Сөздік диктант Күнтізбе, елбасы, пьеса, тілашар, жәдігер, мұрағат, мұражай, кәсіпкер, дәрісхана, төраға, медбике, этнография, этнограф, хикая, хикаят, поэма, пейзаж. Сәуленің кірпіші



Дата20.11.2021
өлшемі14.35 Kb.



Батыр
Ораз-Мұхамед қарттың жүзіне көз тоқтатып қараған. Кеудесі көріктей, зор денелі, жалпақ бет кісі екен. Басында пұшпағы иығын жапқан мәри далбай, үстіндегі әр жеріне жамау түскен көнетоз түйе жүн шекпеннің бір етегін күміс кіселі жалпақ қайыс белбеуге қыстырып алыпты.

Кісесі сияқты, беліндегі қылыштың қынабы мен балдағы да жарқ-жұрқ етеді. Киімі қандай жұпыны болса, қаруы соншалық қымбат.

  • Баба, есіміңіз кім? – деген Ораз-Мұхамед еріксіз.

  • Бір заманда мені Бесоба батыр деп атайтын. Жем бойындағы қырғында қалың ноғайды қашырған, Шу бойындағы төрт халықтың тоғысында мағұлдың бас батырын жекпе-жекте өлтіріп, қазақ пен қырғыздың жеңісіне жол ашқан Бесоба батыр – менмін!

(М.Мағауин, 101 сөз)

Сөздік диктант
Күнтізбе, елбасы, пьеса, тілашар, жәдігер, мұрағат, мұражай, кәсіпкер, дәрісхана, төраға, медбике, этнография, этнограф, хикая, хикаят, поэма, пейзаж.

Сәуленің кірпіші
Қаланың күнгей жақ шеті бос жатушы еді. Жазда мал жайылатын, балалар доп ойнайтын, қыста аппақ қар басып жататын, сол жерде балалар шаңғы тебетін.

Өткен жазда бұл жерге құрылысшылар келді. Жүк көтеретін крандар пайда болды. Көп ұзамай, биік үйлер сап түзей бастады.

Сәулелер осы жерге жақын ескі ағаш үйде тұратын. Ол өзгерісті күнде терезеден көріп тұрды. Әкесінен ол үйлердің кімдікі екендігін сұрады. Үйлер осындағы ескі, кішкене үйде тұратындарға салынып жатыр екен. Мұны естіген Сәуле үйлердің бітуін асыға күтті.

Бір күні Сәуле есік алдында ойнап жүр еді. Үстінде кірпіші бар машина өтіп бара жатты. Арықтан өте бергенде, сықыр-сықыр етіп теңселді де, бір кірпіш жерге түсіп қалды. Мұны көрген Сәуле қол бұлғап айқай салды. Жүргізуші естімеді.

Сәуле түсіп қалған кірпішті көтеріп алды да, машинаның соңынан жүгіріп, құрылыс басына келді.

Арада бір сағаттай уақыт өткенде Сәуленің кірпіші жылдам биіктеп бара жатқан үйдің қабырғасынан орнын тапты.



(С.Жүнісов, 140 сөз)

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік