<> Диаметрі 5 - 1 см болатын асқазанның толуының бірнеше дефектілері, тұрақты дөңгелек пішіні, контурлары айқын және беті тегіс, шырышты қабат өзгермеген - рентгендік белгілер тән
* артық шырышты қабық
* варикозды көктамырлар кеңеюі
* полипозды гастрит
* полип +
* асқазан ойық жарасы
<> Антимикробты терапия қабылдағанына қарамастан науқаста 2 апта бойы қалтырау, дене қызуының жоғарылауы, кеуде қуысындағы ауыру сезімі сақталған. Көп мөлшерлі іріңді қақырық түскеннен кейін жағдайы біршама жақсарды. Қарап тексергенде: оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады, амфорикалық тыныс және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Науқаста қандай рентгенологиялық көрініс болуы мүмкін?
* Өкпе түбірінің өзгеруі
* Сұйықтық деңгейімен сақина тәрізді көлеңке+
* Плевра қуысында сұйықтық
* Ошақты көлеңке
* Өкпенің диссеминирленген өзгерісі
<> Интенсивті терапия бөлімшесіне ер адам БОМЖ ауыр жағдайда түсті, дене қызуы 39,8 0С, тыныштықтағы ентігу, ТАЖ – 30 рет минутына, АҚҚ - 90/55 мм с.б.б. Аузынан сасық иіс, жасыл-қоңыр түсті төменгі қабатында қара түйіршіктері бар көп мөлшерлі қақырық байқалады. Рентгенограммада – сол өкпенің ортаңғы бөлігінде түбір маңы аймағында өкпе тінінің ошақты деструкциясымен кең көлемді интенсивті инфильтрация. Оң өкпеде – ортаңғы және төменгі бөліктерінде өкпе суретінің күшеюі фонында біріккен инфильтративті көлеңкелер. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?
* Өкпе гангренасы +
* Өкпе абсцесі
* Плеврит
* Жоғарғы бөлікті пневмония
* Бронхоэктазиялық ауру
<> 56 жастағы ұзақ уақыт темекі шегетін ер адамда ентігу, жалпы әлсіздік, қан аралас қақырық пайда болды. Өкпесінде гуілді және ызылды сырылдар естіледі. Рентгенограммада өкпе түбірлері кеңейген, оң өкпенің ортаңғы бөлігінің ателектазы. Қақырық анализінде: нейтрофилдер, эритроциттер.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?
* Спирография
* Компьютерлік томография
* Бронхография +
* Өкпе сцинтиграфиясы
* Ангиопульмонография
<> В. атты 32жастағы науқас, А гемофилиясы мен тіркеуде, екі жақ тізе буыны жүрген кезде ауырады, 30 минутқа созылатын таңертеңгілік құрысу, буындардағы қозғалыстың айқын шектелуі. Қарағанда буындары үлкейген, деформацияланған. Тізе буындары патологиясын визуализациялауда неғұрлым бірінші жүргізілетін әдіс:
* УДЗ +
* МРТ
* Артрография
* КТ-артрография
* МР-артрография
Достарыңызбен бөлісу: |