СӨж тақырыбы: Блум таксономиясы және бағалау туралы талдау. Орындаған

Loading...


бет2/5
Дата28.02.2021
өлшемі36.35 Kb.
1   2   3   4   5
Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім


Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері

Түсінік


Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді

Қолдану


Алған білімді қолданады

Талдау

Білімді жай қабылдамайды талдайды, саралайды, салыстырады

Жинақтау


Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады

Бағалау

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды


1. Блум таксономиясы – сабақ мазмұнын меңгертудің тиімді тәсілі

Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама-қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда болған өзгеде жоқ қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады. Ғалым әдіс-тәсілдерді оқушының когнитивтік іс-әрекетіне байланысты білімді меңгертуде қолдана отырып өнімді-өнімсіз деңгей деп бөледі.

Өнімді, шығармашылық деңгей – анализ/талдау/, синтез /жинақтау/, баға. Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол, ол оқушыларды шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді.

Жаңа буын «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы көркем шығармалардың оқушы шығармашылығын арттыруда мүмкіндігі мол. Негізінен, әдебиет сабақтары – қызығушылық пен қажеттіліктерді дамытудың қайнар көзі. Ұстаз шығарманы түсініп оқудың, сонымен қатар, оқушының жалпы тілдік мәдениетін, тілдік құбылыстардың ерекшеліктерін толықтай меңгеріп, ана тілін өз халқының әдебиетін жетік түсінуге, суреткердің өзіндік шеберлігін тануға жол ашады. Көркем шығарманы көркемдік ерекшелігіне, сөз өрнегіне, суреткердің шеберлігіне, стиліне ерекше тоқталған орынды. Оқушыларды көркем шығармаға терең бойлату үшін шығармашылық оқу, шығармашылық тапсырманы беру әдісі ұтымды. Оқушы неғұрлым көп білсе, ал сұрақ-тапсырмалар мәтінге үңілдірер, қызықтырар, ынталандырар сипатта болса, соғұрлым оқушының көркем шығарманы қабылдауы арта түспек. Бұл жұмыстың негізгі мәселесі – мұғалімнің оқушыларды өзіндік ізденіске жетелеуі. Сонымен қатар баланың қиялына, фантазиясына ерік беру керек. Атақты жазушылардың шығармасын өткен соң мұғалім оқушыға сол туындыға байланысты дүниені көз алдына елестету арқылы өз ойын жазуға дағдыландырады. Бұл жерде бағыт-бағдарды мұғалім береді, ал сюжет пен мазмұнды оқушы өзі табады. Осындай туынды жазу арқылы оқушының ой-өрісі, қиялы, шығармашылық қабілеті дамиды. Сондай-ақ сабақта проблемалық жағдаят тудырудың да маңызы зор. Нәтижесінде ақын-жазушылардың шығармасымен толық танысуға ынтасы артады.

Блум таксономиясының басты белгісі мынадай жүйеленген мақсаттармен ерекшеленеді.

Дағдылар

Мазмұны

Оқушы нені білу керек?

Тапсырмалардың түрі

Мысалдар

Білу

Таным мен ойлаудың төмен деңгейі. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

- Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);

- Нақты фактілерді біледі;

- Жұмыстың орындалу ретін біледі;

- Негізгі ұғымдарды біледі;

- Ережелерді, қағидаларды

біледі.


Кім? Не? Қашан?

Қайда? Ережелерді, теорияларды формуларды еске түсіру, жазу, атап көрсету, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, оларды қолдану.



Зат есім деген не?

Етістік деген не?

Алманы пайдаланудың денсаулық үшін қандай пайдасы бар?


Түсіну

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.

- Негізгі идеяларды ұйымдастыру

салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндегін көрсету;

- Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

* Аударма жасау

 /трансляция/- оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

* Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

* Экстраполяция /Жорамалдау/ - құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату;

Оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау


Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

·Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

·Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

·Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.



Қалай?

Неліктен?

Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетіңіз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.


Зат есім мен етістікті саластыр.

Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;

Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;

Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.

Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.


Қолдану

Таным мен ойлаудың орта деңгейі. Жаңа білімдерді, әдістерді

және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.





Ұғымдар мен қағидаларды

жаңа жағдайларда қолданады;

Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.


 


Жасап көр; таблица график жаса; қолдану мақсатын түсіндір.


Оқушыларда метафора мен

теңеу туралы түсiнiк бер (Білім), олардың айырмашылығыда белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.

Бәліш пісіру үшін

Алманың қандай түрі жарамды, неге?




Талдау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.

Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау.

Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.



Элементтерді талдау,

Қарым қатынасты талдау,

Ұйымдастыру

Қағидаттарын талдау;

Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;

Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,

 Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.




Құрылымы

қандай? Салдары неде?

Топтастырыңыз;

салыстырыңыз; себебін талдаңыз.




Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз

“Ер туған жерiне, ит тойған жерiне” деген мақалды қалай түсiнесiз? 

Алма қосып дайындайтын 4 түрлі тағам түрін айтыңыз. Оның ішінде ең денсаулыққа пайдалысын дәлелдеп беріңіз.


Жинақтау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.

Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдер мен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну;

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері

Жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.




Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;

Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.


Өз

шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз



1.Эссе, шығарма, өлең, шешендiк сөз (ораторлық), сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.

2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).

3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну

4. Алма бәлішінің жаңа түрін ойлап табыңыз.



Бағалау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.

Пікір мен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау.Оқу —материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

 


Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.


Сiздiң ойыңызша бұл «дұрыс /бұрыс, маңызды ма/ емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба?» деген пiкiрталас, полемика мен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.

Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба?

Неге иә, немесе неге жоқ?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
Қазақстан республикасы
бағалауға арналған
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
білім беретін
республикасы білім
әкімінің аппараты
Қазақстан республикасының
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
мерзімді жоспар
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...