«студенттерді оқыту процесінде интерактивті әдістерді қолдану»



бет1/4
Дата19.01.2023
өлшемі37.12 Kb.
#417282
  1   2   3   4
Байланысты:
АМАНҚҰЛОВА АРАЙЛЫМ


«СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ»
Аманқұлова Арайлым Асқарқызы
Атырау облысы, Құлсары қаласы
Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі
Психология пәнінің оқытушысы
Магистр


« Педагог-жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам»
В.Луначарский

Еліміздің болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы - біздің, ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы білеміз. Шынында да, мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу», - деп атақты педагог- ғалым В.Сухомлинский айтқандай, мен де шәкірт дүниесіне үңіліп, оның көңілі ояу, көзі ашық, жеке тұлға – Адам – болып қалыптасуына, оның сырлы тағдырына айқын жол сілтеп, білім мен тәрбие нұрын құюды мақсат етемін.[1]


Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы түбегейлі өзгеріп, «мұғалім-ұйымдастырушы, бағыттаушы», ал «оқушы-ізденуші, белсенді» субьектіге айналуы тиіс. Оқушыны белсенді тұлғаға айналдырудың жолдары қандай? Оқушы белсенділігін арттыру үшін қолданылатын әдістерді интерактивті әдіс дейді.
Интерактивті процесс – бұл педагогикалық процеске қатысушылардың өзара қарым-қатынасы және бір-біріне әсер ету арқылы бір мақсатты көздеуі. Оның негізінде әр қатысушының өз тәжірибесі жатады. Интерактивті әдістің мақсаты тек ақпарат ұсыну емес, оқушыларды өз бетінше ақпаратты табу дағдыларын қалыптастыруға итермелеу, әр қатысушының мінез-құлқы мен жұмыс жасау жағдысына оң өзгеріс енгізу, логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды студенттің жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, студент білімді дайын күйінде оқытушы түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде студенттің дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi.
Осы бағытта студенттердің белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер интерактивтi деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруда тәжірибесі аз оқытушыларға көптеген қиындықтар туғызады.Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.[2]
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде студенттердің бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде студенттердің топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, студент білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу,
әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.
Интерактивті оқыту әдістері студенттерге рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.[3]
Топтың сандық құрамы оқыту немесе өзара әрекеттестiктiң сапасын анықтамайды. «Өзара әрекеттестiк» әдiсiнiңөзектiерекшелiгi– ол АШУ ҮРДIСIН бiлдiредi, оның мәнi – студенттердің оқыту дағдыларын өзара әрекеттестiк арқылы меңгеруi.
Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын студенттер, тек ақпарат беретiн және өздерiнiң қатысуынсыз берiлген тапсырмаларды студенттердің есте сақтауы нашар болады, студенттер қолдарындағы көтермелеушi қор – құрдастарының идеяларын пайдалана алмайды деп есептейдi. Зерттеулердiң «бiз қолымызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз» деген қорытындысын жиi естимiз.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі:

  • студентке жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру;

  • студенттерге топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау;

  • ізденушінің өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату;

  • іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу.
Студенттерден, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:

  • өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;

  • шешендiк өнерiн жетiлдiредi;

  • танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын);

  • сыни ойлау дағдыларын дамытады;

өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;
пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.
Жоғарыда аталғандарды «үйрене бiлу» деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет.
Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты студенттердің де екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек студенттің дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді.
Психология пәнінде мен интерактивті әдістерді қалай қолдандым? Психология пәнінде «Мінез туралы жалпы ұғым» атты тақырыпта өтетін сабақта интерактивті оқытудың бір түрі – LearningApps.org электронды қосымшасын пайдаландым. LearningApps.org деген не? Ол:

  • интерактивті оқыту;

  • интерактивті модульдердің көмегімен оқыту және оқыту процесін қолдау;

  • модульдерді жылдам құру және өзгерту;

  • тапсырмалар базасын жинақтап, қолжетімді ету;

  • онлайнда оқу, жаппай тегін қолдану.

Оқытушы LearningApps.org платформасында жеке пайдаланушы ретінде тіркеліп, аккаунт құрады. Өз оқу модульдерін жасап, сақтайды, сонымен қатар басқарады. Пайдаланушы оқу модульдерінің авторы ретінде жасаған контентті жасырын статистикада көре алады. Оқытушы «Барлық жаттығу», «Жаңа жаттығу», «Менің сыныптарым», «Менің жаттығуларым» қызметтерін пайдаланады. «Жаңа жаттығу» қызметі: жұпты табу, классификация, хронологиялық кесте, мәтін енгізу, суреттерді іріктеу, викториналық сұрақтар, бос орындарды толықтыру, аудио/видео контент, кім миллионер болғысы келеді?, пазл, сөзжұмбақ т.б. модульдерді ұсынады. Модуль құрылымы: жаттығу атауы, жаттығу сипаттамасы, тапсырма түрі, мәтін, сурет, аудио, видео, элемент қосу, кері байланыс, фон, көмектен тұрады.
Оқытушы модульдерге тапсырма енгізіп, сақтау арқылы «Менің жаттығуларым» базасын толықтырады. Барлық жеке оқу модульдерінің шифрленген веб-сілтемелері болады. Оқушылар іздеу жүйелері немесе LearningApps.org оқу модулінің авторы шифрланған веб-сілтемесі арқылы өтеді немесе бағдарламаны белгілі бір аудитория үшін қолжетімді ету үшін кірістіру кодын пайдалана алады. Оқу модулінің авторы тапсырмаларды сайтта жариялай алады. [4]
Интерактивті әдістердің тағы бір түрі Quizziz.com - оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін компьютерлік технологияларды құрылымдас мақсатты бағытпен қолдану» және Quizziz.com – Интернет және мультимедиа көмегімен электрондық оқыту форматында білім алуға негізделген жаңа білім жобасы» деген тұжырымдамамен бастағым келеді.
Білім беруді ақпараттандырудың жаңа кезеңі Quizziz.com – электронды оқытуды енгізумен байланысты. Quizziz.com – білімді дамытудың және көптеген дамыған елдерде экономиканы көтерудің негізгі құралы болып отыр. [5]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет