СӨж тақырыбы: Блум таксономиясы және бағалау туралы талдау. Орындаған

Loading...


бет5/5
Дата28.02.2021
өлшемі36.35 Kb.
1   2   3   4   5
Блум таксономиясын қолдану

Мақсаттар

Пайдаланылатын етістіктер

Білім

еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу

Түсіну

қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау

Қолдану

көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Талдау

ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу

Жинақтау

тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау

Бағалау

жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

Мақсат пен бағалау арасындағы байланыс

Мақсаттар

Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері

Ұпай

Білу:

Оқыған материалды есте сақтап, қайталап айтып беру

2




1.Пайдаланылған сөздіктер мен түсініктерді білу

0,5

2.Нақты фактілерді (мәліметтер мен деректер) білу

0,5

3.Негізгі ұстанымдар мен ережелерді білу

1,0

Түсіну:

Берілген материалды өз сөзімен басқаша жеткізе алу

4




1.Ұстаным, ереже, фактілерді түсіну

0,5

2.Мәтінді басқа формада жеткізе алу

1,0

3.Нәтиженің келешегін болжамдай алу

2,5

Пайдалану:

Материалды жаңа жағдайда пайдалану

6



1.Әдіс-тәсілдерді орнымен қолдану

1,0

2.Нақты жағдайда заңдылықты орнымен пайдалану

2,0

3.Ұстаным, ережелерді жаңа жағдайда қолдана алу

3,0

Талдау:

Материалды негізгі компоненттерге жіктей білу

8



1.Жасырын болжамды айқындау

2,0

2.Өрбу логикасында жіберілген кемшіліктерді көре білу

2,5

3.Фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажырату

3,5

Жинақтау:

Алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю

10



1.Болжам жасау

2,5

2.Эксперимент жоспарын құру

3,0

3.Проблеманы шешу жобасын (проект) жасау

4,5

Бағалау:

Оқыған материалдың құндылығын бағалау

12




1.Материалдың қажеттілігін айқындай білу

6,0

2.Жасалған қорытынды жарамдылығын бағалай білу

6,0


Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары


Білу

Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.

1-2 ұпай

Түсіну

Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз.

3-4 ұпай

Қолдану

Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз.

5-6 ұпай

Талдау

Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз.

7-8 ұпай

Топтау

Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз.

9-10 ұпай

Білімді бағалау

Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз?

11-12 ұпай

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Абайдың "Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап" өлеңі

Мақсаты: Өлеңнің тақырыбын, идеясын түсініп, мазмұнына талдау жасайды. Өлеңді жатқа оқиды.

Сабақ ережесі:

бір-бірін тыңдау

уақыт үнемдеу

белсенділік таныту

достық қарым-қатынас

жағымды эмоция тудыру

өз ойларын ашық жеткізу

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Абай өлеңді қандай мақсатпен жазды?

2. Абай өмір сүрген кездегі қазақ елінің өмірі қандай болды?

3. Өлең тақырыбындағы көтерілген мәселе не жайлы?

4. Автордың айтпақ ойы, идеясы қандай?

Құндылықтарға баулу: Өнерді бағалайды, поэзияға құштарлығы артады, Абай өлеңдерін жаттайды.

Сабақтың басы: Сыныппен амандасып, түгендеп, оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Сыныпта психологиялық ахуал орнату: «Жан жылуы» әдісі арқылы жүзеге асады.

Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақты еске түсіріп, сұрақтарға жауап беру. «Таза тақта» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушылар А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарды дайындап, тақтаға іледі. Басқа оқушылар тақтаға шығып, сұрақтарға жауап беріп тақтаны тазалайды.

Сабақтың ортасы: Білу, Түсіну. Ой қозғау.

Оқушылар сабақты болжайды. Сабақтың мақсатымен таныстырамын. Бағалау парақтары таратылады.

1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді оқулықтан тізбектеп оқиды, содан кейін мәнерлеп, жатқа оқу.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

 

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,



Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.



Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан — шын асыл, тастай көрме.

Өлеңнің жанры мен негізгі идеясын ашатын сөздерді тауып дәптерге жазу.

Абай өлеңдерінің маңыздылығын қазіргі заманмен байланыстыра отырып сипаттау. «Т кестесі» әдісі арқылы жүзеге асады.

Орындалу шарты: Оқушылар дәптерге Т кестесін сызып, сұрақтарға жауап жазады.

1. Абай өмір сүрген заманындағы өлеңдерінің маңызы қандай?

2. Қазіргі кездегі Абай өлеңдерінің адам өмірінде алатын орны қандай?

Дескриптор: -Абай өлеңдерін біледі;

-Қазіргі заманмен салыстыра сипаттай алады.

Сергіту сәтінде «Ән шырқайық» әдісі бойынша, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні интербелсенді тақта арқылы орындалады.

2-Тапсырма. Жеке жұмыс.

«Еркін жазу» әдісі арқылы «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін», «Есіл өнерді қор етпе», «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел», « Сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар» тақырыптары негізінде авторға хат жазу.

Орындалу шарты: Жазуға уақыт беру. Абай өмір сүрген заманды негізге ала отырып, авторға хат жазады. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен сыныпқа таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқиды. Оқушылардың алған білімдерін қорытады.

Дескриптор: - Өз ойын еркін жеткізе алады;

- Авторға хат жаза алады.



Сабақтың соңы: Бағалау. Кері байланыс. «Шеңберлі диаграмма» әдісі арқылы орындалады.

Үйге тапсырма: 1. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» жаттау

2. «Менің Абайым» Ойтолғау жазу.



Қорытынды

Қорыта келе, Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарын жасап үйрендік. Қазақстандық білім беру дәстүрлері мен мектеп түлектерін халықаралық квалификациялық талаптарға сай даярлау ісі бұрынғысынша маңызды стратегиялық міндет болып қала береді.

Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріліп отыр. Оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда педагогтің міндеті оқушыларды білім мөлшерімен жабдықтау емес, білімді өз бетімен алу үшін жағдай жасау болып табылады.

Оқушының өздік жұмысын тиімді ұйымдастыруда ұсынылатын Блум таксономиясына негізделген тапсырмалар жүйесінің алдына қоятын мақсаты да жоғарыдағы мәселелерге байланысты құрылған. Осы орайда төмендегідей әдістемелік нұсқау ұсынамын:

1. Б.Блумның мақсат қою технологиясын тиімді пайдаланған оқушының «Мен шығармашыл тұлғамын» деген өзіне-өзі сыни көзбен қарауға көзқарасы қалыптасатыны сөзсіз екенін ескеру қажет;

2. Оқушылар алған білімін өмірде пайдалана алатын әлеуметтенген құзыретті тұлға даярланады;

3. Деңгейлік тапсырмалар негізінде тұлғаның өз ісіне мақсат қоя отырып, оны іске асыру үшін әртүрлі жағдайлардағы проблемаларды анықтап, жауапты шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін бағалай алу біліктілігі және эвристикалық, ізденушілік әдістерге негізделген шығармашылық зерттеу мәселелерін шеше алу қабілеттілігі дамитынын ескеру қажет;

4. Тұлғаралық әлеуметтенуі негізінде коммуникативтік құзыреттілігін арттыру қажет;

5. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйретіп, талабын ұштап, қиялын дамыту керек;

6. Бір-бірінің, өзінің іс-әрекетіне талдау жасауға, бағалатуға дағдыландыру қажет;

7. Өздерінің нәтижесін көре білуге, оны бағалай білуге дағдыландыру тиіс;

8. Тез, әрі нақты ойлап, дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық, тиянақтылық дағдыларын дамыту;

9. Алған білімдерін пайдалана отырып, жаңа қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру;

10. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұрғанын ескеру қажет;

11. Блум таксономиясының белгілі критериялар мен ұстанымдарын түсіну және қолдану керек;

12. Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін ескерген жөн;



13. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет ететінін ескеру;

14. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні – оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағыттау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...