СӨж тақырыбы: «1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Алаш зиялыларының ұстанымы» Тексерген


жылғы көтеріліс туралы көзқарастар



бет10/13
Дата19.11.2021
өлшемі49.97 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
1916 жылғы көтеріліс туралы көзқарастар.Әртүрлі партиялар мен топтар төңірегіндегі зиялы қауым өкілдерінің 1916 жылғы көтеріліске қатысты көзқарастары біржақты болған жоқ. Тыл жұмыстарынан босатылған тұлғалардың бір бөлігі, яғни жергілікті әкімшілік шенеуніктер патша жарлығын қолдап, оларды өмірде басты жүзеге асырушылар болды. Ал радикалды топ өкілдері (Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, А.Жүнісов) Жарлыққа қарсы шығып, халықты қарулы көтеріліске шақырды.

Сондай-ақ «Айқап» журналының төңірегіндегі және «Үш жүз» партиясының өкілдері қазақтарды әскерге алуға қарсы шығып, ха-лықты отарлық әкімшілікке қарсылыққа шақырса, «Қазақ» газеті редакциясының өкілдері біржақты пікірді ұстанды. М.Дулатов 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлықты «қанқұйлы» деп мәлімдесе де, Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлы кез келген қарсылық зор адам шығынына әкелетінін айтып, 11 тамызда қазақ халқына үндеу жариялады. Олар тылға жұмысшыларды жіберу арқылы жазалау-шылардан олардың отбасын, шаруашылығын толық күйретуден құтқаруға болатынын, Патша өкіметі міндетті түрде Даладағы көтерілістерді басу үшін әскери отрядтарды қолданатынын мәлім етті. Үндеуде жазалау отрядтарының ең бірінші кезектегі құрбандары балалар мен әйелдер болатынын, елдің экономикалық өмірі күйрейтінін, әскери соттардың атуға дейін үкім шығарып, жергілікті тұрғындарды аяусыз жазалайтынын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Үндеуге қол қойғандар халықтың күйінішін жақсы түсінетінін айта келіп, соңында көтерілісшілерді патша жарлығына мойынсұнуға шақырады.



Тарихтан танитынымыздай, Қазақ интеллигенциясының солшыл бағыттағы социал күштері радикалды іс-қимылға бейім тұрды. Негізгі өкілдері Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Ә. Жангелдин, Ж. Ниязбеков, С. Меңдешев, Ә. Жүнісов, т.б. болған топ халықты қарулы көтеріліске үндеп, бас көтеріп, қарсы тұруға шақырды. Өздері де осы күрестің бел ортасында жүрді. Ал, «Қазақ» газетінің маңайына топтасқан Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы- қатарлы зиялылары жетекшілік еткен ұлттық бағыттағы либералистер халықты жарлыққа мойынұсынуға үгіттеді. Олар :

  • карсыласпай, бұйрықты орындау;

  • соғыс аяқталған соң, қазақ ұлттық автономиясын құру;

  • қару-жарағы мықты патша армиясымен қарсыласпай, олардың жазалау

  • шараларынан халықты аман сақтап қалу;

  • патша үкіметімен барлық жағдайды ымыра арқылы жүзеге асыру, т. б.

Кейіннен алаштықтардың осы ұстанымы кеңес кайраткерлеріне оларды феодалдық-байшыл билеуші топ ретінде әшкерелеуге таптырмас «дәлел» болғаны анық. Шын мәнінде, кеңес кезінде мұның барлығының мәнін ашып айту мүмкін болмағандығын білеміз. Сол себепті, 1916 жылғы көтеріліс туралы сөз қозғағанымызда алаш қайраткерлерін біржақтылы қаралаудан арашалап алу азаматтық парызымыз деп түсінген орынды. Менің ойымша, алаш оқығандарының «қазақ жігіттерін тыл жұмысына алу керек» деген жарлықты мақұлдап, оған құлақ асуға шақырғанында бірнеше объективті себептерді қарастырған болуы мүмкін: Біріншіден, «Алаш» қайраткерлері алмағайып заманда, ең бастысы, халқын аласапыраннан аман алып шығуды көздеген болатын; Екіншіден, іс жүзінде қолында темірдің сынығы да жоқ қазақтардың мұздай қаруланған орыс армиясына төтеп бере алмай, тектен-текке соғыстың құрбаны болады деп қауіптенді; Үшіншіден, егер бірінші дүниежүзілік соғыстан Ресей жеңіспен шыққан жағдайда қазақтардың да хал-күйі жеңілдеп, ұлттық автономия құрылатынына сенім артты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде