Студенттердің және магистранттардың 76-ғылыми конференциясына қатысушы “Математика мұғалімдерін даярлау” мамандығының 2-курс студенті



бет1/3
Дата22.11.2022
өлшемі57.27 Kb.
#360972
  1   2   3
Байланысты:
Сүлеймен Гүлзейнеп МОК203. Баяндама .
Сапенова Адеми, 5-сынп қазақ тілі қмж, 2022-2023 оқу жылы хаттама 1 отырыс, 8-СЫНЫП ЛИТОСФЕРА БАЗА (1), бағалау сараптау коучинг, семинар арт терапия 4 апта



Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары(180- жылдық мерейтойы аясында)


Студенттердің және магистранттардың 76-ғылыми
конференциясына қатысушы “Математика мұғалімдерін
даярлау” мамандығының 2-курс студенті:
Сүлеймен Гүлзейнеп
Ғылыми жетекші: Жумашева С.С., п.ғ.к.,доцент.

Алматы 2021


Зерттеудің көкейкестілігі: “Оқытушыны бағалағанда, олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістіктерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарап бағалау керек”,-дейді Ыбырай Алтынсарин.Мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойында біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек екенін атап көрсеткен.Солардың ең ірі өкілдерінің бірі, ұлтымыздың ұлықты ұстазы, қазақ педагогикасының негізін қалаушы - Ыбырай Алтынсарин деп білеміз.


Зерттеу мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарын сипаттау.


Зерттеу пәні: Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық ұстанымдары мен тұжырымдары.
Зерттеу нысаны: Ыбырай Алтынсариннің классикалық шығармалары мен кәсіби-әдістемелік еңбектері.


Зерттеу әдістері: Талдау, жинақтау, салыстыру, сұрақ-жауап әдістері.
" Қазақта үш мұнара бар,
олар: Абай, Шоқан, Ыбырай"
Мұхтар Әуезов

Ыбырай Алтынсарин-қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, демократ, гуманист,публицист-жазушы, этнограф, прогресшіл қайраткер.Ол-қазақ даласында білім берумен кәсіби түрде айналысқан алғашқы мамандардың бірі де бірегейі.


Ыбырай Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағытын оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан анық байқай аламыз.Бірінші, өмір жолын қазақ халқы үшін мектеп ашуға, қазақ балаларын оқу-білімге ұмтылдыруға, дүниежүзілік ғылымдарды үйренуге және оқу құралдарын жазып шығуға арнады. Екінші, сауатты мұғалім, өнегелі ұстаз тәлімгер дайындауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.Үшінші, өз шығармаларында XIX ғасырда қазақ халқының қоғамдық өмірінде болған саяси-әлеуметтік жағдайларды жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Әрбір шығармасында оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа, жат мінезден аулақ болып, елі үшін пайдалы азамат болуға шақырды.[1.б.335 ]
Облыстық басқарма 1860 жылы Орынбор бекінісі , Торғай қаласында қазақ балаларына арналған бастауыш мектепті ашу қызметін Ыбырай Алтынсаринге жүктейді және сол мектепте орыс тілі мұғалімі қызметіне тағайындалады. Бұл мектептерді ашу үшін қаражат жинау керек болады. Қаражаттың алғашқы үлесін Ыбырай өзі қосады.1864 жылы 8 қаңтарда мектеп ашылуы болады, үгіт насихаттар жүргізу арқасында ең алғаш 16 бала жазылады. Білімге деген құштарлық төмен болған заманда бұл үлкен нәтиже.Бұдан кейін де мектепте оқушылар саны арта бастайды.Мектепте оқу бағыты осындай бағытта жүргізілген:
-қазақ тілі: оқу және жазу;
-орыс тілі: оқу және жазу;
-татар тілі: оқу және жазу;
-көркем жазу;
-арифметика: қосу, алу, көбейту, бөлу;
-жер шары:Еуропа, Азия-мемлекеттері оқытылған.[1. б.345 ].
«Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім», - деп Қазандағы пікірлесі әрі «қамқоршысы» Н.И.Ильминскийге хат жазады.Мектеп ашу ісінде, оның білім беру саласындағы ұстазы, досы, орыстың белгілі педагогы- Н.И.Ильминскийдіңде көп көмегі тиеді.
[3.б.118 ]
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесі арқылы Қазақстанда алғаш рет жалпы педагогика, дидактика және методика салаларының аса маңызды ғылыми ұстанымдары қолданыла бастады; тәжірбие мен бақылау, оқытудың көрнекілігі, оқытудың белгілі бір мақсатқа құрылуы, сынып жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстардың түрлері жүзеге асырылды. Ол оқыту әдісін орыс мектебінің озық үлгісінде негіздеп құруды ойластырды.Мектеп оқушыларына арнап оқу құралдарын, бағдарламалар, нұсқау хаттар жазды. [2]
Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогикалық-ұйымдастырушылық қызметінде бірнеше маңызды принциптерге және әдістерге сүйенгені бізге белгілі.Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені