СӨж тақырыбы: «1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Алаш зиялыларының ұстанымы» Тексерген



бет12/13
Дата19.11.2021
өлшемі49.97 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Қорыта келгенде айтарым, кезінде сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының 1916 жылға байланысты көзқарасында екі бағыт айқын байқалады. Олардың алғашқысы - қазақ демократиялық ұлттық интеллигенциясының осы көтерілістің өзіне және оның сипатына, ерекшеліктеріне байланысты ұстанымдары болса, ал екіншісі тарихқа баға берудің таптым, сталиндік концепциясын қабылдап, соған қызмет етуге мәжбүр болған қазақ большевиктерінің бағыт-бағдары. Айта кеткен жөн, қазақ интеллигенциясының осындай көзқарастарын тарихнамалық тұрғыдан өзара, жан-жақты зерттемеудің салдарлары бүгінгі тарихымызда да көрініс беруде. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихшылары сондықтан да 1916 жылға баға беруде әлі де ортақ пікірге келе алған жоқ. Мысалы, академик М.Қозыбаев бұл қозғалысты “көтеріліс шеңберінен шығып, төңкеріс (яғни революция — Т.О.) дәрежесіне көтерілген” тарихи оқиға ретінде бағаласа, ал зерттеуші А.К.Бисенбаев бұл көтерілісті “ұлт-азаттық соғысы” ретінде қарастырды. Алаш қозғалысының тарихын арнайы зерттеп жүрген белгілі ғалым М.Қойгелдиев 1916 жылғы көтерілісті қазақ ұлттық демократиялық интеллигенциясының көзқарасымен және қоғамдық-саяси қызметімен тығыз байланыста қарастыра отырып, бұл маңызды тарихи оқиғаны төңкеріс, яғни революция ретінде бағалауға болмайтынын атап көрсете келіп, “16-жылғы көтеріліс ұлт-азатгық революция дәрежесіне көтерілуі үшін қоғамдағы негізгі саяси күштердің, ең алдымен оның мақсат-мүддесін анықтап, бағыт-бағдар бере алатын ұлттық интеллигенцияның қолдауын алуы керек еді”, - деген пікірді алға тартады. Сонымен бірге зерттеушінің “кез келген ұлт-азаттық революцияның түпкі мақсаты болып табылатын саяси бостандықты” да көтерілісшілердің өздерінің алдына міндет етіп қоя алмағандары туралы қисынды ұйғарымы назар аударуға тұрарлық. Әйгілі М.Шоқайдың көзқарасымен үйлесетін осы пікірлерді белгілі тарихшы К.Нұрпейісовтың іргелі зерттеулерге негізделген тұжырымы орнықтыра түседі. Ол былай деп жазған еді: “Бүкіл Қазақстанды қамтыған көтеріліс негізінен патшалықтың қатал әскери-отарлық және кең көлемді орыстандыру саясатына бағышталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты.

Сонымен қатар, бұл көтеріліс халық шаруашылығын дағдарысқа, ал халықтың басым көпшілігін қайыршылыққа ұшыратқан Бірінші дүниежүзілік империалистік соғысқа да қарсы бағытталды”. Бұл салиқалы қорытындының 1916 жылғы көтеріліс сипатын анықтаудағы жаңа көзқарас екендігі айдан анық. Мұны бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихшылары да ескерулері керек. Барлық ұлт-азаттық көтерілістері тәрізді 1916 жылғы көтерілістің тарихы да қоғамдық дамудағы әртүрлі саяси-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше ондаған жылдарға, тіптен ғасырларға созылған тарихи ой-пікірдің эволюциялық өркендеу тезінен өте келе біртіндеп қалыптасып, ақиқатқа қол жеткізді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде