Ұстаз әдебі Педагогикалық әдеп дегеніміз не? Педагогикалық әдеп



Дата28.11.2021
өлшемі15.75 Kb.
#125991
Байланысты:
Ұстаз әдебі баяндама


Ұстаз әдебі

Педагогикалық әдеп дегеніміз не?
Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады және педагогикалық адамгершіліктің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық еңбектегі адамгершіліктің ортақ қағидаларының жүзеге асырылуын қадағалайды, оның негізгі қызметтерін және этикалық категорияларды қарастырады.
Педагогикалық әдептіліктің көрсеткіштері:
Педагогикалық іс - әрекеттің нәтижесі үшін атқарылатын кәсіптік жауапкершіліктің көрсеткіштері:

▪ Кәсіпке, қоғамға деген қарым - қатынас
▪ Тәртіпті болу
▪ Эмоцияналдық байсалдылық, әдептілік
▪ Ұжымдағы әріптестермен жақсы қарым - қатынас
Педагогтың өзінің алдына қойған жоғарғы талаптардың көрсеткіштері:
▪ Әділ болу, балалардың бәрінің бірдей екендігін мойындау
▪ Өз мінез - құлықтарына баға беру, өзін - өзі сынау
▪ Өзін - өзі үзбей жетілдіріп тұру.
Педагогикалық әдеп:
▪ тілдесу, қарым - қатынас жасау кезінде
▪ сөйлесу икемділігінде
▪ оқушылардың іс - әрекеттерін ұйымдастыра алу икемділігінде
▪ өзін - өзі ұстай алу және талап ету икемділігінде
▪ ескерту жасаған кезде
▪ баланың мінез - құлқына баға берген кезде
▪ мадақтау және жазалай білу икемділігінде
▪ дауыс ырғағында
Педагогикалық әдептің ерекшеліктері:
1) ұстаздың кәсіби мінез - құлығындағы, іс - әрекетіндегі өлшем
2) ықпал етудегі және өзара әрекеттесудегі әдістерді, түрлерді, тәсілдерді таңдау өлшемі.

Әдептілік - педагогтың мінез - құлығындағы ерекшелікке айналу керек.
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі.
Педагогтың бойында болу керек қасиеттер


▪ Мейірімділік
▪ Балаларға деген шынайы махаббат
▪ Эмоционалдық байсалдылық
▪ Әділдік
▪ Балаларға деген зейін
▪ Қайырымдылық
▪ Сергектік
▪ Өмірді сүйгіштік
▪ Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу
▪ Жігер
Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер:

1. Дөрекілік
▪ Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдамау, сыйламау
▪ Әділетсіздік
▪ Өзін - өзі ұстай білмеу
▪ Әдепсіздік
▪ Балаларға немқұрайлы қарау
Педагогикалық этикада ұстаздың адамгершілік қасиеттері қоғамдық құндылыққа айналады, бұл қасиеттерсіз мұғалімнің басқа да кәсіби қасиеттері мен икемділіктердің құндылықтары жойылады. Зияткерлік және психологиялық қасиеттермен бірге жауапкершілік, абырой, әділеттілік, шынайылылық, ар - ұят, қарапайымдылық сияқты қасиеттер педагогикалық беделдің негізгі құрауыштары болып табылады.
Педагогикалық техника - педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешені.
Педагогикалық техника дегеніміз:
▪ дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемділігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі, интонация, сенім туғызуы);
▪ жест және мимиканы, пантомимиканы қолдана білу икемділігі;
▪ өзінің психикалық жағдайын – сезімдерін, көңіл - күйін - басқара алу икемділігі;
▪ өзін - өзі сырттай көре алу икемділігі.
Сөйлесу кезінде қолыңызды айқастырмаңыз, аудиторияға бетіңізбен бұрылып тұрыңыз, араларыңыздағы қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа қозғалған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып тұрған ақпаратыңыздың маңыздылығы күшейеді, ал артқа қозғалсаңыз тыңдаушыларға кішкене дем алуға мүмкіндік бересіз.
Педагогикалық техника педагог іс - әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді бірігуіне ықпал жасайды:
Педагогтың киімі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жарасымды болу керек;
Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ету мақсатында таңдалу керек;
Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс. Педагог өзіне - өзі сенімді болуы керек.
Педагогтың дене күйі, тұрған тұрысы:
▪ Түзу дене күй – сенімділік, зеректік, кішіпейілділік;
▪ Оқушыларға теріс қарап тұрып сөйлеу – қызығушылықтың жоқтығы;
▪ Қырымен тұру – теріс, негативті қарым - қатынас;
▪ Сұрақ қойғанда алдыға қарай еңкею – дұрыс, оң қарым - қатынас;
Егер кез келген мұғалім ынта - ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде