СӨж тақырыбы: Жаратылыстану әдістемесінің дамуы Орындаған: Төлеу А. К тобы: пмно-605 Тексерген: Жармухаметова Р. О семей 2018 жыл жоспар


Дүниетану пәні мазмұнының ерекшелігі



бет4/6
Дата18.11.2021
өлшемі187.67 Kb.
1   2   3   4   5   6
Дүниетану пәні мазмұнының ерекшелігі

Бастауыш мектепте “Дүниетану” пәнінің мазмұны 3 тарауды қамтиды. Олар: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам”. Осы тараулардың мазмұнын оқыту барысында бұл ұғымдардың бір-бірімен байланысы жайлы үнемі оқушыларға ескеріп отыру мұғалімнің міндеті.



Табиғаттың өзі 2 үлкен топқа: өлі дәне тірі табиғат болып бөлінеді. Өлі табиғатты жер, су, ай, күн, жұлдыз, ауа, т.б. құраса, тірі табиғатты өсімдік, жануар, адам құрайды.

Жерде тірі табиғаттыі тіршілік иелері (өсімдіктер, жан-жануарлар, адамдар) мекендейді. Жердегі топырақтың маңызы өте зор. Өсімдіктер топырақтан өздеріне қажетті минералдық заттарды қорек етсе, ал жануарлар мен адамдар керісінше өсімдіктерді азық ретінде пайдаланады. 

Тіршілікке қажетті заттардың бірі – су. Сусыз тіршілік жоқ. Себебі тірі ағзалардың орта есеппен 65-70 пайызы судан тұрады.Сонымен қатар су көп мақсатта қолданылады (өнеркәсіпте, ауылшаруышылығында, түрлі өндіріс орындарында т.б.).
Ауаның құрамындағы оттегі мен көміртегі элементтері тірі табиғатқа өте қажетті болып табылады.Өсімдіктер көмір қышқыл газы мен күннің жарығын және жылуын, топырақтағы су мен минералдық заттарды пайдалананып, өздерінің бойында органикалық заттар түзеді. Бұл процесс фотосинтез деп аталады.

Ал органикалық заттарға ақуыздар, көмірсулар, майлар т.б. жатады.Бұларды адамдар мен жануарлар пайдаланады.

Аталған қарапайым мысалдардың өзінен қаншама өлі және тірі табиғаттың байланысын көруге болады. 

Адам – жоғары дәрежеде ұйымдасқан, органикалық дүниеде белгілі бір орны бар тіршілік иесі. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, материалистер мұндай мәселені ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.

Адам – табиғат перзенті. Ол табиғат ортасында өмір сүріп, тіршілік етеді. Саналы ойлаудың арқасында ол өзінің адам ретінде алғашқы пайда болған дәуірінен бастады. Адам табиғат сырын, құпиясын зерделеді. Оның “техникасын” меңгерді. Құс пен инеліктің ұшуын бақылап – ұшақ пен тікұшақ, балықтардың жүзуін көріп – қайық пен кемені жасады. Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтардың орналасуын, құрылымын, пайда болуын зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды, құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды. Әрине, адам аса терең ойдың иесі болғандықтан, тірі табиғатты дәлме-дәл сол күйінде қайталамайды. Ғимараттарды, техниканы өз жағдайына икемді, өз қажетіне неғұрлым қолайлы, күнделікті тіршілігіне ыңғайлы етіп жетілдірді.

Демек, тіршіліктің барлық саласындағы әр жаңалықтың басты себепшісі – алдымен адамның ақыл-ойы. Ал адамға ой салушы, жетелеуші табиғаттың өзі.

Адамдардың тығыз қарым-қатынаста, белгілі бір мақсатпен бірлесіп тіршілік етуі арқылы қоғам пайда болды. Отбасының өзі шағын қоғам болып саналады. Адам жарық дүниеге келген соң алдымен отбасы қоғамымен, кейін балабақшада, мектепте оқығанда, жоғары оқу орындарында, бір мамандықты иесі болып жұмыс атқарғанда жаңа қоғамдық ортамен танысады.Адамның бүкіл өмірі қоғамдық ортада жүреді. Адамсыз қоғамды елестету мүмкін емес. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайтыны сияқты, қоғам да адамсыз болмайды. Табиғат бар байлығын адамзатқа сыйласа, адам қоғам құрып соны өз иілігіне жаратады. Бұл үш жүйе бір-бірімен біте қайнасып кеткен, олардың біреуін бөліп -жарып қарастыруға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік