СӨж тақырыбы: Жасөспірімдік шақтағы девиантты мінез-құлық Орындаған: Рыскелді Құралай Тексерген: Ережепов Талғат Жоспары: Девиантты мінез-құлық

Loading...


Дата12.04.2020
өлшемі21.19 Kb.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті.

СӨЖ

Тақырыбы: Жасөспірімдік шақтағы девиантты мінез-құлық

Орындаған: Рыскелді Құралай

Тексерген: Ережепов Талғат

Жоспары:

Девиантты мінез-құлық ( лат - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.

Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Қоғамдағы экономикалық, əлеуметтік, саяси тұрақсыздықтар бала мінез-құлқындағы ауытқушылықтарға алып келеді. Қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын түпкілікті өзгерістер, сонымен бірге адам іс-əрекетінің көптеген салаларын жетілдіруді ынталандыратын позитивті өзгерістер жағдайында негативті тенденциялар да күшейіп келеді. Əлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, жұмыссыздық көптеген адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, əлеуметтік жəне психологиялық бағыттала алмау мен бейімделе алмау, жалпы адамзаттық адамгершіліктік жəне рухани құндылықтарды талап етудің төмендеуі, күрделі криминалды жағдай, əлеуметтік институттар ісəрекетінің нашарлауы жəне т.б. Қалыптасқан социомəдени жағдай алкоголизм жəне нашақорлық, адамгершіліктік деградация, қылмыстардың жаңғыруы сияқты қолайсыз құбылыстардың дамуына алып келеді. Девиантты мінез-құлыққа қатысты мəселелер үнемі ғалымдардың назарында болды, мысалы Рессейлік педагогиканың келесідей классиктері П.П. Блонский, Л.С. Выготский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский т.б ғалымдардың, психология саласында Б.Г. Ананьев, С.А. Беличева, А.С. Белкин, В.Г. Бочарова, Б.З. Вульфов, А.Д.  Гонеев,  СИ. Григорьев, В.И. Загвязенцев, Е.В. Змановская В.Т.  Лисовскийдің   жəне   əлеуметтанушылар  А.В.  Мудрик,  М.И.   Рожков.Д. Семенов, Л.С. Славина В.А. Сластенин жəне т.б көрнекті ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады.

  • Қиын балалар мəселесін отандық ғалымдардан педагогикалық тұрғыдан, Л.К. Керімов, Г.А. Уманов, И. Трифанов, Д. Қазымбетова т.б., психологиялық тұрғыдан М.М. Мұқанов, Ж.Н. Намазбаева жəне т.б қарастырған. Қиын балалар мəселесінің əлеуметтік жағдайын Ш.Е. Жаманбалаева қарастырған. Л.К. Керімовтың еңбегінде қиын оқушыны жеке-дара қайта тəрбиелеу тұжырымдамасын жəне ондағы педагогтың іс-əрекеттің белгілі жүйесі жасалған. Д.Қазымбетова өз еңбектерінде қоғамда неге девиантты мінез-құлық болады деген сұрақты жəне девиантты мінез-құлықтың болу себептері мен мүмкін боларлық шешу жолдарын көрсеткен. Ш.Е. Джаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез-құлықтың əлеуметтік аспектілері зерттеліп көрсетілген.

Жалпы девиантты мінез-құлық деп əлеуметтік нормадан ауытқуды айтамыз. Сонымен қатар, оны ғалымдар қоғамда қабылданған нормаға қарамақайшы əрекет жүйесі ретінде анықтайды. И.С. Конның анықтауынша, девиантты мінезқұлық, «құқық, мəдениет немесе моральдың жалпы қабылданған нормалардан ауытқыған іс-əрекеттер жүйесі». Е.Д. Дедков жəне Е.Г. Дидедкул девиантты мінез-құлық қоғамға қауіпті немесе жағымсыз қабылданған əлеуметтік нормалардан ауытқыған мінез-құлық, деп анықтама береді. Ал деликвенттік мінез-құлық, қылмыстық жазаланатын іс-əрекеттерді ұсынатын, қылмыстық мінез-құлық болып табылады. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мəдени мақсаттары мен оған жетудің əлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.

В.М. Мясичев, Н.А. Коновалов девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болу себептерін үш топқа бөлген:

  1. Əлеуметтік-педагогикалық ортаның жадайлар мен қоғамға ұйытқы болуы;

  2. Жүйке психикалық жай-күйлерінің нашарлауынан туындаған ;

  3. Құқықты ұстамаған қылмыскер, қатігез, жауапсыз, қаңғыбас балалардың ықпалы əсері.

Дж. Смелзер девиантты мінез -құлықты изоляцияға емделуге, қамауға алынған жəне басқада құқық бұзудың жазалауларына əкелетін топтық нормадан ауытқу деп санайды. В.И. Добреньков жəне А.Н. Кравченко «қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын əрбір қылық» деп қарастырады. Айта кететін жайт, шетел əлеуметтанушыларының қолданысы бойынша девиантты деп, қоғамда қабылданған болмашы нəрседен бастап күрделіге жеткізетін əлеуметтік нормаларды бұзу. Тар мағынада алатын болсақ қылмыстық кодекске əкелмейтін болмашы іс-əрекеттер. Девиантты мінез-құлыққа сай келетін мəдени релятивизм: болып жатқан іс-əрекет қоғамда қалыпты деп есептелсе, енді басқа жерде əлеуметтік патология ретінде қарастырылады.

  • Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез –құлықты жасөспірімдерге тəн ортақ қылық – ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нəрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандармға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу – жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына  қосары сөзсіз.

Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді əлеуметтік педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз. Олар:

1) девиантты мінез-құлықты   жасөспірімдердің    мінез-құлқында  дөрекілік,қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты əдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-əрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын өзгертуге талаптанады. 2) адамгершілік қадір қасиеттерді төмендей бастаған, əлеуметтік байдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты əдеттерге икемдене бастаған. Бұл топқа тəртібі нашарлаған, құқық тəртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар əлі бұзыла қоймаған, өз мінез -құлықтарын түзетуге мүмкүндік қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.

3) өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тəрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады.  Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын кəмелетке жасы толмаған қылмыскерлер. Бұл  топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік жəне наша тарту істеріне əбден машықтанған жасөспірімдер енеді. 4) жүйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын əдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагогтар мен дəрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый–құрмет, жылы лебіз қажет. Енді девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті жəне субъективті факторларға назар аударайық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына əлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп  болады деп дəлелдеген.

Əлеуметтік жағдай негізінде (қоғамдағы ікономикалық қарым-қатынас, қоғамдық сана, тап жəне ұлттар қатынасы т.б). Жеке адамдардың қалыптасуына объективтік мүмкіндік туғызып, жастардың əлеуметтік белгілерді сақтап, құқық тəртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамауы, қоғамдық орындарда тəртіп сақтамауы, үлкен-кішіні сыйламауы сияқты қылықтар ұжымда, топта, отбасында, жора-жолдастарының арасында т.б шағын ортада ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора-жолдастары мен ата-анасының арасында жасалады. Жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын əлеуметтік-педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше роль мен мағынаға ие. Нəтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болды. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру  сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығушылықтары мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді. Жағымды əлеуметтік тəжірибенің жеткіліксіздігі, өмірдегі көзқарасының, құндылықтар жүйесінің, əдет қалыптары мен эстетикалық талғамдарының жетілмегендігі жəне қалыптаспағандығы жасөспірімдердің өз белсенділігін жағымсыз, құқыққа қайшы жұмсауын таңдауға ықпал етеді, бұл олардың мінез-құлқынан, тұлғаның қалыптасуынан, əлеуметтік бейнесінен көрініс береді. Бұл үдерістегі ауқымды рөл балалар мен жасөспірімдерге дер кезінде педагогикалық, психологиялық, əлеуметтік көмектің көрсетілмеуінде жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...