Сұрақтар мен тапсырмалар: Пікірталас Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие



бет1/4
Дата03.01.2023
өлшемі57.42 Kb.
#405552
  1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық сабақ 13
Ағылшын тілінде фразалық туркестер, Ағылшын тілінде фразалық туркестер, Ағылшын тілінде фразалық туркестер, Ағылшын тілінде фразалық туркестер, 566 , ТЕСТЫ АНГЛ, Саясат П3, Аружанға, Философия 5, СУЛЬФАНИЛАМИДНЫЕ ПРЕПАРАТЫ, кәсіпкерлік тақырып 8

Практикалық жұмыс Модуль 2. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
Тақырып 4. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Пікірталас 1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие
2.Мектеп жасындағы оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді ұйымдастыру
3.Техникалық және кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білiм деңгейіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытудың ерекшеліктері

  1. Кіріспе

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық - мемлекетті ішінен жоятын, бүкіл жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп əкелетін қатерлі дерт. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі - осы дертпен күресу болып табылады. Бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға бүкіл қоғамның барлық күш- жігерін біріктіріп, осы дерттің одан əрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Қоғамның əр мүшесі сыбайлас жемқорлықты қоғамдық жəне əлеуметтік жамандық деп қабылдаған жағдайда ғана қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениеті қалыптасады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық құбылыстарынан аулақ болуы үшін өздерінің құқықтарын нақты білуі, оларды қорғай алуы, жеке, кəсіби өмірі мен қоғамда сыбайлас жемқорлық əдістерін қолданудан бас тартатын тұрақты моральдық ұстанымы болуы керек. Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-əрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тəртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке жəне оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Əрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті. Сыбайлас жемқорлық жайлы түсінікті, ең алдымен, мектеп қабырғасынан беру керек. Өйткені,бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі ел тұтқасы. Ал өскелең ұрпақты саналы етіп тəрбиелеу - бүгінгі ұстаздардың басты міндеті. Осыған байланысты біздер, мұғалімдер, оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тəрбиелеу мақсатында мектеп қабырғасынан-ақ сыбайлас жемқорлық жайлы толыққанды мəлімет беруіміз керек. Бұл өз кезегінде балаларда құқықтық сананы тəрбиелеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын меңгертуге септігін тигізері сөзсіз. Оқушылардың мектеп қабырғасында алған білімдері, өмірдегі сыбайлас жемқорлықтың кез келген құбылысына қарсы тұруға көмектеседі.
Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады. Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.
Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері: 1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.
2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.
3. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.
Әр мұғалім білуі тиіс:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет