radioGroup компоненттерін қолданыңыз.

3. Клиент формасы негізінде автосалондағы машиналардың сатылуы туралы ақпаратты баспаға шығаратын есеп құру.

 

 VIII. «Емхана» мәліметтер қоры.

 №1 тапсырма.

1. Емхананың дәрігерлері туралы мәліметтерден тұратын кесте құрыңыз. Кесте форматы Paradox . Аты- poliklinika. db. Кестені ZDAROBE деп аталатын өзіңіздің бумаңызда сақтаңыз.

Кесте келесі өрістерден тұрады:

Жазба номері,

Ф.И.О.,

дәрігердің адресі,

мамандығы,

дәрігер қызмет көрсететін бөлімше номері. Әрбір өріс үшін сәйкесінше типін және өлшемін таңдаңыз. Кілттік өрісті анықтаңыщ. Кестені толтырыңыз.



  1. Бір формадан тұратын қарапайым қосымша құрыңыз. Формаға RadioGiroup компонентін және сәйкес батырманы қосып бөлімше номері және дәрігердің фамилиясы бойынша кестедегі мәліметтерді сұрыптаңыз.

Қосымша textBox1–ке енгізілген қажет дәрігер-маман бойынша мәліметтерді електен өткізсін.

2 тапсырма.

1. Сәйкесінше байланысқан үш кестеден тұратын мәліметтер қорын құрыңыз. Берілген модель емхананың тіркеу бөліміндегі диспетчердің негізгі жұмыс орны болып табылады.

 Бөлімшелер Жеке мәліметтер Күндер кестесі



 

 

 



 

 

 



 

 

 Кестелер бір-бірімен байланысқан.



2. Қосымша сәйкес формаларды шақыратындай “Жеке мәліметтер”, “Күндер кестесі”, “Есеп беру”, “Шығу” батырмалары бар бос форманы қамтуы керек.

“Жеке мәліметтер” формасында “Жеке мәліметтер” және “Бөлімшелер” кестесінің мәліметтері көрсетілген.

«Күндер кестесі» формасында «Күндер кестесі» кестесінің мәліметтері көрсетілсін және бір айда әрбір дәрігер-маманға қаралған пациенттердің санын есептелінсін. Пациенттер саны бойынша сұрыптау орындалсын.

Барлық формада бас формаға қайтатын батырма болуы керек.

Қосымшаларды орындағанда мәліметтер қорын сұрыптау, іріктеу, іздеу SQL сұранысының көмегімен жүргізілуі керек. Мәліметтерді басқару үшін textBox1, comboBox, radioGroup – визуалді кмпоненттерді пайдалану керек.

5. Бір айда әрбір дәрігер-маманға қаралған пациенттер туралы мәліметтің есебін шығарыңыз.



  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...