СӨж тақырыбы: ксро-ның соғысқа дейін және соғыс кезіндегі дене мәдениеті және спорты



бет6/8
Дата02.01.2022
өлшемі40.76 Kb.
#147462
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
КСРО-ның соғысқа дейін және соғыс кезіндегі дене мәдениеті және спорты

ХХ ғ. басында Қазақстанның дене шынықтыру мəдениетí мен спортында спорт пен ойындардың классикалық түрлері дəрíптеле бастады, спорттық командалар мен клубтар пайда бола бастады. Классикалық спорт түрлерінің дамыған орталықтарының бірі Семипалатинск қаласы болды. 1912 ж. бұл қалада «Нептун» деп аталатын алғашқы спорт клубы құрылып, онда спорттың классикалық түрлері дəрíптелдí. 1913 ж. құрамында əйгíлí қазақ жазушысы М. Əуезов ойнаған «Жарыс» футбол командасы ашылды [19]. Семипалатинск ауыр атлетиканың, күрестің, коньки спорты, жеңіл атлетика, жүзі, тағы басқа спорт түрлерінің дамуының алғышарттарын жасап берді.

Спорттың классикалық түрлерінің, əсíресе күрес пен ауыр атлетиканың дамуында əйгíлí қазақ батыры Қажымұқан үлкен рөл атқарды жəне оның жеке үлгісі спорттың бұл түрінің дамуына зор ықпал етті. 1915 ж. Троицкте күрес бойынша ірі чемпионатты жеңіп, Қазақстанда спорттың халықаралық түрлері бойынша ірі спорт жарыстарын өткізудің алғышарттарын жасап берді.

Революцияға дейінгі Қазақстанда дене шынықтыру жəне спортпен шұғылданудың мүмкіндіктері болған жоқ. Жекелеген спорт клубтарында буржуазия өкілдері, қызметкерлері жəне жартылай білім алушы жастары спортпен шұғылданды.

1917 ж. Ресей империясындағы саяси қайта құрулар спорттық ұйымдардың қызметіне толықтай əсер етті. 1918 ж. 22 сəуíрдегí Жалпы ресейлік орталық атқарушы комитетінің (ЖРОАК) Декіретіне сəйкес əскери істер жөніндегі Халықтық комитеттің жалпы ресейлік штабы жанында жастар арасындағы спорттық үйірмелер мен ұйымдарды қайта қалпына келтіру жəне қайта құру міндеті жүктелген Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасы құрылды. 1918 ж. аяғына қарай мемлекетте құрамында 38167 белсенді бүшесі бар 350 спорт ұйымдары қызмет жасады [21]. Бұл кезеңде спортты ортақ басқару қалалық жəне облыстық спорттық лигалар мен одақтарға жүктелді. Жалпы ресейлік спорт одағының функцияларын Мəскеулíк олимпиадалық комитет атқарды. Спорттың қарқынды дамуы басталады, тек қана спортық құралдардың, инструкторлардың, бапкерлер мен здебиеттердің болмауы бұл үрдісті тежеген болатын.

1919 ж. бастап Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасын Н.И. Подвойский басқарған. Дене шынықтыру тəрбиесí халықтың денсаулығын жақсартудың құралы ретінде əскери білім беру бағдарламасына енгізілді. 1920 ж. қазанда Жалпыға ортақ əскери білім беру Басқармасы жанындағы Дене шынықтыру мздениетінің Жоғарғы кеңесінің (ДШМЖК) құрылуының арқасында дене шынықтырудың мемлекеттік органын құруға деген алғашқы қадам жасалды. ДШМЖК-не сайыстар туралы ережелер, бағдарламалар, анықтамалар, жарғы, əртурл¡ ұйымдар арасында сайыстар өткізу жүктелді.



Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасының қызметі дене шынықтыруды əскери дайындық үшін қолданумен қатар, Басқармаға мемлекеттегі дене шынықтыру-спорттық қызметке басшылық ету жүктелді. Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасы 1917 ж. кейін қалыптасқан халыққа білім берудің жаңа жүйесіне дене шынықтыру тəрбиесíн енгізу мəселелерíмен айналысып, жаппай спорттың жандануына, пролетарлық спорттық ұйымдардың құрылуына ықпал етті. 1919 ж. мамырына қарай Ресейде Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасының 7 округтық, 39 губерниялық жəне 395 уездік бөлімшелері құрылды жəне бұлар əскерге дейінгілерге білім берумен шұғылданды. Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасының маңызды жетістіктерінің бірі — дене шынықтыру мен спортты тек қана ірі орталықтарға енгізіп қойған жоқ. Губерниялық жəне уездік қалаларда, ауылдық жерлерде əскери-спорттьщ клубтар құрыла бастады.

  1. ж. Мəскеуде өткен дене шынықтыру жəне спорт, əскерге дейінгі дайындық бойынша жұмысшылардың бірінші шақырылған Жалпы ресейлік съездінің делегаттары мемлекеттегі дене шынықтыру қозғалысының басты міндеттерінің бірі ретінде спорттық секциялар мен клубтар санынын өсіру қажеттілігі атап көрсетілді [22]. 1921 ж. қаңтарында бұрынғы Ресей империясының территориясында 1612 спорттық ұйымдар қызмет жасады.

  2. ж. басында жүргізілген аймақтық олимпиадалар жаппай оқиғаға айналып, дене шынықтыру мен спорттың таралуына ықпал етті. Бірақ дене шынықтыру-спорттық қозғалыс кейбір жетістіктергекарамастан, халыктың үлкен бөлігін камтый алған жок. 1920 ж. көктемде Жалпыға ортак əскери білім беру баскармасы өзінің жергілікті органдарына халык арасында дене шыныктыру мен спортка деген қызығушылық ояту үшін әйгілі спортсмендерден тұратын жəне сайыстарды қамтитын қойылым- көрсеткіш іс-сапарларын ұйымдастыруға тапсырыс берді. Мұндай іс-шараларды жүргізу тəжíрибеде халыктың дене шыныктыру мен спортка деген кызығушылығын ояту үшін үлгінің маңыздылығын дəлелдеп берді.

1920 ж. спорттык кұрал-саймандардың жəне спорттык жабдыктардың жетіспеуі байкалды жəне бұл спорт саласындағы бастамаларға кері əсер етті. Батыстағы сияқты спорттық өнеркəсіпті тез арада дамытудың мүмкіндіктері болмады. Мемлекеттік Халык комисариаты шеңберінде мектеп медицинасы мен гигиенасы бөлімдері, ғалымдардың, дəрíгерлер мен педагогтардың бірқатар тобы социалистік дене шынықтыру тəрбиесí жүйесінің негізін өңдеуге кірісті. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың əртÝрлí жолдары ұсынылды. Мысалы, дене шынықтыру тəрбиесíнщ «социалистік» сипатының дамуын мектептерде «окушыларға колайлы жəне пайдалы ойындарды енгізу» кажеттілігі ұсынылды [23].

Медициналык бағытты ұстанушылар (В.В. Гориневский, Г.К. Бирзин) канау мен зиянды өмір салты жұмысшылар мен олардың балаларының организмін əлсíретедí деген тұжырым жасады. Сондықтан өжркәсіп қызметінің күрделілігнің ықпалын ескере отырып, дене шынықтыру жаттығуларын орындаумен байланысты косымша жүктемелер, спортпен айланысу жұмысшылардың денсаулығы үшін кері əсер береді деп есептелді. Олардың пікірі бойынша, футбол, бокс, ауыр атлетика, күрес секілді спорттың түрлерін жұмысшы топтарының дене шыныктыруынан алып тастау кажет болды.

Дене шыныктырудың ерекше түрін пролеткультты ұстанушылар (А.В. Луначарский, В. Полянский, Г.В. Плеханов) ұсынды. Олар «жаттығулардың буржуазиялык жүйесінен» толыктай бастартты. 1925 ж. футболдық педагогикалық мәні жөнінде мақала баспадан шықты жəне бұл макалада футбол ағылшын буржуазиясының ойлап тапканы болғандыктан, кеңестік жастарды алдауға үйрететіні жəне мұның тұлғаның жеке сапасына кері əсер ететіні дəəлелденген. «Буржуазиялык жаттығулардың» орнына «жұмысшы гимнастикасы ұсынылды». Пролеткультты жактаушылар мемлекетте спорттың кең түрлерінің (бокс, спорттык гиманистика, футбол т.б.) дамуына қарсылық білдірді, мұның себебі аталған спорт түрлері капиталистік елдерде дəрíптелуíне байланысты болды [23]. Пролеткульт көзқарастары КСРО-ғы дене шынықтыру тəрбиесíне айтарлыктай зиян келтірді. Пролеткульт жактастарының пікірлері бойынша, спорттык кұралдар мен саймандар, дене шыныктыру жаттығулары кез келген бір моральді камтамасыз етеді деп саналды. Мұның мысалы ретінде скауттык козғалыстың тағдырын атап көрсетуге болады. Большевиктердің скауттык козғалыска деген көзкарасы айтарлыктай суык болды жəне уакыт өте келе нашарлай түсті. Мұндай нашарлаудың себептерінің бірі көптеген скауттар мен скаут-шеберлердің ак гвардияшылармен байланысы болды. Екінші жағынан, баскада себептері болды жəне бұл 2018 ж. комсомол ұйымының құрылуына байланысты скауттар олардың бəсекелесíтíгíне айналуымен байланысты болды. Мұнан баска, большевиктерге деген оппозиция скауттарға анархияның, революцияның жəне кұдайсыздыктың карсыласы ретінде карады. Олардың пайымдауы бойынша, скауттар тəртíптí, тұрақтылықты, қасиетті Русьтың рухани құндылықтарын кейіптейді. Өз кезегінде, большевиктер скауттарды британдық буржуазия мен əлемдíк буржуазияның «құралы» деп есептеді. Скауттык козғалыс жөніндегі пікірталастар өткір түрде өтіп, 1922 ж. дейін сакталып келді. Кеңестік Ресейдегі балалар козғалысын ұйымдастырушылар скауттык істің кызыкты жəне пайдалы екендігін түсінді, сондыктан скауттарды жою емес, ал олардың идеологиясын ауыстыруды колдады. 1922 ж. Мəскеудегí скаут-шеберлердің жиналысында «скаут» атауын «жас пионерлер» деп ауыстыру жөнінде шешім кабылданды. Осылайша, скауттык козғалыстың орнына пионерлер козғалысы келді. Олардың бір-бірінен айырмашылығы — кызметтің идеологиялык негізінде болды. Ұйымдастырушылык жəне əдíстемелíк жағынан пионерлер ұйымы скаутинг жүйесінен көптеген нəрселердí алды, соның ішінде ұйым кұрылымы, түрі, кейбір заңдар, «Дайын бол!» ұраны, жазғы лагерлер т.б. алды.



Дене шынықтыру тəрбиесí мен спорттың галыми-əдíстемелíк негіздерінің даму үрдісін идеологизация мен политизация тежеп отырды. 1930–1950 жж. кеңестік дене шыныктыру мен спорт тоталитарлық тəртíп идеологиясының бір бөлігіне айналады жəне оның əдíснамалык негізі ретінде марксизм-ленинизм философиясы алынады. Дене шынықтыру мен спорттың ғылыми əдíснамалык мəселелерí соғысқа дейінгі кезеңде дене шынықтыру бойынша алты институттарда жəне 1933 ж. кұрылған дене шыныктырудың Орталык ғылыми-зерттеу институтында өңделді. КСРО-ғы ғылымныңнегізгі күші жоғарғы жетістіктегі спортты дамытуға бағытталды, себебі бул социалистік жүйенің капиталистік жүйеден асып түсу артыкшылығын көрсетудің куралы ретінде карастырылды.

Дəл осындай идеялар кеңес үкіметінің дене шыныктыру тəрбиесíне адамдардың үлкен бөлігін тарту, спортты мемлекеттің жаппай игілігі етуге деген калауын тудырды.

Қорытындылай келе, КСРО-ғы дене шыныктыру тəрбиесí кеңестік коғам мəдениетíнíц курамдас бөлігі, əлеуметпк кыізметтің айтарлыктай саласы, КСРО халыктарының тұрмыс дәсдүрі болып саналды деп атап көрсетуге болады. Кеңес Одағының өмір сүруі кезеңінде дене шыныктыру тəрбиесí коммунистік тəрбиелеудщ куралы ретінде карастырылды. Бірак дене шыныктыру мен спортты дамытудың артыкшылыктары өзгерістерге ушырап отырды.

Осылайша, КСРО-ғы дене шыныктыру тəрбиесí мен спорттың жаппай сипат алуының алғышарттары патшалык Ресейде басталды. Бастапкыда бул мемлекеттің əскери куатын арттыруға деген калаумен байланысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары үкімет əскери-патриоттык тəрбиелеудщ жетіспеуін ұғына отырып, əскерлердщ дене шыныктыру тəрбиесíн дамыту үшін колайлы жағдайлар жасайды.

Дене шыныктырудың жаппай кубылыс ретіндегі дамуының келесі сатысы армия корын курумен байланысты болды. Ресей империясының территориясындағы билікті большевиктердің тартып алуынан кейін мемлекетті буржуазиялык агрессорлардан корғайтын əскерлер кажет болды. Бірак айыр жəне орағы бар шаруалар нағыз армия бола алған жок, əскери тəрбиелеу жүйесіндегі дене шыныктыру берік əрí бірлескен армия куруға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге Кеңес мемлекетінде дене шыныктыру мен спорттың жаппай сипат алуына үкіметтің дені сау улт куруға деген калауы ыкпал етті. Жалпыға білім беру мекемелерінде жəне институıтарда «Дене шыныктыру тəрбиесí» пəнí енгізілді, зауыттар мен фабрикаларда жұмысшылар таңғы жаттығулар жасады, әрдүрлі жаппай ойындар жүргізді.

Жаппай дене шыныктырудың пайда болуының маңызды аспектісі коммунистік тəрбиелеудщ куралын кұру болды. Спорт сталиндік адамды «homo soveticus» тəрбиелеудщ куралына айналды. ХХ ғ. 30 жж. булшыкты жігіттер мен кыздардың бейнесі көрсетілген кеңестік плакаттар спортпен шуғылдануға калау тудырып, салауатты өмір сүруге жəне жастар арасында спортка деген кызығушылыкты ояту кажет болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді