Студенттердің кәсіби-педагогикалық даярлығының деңгейін бағалаудың өлшемдері



бет1/3
Дата10.07.2021
өлшемі23.66 Kb.
#69592
  1   2   3
Байланысты:
1622776120572 доклад исправ.
0003ae23-e0042e1e, 302992, Zharatylystanu 5 synyp tosan boyynsha test sratary 1421499328 83900, тапсырма (1), ӘНХ 2021-2022, Күнтізбелік жоспар 10 - сынып 2020-2021 жыл (1)

СЛАЙД 1.Құрметті комиссия төрайымы, комиссия мүшелері «Студенттердің кәсіби-педагогикалық даярлығының деңгейін бағалаудың өлшемдері» тақырыбындағы зерттеу жұмысымыздың мазмұнын баяндауға рұқсат берулеріңізді сұраймын.
Педагогикалық білім сапасын жақсартуға және болашақ мұғалімнің кәсіби және жеке дамуына кепілдік беретін жүйе ретінде қарастыратын студенттердің кәсіби-педагогикалық даярлық деңгейін бағалау өлшемдері ерекше орын алады.

Ғылыми-педагогикалық еңбектерде, жоғары оқу орнында кәсіби –педагогикалық даярлаудың теориясы мен практикасы жеткілікті деңгейде қарастырылмағандығын анықтадық.



  • болашақ мұғалімдерді даярлаудың бүгінгі жағдайы мен жоғары оқу орындарында пәнаралық сабақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелердің ғылыми түрде негізделмегендігі арасында қарама- қайшылықтардың бар екендігі анықталды.

Аталған қайшылықтарды шешудің қажеттігі біздің зерттеуміздің көкейкестілігін анықтай келіп, осындай тақырыпқа зерттеу жүргізу көзделді.

САЙД 2,3.Мақсат пен болжамды негізге ала отырып зерттеудің келесі міндеттерін анықтадық.


СЛАЙД 4-5. Кәсіби даярлық білім, білік, дағдылардың негізінде практикалық тәжірибе арқылы жүзеге асады.

Ендеше біз, «кәсіби даярлық» ұғымының теориялық талдаулардағы сипаттамаларын ұсынамыз.

В.А. Сластениннің пікірінде, практикалық біліктілік – кенеттен болған жағдайдағы педагогикалық тапсырмаларды орындауға бағытталған педагогикалық әрекеттер жүйесі деп көрсетіліп отыр.

Біз, кәсіби даярлық ұғымының мәнін айқындауда бірнеше ғалымдардың берген анықтамаларын және ондағы түйінді ойларын негіздеулерін ұсынуды жөн санап отырмыз. Кестедегі талдаулар көрсетіп отырғандай студенттердің кәісби даярлаудағы негізгі түйінді ойлар бір-бірінен алшақ емес. Байқап отырғанымыздай, педагогикалық қызметке деген мотивтер мен білім жиынтықтары, практикалық және теориялық дайындық бірлігі, қабілеттілік пен шеберлікті меңгеру, кәсіби-тұлғалық сапалар жиынтығы, жаңашылдық тұрғыда табысты болу секілді түйінді ойларды біз өз анықтамамызды беруде негізге алатын боламыз.


СЛАЙД 6. Теориялық талдауларды негізге алып, болашақ мұғалімін даярлаудың құрылымында шартты түрде үш базалық құрамдасты белгілеуге болады. Мұндай базалық құрамдас ретінде біз, білімділік (кәсіби-маңызды жалпы мәдениеттік пен арнайы білімдер және онымен байланысқан біліктер); құндылықты (құндылықты бағдарлар, мұраттар, қызығушылықтар, уәждер); тұлғалық (жалпы және педагогикалық икемділіктер мен тұлғалық қасиеттер) деп қарастырамыз. Педагогтің, сонымен қатар болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығына арналған зерттеулердің талдауы оның құзырлылығы мен кәсіби дайындығына, білімге және тұлғалық ерекшеліктеріне қойылатын талаптарының күрделене түскенін айқындайды.


СЛАЙД 7. Пәндерді оқыту процесінде: жалпы кәсіптік және пәндік дайындық кезінде жаңа білімді неғұрлым жоғары деңгейде саналы меңгеруге және жаңа материалды баяндауға еске салу, сілтемелер, сұрақтар және пәнаралық мазмұнның міндеттері, әңгімелесу сияқты басқа пән мазмұнының элементтерін енгізуге мүмкіндік беретін барлық құралдар мен тәсілдер қолданылуы тиіс. Оларды пайдалану: білім беру сабақтастығының әртүрлі аспектілерін ашатын тақырыптардың мазмұнын меңгерудің сабақтастық байланысын; оқу материалы мазмұнының, формаларының, әдістері мен құралдарының бағыттылығын қамтамасыз етеді; құзыреттілікке айналдыру; кәсіби қызметті модельдейтін, міндеттерді шешу арқылы әр пәннің мазмұнында әр түрлі кәсіптік қызмет түрлері туралы білімді көрсету; студенттерді танымдық, практикалық, әдістемелік, ғылыми-зерттеу қызметінде және тиісті құзыреттілікті қалыптастыруға белсенді қолдануға шақыру.
СЛАЙД 8. Кестеде беріліп отырған, сондай-ақ болашақ маманды кәсіби даярлаудың мазмұнын реттейтін компоненттер барысында сәйкесінше қызмет атқаратын өлшемдері мен көрсеткіштері жіктеліп ұсынылады.

Мотивациялық-мақсаттылық компоненттің өлшемі пәндердің сабақтастығына мотивациялық-құндылық қатынасы дегенді білдіреді және ол өз кезегінде бірнеше көрсеткіштерді анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру