Сөздердің бірге не бөлек жазылуы – емлеміздегі шешімін толық таппай келе жатқан мәселелердің бірі



бет4/6
Дата11.04.2022
өлшемі156.5 Kb.
#220246
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Темірхан Аяжан 5-СӨЖ XIX ҒҚӘТ
4 слайд Психология, Қадіров К.А, Мейрамбекұлы Әли. СРС . Дәріс - 9, Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы. Мақсат перизат-melimde.com, сөз, Тәрбие жұмыс жоспары
Махамбет Өтемісұлы. Тарихшы ғалым Тілекқабыл Боранғалиұлы өзінің «Ғасырдан тәбәрік» атты еңбегінде: «Қазақ жырының ой-санасы – Абай, ар-намысы – Махамбет. Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуетпіз. Бірі-рухани ұстазымыз, бірі-рухты ұранымыз» деп, Махамбеттің өзгеше жан екенін сөз етті.
Жалынды ақын,намысшыл ержүрек жауынгер өзінің қысқа да жарық отты өмірін жан тәнімен халқына арнап,еркіндік идеясы мен әділеттілікті ұран етіп,найза ұшын, қалам

құдыретін шебер ұштастырды.

Алты Алаштың ар-намысына айналып, «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім, жағалай жатқан сол елге, мал толтырсам деп едім» деп армандап, шымыр есілген қыл шылбырдай ширығып, шамырқанып өскен азамат ер болатын. Ендеше, ол зорлығы мен зұлымдығы қатар жүрген бақан бет заманда әділетсіздікке, сұрқиялыққа, қиянатқа қалай төзсін. Оның үстіне көк­жал заман оны тістелеп өсіріп, көк­жал болмасына қоймады. Бетін ­дауыл сапырып, ақжал толқынын аспанға атып, долырған дүлей теңіздің өкірген өксігі Махамбеттің ашу-ызасы боп буырқанды. Ғасырлар бойы төбесінде найзағай ойнап, құзар басы бұлттан арылмай қайғы арқалап, қасірет шексе де бір елі төмен шөгіп, жасып, қасиетін жоғалтпаған қарт Қаратаудың қуатын бойға жиып, сағымға оранған алыс қырға көз салып, жалаңдап жау іздей бастады. Ала-құла жаратылған жалған дүниенің әлеуметтік теңсіздігін, сұмдық сұрқиялығын көріп, көкірегіне қыжыл кіргенде жүрегінің терең түкпірінен ы­залы ашудың қара дауы­лы көтеріліп келе жатты. Оған ата қазақтың тартқан тауқыметі, мұң-наласы, қайғы-қасіреті қосылып, аузынан ақ жалын боп атылғанда Махамбеттің атойлап атқа қонбасқа шарасы болмады. Ақырында:

Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала,
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
[2.119]

Осы өлеңді оқығанда кеудесінде намысы бар қай қазақтың қаны қызбайды. Екіталай күн туып, қарағай басын шортан шалмаса да, көкжиектен тулақтай қара бұлт көрініп, төніп келе жатқан қатер жоқ болса да, қалың кілем төселген төрінде обадай омалып отыра бермей тысқа оқтай атылып, «егеулі найза қолға алып», айналаңнан жалаңдап жау іздеп,  түн қатып жортып кеткің келеді. Неге? Өйткені «қорлықта жүрген халқыма Бостандық алып берем» деп найза толғап, қылыш суырған «кескекті ердің сойы» Махамбеттің ақ семсер серті, алдаспан анты, асқақ рухы даланың бұлшық етіндей бұлтылдап ойнап, шиыршық атып тулап, ереуіл салған бұл өлең кім-кімнің де жігерін жанып, намысын қайрап, онсыз да сапырылысып, арпалысып жатқан дүниенің ішіне тоғытып жібереді. Бұдан кейін қазақ халқының ар-намысынан жаралған қай азамат ыза-кек боп неге бұрқанбасын. Іле көкірегі қыжылға толып, күркіреп атқа қонуға асықпай тұра ала ма, сірә.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан