Сөзжасамның негізгі



Дата02.01.2022
өлшемі38 Kb.
#147903
Байланысты:
1-семинар сөзжасам
301 Фарм Жүзтан Айдана, export (92)

Сөзжасам – атау жасау процесі. Процесс нәтижесі – туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс-тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды.

Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, даму жылдарында сөзжасамның кей мәселелері морфологияның аясында қарастырылды да, негізінен сөз жасалу үрдісінің синтетикалық жолмен яғни жұрнақтар арқылы туынды сөз жасалуы зерттелді.

ХХ ғасырдың 90-жылдарынан қазақ тілінің сөзжасам саласы туралы әртүрлі деңгейде ғылыми еңбектер жазыла бастады. Алғашқы іргелі еңбек “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” (1989) атты монографиялық зерттеу болды. Мұнда сөзжасам жеке ғылыми сала ретінде танылып, оның негізгі теориялық мәселелері зерделенді. Осы кезден бастап, қазақ сөзжасамы ғылыми-теориялық бағытта сараланып, талданып, әртүрлі ғылыми аспектіден жүйелі түрде қарастырылып келеді.

Қазақ тілінің сөзжасамы – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, тіл білімінің бір жүйелі саласы.
Сөзжасамның негізгі нысаны – туынды сө Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық қалып, сөзжасамдық белгі, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тәсіл – туынды сөздің негізгі белгілерін айқындайтын теориялық мәселелер. Бұлар да сөзжасам саласының негізгі зерттеу нысаны болып саналады.

Сөзжасамның негізгі бірлігі

Тіл білімінің кез келген саласының өзіндік негізгі бірлігі болады. Айталық, лексикологияның негізгі бірлігі – сөз, фонетиканың бірлігі – дыбыс, морфологияда сөз бен қосымшалар, синтаксисте – сөйлем деп танылса, сөзжасамның негізгі бірлігі – туынды сөз. Туынды сөздің құрамы оның жасалу тәсілі арқылы анықталады. Сөз мағынасы дамуы арқылы, негіз бен сөз тудырушы жұрнақтың жалғануы арқылы, екі негіз сөздің бірігуі немесе қосарлануы арқылы, сөздердің тіркесуі арқылы туынды сөздер жасала алады.

Қазақ тіліндегі туынды сөздер семантикалық, синтетикалық немесе морфологиялық, аналитикалық, кейде фонетикалық сөзжасам тәсілдері арқылы жасалады.

Семантика-фонетикалық тәсіл – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі.

Семантикалық сөзжасамдық тәсіл – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөз жасауы.

Семантика-синтетикалық тәсіл – сөзжасамдық негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағына туғызуы.

Семантика-аналитикалық тәсіл – негіздердің бірігуі немесе тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.

Ғылым салаларының бір-бірімен байланысы сабақтастығы оның ішкі табиғатының кешенді құбылыс екенін аңғартады. Тіл – танымның көрінісі, сондықтан рухани және материалдық мәдениет жетістіктерінің бейнесін таңбалайды.

Тіл білімі – кешенді жүйе. Әлем бейнесін белгілі дыбыстардың заңдылықтарға негізделген жүйесі арқылы таңбалап, танылған ұғымды сөз мағынасы арқылы белгілейтін СӨЗ – лексиканың да, фонетиканың да, морфологияның да, сөзжасамның да зерттеу нысаны. Әңгіме олардың қай аспектіден, қай қырынан қарастырылуында болса керек.

лексикология сөзжасамдық процесс нәтижесінде пайда болатын дайын тілдік материалдардың сөздік құрамын, мағынасын анықтаумен айналысады. Сөзжасамдық процесс нәтижесінде барлық жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер, қос сөз бен біріккен сөз, фразеологиялық бірліктер, тіркесті сөздер жасалады. Сөзжасам – процесс те, оның нәтижесі – атау.

Морфологияның негізгі зерттеу нысаны – сөздерді сөз таптарына топтастырып жіктеп, олардың құрамын айқындау, грамматикалық категорияларын саралау болса, сөзжасам негіз сөздің мағынасы арқылы жаңа туынды атау туғызады. Мұндағы ортақтық негіз сөз бен қосымшаларға байланысты. Морфологияда негіз сөз сөздің түбірі делініп зерттелсе, сөзжасамда сөзжасамдық тұлға ретінде айқындалады.

Ал қосымшалар екіге бөлінетіні белгілі. Жалғаулар мен сөз түрлендіруші жұрнақтар морфемдік талдауға түсіп, морфологияның зерттеу нысанына айналады да, сөз тудырушы жұрнақтар жаңа мағына жасайтын тұлға ретінде сөзжасамның зерттеу нысаны болады.

Бір қарағанда, сөзжасам морфологиядан жіктеліп шыққан сала ретінде көрінуі ықтимал. Бұл пікір түбірінен дұрыс емес. Өйткені, дәстүрлі грамматика бойынша, морфологияда сөзжасамның тек синтетикалық тұлғалар арқылы жасалған тәсілі ғана бірге қарастырылған болатын. Сөзжасамның бұдан өзге де бірнеше тәсілдері (фонетикалық, семантикалық, аналитикалық) мен теориялық ұғымдары морфологияда анықтала алмайды.

Сөзжасам мен фонетиканың байланысы сөз мағыналарын айқындаудағы дыбыстардың өзгерістерінің болуы арқылы көрінеді.



Сөздердің тіркесуі арқылы жаңа атау жасалу процесі синтаксис пен сөзжасамның тығыз байланысын танытады

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді