Сөж тақырыбы: Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романының жанрлық ерекшелігін талдаңыз Студент: Аружан Досымбек



Дата11.04.2022
өлшемі288.45 Kb.
#220400
Байланысты:
Досымбек Аружан Қазіргі қазақ әдебеиеті сөж
Досымбек Аружан срс әдз



СӨЖ

Тақырыбы: Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романының жанрлық ерекшелігін талдаңыз

Студент: Аружан Досымбек

Оқытушы: Абдикулова Раушан Мамиевна

Алматы 2021

Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» атты туындысы – қазақ прозасында эпостық әдебиет жанрындағы алғашқы үлгілерінің бірі. Автордың өзі «Қазақ тіліндегі роман» дегенмен, көркем әдебиеттің өркениеттік талаптары тұрғысында қарағанда, бұл шығарма – хикаяттық деңгейдегі туынды. Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәрінде де бір, айтылу аудандарында айырма бар», – деген сөздері осы ойды дәлелдей түсетін сияқты.

Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелігі» – көлемі жағынан ұзақ әңгіме деңгейіндегі ағартушылық-әлеуметтік сипаттағы шығарма. Оның ағартушылық реализм көркемдік әдісінің аясында жазушы адамдардың өмірлік мұрат жолындағы күрескерлігін танытуды көздеген және сол заманның мүмкіндігінше авторлық идеясын орындап шыққан. Шығарманың тақырыбы – адамның әлеуметтік ортадағы жан-жақты ізденуге, жетілуге мүмкіндік иеленетін бостандық, идеясы – адамдардың тұрмыстық-әлеуметтік қарым-қатынастағы ең озат адамгершілік қасиет сапаларын иелену мүмкіндігін таныту.

Басты кейіпкер  – Ғайникамал. Әкесі Ғайсаның егде жасқа келген кездегі туған перзенті Ғайникамал отбасының үлгілі тәлім-тәрбиесімен қалыптасып, одан кейін арнаулы мұғалімнен ауылдас кедей балаларымен бірге білім алады. Жазушының дәстүрлі эпикалық баяндауынан кейіпкердің рухани деңгейі анық: «Сонда Ғайникамал қасындағы бірге оқыған қазақ балаларының жалқаулығына, оқымайтындығына қапа болып, он жасында-ақ ойлап, өлең жазушы еді һәм жаңа шыққан романдарды және Ибраһим Құнанбайұлының жазған өлеңін бек көп оқушы еді».

Ғайникамалдың жаңашыл тұлғасы оқиғаның шиеленісуі кезеңінде әуелден айрықша байқалады. Үш жігіт қызды бір-біріне қимай, өзара таласқа түскен кезде, Ғайникамалдың үшеуінен де бас тартып, өзінің білімімен деңгейлес адамды ғана қалайтынын ашық айтқаны және өзімен рузани жағынан теңдес ақылды, оқыған жігіт Мұхаммедғалиді таңдағаны кейіпкер қыз бейнесінің шоқтығын көтере түседі.

Романның идеялық жаңашылдығы Ғайникамалдың әкесі Ғайса арқылы да айқын көрінген. Ғайса – қыз баланың рухани кемелдену тұғырында болуын тілейтін ізгілік иелерінің жинақталған тұлғасы. Қыз баланы жастайынан атастырып қойып, бағын байлауға қарсы болған осындай озық ойлы әкелер арқылы қазақ ортасында жаңашылдық көзқарасты насихаттау – автордың негізгі суреткерлік ұстанымы. Романның көркемдік түйіндері арқылы автор қазақ қыздарының жан дүниесіндегі рухани еркіндікті сүйетін, өзіндік өнегелі істерімен өмірге ізгілік нұрын шашатын көркем жинақталған тұлғасын ұсынған.

Тақырыптық мазмұн қазақ қыздарының бас бостандығы болса да, авторлық идея күрделі. Оның Абай қара сөздеріндегі идеялармен үндестігі бар. Т.Жомартбаев – адамнан адамның айырмасы-білімінде деген Абай афоризімін ағартушылық қызметінің ұраны етіп ұстағаны ұстаз.

Қаламгер ұстаздық қызметінде роман сюжетінде қолданатын француз ертегісіндегі шешендік сұраққа ойға қалуы, қыз кімді таңдайды дегенге шәкірттерін де ойлантып, өзі де ойланған болуы керек. Қыз таңдауы ғаламат сыйлықтар әкелген жігіттерге емес, адамзатқа пайдасы мол, теңдесі жоқ қажетті нәрселерді жасай алатын сауатты, білімді, өнерлі жігітте болуы керек деген ойдан туындаған тәрізді. “Қыз көретін жігітті бір көрелік” идеясының бастауы ағартушы-демократтық көзқарас, қызметте екені белгілі. ^Қыз көрелік” романының көркемдік жүйесінің негізіне осындай жасанды синкретті сюжет әдейі таңдалады. Енді осы ертегі мен роман арасындағы идеялық сәйкестер мен өзгешелікті ажыратып көрелік.

Ертегі сюжеті. Бір шалдың сұлу қызына үш жігіт келіп көңіл білдіреді. Үшеуі де қызға ұнайды. Қыз оларды сынау үшін маған сыйлық әкеліңдер деп жұмсайды. Олар сиқырлы айна, жәшік, бальзам табады. Сөйтсе, ғашық қыздары аяқ астынан дүниеден өтіпті. Оны айна арқылы көріп, жәшікпен ұшып жетіп, бальзам арқылы тірілтіп алады.

Қыз олардың бірін таңдау үшін бір жыл уақыт сұрайды. Қыз кімді таңдамақ? Оқушы алдына осы сұрақ тартылады. Ертегі сюжеті осы.

Т.Жомартбаев романының идеясы, фабуласы бұл сюжеттен өзгелеу. Қаламгер алдына ағартушы-демократтық мақсат қояды да роман көркем мазмұнын соған бағындырады. Бұл форма ертегі мазмұнын да айтарлықтай өзгертеді. Уақиғаға да, кейіпкерлерге де авторлық интенцияда (әрекетте) жаңа көзқарас, көп идея бар.

Роман құрылымында ертегілік фабула мәні мотив түрінде ғана алынады деуге болады. Бірдей, ұқсас адамдардың бірдей қызметі арасынан мәндісі, маңыздысы туралы ойлану. Философиялық астары жан мен тән, рухани әлем мен сыртқы тірлік, байлыққа бағытталатын ізденістерге. Ойларға бастайды.

Т.Жомартбаевтың ертегі мотивінде де жаңалық бар. Ертегідегі жігіттер – сұлу жігіттер. Айтушы оларды бірінен бірін бөлектемейді, сынамайды да.

Т.Жомартбаев та жігіттер әрекеті, сөздері, ойлары ирониясы аралас юмормен жазылады. Заман өзгеріп жатқанда сұлу қыз іздеуден басқаны мұрат қылу түгіл, ойламаған надан жігіттер. Ертегіде жігіттер қызға ғажайып сыйлықтар іздейді. Т.Жомартбаев та адам ақыл-ойы, ғылымның соны жемісі, адамзатқа пайдасы мол нәрселер іздейді.

Ертегіде қыз таңдау белгісіз. Ойлану оқушы үлесінде. Т.Жомартбаев та, сауатты, білімді Ғайынкамалдың кімді таңдайтыны белгілі. Зиялы Мұхаметқалиды романға сол үшін енгізеді. Демек, авторлық идея өзегінде “...Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық” – деген Абай ойлары бар. Романда Т.Жомартбаев осы идеяны көркем мазмұнға айналдырады.

“Қыз көрелік” романында шарттылық мол, тіпті роман сол шарттылыққа құрылады. Көркемдік жүйе өзегіндегі авторлық ағартушы-демократтық идеяны жеткізуші де осы шартты үлгі түр. Автордың мақсаты қазақ елінің көріністерін, түрлі әлеуметтік топтардың іс-әрекетін, мақсат-мүдделерін суреттеу емес. Автор мақсаты – оқыған қыздардың өз бостандығына жете алатынын айту ғана емес, адамнан адам артықшылығы – білімінде дейтін ағартушылық идея. Оған роман финалындағы эпилог тәрізді автор ойларының баяндалуы мысал бола алады.

Роман соңында теңі Мұхаметқалиға қосылып, Семей қаласында қазақ жастарын оқытып жатқан Ғайынкамал туралы айта келе, Т.Жомартбаев өз мақсатын былай түйіндейді: “Басында ықтияры бар бақытты қыздар кімді сүйсе, өз басының қор болмас қамын ойлайды. Кіммен сүйіп өмір сүрсе, жақсы өмір сүреді, соны ойлап басында миы, көкірегінде ойы, санасы бар қыздар балияға толған соң өзінің теңін тауып алып, теңін біліп, өзіне қандай адам өмірлік болуға жарайды, соны талап қылып іздей бастайды”.

Қорыта айтқанда, Тайыр Жомартбаевтың әдеби мұрасы қазақ халқының рухани мәдениетіндегі жаңашыл, ағартушылық эстетика идеясын ұстанған бағыттың көркемдік көрсеткіштері қатарында бағаланады. Оның шығармалары Абай дәстүріндегі қазақ әдебиеті дамуының жаңа ізденістердегі талпынған өркениеттік бағдарын да өз дәрежесінде таныта алады. 

Әдебиеттер:



  1. Құлбарақов С. «Қыз көрелік» – қазақ прозасының қарлығашы // Абай.- 2002.- №1.- 472

  2. Зұлхаров Ғ. Қазағым-қандасымды еркелеттім: (алғашқы қазақ романының бірі – “Қыз көреліктің” авторы Т.Жомарбаевтың шығармашылығы хақында)// Ертіс өңірі. – 2010. – 24 наурыз. – 12-13 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан