Сұрақ Жауап

Loading...


Дата18.10.2020
өлшемі21.08 Kb.
2.3-тапсырма. Сұрақ қою

Айбек Айгүл


Сұрақ

Жауап

  1. Біз сыныпта не үшін сұрақ қоямыз?




  • Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;

  • Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;

  • Бағалау үшін;

  • Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;

  • Тақырыпты қайта қарау үшін;

  • Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;

  • Күрделендіру үшін;

  • Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;

  • Түсінуге көмектесу үшін




  1. Тиімді сұрақтар қандай болады?

Жақсы сұрақ дегеніміз не?


Тиімді сұрақтар Оқуды бағалау стратегияларында негізгі құрал болып табылады және оны бірқатар жауап алатындай етіп жоспарлау керек. Жақсы қойылған сұрақ оқушыны мазмұн (Кім? Не? Қашан?) мен үдеріс (қалай? неге) арасында теңгерім сақталған танымдық саяхатқа шақырады.

  1. Сіздің сыныбыңызда көбіне сұрақтарды кім қояды? Неліктен?




Сұрақтарды оқушылар қояды.

Олар өз білімдерін толық жетілдіру үшін, сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін сұрап, біледі.



  1. Сұрақ қою және оларға жауап беру үдерісіне барлық оқушыларды қалай тартасыз?




  • Екі немесе үш оқушыдан құрылған топтан, олардың қызығушылығын ынталандырып, осы тақырып, пән бойынша не білетіндерін бағалай алатындай етіп, тақырып немесе пән туралы не білгісі келетіндігін сұраңыз.

  • Алдымен оқушылардан өз жауаптарын талқылауды сұраңыз.

  • Сабақтың басында, негізгі ұғымды айқындап, оқушыларды тарту үшін, ойды белсендендіретін сұрақ қойыңыз .

  • Қалған оқушылардан жауапты бағалауды сұраңыз – қалғандары не ойлайды екен?

  • Ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушыларға өз ойын өзгертуге немесе басқа жолмен жүруге мүмкіндік беріңіз.

  • Жабық және ашық сұрақтар арасында, сондай-ақ мазмұнмен және процеспен байланысты сұрақтар арасында теңгерімді қамтамасыз етіңіз.

  • Айтарлықтай қарапайым, бірақ мүмкіндігінше сұрақтың неге бағытталғанына байланысты барынша айқын болатын дәйекті жақсы сұрақтар қорын дайындап алыңыз.

Кез келген жауапқа оң баға беріңіз және сапалы жауаптарды мақтаңыз.

  • Дұрыс емес жауаптарды түзетпестен қалдыруға болмайды. Олардан кейін қосымша сәйкес сұрақтар болуы тиіс немесе оқушы өз жауабын қайта қарауға мүмкіндік алу үшін, «күту уақытын» беру керек.

Жеңілдету үшін сұрақты өзгертіңіз немесе басқаша қоямын

  1. Сұрақ қоюға және оларға жауап беруге ынталандыру үшін Сіз сабақта қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?




  • Қарапайым сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылар белгілі бір ақпаратты еске түсіреді, қайталайды, яғни, бұл сұрақтарды танысқан материалды қаншалықты меңгергенін, есте сақтағанын анықтау үшін қолданған тиімді. Сұрақтың бұл түрі дәстүрлі бақылау кезінде қолданылады: сынақ, тест, терминдік диктант.

  • Альтернативті сұрақ – берілген екі салыстырманың тек біреуін нақтылауды ұсынатын сұрақ түрі (Бұл ақ па, әлде қара ма?) Бұл сұрақтың түрін қолданған кезде оқушыға дұрыс жауаптың бағыты ұсынылады, оқушы соның ішінен дұрыс жауапты таңдай алу керек. Мысалы, «мына сөйлемдегі «ғасыр» сөзі бастауыш па, баяндауыш па?» немесе «адамның дене мүшесіндегі асқазан қорыту қызметін, әлде тазарту қызметін атқара ма?»

  • Шығармашылық сұрақтар оқушыларды ерекше шешім білдіруге, болжам айтуға итермелейді, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Басқа адамның кейпіне ене білу, бір мәселеге қатысты түрлі көзқарас білдіре алу, болжам жасауға жақын болу, барлығына белгілі заттарға жаңа қолданыс таба білу сияқты дағдылар адамның шығармашылық ойлау қабілетіне жатады. Сондықтан мұғалім өз сабағында осы сұрақтың түрін қолдана отырып, аталған дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Әдеттегідей, бұл сұрақтарда «егер» деген сөз қолданылады: «Егер сен сол көтерілістің басқарушысы болсаң, қандай әрекет жасар едің?», «Егер сол оқиға біздің заманымызда болатын болса, немен аяқталар еді деп ойлайсың?», «Егер бөлшектер болмаса, адамдар қалай есептер еді?», «Жалғаулар болмаса адамдар қалай сөйлер еді?» т.б.

  • Риторикалық сұрақ – тыңдаушының ерекше назарын аудару үшін не эмоционалдылықты баса көрсету үшін болымды не болымсыз сөйлемге сұрақ формасын беру.

  • Нақтылаушы сұрақ – болжамның немесе берген жауаптың ақпаратын нақтылау үшін қолданылады. Нақтылаушы сұрақ қояр алдында міндетті түрде белсенді тыңдалым болу қажет. Белсенді тыңдалым барысында мұғалім жауап берген оқушымен психологиялық байланыс орнатуға тырысады, оның айтқан жауабына ерекше қызығушылық танытады, оқушының жауабы мен өз ойының арасындағы байланысты табуға ұмтылады және оқушыға кері байланыс орнатады.

  • Жетелеуші сұрақтар – белгілі мәселе бойынша оқушының білім – біліктілігін жетілдіруге, өзін реттеуге көмектесуге бағытталады.Бұл сұрақтың түрі арқылы оқушыны қарастырған мәселе бойынша толық, нақты жауап беруге жеткізуге болады. «Бұл мәселеге тағы мына қырынан қарасаңыз қалай болады?», «Айтқаныңыз, әрине, дұрыс. Бірақ оның тағы қандай себебі бар деп ойлайсыз?», «Жауабыңызды тағы да қандай дәлелдемелермен толықтырар едіңіз?»

  • Бағалаушы сұрақтар – қарастырған мәселеге, оқиғаға, айғақтарға т.б. баға берудің өлшемдерін анықтауға бағытталған сұрақтар. Яғни, бағалаушы сұрақтар оқушының ойлау қабілетінің эмоциялық жағына әсер етеді. Көп жағдайда адамдар бір оқиғаға болсын, құбылысқа болсын алдымен эмоциялық сезім қалыптастырып, содан кейін ғана оны саналы түрде қабылдаймыз. Егер жаңа ақпарат адамның ішкі дүниесіндегі жағымды ассоциациялармен байланысты болса, білім алушы ол ақпаратқа сенім білдіріп, тез қабылдайды. Сондықтан балаға жас шағынан бастап оның ойлау қабілетіне әсер ететін эмоциясына есеп беруді үйреткен дұрыс. Оқыту үдерісінде бұл қызметті бағалаушы сұрақтар атқарады. Қарастырған мәселелер мен оқиғалар, деректер мен адамдарға қатысты оқушы өзінің қарым қатынасын сезіне отырып, ойлау қабілетіне зор ықпал ететін бейнелерді сыртқа шығарады. Осыған байланысты мұғалім «Осы оқиға қандай сезім тудырды?», «Осы кейіпкердің әрекетіне деген көзқарасың қандай?», «Мына затқа қарағанда, ана зат қаншалықты пайдалы?», «Анадан мынаның қандай артықшылығы бар?», «...қандай тиімді жақтары бар?», «Осылардың қандай айырмашылықтары бар?» «...қандай тиімді жақтары бар?», «Осылардың қандай айырмашылықтары бар?» сияқты сұрақтарды қолдана алады.

  • Практикалық сұрақтар білім алушыларды алған теориялық білімдер мен тәжірибе арасындағы байланысты орнатуға, ұштастыруға үйретеді. «Күнделікті тіршілікте диффузияны қайдан көруге болады?», «Айналадан конус тәрізді қандай заттарды атап бере аласыздар?», «Өзің сол кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?» т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...