СӨж тақырыбы: ксро-ның соғысқа дейін және соғыс кезіндегі дене мәдениеті және спорты


КСРО-ның соғысқа дейін дене мәдениеті және спорты



бет3/8
Дата02.01.2022
өлшемі40.76 Kb.
#147462
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
КСРО-ның соғысқа дейін және соғыс кезіндегі дене мәдениеті және спорты

КСРО-ның соғысқа дейін дене мәдениеті және спорты

КСРО-ғы дене шынықтыру Ресей империясында өмір сүрген халықтардың дене шынықтыруымен тығыз байланысты жəне оның өзіндік халықтық түптамыры бар. Ежелгі дəуíрден бастап қарапайым халық мереке күндерінде жəне қол бос уақытында əртурлı ойындармен, жүдырырықтасып төбелесу, күрес, жүзу, коньки жəне шаңғы тебумен айналысқан. Мемлекеттік жүйенің бір бағыты ретінде дене шынықтыру І Петр реформалары кезеңінде қалыптаса бастады жəнебұл тұрақты əскер мен флотты әскери-физикалық тұрғыдан даярлау ісінде айқын көрінді. Патша тарапынан құрылған Преображенск жəне Семеновск полкілерінде əскерлер садақ пен мушкет ату, оқу бекіністеріне шабуыл жасау, су кедергілерімен күрес жүргізуді үйренді. Қарулану ісінде найзаның пайда болуынан соң əскери дайындыққа найзамен күресу әдістерін үйрету енгізілді. І Петр кезеңінде ашылған оқу орындарында дене шынықтыру ісі енгізілді. Оқушылар семсерлесу, жүзу, атпен жүру, желкен мен еспелі кеме істерімен шұғылданды. Бұл көңіл көтеру емес, саналы жəне арнайы түрде айналысқан дене шынықтыру бойынша жаттығулардың алғашқы нышаны болып саналады. Айта кету қажет, XVII ғ. дене шынықтыру тәрбиесі əскери мақсатгағы айларлықлай қолданбалы сипатқа ие болды. Сонымен бірге дене шынықтыру жəне əскери тэрбиесшдеп өзгерістер тек қана дворяндық топтарды қамтыды.

Ежелден бері спортпен, дене шынықгыру тәрбиесімен шұғылдану ісі екіжақты сипатқа ие болды. Бір жағынан, қарапайым халық арасындағы дене шынықтыру тәрбиесі физикалық еңбек жəне әртүрлі халықтық ойын-сауықпен, яғни өз бетімен дамитын халықтық дене шынықтыру мәдениетімен, шектелді. Жұдырықтасып төбелесу, күрес, шаңғы тебу — осының барлығы халықтық ойын-сауық сипатына ие болып, олардың қатаң түрдегі жүйесі мен арнайы жаттығулары жəне жаттығу жүйесі болған жоқ. Басқа сөзбен айтқанда, қарапайым халық арасындағы дене шынықтыру тәрбиесі «стихиялық» сипатқа ие болды. Осыған қарамастан, халық арасындағы негізгі іс — физикалық түріндегі еңбек болғандықтан, ал бұл, өз кезегінде, мықты денсаулықтың жəне физикалық тұрғыдан шыдамдылықтың бар болуын қажет еткендіктен, қарапайым халық арасындағы дене шынықтыру тәрбиесі қажелтілік болып саналды.



Екінші жағынан, зерттеушілер шайқасқа дайындық барысындағы әскерлердің гимнаистикалық жаттығулары, ат жарыстары жəне яхт-клуб (суда жүзу спортымен шұғылданушы ұйым) сияқты қоғамның ақсүйектері мен элиталарына тəн əскери тəрбиелеу жүйесін атап көрсетеді.

  1. ғ. Ресейде дене шынықтыру тәрбиесі мәселелері ресейлік прогрессивті қайраткерлердің еңбектерінде дамуын жалғастырды. ХҮІІІ ғ. II жартысындағы дене шынықтыру тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесіне Ресейдегі тəрбиелеу үйлерінің негізін қалаған И.И. Бецкий (1704-1795) айтарлықтай ықпал етті [3]. Ол кейбір физикалық ескертпелерді білдіре отырып, «Балаларды туылғанынан бастап жастық шаққа дейінгі тәрбиелеудің қысқаша бағытын» (1766) көрсетіп, онда баларардың физикалық дамуына ықпал ететш әртүрлі іс-шараларды, шыңдау, жеке гигиена қағидаларын сақтауды ұсынып, тəрбиелеу үрдісінде балалардың жастық ерекшеліктерін ескеруге үлкен мəн берген.

  2. ғ. аяғындағы орыс ағартушысы, журналист, «Мəскеу ведомствосының» баспашысы

Н.И. Новиков (1744-1818) дене шынықтыру тәрбиесін жалпы тәрибелеудің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған. Ол өзінің «О воспитании и наставлении детей для распространения общеполезных знаний и всеобщего благополучия» атты мақаласында халыққа арналған дене шынықтыру тәрбиесі жүйесінің негізгі принциптерін қарастырған [4]. Оның пікірінше, балаларды физикалық тұрғыдан тәрбиелеудің маңызды құралы ретінде іс-қимыл ойындарын (әсіресе доппен), күресу, журу, бірқалыпты жүгіру, тамақтану мен дем алу лəрліплерін ұстану, физикалық жаттығуларды белсенді түрде қолдануды атап көрсеткен. Сонымен бірге ғалым дене шынықтыру тәрбиесін эстетикалық тəрбиемен байланыстыратын орыс халық билеріне маңызды назар аударған.

Адамның жан-жақты дамуы жөніндегі мəселе алғашқы орыс ағартушысы А.Н. Радищевтің (1749-1802) «Путешествие из Петербурга в Москву» атты шығармасында қарастырылған жəне, оның пікірінше, тәрбиелеудің негізгі мақсаты — үйлесімді ақыл-ой, адамгершілік жəне физикалық тəрбиелеу болып табылады. А.Н. Радищев физикалық тəрбиелеудщ негізгі құралдарына еңбекті, ойындарды, физикалық жаттығулардың халықтық түрлерін (жүгіру, лақтыру, секіру, атпен жүру, ату) жатқызған. Ол организмді шынықтыруға, гигиена қағидаларын қадағалауға үлкен назар аударып, артық тамақтанудан сақтануға шақырып, «киім киуде ұқыпты болыңыз, денені таза ұстаңыз, тазалық денсаулықтың кепілі», — деп атап көрсеткен болатын [5].



Прогрессивті қайраткерлер мен ғалымдардың көзқарастары дене шынықтыру тəрбиесİ саласындағы педагогикалық ойлардың дамуына ықпал етті. Физикалық тəрбиелеудщ басты міндеті адам денсаулығын нығайту жəне қорғау, ептілік пен төзімділікке жəне басқа моральдық-жігерлік қасиеттерін тəрбиелеу болды. Дене шынықтыру жаттығуларын жасау үрдісінде балалар мен жасөспірімдердің жастық жəне физиологиялық ерекшеліктері ескерілді.

Патшалық Ресейде дене шынықтыру мен спорт мəдениелінің дамуының келесі сатысы негізін А.В. Суворов қалаған орыс əскерлерíн əскери-физикальщ тұрғыдан тəрбиелеудщ жүйесініңкалыптасуы болды. Солдаттар мен офицерлердің күнделікті физикалык жаттығулары колбасшы мен оның жактастарына төзімді жəне шыңдалған, карсыласты жеңе алатын армия кұруға мүмкіндік берді. Суворов жүру, жүгіру жəне әртүрлі бұрылулар, кару-жаракпен жаттыгуларды камтитын әскерлердің таңғы шынығуын алғаш рет тәжірибеге енгізді. Ұлы колбасшы өзінің әскерлерді дарлау туралы көзкарастарын «Полковое учреждение» жəне «Наука побеждать» (1796) [6] атты еңбектерінде атап көрсеткен. Дене шыныктырудың негізгі кұралдары жүгіру, секіру, өрмелеп шығу т.б. болып табылды.

Ресей армиясында әскерлердің физикалык жəне жауынгерлік дайындыктарын жетілдірудің бірден-бір козғаушы күші əскери дайындыктың кемшіліктерін көрсеткен жүргізілген соғыстардың, әсіресе ірі əскери кампаниялардың нәтижелері болды.

1812 ж. француздармен соғыстан кейін жеке кұрамдағы әскерлердің физикалык дайындығын жоғарлату максатында оку-жаттығудың келесі түрлері: 1820 ж. семсерлесу, 1830 ж. гимнастика тәжірибеге енгізіледі. Мұндай жағдай кажетті материалдык базаны, сабак беретін жетекшілерді даярлау жəне әдістемелік кұралдарды өңдеуді талап етті. Ату жəне ат спорты, семсерлесу, әртүрлі ойындар бойынша жарыстар мен жаттығулар өткізілді. Əскери округтарда гимнастика мен семсерлесу бойынша нұскашыны дайындайтын мектептер мен курстар ашылды. Мұнан баска, нұскаушылар корпустык, дивизиялык жəне полк мектептерінде даярланды.



Келесі жылдары əскерлердí физикалык тұрғыдан дайындау ісі одан əрí кеңейеді: 1830 ж. кадет корпустарында, 1838 ж. гвардия полктерінде семсерлесу бойынша сабак жүргізу тəжíрибеге енгізіліп, соңынан барлык армияда косымша сабак ретінде гимнастика окытыла басталды. 1838 ж. «Əскери гимнастика жəне найза мен кылыш аркылы семсерлесу» баскармасы бекітіледі. Армияларда арнайы гимнастика калалары курылып, əскерлердíц физикалык дайындык деңгейлерін аныктау үшін кейбір жапьтулар мен нормативтар (1 жəне 4-8 шакырымға жүгіру, әрдүрлі кашыктыкка марш жасау, ұзындыкка секіру жəне баканмен секіру) енгізілді.

Сонымен бірге əскери оку орындарында жүзу кең тарады. 1850 ж. орыс армиясын физикалык тұрғыдан даярлаудың ұлттык ерекшеліктері көрсетілген «Әскерлерді гимнастика бойынша окытудың ережелері» кабылданады. Бұл Ереже армияны физикалык тұрғыдан даярлау бойынша орыс əскери- теориялык ойдың даму нəтижесí болды.

Қырым соғысындағы жеңілістен соң (1853-1856) армиядағы физикалык дайындыктың біріңғай ұйымдастырылуы мен əдíсíн куру үшін 1861 ж. «Гимнастикаға үйретудің ережесі» жəне «Соғыіста найзаны колдануға үйретудің ережесі» енгізілді. Бұл ережелерге сəйкес оку сабактары физикалык дайындыктың негізі ретінде заңдастырылды. Гимнастика жəне найзамен күресу бойынша оку сабактарын бөлім командирі таңғы уакытта немесе түскі уакыттан кейін 2 сағаттан соң өткізді. Соңғы жылдары физикалык дайындаудың негізгі ережелері 1879 ж. кабылданған жəне орыс армиясында 30 жыл бойы əрекет еткен физикалык дайындыктың ресми кужаты — «Гимнастика бойынша окытудың нускауына» сəйкес дамыды. Аталған нускауда көрсетілген талаптарға сəйкес жылдың соңында барлык əскерлер барлык үйретілген жаттығулар (сатыдан колмен көтерілу, тартылу, узактыкка секіру жəне бөрене аркылы көлденеңнен секіру) бойынша тексерістен өтті [7].

ХІХ ғ. прогрессивті орыс ғылыми ойының өкілдері, ғалымдар, дəрíгерлер, педагогтар жəне коғамдык кайраткерлер халыкты сауыктыру жəне физикалык турғыдан даму үшін белсенді күрес жүргізе бастайды. Дене шыныктыру үлкен киындыктар аркылы мемлекеттің оку орындарына енгізіле бастайды. ХІХ ғ. екінші жартысында əйгíлí орыс ғалымы жəне педагогы П.Ф. Лесгафт дене шыныктырудың ғылыми турғыдан негізделген жүйесін өңдеп, дене шыныктыру бойынша окытушыларды даярлаудың арнайы оку орындарын курады. Ғалымның пікірінше, аталған білім беру жүйесі жүйелі түрдегі акыл, эстетикалык, физикалык дамуды камтиды жəне адамды коғамның игілігі үшін жумыс жасауына ыкпалын тигізеді. Мундай үйлесімді дамуды тек кана адамның жасы мен жыныстык белгілерін жəне дене тәрбиесінің негізгі кұралы шынайы жапығулар болып табылатын дене шыныктырудың ғылыми турғыдан негізделген жүйесін ескере отырып, жүзеге асыруға болады. П.Ф. Лесгафт шынайы физикалык жаттығулардың катарына жүгіру, секіру, лактыру, күрес, ойындар жəне карапайым гимнастикалык жаттығуларды жаткызады.



П.Ф. Лесгафт алғашкылардың бірі болып дене шыныктыру бойынша мамандарды даярлауға аса назар бөлген. 1893 ж., оның бастамасы бойынша, курылған окушы жасөспірімдердің физикалык дамуына ыкпал ету Петербург коғамы тек кана аукатты отбасыдан шыккан балалар үшін емес, сонымен бірге жумысшылар, орта кызмет отбасы балаларының катысуын камтамасыз ете отырып, дене шыныктыру мəдениетí бойынша сабак жүргізіп, эккскурсиялар жасап, әрдүрлі ойындарұйымдастырды. Бірақ дене шынықтыру тəрбиесí мен спорт мемлекеттің тарабынан қолдау тапқан жок жəне орыс интеллигенциясының прогресивті топтары ынтасының аркасында жүзеге асырылды.

Ресейдегі спорттың казіргі заманғы түрлерінің пайда болуы мен дамуы ХІХ ғ. аяғында, яғни көптеген батыс мемлекеттерімен салыстырғанда, олардан шамамен 50 жыл кейін басталды. 1889 ж. Мəскеуде конькимен жүгіру спорты бойынша алғашкы Ресей чемпионаты өткізілді жəне мұнда 3 шакырымға (3200 м) 7 мин 30 сек нəтиже көрсеткен А. Паншин жеңіске жетеді. Спортшылар Мəскеудегí Петровкада төрт айналымы бар 200 шақырымдық мұз айдынында жарысты. 1895 ж. 29 желтоксанында шанғышылардың Мəскеу клубы ашылды. 1897 ж. күрес пен ауыр салмакты көтеруді камтыған ауыр атлетика бойынша алғашкы Ресей чемпионаты өтті. Орыс палуандары халыкаралык деңгейге шыға бастайды. 1901 ж. ауыр салмакты Георг Гаккеншмидт əлем чемпионына ие болады. Иван Поддубный 6 рет əлем чемпионы болады [8]. Бірак Ресей 1900 ж. жəне 1904 ж. өткізілген Олимпиада ойындарына катыспайды. Тек кана 1908 ж. Лондонда өткен Олимпиада ойындарына бейресми түрде 6 ресейлік спортшы катысады.

ХХ ғ. басында студенттік спорт үйірмелерінің кызметі айтарлыктай күшейе бастайды. 1903 ж. бастап студенттер арасында «Өнегелік жəне физикалык дамуға колжеткізу үшін жас азаматтарға көмек көрсету үшін Петербург комитеті» өзінің кызметін белсендете бастайды. Патшалык Ресей үкіметі дене шынықтыру тəрбиесíне аса кызықушылық танытпайды. Тек қана 1905– 1907 жж. революциядан жəне Жапониямен соғыстан жеңіліс тапканан соң жастардың назарын революциялык күрестен бұру, сонымен қатар орыс армисының қорын даярлау мақсатында əртÝрлí дене шынықтыру жəне спорт ұйымдарының кызметі көтермеленіп, спорттык үйірмелер кейбір материалдык көмекке ие болады. Біракта мұндай көтермелеулер мен материалдык көмек көрсету ұзакка созылған жок. Студенттердің назарын саяси күрестен дене шыныктыру аркылы бұру жүзеге асырылмайтындығын түсінген соң, 1906 ж. наурызда патшалык Ресейдің ағарту ісі бойынша министрлігі мен Ішкі істер министрлігі студенттерге əртÝрлí қоғамдық, соның ішінде спорттық үйірмелерді құруға тыйым салынған бірлескен шешім шығарады.

Тыйым салуға қарамастан, дене шынықтыру тəрбиесíне деген қызығушылықтың артуы жəне студент жастардың белсенділігі студенттік үйірмелерді кұруға рұксат тудыратын жаңа институттык жəне университеттік жарғылардың, сонымен катар «Студенттер жөніндегі Ереженің» (1907) кабылдануын камтамасыз етті. П.Ф. Лесгафт, генерал А.Д. Бутовский жəне М.М. Драгомировтың армияларын физикалық тұрғыдан даярлау бойынша теория жəне тəжíрнбе саласындағы ірі мамандардың аркасында орыс армиясын физикалык тұрғыдан дайындаудың жүйесі алғаш рет өңделді. Бұл жүйе 1907 ж. «Найзамен күресуге үйрету» жəне 1910 ж. «Әскерлерді гнмнастнкаға үйрету нұскауы» сиякты ресми кұжаттарда атап көрсетілді [9].



Әскери ведомство жастардың физикалык тұрғыдан дайындығының төмен деңгейде болуына кызығушылыкпен жəне ерекше алаңдаушылыкпен карады. Бұл жағдай, алдымен, Жапониямен соғыста жеңіліс тапканан соң патшалыктың Ресейдің əскери беделін кайта калпына келтіру мен жастарды əскери қызметке даярлаумен түсіндірілді. Сондықтан, əскери шенеуніктер əртурлí спорттык, гимнастикалык жəне жартылай əскери ұйымдарды кұра бастайды. Ең көп тараған дене шынктыру жаттығулары «күлдіргі (потешный)», скаут отрядтары мен гимнастика үйірмелері болды.

1909 ж. басында Ағарту министрлігінің шенеунігі, Бахмут уездінің халыктык училищесінің инспекторы А.А. Луцкевич XVI ғ. І Петрдің құрған əскери отрядтарының құрметіне «күлдіргі» отрядтары шакырылады. Шенеунік жазғы демалыс уактында балаларға сапка тұру мен гимнастика бойынша тәлім беріп, қысқа мерзімнің ішінде өзіндік сипаты бар əскери бөлімше құрады. «Құнды бастамасын» үгіттеу үшін 1910 ж. мамырда Луцкевич өзінің «күлдіргі» отрядтарымен бірге астанаға шакырылады [10]. «Күлдіргілер» патшаға жəне əскери министрі Сухомлиновка жаксы пікір калдырды. «Күлдіргілер» отрядтарында əскери муштра колданыска ие болды, балалар механикалык түрде сапқа тұру жаттығуларын жəне кару əдíстерíн жаттап алды. Бұл отрядтарда дене шынықтырудың біріңғай түрлері мен əдíстерí болған жоқ. «Күлдіргілерді» даярлау барысында гимнастикалық жаттығулар қолданылды. Сабақ жүргізудің əдíстерí мен мазмұны балалардың организмінің ерекшеліктерін ескерген жок. «Күлдіргілер» отрядтарындағы балалар мен жасөспірімдерді тəрбиелеудщ жүйесіне орыс интеллигенциясының бір бөлігі, əсíресе педагогтар мен дəрíгерлер қарсылық білдірді. Осының себептерінен 1914 ж. «күлдіргілер» отрядтарының қызметі токтатылды.

Патшалық Ресейдегі дене шынықтыру тəрбиесíнщ дамын көрсеткен бағыттардың бірі скаут отрядтары болды. 1910 ж. орта білім беру мектептерінің окушыларын камтитын алғашкы үйірмелерқұрылды. 1910 ж. орта білім беру орындарының оқушылары қатарынан тұратын алғашқы үйірмелер пайда болды. Жасөспірімдерді мектептен тыс милитаризациялаудың мұндай түрлері бүкіл əлемде кеңнен тарай бастады. Скаут жасағына қосылу үшін оқу орнының əкiмшiлiгiнен рұқсат алу жəне мүшелік төлемін енгізу, форма сатып алу қажет болды. Скаут жасағына қарапайым халықтың балалары мүше болмау үшін барлық жағдай қарастырылды. Патша үкіметі скауттардан болашақта құдайға сенетін жəне патшаға берілген офицерлер мен интеллигенция даярлауға үміттенді.

Скауттардың жасақтарында жасөспірімдер саяси, əскери жəне дене шынықтыру дайындықтарынан өтуі керек болды. Олар жедел жəрдем көрсетудің əдíстерí мен топографияға бағытталған əскери істерді үйеренді. Скауттарды физикалық тұрғыдан даярлаудың негізгі құралы гимнастика, жеңіл атлетика, спорт ойындары, əскери шабуылдар болды. Педагогтар ретінде офицерлер, Ағарту министрліктерінен шенеуніктер, арнайы дайындалған тұлғалар, сонымен бірге Англиядан келген скаут шеберлері тағайындалды.



Ресейдегі скауттар қозғалысы әртүрлі буржуазиялық қоғам мен үкіметтік мекемелер тарабынан қолдау тапты. Əскери ведомство скауттарды формалармен, құрал-саймандармен қамтамасыз етіп, жиындар ұйымдастырды. ІІ Николай бұйрығымен ағылшын генералы Баден-Пауэлдың «Юные разведчики» атты кітабы орыс тіліне аударылды, ал 2010 ж. патшаның шақыруы бойынша Баден- Пауэль Ресейге келген болатын. Егер «күлдіргілер» жасақтары жұмысшылардың балаларына арналса, скауттар жасақтары буржуазия мен интеллигенцияның балаларына арналды.
1912 ж. шанғы жарысы бойынша алғаш рет Ресей біріншілігі өтті. 1912 ж. Петербургте Бүкілресейлік футбол одағы ашылды. Осы жылы бұл Одақ алғашқы мемлекеттік чемпионат өткізіп, ФИФА-ға (Футболдың халықаралық федерациясына) қабылданды. Ресей империясында спорттың басқада түрлері бойынша бірлестіктер мен лигалар құрыла бастады. 1911 ж. 16 наурызында 31 орыс спорт қоғамының өкілдері Ресей олипиадалық комитетінің жарғысының жобасын қабылдайды. Бірақ бұл жоба 1912 ж. 17 мамырда Ресей СІМ тарабынан бекітілді, ал Олимпиада ойындары осы жылдың 5 мамырында Стокгольмде басталып кеткен болатын. Ресей Швецияға генерал В.Н. Воейков пен 178 ең үздік спортсмендерін жібереді. Олимпиадалық құрамаға Петербургтың Негізгі офицерлік гимнастикалық-семсерлесу мектебінің мүшелері енді. Олимпиада ойындарының нəтижесíнде ресейлік спортсмендер төрт медаль, соның ішінде екеуі — ату бойынша, біреуі — қайықшылардың жарысы бойынша, бір күміс медаль — классикалық күрес бойынша жеңіп алды. Командалық біріншілік бойынша Ресей Австриямен бірге 15-ші орынды иеленді.

Стокгольмдегі Олимпиада ойындарындағы ресейлік спортсмендердің сәтсіздігі іі Николайды 1913 ж. 7 маусымда Ресей империясы халқының физикалық тұрғыдан дамуын қадағалайтын Басты бақылаушы қызметін құруға итермеледі жəне бұл қызметке генерал II В.Н. Воейкованы тағайындады. Шын мəнíнде, Владимир Николаевич Ресей тарихындағы алғашқы спорт министрі болды [11]. Мұндай тағайындау арқылы орталықтандырылған басқаруды құруға талпыныс жасалды. Генералдың басшылығында құрылған канцелярия барлық спорттық клубтардың санағын жүргізіп, олардың қызметіне бақылау орнатты, халықаралық жарыстарға командаларды даярлаумен айналысты. Мұндай мемлекеттік органның дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі сұрақтарының Мариин сарайындағы Министрлер Кеңесінде қарастырылуының өзі аталған органның маңыздылығын дəлелдеп береді. Бұл жөнінде В.Н. Воейков өзінің мемуарында: «Қатысушылардың саны жүз адамнан асты. Олардың барлығы спорттың пайдасы үшін жұмылдырылды, бірақ алғашқы кезеңде бұл іс бойынша жеткілікті түрдегі тəжíрибе болған жоқ» деп атап өтеді [12].



Оқу орындарында білім алушылар арасында белгілі бір затпен жаттығатын, снарядпен жаттығуға бағытталған жəне Əскери министрлік пен Ағарту министрлігі қолдау көрсеткен сокол гимнастикасы кеңінен тарады. Ресейдегі барлық ауыл үйірмелері «Ресейлік сокол одағына» біріктірілді. 1914 ж. Ресейде «соколдардың» І-ші съезді өтті жəне бұл жастардың арасында сокол гимнастикасының кеңінен тарауына ықпал етті. Сокол гимнастикасы бойынша сабақтар Ағарту министрлігінің оқу ғимараттарында өтті. Сокол гимнастикасы үйірмелерімен қатар, басқа да гимнастикалық жəне спорттық ұйымдар құрыла бастады, сонымен бірге бастапқыда Петербург пен Мəскеуде, соңынан басқа да қалаларда білім алушы жастардың физикалық дамуына ықпал ету қоғамдарын құру қолдау тапты. Бұл қоғамдар жастар арасында гимнастиканың, ойындардың, спорттың тарауына ықпал етті, спорт пəндерí бойынша оқу құралдарын басып шығарды. Бұл қоғамдарға Ағарту министрлігі материалдық жағынан қолдау көрсетіп, бұл қоғамдар «жастардың моралдық тұрақсыздығына» əсер ететін ұйымдар ретінде танылды.

Бірақ балалармен жұмыс жасаған мұғалімдердің қажетті дене шынықтыру тәрбиесіне қосқан үлесіне қарамастан, жастардың физикалық тұрғыдан даму деңгейі төмен болды. Мектептердегі дене шынықтыру мәселелері әртүрлі съездерде талқыланды. Мысалы, халықтық білім мәселелері жөніндегі І-ші Жалпы ресейлік съезде (1913-1914) алдыңғы қатардағы педагогтар «балалардың физикалық, эстетикалық жəне ақыл-ой жағынан дамуы үшін жəне жеке жəне қоғамдық өмір мәселелерін саналы, ақылды түрде шешуге тәрбиелейтін бірыңғай мектептерді құруға» қолдау білдірді. Дене шынықтырудың негізгі құралдары ретінде ойындар, серуендеу, гимнастика, экскурсиялар саналды. Мұнан басқа, съездге қатысушылар өндірістегі балалардың еңбегін қысқарту қажеттілігін ескерді. Бірақ бұл талаптардың барлығы білім алушы жастарды физикалық тұрғыдан тəрбиелеу мәселелеріне деген үкіметтің жеткіліксіз назар аударуының себептерінен жəне білікті кадрлардың жетіспеуінен жүзеге асырылған жоқ.

Олимпиада ойындарына қатысу мақсатында 1912 ж. Олимпиадамен салыстырғанда ресейлік Олимпиада ойындарын күнделікті өткізу жөнінде шешім қабылданды. Мұндай ойындардың алғашқысы 1913 ж. Киевте өтті. Спорттың 14 түрі бойынша мемлекеттің 20 қаласынан 500 адам қатысты. 1914 ж. Ригада өткен екінші ресейлік Олимпиадаға қатысушылардың саны 900 адамға жетті. 3-ші Олимпиада ойындарын Петербургте, ал 4-ші Олимпиаданы Мəскеуде өткізу

жоспарланған болатын, бірақ Бірінші дүниежүзлік соғыс мұндай жоспарлардың жүзеге асуына мүмкіндік берген жоқ. 1914 ж. соғыс қимылдарының басталуы қарсаңында Ресейде 500 мүшесі бар 800 спорт клубтары болды.

Орталық Ресейдегі спорттың даму деңгейі соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда жоғары болған жоқ. Тек қана ауыр атлетикадағы жетістіктер ғана әлемдік деңгейге жетті. 1918 ж. аяғына қарай орыс спортсмендерінің ауыр атлектика бойынша жетістіктері әлемдік деңгейге жеткен болатын. Ресей спорттың басқа түрлері бойынша әлемдік жəне еуропалық деңгейден артта қалды. Мұндай жағдай Ресей империясының құрамына енген мемлекеттерге, соның ішінде Қазақстанға да қатысы болды.

ХІХ ғ. екінші жартысында Ресей империясының құрамына кірген Қазақстандағы дене шынықтыру тәрбиесі мен спорт біркелкі дамыған жоқ. Бір жағынан, көптеген ұлттық ойындар назардан тыс қалды, екінші жағынан, қазақ даласындағы дене шынықтыру тәрбиесіне жаңа физикалық жаттығулар енді. Ресми түрде тыйым салынған алғашқы ұлттық ойындардың бірі — сайыс (ат ойындары — ат үстінде семсерлесу) болды. Сайыс ойнына ең күшті жəне дайындықтан өткен əр рудың жігіттері қатысты [13]. Кейбір деректер бойынша, мұндай қатерлі жəне күрделі ойындарға əйелдер де қатысқан [14]. Сондықтан адам өміріне қауіп төндіретін болғандықтан, Қазақстанда сайыс ойындарын өткізуге тыйым салынды [15]. Бірақ сайыс Қазан революциясына дейін дәріптеліп келді. Мұндай «қауіпті» ұлттық ойынның дәріптелуінің себебі бұл ойын ең ірі спорттық мерекелердің міндетті элементі болуымен байланысты болды.

Қазақстанның Ресей құрамына енгенен кейінгі жаңалықтардың бірі — ат жарысын ұйымдастыру мен жүргізуге өзгерістер енгізілді. Жарыстың ережелері барлық қатысушылар үшін ортақ деп саналды жəне ауқатты спортсменнің үлесі үшін өзгерген жоқ [16]. Ат жарысы бір старты жəне бір финиші бар айналу бойынша жүргізілді. 1853 ж. бастап Бөкей Ордасында ұзындығы 4 верстқа тең айналу арқылы 20 верстқа ат жарысы ұйымдастырылды. Ең үздік нəтиже 27 минут 30 секундта, яғни орташа жылдамдығы 1 минутта 1 верстты айналып өтті [17].

Қазақстан территориясында ат зауыттарының құрылуы ат спортының дамында маңызды рөл атқарды. Бұл аттардың тұқымын жақсарту мақсатында құрылды [18]. Ат зауыттары аттардың жаңа тұқымдарын шығаруға ұмтылды. 1882 ж. көрмелер, бəйге, желгір аттар жарысын ұйымдастыру мақсатында «Түркістан бəйге қоғамы» құрылды. Бұл қоғамның қызметі кең болды. Қоғам күнделікті түрде ат бәйгесін жəне ат жəне ұлттық ат бәйгесі бойынша жарыстар өткізді. Мұндай іс-шаралардың жүргізілуі жергілікті тұрғындар арасында спорттың қазіргі заманғы түріне деген қызығушылықтарын оятты, жарыстарды ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерінің таралуына оң ықпалын тигізді.

ХІХ ғ. бастап қазақ даласында ат бәйгесі мәдениетінің жəне өнерінің элементтері көрсетілетін жәрмеңкелер жүргізіле бастады. Барлық, əсíресе ірі жəрменкелер спорттық жарыстардың өзіндік аренасына айналды. Жəрменкелерде əйгíлí шабандоздар, мергендер, палуандар өздерінің өнерін көрсетті. Сонымен бірге жəрменкелер цирк өнері элементтерінің, «Қазақстандағы театрлық көрінісінің» қалыптасқан жерлеріне айналды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді