Студенттердің және магистранттардың 76-ғылыми конференциясына қатысушы “Математика мұғалімдерін даярлау” мамандығының 2-курс студенті



бет2/3
Дата22.11.2022
өлшемі57.27 Kb.
#360972
1   2   3
Байланысты:
Сүлеймен Гүлзейнеп МОК203. Баяндама .
Сапенова Адеми, 5-сынп қазақ тілі қмж, 2022-2023 оқу жылы хаттама 1 отырыс, 8-СЫНЫП ЛИТОСФЕРА БАЗА (1), бағалау сараптау коучинг, семинар арт терапия 4 апта
-біріншіден, білім беруді әліппеден бастауды ұсынды.Әліппе-білімнің ең қарапайым сатысы. Әрқашан қарапайымнан күрделіге, жақыннан алысқа, төменнен биікке ұмтылу керек. Бұл да маңызды дидактикалық принцип;
-екіншіден, білім беруде жүйелілік әр уақытта сақталуы керек.Қазіргі уақыттада кез-келген пәнді оқытуда белгілі бір жүйе болуы аса маңызды;
-үшіншіден, білім беру ісінде теориялық баяндау мен нақты іс-тәжірбие бірін-бірі толықтыруына аса үлкен мән берген.Ғылым мен техниканың ұлы жаңалықтарын өзінің шағын əңгімелерінің арқауы еткен ғалым «ғылым тəжірибе арқылы өзіне жол ашты» деген маңызды пікір қорытты. Алтынсариннің осындай ой-тұжырымдарымен бүкілəлемдік ғылым
тарихындағы ақыл мен тəжірибенің рөлі туралы пікір-таласында өзіндік орын алды;
-төртіншіден, білім берудегі этникалық ерекшеліктеге мән берген.«Енді мен қырғыз хрестоматиясының екінші бөлімін құрастырып жатырмын...Өз туған халқыма қырғыз тілінде жалпы білім беретін, дұрысын айтқанда, ғылыми мəліметтермен құрастырылған тағы да бір еңбегіммен қызмет етпекпін ...» – деп атап көрсетті;
-бесіншіден, білім беруде баланың жыныстық қасиеттерін де есепке алу қажеттігін ұсынды.Отбасын да, қоғам да қыз бала мен ер баланың өзіндік орны мен ерекшеліктері бар. Олардың əрқайсысының табиғи ерекшеліктеріне сүйене отырып, бастауыш мектептерде ер балаларды ағаш өнеріне, қыздарды қол шеберлігіне үйрету көзделді. Осы принципті мектеп ісін ұйымдастыруда іске асырды. Мұның өзі Ы. Алтынсариннің өте көреген, алға ұмтылған педагог екенін көрсетеді;
-алтыншыдан, Ы.Алтынсарин білім беру процесінің ізгілікті сипатын анықтайды. Білім адамды рухани байытады, жанын жадыратады, жақсылыққа жетелейді, көңілін көтереді, рухын нығайтып, жігерін күшейтеді.[1]
Ыбырай Алтынсариннің оқыту тәсілдері, кабинеттік жүйемен оқыту қаншама уақыт өтседе өз мәнін жоғалтпады.Ыбырай Алтынсариннің «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, əбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» деп айтқанындай ол мектептегі оқыту мен тәрбие процесін жүргізуші мұғалім деп таниды. Ол мұғалімнің өз жұмысында оқушыны зерттеп, танып білуіне ерекше назар аударған.Мұғалім әрбір оқушының жалпы мінез-құлқына, ақыл-парасатына мән беріп, жеке өзгешеліктерін ескеріп шын ықылас ниетпен еңбек сіңіруі тиіс екендігін ескерткен. Қазіргі Қазақстан мектептерінде мұғалімдер оқушыларға білім беруде педагогикалық дамуға, машықтануға көп көңіл бөледі, заман талабына сай инновациялық жаңа технологияларды қолдана отырып, ағартушының идеяларын жүзеге асыруға өз үлестерін қосып жатыр. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді…»Қазіргі таңда педагогтерді даярлауда талап күшеюде. Сауатты және кәсіби маман жарқын және тұрақты болашақтың негізін құрайды. Сауатты педагог арқылы өскелең ұрпақтың сана-сезімі мен ел азаматы қалыптасады.Білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы - жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, жаңа заманауи педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру. Мұғалім оқушының табиғи дарын, қабілетін ашу арқылы жас ерекшелігін ескере отырып, технология әлементтерін тиімді пайдалану керек және бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, оқушыны жалықтырмай жүргізуге болады. Оқу-тәрбие ісінің оңға басуы, нәтижелі болуы, тәлімгердің біліктілігіне, кәсіби шеберлігіне, жеке басының өнегесіне байланысты. «Өмірі - өшпес өнеге» деуге әбден тұрарлық. Ы.Алтынсариннің өзі таңдаған ісіне шын берілгендігін, оны құлай сүйетіндігін:«Мені оқу ағарту ісі тартады да тұрады, оны бар жаныммен сүйемін» деген сөзінен-ақ аңғаруға болады.Қоғамымыздың келешегі – жас жеткіншектердің тағдыры сеніп тапсырылатын мұғалім қандай болуы керек? Оны ғұлама ұстаз жеке басының үлгісімен дәлелдеп берді. Ы.Алтынсарин- шығармашылықпен қызмет еткен ізденімпаз, жаңашыл педагог.[4]
Педагог-энтузиаст ретінде ол мектептегі оқыту процесін ұйымдастыруды өте дұрыс түсінді: мұғалімнің ең бірінші роліне мән беру қажет; оқу-материалдық база шешуші маңызды; оқулықтарды қазақ мектептеріне пайдалану үшін жарамдылығы жағынан ұқыпты тексеріп отыру қажет; Ы.Алтынсарин мұғалімдерге методикалық әдебиеттер мен педагогикалық журналдарды міндетті түрде пайдалану керектігін ескертті. Торғай облысы мектептерінің мұғалімдері үшін «Семья и школа», «Народная школа» деген журналдарды жаздырып алатын.[5]
Ыбырай Алтынсариннің мұғалімдерге арнап жазған көптеген хаттары, оның мұғалімдердің тілегі мен мұқтажына ерекше қамқорлық жасап, көңіл бөлетіндігін байқатады. Халық училищелерінің инспекторы болып тұрғанда ол өзін мұғалімдердің ағасы, досы деп санап, оларды жұмысқа шебер жұмылдыра білді. «Менің айтқанымды емес», – деп жазады Алтынсарин, – атақты философ-педагог Коменскийдің айтқанын істеңдер, кімде-кім өзінде барына қанағат ете білсе, өзіне –өзі «Біз өзіміздің адал еңбегімізбен өмір сүріп отырмыз деп айта алса, сол нағыз бақытты адам».
Алтынсарин мұғалімдердің алдына төмендегідей міндеттер қойды: нағыз мұғалім болу үшін балалардың өзіндік ерекшеліктерімен мықты санасу керек, ол үшін педагогикалық әдебиттерді үнемі оқып, қадағалап отырмаса болмайды. Ыбырай мұғалімге аса сезімтал, бала жанын жазбай танитын адам болу қажет екенін айта келіп, оқу-тәрбие саласында ізденбейтін мұғалімдер туралы былай деп көрсетеді: «мұндайлар оқушыларды адастырады, содан кейін қойылған сұраққа оқушылардың жауап бере білмегеніне ренжіп, өздері де ашулана бастайды, тіпті оқушыларға өшігуге дейін барады.
Сабақ - ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Кезінде Ыбырай Алтынсарин де мұғалімдерге дәл осындай талап қойған болатын. Бұл Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық иделарының өміршендігін-байқатады. Мұғалімнің беделін көтере отырып, Ыбырай Алтынсарин мұғалімге талап қойған.
Қазіргі мектеп мұғаліміне қойылатын негізгі талаптар- Ыбырай атамыздың педагогтық мұрасының жалғасы деп нық айта аламыз. Оның ұлылығы: ағартушылық қызметінің жан-жақтылығы, кең ауқымдылығы, туған халқына сіңірген еңбегінің өміршеңдігінде болып отыр.Себебі: қатардағы мұғалім болып қана қоймай тұңғыш мектептер ашқан, оқулықтар жазған, тамаша әдіскер. Торғай халық училищесінің инспекторы қызметін атқарған, сөйтіп, білім беру саласындағы іргелі істердің ұйытқысы болған.
Ы.Алтынсарин сабақ кезінде білім алу мен сабақтан тыс уақытта білім алуды ұштастыруды ұсынды.Оқушыға сабақтан тыс уақытта табиғат туралы немесе аса маңызды жаңалықтар туралы ақпараттар беруге кеңес берді. Ол бұл жерде баланы біржақты ақпаратпен жалықтырмай, қызығушылығын арттырып отыру керектігін атап көрсетеді.Себебі, қызығушылықсыз жай ғана түсіндірілген ақпарат тез ұмытылады да , ал жан-жақты ойлану немесе аса үлкен қызығушылықпен келген білім баянды болады, зердеде сақталып жаңа бір білімнің туындауына негіз болады деген.
Ынта-ықылас қойылған жерде істің алға басатынын түсінген ұлағатты ұстаз оқушының пәнге деген қызығушылығын, сабақтағы белсенділігін
арттырудың бір жолы – көрнекіліктер, техникалық құралдар деп ойлады. Мысалы, оқу жылының қортындысы туралы Орынбор оқу округіне
жазған есебінде: «...оқулықтар, көрнекі құралдар, карталар, глобустар, атластар, тарихи суреттер т.б. жеткілікті» деп хабарлады. Мектептерге арнап барометр, микроскоп, электромагнит, әртүрлі коллекциялар жаздырып алып отырды .Оқушылардың ой-өрісін, танымдық білімін кеңейту мақсатында мектептер жанынан тұңғыш кітапханалар, физика, химия кабинеттерін ашқан.Ол оқу процесінде: 1.білім беру мен тәрбие беруде мұғалімнің рөлін жоғары қойды; 2.оқу материалдық базасының шешуші маңызын атап көрсетті; 3.оқулықтарды таңдап ала білуге үлкен мән берді. Инспектор ретінде тиісті оқулықтарды әдейі өзі оқып шығып, кейін қажет деп тапса, мектепке пайдалануға ұсынып отырды.[6]
Ы.Алтынсарин 1864-1879 жылдар аралығында мектепте мұғалімдік қызмет атқарған, ал 1879 жылдан, өмірінің соңына дейін Торғай облыстық мектеп инспекторы қызметін атқарды.Ол ауылдарды аралап, халықтан қаржы жинап, Торғайда ,Ырғызда ,Қарабұлақта, Ақтөбеде, Қостанайда екі сыныптық орыс-қазақ училищелерін ашты.Ыбырай Алтынсарин өзінің мәдени-ағарту қызметінде сауаттандырумен шектелген жоқ, тап бүгінгідей жастарды кәсіптендіру мәселесін де қоса көтерді.Қостанай, Торғай, Ақтөбе қалаларында қолөнер мектептерін ашып, қазақ балаларына тұңғыш кәсіби мамандық беру ісін қолға алды. Бүкіл қазақ қауымын өзіне қаратып, балаларды жаппай мектепке тартқан жас Ыбырайдың мәдени-инновациялық қызметі оны біраз сергелдеңге салды.Қолөнер мектептерінде балалар сабын қайнату, тон тігу, тері илеу кәсіптерін үйренді.Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы мектеп ашылды. [7]
Ы.Алтынсарин адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтерді, оны шешу жолдарын іздестірді. Бұл жағынан алғанда ол революцияшыл демократтар мен орыс педагогикасы классиктерінің негізгі идеяларын толық меңгерді. Оның өлеңдері мен әңгімелерінің түгелдей тәрбиелік мәні бар. Тәрбиенің қазір біз пайдаланып жүрген қай саласын да Ыбырай еңбектерінен табуға
болады, әсіресе ол жастарды еңбекке тәрбиелеу ісінің жолдарын атап көрсеткен, соның ішінде қоғамдық пайдалы еңбекті ерекше қадірлеген.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде қолөнер сабағын жүргізу барысында ағартушының қалдырып кеткен іздерін көруге болады.
Ыбырайдың қазақ-орыс тілді бастауыш мектептері жалпы Орта Азиялықтарға, қазақ халқына тән менталитет пен еуропалық озық үлгілердің синтезі негізінде құрылған. Ыбырай Алтынсарин бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесінің негізін қалаған тұңғыш әдіскер-ғалым, кіші жастағы балалар психологиясына жетік педагог-маман, бастауыш мектеп оқулықтарының, әдістемелік құралдардың авторы.
Қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский болған.Ал оны тәжірбиеде алғаш қолданушы Ыбырай Алтынсарин болып табылады. Жазу дегеніміз – шын мәнінде, кез келген халықтың рухани деңгейі мен мәдени дамуын көрсететін негізгі құрал. Ғалым осы құралды ұлттық деңгейге көтеру жолында жан аямай еңбек етіп, тер төкті. Себебі сол кезеңге дейін ұзақ ғасырлар бойы қолданыста келе жатқан араб жазуының халықты тез әрі жаппай сауаттандыру жолында үлкен кедергілері мен қиындықтары бар еді. Көп үнді, көп мəдениетті, көп ұлтты, көп конфессиялы заманда бір тілдің аясында қалу – ол өзін-өзі уақыт пен кеңістікте тарылту, өз мүмкіндігін азайту, сығылу. Қазіргі жаһандану мен ұлттық бірегейлену заманында бірнеше тілді еркін меңгерген адам өзін басқалармен теңестіре алады. Соңғы жылдары қазақ тілінің мəртебесі өсіп, оның əрекет ету аясы кеңейді. Бұған басты себеп – қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы оқулықтардың көбеюі.[8]
Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа, ой еңбегіне үйретуге тиіс деп есептеді. Оқу әдістері мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы.Алтынсарин мұғалімдерге ауқымды тәрбиелік мағынада түсіндіреді: оқыту әдістері – балалардың жүре келе мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға ынталандыратын жол; сабақта балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы.
Озық тәжірибелі, ұлағатты ұстаз Ы.Алтынсарин оқытудың тиімді әдіс-тәсілдеріне ерекше көңіл бөлген. Оқушыға сапалы білім берудің жолдарын үнемі қарастырып отырған. Қазақ балаларын орыс тіліне үйретуде алдымен, олардың сөздік қорын байыту қажет деп атаған. Ол үшін әуелі заттардың өзін көрсетіп, қалай аталатынын оқушылардың жадында сақтатып, сонан соң сол заттардың сынын, іс-қимылын білдіретін ұғымдарды қосу арқылы сөз тіркестерін, сөйлемдер құратып, тіл дамыту
жұмыстарын басты назарда ұстаған.
Ы.Алтынсариннің бұл әдісін қазіргі мектептерде тілге үйретуші мамандар кеңінен қолданып жүр. Оқу-тәрбие ісінің ұтымды тәсілдерін ұлы ағартушың ізімен маңызды практика жүзінде дәлелденуде.
Ыбырай Алтынсарин дүние жүзі педагогика классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту тәжірибесіне енгізген тұңғыш педагог болды. Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин, біріншіден, қазақ халқының ертегілерін, аңыз-әңгімелерін таңдап, талғап енгізуге зер салса, екіншіден, өзінің дидактикалық ақыл-нақыл түрінде жазылған қысқа әңгімелерін енгізді, үшіншіден, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Паульсон, И.А.Крыловтардың тәлімдік мәні зор шығармаларын аударып енгізді. Ол өзінің хрестоматияға енгізген әдеби шығармаларының бәрін негізгі педагогтік ісімен тығыз байланыстырды . Хрестоматияға енгізген материалдарды : біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабардар ету принципін, екіншіден, оқытущыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуді, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына таратуды көздеді. Үшіншіден, жастардың әсіресе бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне,тіліне жеңіл әңгімелерді іріктеп, таңдап беруге тырысты.Оның дидактикалық әңгімелері қазақ баласының жан сарайын, кәсіби ойлау қабілеттерін қамтиды. Ыбырай Алтынсарин біріншіден, Шоқан мен Абайдың туған халқын мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келетін арманын өз қолымен іс жүзіне асыра алды десек болады. Ол бұратана халықтар үшін тың үлгімен мектеп ашып, оқу құралдарын жазып, жинақтаған жаңашыл - педагог-ұстаз. Екіншіден, өзінің шығармаларын қос тілде бірдей жазған. Үшіншіден, қиын кезеңдерде Ыбырай Алтынсарин өз халқымен бірге болып, оның барлық ауыртпалығын бөлісті. Бүгінгі күн тұрғысынан айтқанда, Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы мен өмір жолы инновациялық идеялар мен іс-әрекеттерден тұрады. Ыбырай Алтынсарин қазақ шәкірттерінің таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазу мәселесімен де шұғылданды. Ол орыс-қазақ училищелеріне К.Д.Ушинскийдің «Балалар дүниесі», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу кітабын», Б.Ф.Бунаковтың «Әліппе мен оқу кітабын», Тихомировтың «Грамматиканың элементарлық курсын» оқу құралы ретінде ұсына отырып, кейін солардың үлгісімен өзі де «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты екі оқу құралын бастырып шығарды. [8]
Ы.Алтынсарин - тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы. Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі-жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу болды.
Ыбырай Алтынсариннің классикалық шығармалары:“Кел-балалар, оқылық!”, “Өнер-білім бар жұрттан”, “Асан мен Үсен”, “Бай баласы мен жарлы баласы”, “Әдептілік”, “Әке мен бала” , “Таза бұлақ” , “Өзен” және т.б.
Ы.Алтынсарин оқыту әдісі мәселелеріне де ерекше мән берді. Өзінің А.А.Мазюхин, Ф.Д.Соколов, Ғ.Балғымбаев, т.б. мұғалімдерге жазған хаттарында балаларға тиянақты білім беру, оқыту өмірімен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру жайында көптеген ақыл-кеңестер берді.[8]
Қазіргі оқыту әдістемесінде қолданып жүрген көптеген технологиялар бар. Сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп - саралап оқыту, проблемалық оқу, интерактивті, белсенді оқыту т.б. - қайсысын алсақ та негізінде Ыбырайдың педагогикалық идеялары жатыр.
Біз болашақ педагогтар,яғни қазіргі жастар білімді, саяси- экономикалық сауатты, интелектуалдық деңгейіміз жоғары болса, тәуелсіз мемлекетіміздің мықты тірегі болатынына сеніміміз мол.Ыбырай Алтынсариннің де алға қойған мақсаты - қайткен күнде де қазақ елін терезесі тең көсегелі, көргенді мәдениетті, өнері өркендеген ел қатарына қосу болатын. Осы жолда сан кедергілерге кездесіп,аңсаған арманға жету жолында бойдағы бар күш- қайратын, ақыл-парасатын сарп еткен Ыбырай да қалың бұқараны шынайы қамқоршылары бола білді. Ыбырай идеяларын дамытып, қоғамда пайдалана білу үлкен бір жетістік.

Қорытынды


Қазақ даласында білімнің шырағын жағып, ұлт ұстазы атанған Ы. Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл. Қазақ халқының келешегі тек өнер – білімде деп түсінген Ыбырай Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді. Бүгінгі күнгі жаңартылған білім берудің де алға қойған қағидасының бірі баланы мәжбүрлі емес, білім алуға қызықтыру арқылы білімге деген уәжін арттыру арқылы оқушыны құзыретті тұлғаға айналдыру.
Ы.Алтынсаринның ХІХ ғасырдың аяғында өзінің педагогикалық қызметінде ұстанған негізгі принциптері ХХІ ғасырға аяқ басқан, бәсекеге қабілетті 30 елдің қосылуға ұмтылыс жасап отырған Қазақстанның қазіргі рухани – мәдени дамуында өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Егемен еліміздің өркениеттілікке жету жолында Ыбырай Алтынсариннің де үлесі бар екенін біліп, айтып жүруіміз керек. Біздің университетімізде «Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық идеяларының жаңашыл білім берудегі сабақтастығы» онлайн-дөңгелек үстел, «Ұлт ұстазы - Ыбырай» атты әдеби-танымдық кештер өткізілген болатын. Бұл Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының ұрпақтарына насихатталып жатқандығының үлкен дәлелі ретінде алсақ болады. Жас ұрпақтарға ғылым негіздерінен дәріс берудің, оларды абзал қасиеттерге баулудың өміршең, мәңгілік құнды әдіс-тәлілдеріне үйрететін ұлы ағартушының педагогтық мұрасы, аса бай тәжірибесі ғасырлар бойы өз маңызын жоғалтпайды деп сенеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені