СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік ұсыныстар



Дата19.10.2020
өлшемі48.2 Kb.
СӨЖ (СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
СӨЖ тапсырмаларын студент өзіндік жұмыс ретінде орындайды. СӨЖ негізі семинар және дәріс сабақтарына дайындау. Семинар сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланады. Семинар сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабағының тақырыбына берілетін әдістемелік кеңестерді назар аудара оқып, семинар сабақтың тақырыптық жоспар сұрақтарына өз жауабыңызды дайындаңыз. Әр сұраққа жауапты қысқа және нұсқалы дайындап, формулаларды және символдарды СӨЖ арнайы дәптерге жазып отырыңыз. Дайындықты аяқтамас бұрын, біліміңізді өзіңізге сұрақтар қоя отырып, тексеріңіз. Өзіндік жұмысты орындауда қиын сұрақтарға жауап таппаған жағдайда дәптерге жазып, оқытушыдан сұраңыз.

СӨЖ тапсырмалары дәріс сабағынан бұрын орындалады. Дәріс сабағында алған білімді, әрі қарай тереңдету керек.

Бірақ семинар сабағына жоспарланған сұрақтар тақырып мазмұнын толық қамтымайды. Сол себептен студент білімін тереңдетуді СӨЖО процесінде жүзеге асырады. Сондықтан СӨЖО –да тақырып бойынша қосымша сұрақтар, есептер, жаттығуларды орындау арқылы тақырып мазмұны толық қарастырылады.

СӨЖ мазмұны және өңдеу формасы.

«Маркетинг» курсын оқытуда СӨЖ формаларын кең қолдануға мүмкіндік бар:


  • оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;

  • негізгі әдебиетпен семинар сабағына дайындалу;

  • нақты тақырып бойынша баяндама жасау;

  • эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;

  • есептер шығару;

  • статистикалық мәліметтерді талдау;

  • курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;

  • топтық жобаларға қатысу;

  • таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;

  • тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б.

Студентке СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:

Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.



Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:

  • дәріс конспектісінің болуы;

  • курс бағдарламасының болуы;

  • ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).

Жұмыс әдістері:

  • дәріс материалын жете түсіну;

  • конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;

  • әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;

  • тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;

  • түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.

Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:

  • есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;

  • есеп шартын мұқият оқып шығу;

  • шешу жоспарын ойластыру;

  • есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтау;

  • формула құрамындағы шамалар мәніне назар аудару;

  • алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін сандық мәндерін формуламен есептеу;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелердің өлшем бірліктерін көрсету;

  • шешімнің дұрыстығына талдау жасау.

Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек.

Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:

Студент бақылау жұмысына дайындалуда:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білуі;

  • берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;

  • әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.

Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.

Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда кафедрамен берілетін әдістемелік нұсқауларға сүйену қажет:

  • белгіленген уақыттан кеш қалмай орындау;

  • тапсырманы орындауда қиындықтар болса, тапсырмаға сай тақырыпты қайта оқып шығу.

  • қиындықтар болса, оқытушыдан кеңес алу;

  • алынған шешімдерді талдау;

  • тапсырманы қорғауға дайындықта, сол тақырыпқа сай теория негізін тексеріп және кейбір мәліметтер өзгере қалғанда, оның шешімін ойластырып қою.

  • тапсырманы орындауда қолданылатын әдісті жете түсіну;

  • тапсырма уақытында қорғалу қажет, кері жағдайда академиялық қарыз болып есептеледі.

Студенттің өзіндік жұмысына берілетін уақыт шектеулі, сондықтан алдын -ала орындау жоспарын жасап, өзіндік жұмыс әдістерін үйреніп, тәжірбиелерді меңгеру қажет және жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін демалыс уақытын дұрыс өткізген жөн. Сондықтан студенттің өзіндік жұмыс әдістерін үйренуіне кафедра мен әр оқытушының жауапкершілігі жоғары.

«Маркетинг» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары




Тақырып атауы
СӨЖО өткізу формалары

Тақырып 1. Маркетинг пәнінің мәні, тәсілдері және міндеттері

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*

Тақырып 2 МАркетинг теориясы мен тәжірибесінің дамуы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру.*

Тақырып 3 Маркетинг әдістері.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 4. Ұйымдастыру формалары және ұйым құрылымы.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *

Тақырып 5.

Маркетинг қызметіндегі мотивация (ынталандыру)



Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 6. Жоспарлау және бақылау Маркетинг функциясы ретінде

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасап, оны рецензиялау және оппонирлеу.*

Тақырып 7. Маркетингтегі коммуникация және Маркетингтегі келіспеушілік және күйзеліс кезеңін басқару

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, мақсаттар бұтағын құру. *

Тақырып 8. Маркетингтің теориялық негіздері және концепциялары.


Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 9. Маркетингтің мәні және мазмұны

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *

Тақырып 10. Маркетингтің қоршаған ортасы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 11. Нарықты сегменттеу

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 12.Тауар және тауар саясаты

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 13.Таратудың және тауар қозғалысының ұйымдастырылуы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 14.Маркетингілік жоспарлау және бақылау

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

- СӨЖ (СӨЖО) қосымша немесе баламалы формадағы тақырыптар бойынша тыңдаушылардың инициативалық ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған
Студенттің өздік жұмысының мазмұны


Тақырыптардың атауы

Аудиториялық

Аудиториядан тыс

Маркетингтің пәні, әдістері және міндеттері

Эссе: Маркетинг қызметтің спецификалық түрі болып келеді ме немесе онымен «қоғамдық бастамаларда» жұмыс істеуге болады.

Реферат: менеджер және оның функциялары. Тапсырма: қоғам алдында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Маркетингтің теориясының және практикасының дамуы

Қазақстан үшін шел елдердің басқару үлгісінің қайсысы сәйкес келеді

Тапсырма «істі енгізудің 7 қағидалары»

Маркетингтің басқару әдістері

Маркетинг теориясының жағымды және жағымсыз жақтары

Баяндама: қазіргі Маркетингтің пайда болу шарттарының анализі

Ұйымның құрылымы және ұйымдастырушылық нысандар

Тапсырма «ұйымның ұйымдастырушылық құрылымы»

Тапсырма «менің ұйымым»

Маркетингтің қызметіндегі мотивация

1. эссе: «мен деген ұғымға мотивацияның қай тәсілі сәйкес келеді»

Тапсырма « мен күні бойы ауыр жұмыс істедім»

Жоспарлау және бақылау Маркетингтің функциясы ретінде

1. тапсырма: Иерархиология

Реферат: шетел кәсіпорындардың стратегиялық жоспарлауы

2. Тапсырма Мерфология



Ұйымдағы коммуникация

тапсырма: Басқарудың қай стилі ең жақсысы болып саналады?

Тапсырма: ойдың даму тиімділігі

Келіспеушіліктер мен стресстерді басқару

тапсырма: менеджер – келіспеушілік ситуацияларды басқару

Тапсырма»келіспеушілік және оны шешу жолдары»

Маркетингтің концепциялары мен негізгі теориялары

«маркетингтің негізгі концепциялары» тақырыбына шағын сұрау жүргізу

Эссе дайындау: «маркетинг және қоғам»

Маркетингтің мәні және мазмұны

Маркетинг түрлеріне мінездеме құрастыру

Маркетинг кешенінің негізгі факторларының тізімін құрастыру

Маркетингтің ортасын зерттеу

Бақылау жұмысы «маркетингтің микроортасы»

Тауар нарығының жіктелуін құрастыру

Нарықты сегменттеу

Семей қаласының кәсіпорындарына негізгі мінездемелерді құрастыру

Нарықтағы арнайы тауардың ситуацияларын талдау

Тауар және тауар саясаты

Тауар саясатының міндеттері тақырыбы бойынша шағын сұрау жүргізу, ТӨК негізгі түрлерін талдау, кесте жасау

Орамдардың варианттарын, тауардың маркалық белгісін құрастыру,

Баға саясаты

«бағаның негізгі функциялары» және «нарықтың түрлері мен бағасы» тақырыбына шағын сұрау жүргізу

«бағаның негізгі түрлері және оның мінездемесі» реферат құрастыру

Таратудың және тауар қозғалысының ұйымдастырылуы

Тауар қозғалысы арналарының функциялары тақырыбына шағын сұрау жүргізу

«Өткізу саясатына» сөзжұмбақ құрастыру

Маркетингілік жоспарлау және бақылау

«бизнес жоспар», жоспарлаудың үлгілері, құрамы, құрылымы тақырыптарына шағын сұрау жүргізу

Реферат құрастыру: маркетингті басқару құрылымы, жетістіктері және кемшіліктері


СӨЖ-1

  1. Эссе: «Менеджмен арнайы қызмет түрі ме, әлде онымен «қоғамдық бастама» ретінде айналысу керек пе»?

Орындау барысында Маркетингтің маңыздылығын үш түрлі көзқарас тұрғысынан, яғни ғылым, өнер, тәртіп немесе пән арқылы қарастыру қажет. Өз ойыңызды А4 қағазына 1-2 бетке түсіруіңізге болады.
СӨЖ-2 бақылау тапсырмалары

Тапсырма 1.

Кәсіпорында мүдірлер Кеңесі және Бас мүдірі бар. Соңғыға А, Б, В өндірістік бөлімшелері бағынады. Бас мүдірінде және бөлімшелердің әрқайсысында өзінің басқару аппараты (штаб) бар. Ұйымды басқару құрылымын құрыныз және типін анықтаныз.


Тапсырма 2.

Кәсіпорын басшылығы басқа қалада бөлімшені ашу туралы шешімге келді.Жаңа құрылытын ұйым қалыпты жұмыс істеу үшін басшылық қандай сұрақтарды ойластыру қажет?


Тапсырма 3.

Кәсіпорында сыртқы орта және тәртібімен байланысты маңызды ұйымдастырушылық қайта құру басталды. Бұл қайта құру көптеген қызметкерлердің қызығушылығына әсеретеді. Ұйымда оңтайлы өзгерістерді жүргізу үшін Сіз не істейсіз?


СӨЖ-3

1. Қазіргі Маркетингтің қалыптасу жағдайын талдау



СОӨЖ-3

1. Маркетинг теормясының жағымды және жағымсыз жақтары



СӨЖ-4 бақылау тапсырмалары

Тапсырма 1.

Велосипеттерді шығаратын кәсіпорында келесі көрсеткіштерге жету үшін келесі міндеттер қойылды:

А) қазіргі кезде шығарылатын өнімнің бірінші жылына 10%, екінші – 30%, үшінші – 40%, төртінші – 50%, бесінші – 70% - ке өнім шығарыуын кеңейту;

Б) бірінші жылда 5%, үшінші жылдың аяғына 12%, ал 5 жылдан кейін 18% капитал айналымын ұлғаю;

В) бірінші жылда – 8%, екінші – 12%, үшінші – 15%, төртінші -18%, бесінші – 71% станок саябағын жаңарту

Ұйымның қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарына анықтама беріп, оларды анықтандар.


Тапсырма 2.

Фирма үш жылдың ішінде өнім шығарылуын 15% арттырып, еңбек өнімділігін 20% көтеруге; басқа қаланың нарығында өз позициясын 8% кеңейтуін болжайды. Сонымен бірге шикізат жабдықтаушы ретіндегі әріптестерде пайда 8%, ал делдалдарда - 15% жоғарлайды.

Ішкі және сыртқы мақсаттарға анықтам а берініз Айтылып кеткен мақсаттарының ішінде қайсысы ішкі, қайсысы сыртқы болатының анықтаныз

Тапсырма 3.

Сіз әйелдер және еркектердің сыртқы киімді өндіретін кәсіпорынды ашасыз. Өз назарынызды жағары сапалы және қымбат бағалы тондарды және дубленкаларды шығаруды жоспарлайсыз. Кәсіпорыныздың негізгі кредосы бай сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың сауалдары мен тілектерін есептеу. Осы мәселені шешу үшін фирма ең жықсы тігін машиналарды сатып алды, жоғары мамандырылған мамандарды жалдады, жоғары сапалы және қымбат теріілерді әкелуге келісім-шартқа қол қойды.

Кәсіпорыныздың миссиясын анықтаныз және оны дәлелденіз.
Тапсырма 4.

«Гамма» фирмасы үтіктерді өндіруді кеңейтеміз деген шешімге келді. Сол үшін оған жаңа жабдықтарды сатып алу, цехтарды қайта жабдықтау, қйойма жайларын кеңейту және т.б. қажет болды. Үтіктерді өндіруді кеңейту үшін қажатті ұйымның мақсатты қойылымдарды сипаттаныз.



СӨЖ бақылау тапсырмалары
1-тапсырма. «Мен бүгінгі күні бойы қатты жұмыс істедім»

Көбіне жұмыс сөңында менеджерлер «Мен бүгін қатты жұмыс істедім, бірақ атқарам деген жұмыстарымның көбі орындалусыз қалды» деген сөздерді жиі айтады. Сөйте тұра келесідей себептердің тізімін айта бастайды:



  1. Жиналыстардың дайындықсыз өтуі;

  2. телефонның маза бермеуі;

  3. жауапкершіліктің жалпыға бірдей бөлінбеуі;

  4. өзгешеліктердің жоқтығы;

  5. ұзаққа созып алу тактикасы;

  6. «жоқ»деп айта алмау себебі;

  7. істі соңына дейін бітіре алмау;

  8. басқалар тарапынан болған кедергілер;

  9. оқуға берілген тапсырмалардың өте көптігі және т.б..


Келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Берілген міндеттерді орындауға тағы қандай себептер кедергі болуы мүмкін?

  2. Өз жоспарыңызды күнделікті уақытында еш зорығусыз орындап отыру үшін не істеу қажет?

Келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. қызметкерлерге тиімді әсер етудің қай тәсілі дұрыс деп ойлайсыздар? Көндіру ме, әлде мінжеттеп жүктеу ме?

  2. Сіздің көрсетер үлгіңіз қандай?

  3. Фириада істейтін адамдардың жұмысын тиімді етуге қосатын қандай жаңа ұсыныстарыңыз бар?

СОӨЖ-5

1. «Маған, қандай ынталандыру әдістерін қолданған жөн» тақырыбында эссе жасып келу.
СӨЖ-6. бақылау тапсырмалары

Тапсырма 1.

Менеджермен әрқашанда коммерциялық келісімдерде пайдаланылатын көп мөлшерде әрүрлі мәліметтер болады: тауар бағалары, заңдылық баптар, сөз айналысы жғне т.б.

"Есте сақтау жәшігін" қарыңыз. Бұны жасаудың ењ қарапайым түрі болып аяқ киім салатын қорапшаны алуға болады. Оны төрт картондық бөлме ішіндегі қоршаулармен бес бөлме жасаңыз.

Сізге карточкалар керек ол пошталық ашық хат көлеміндей болу керек. Карточканыњ бір жағына сұрақ жазып қою керек, ал екінші жағына сізбен есте сақтағаныңыз келген жауапты жазып қою керек. Жауапты жғне сұрақты оқыңыз. Карточкаларды сұрақ жазылған жақпен жәшіктің бірінші бөлмесінде орналастырыңыз.

Бірнеше күн өткен соң карточкаларды кезекпен алып, сұрақтарды оқып, оларға жауап беруге тырысыңыз. Сіз дұрыс жауап бергенін тексеріңіз. Егер сіздің жауабыңыз дұрыс болса, карточкаңызды екінші бөлмеге орналастырыңыз. Егер жауап қате болса, карточка бірінші бөлмеде қалады.

Сіздің мақсатыңыз - карточкаларды бесінші бөлмеге орналастыру. Төрт рет дұрыс жауап берген сұрағыңыз сіздің басыңызда тұрақты қалады. Егер сіз төртінші немесе бешінші бөлмеде болған карточкаға қате жауап берген болсаңыз, оны бірінші бөлмеге қойып қайтадан жаттау қажет.

"Есте сақтау жәшігін" пайдалану тәжірибесінде тиімді және тиімсіздігі қандай сұрағына жауап беріңіз? Берілген тәжірибені сіз қалай жетілдіру жолын ұсынар едіңіз.
СӨЖ-7. бақылау тапсырмалары

Іскерлі ойын “КЕЛ СӨЙЛЕСЕЙІК!”

Мақсаты: Ресми емес жағдайда адамдар қалай тез танысатынын көрсету

Шаралары:


  1. Біз бір топта жұмыс істесек те біздің әріптестер туралы аз білетінімізді топқа хабарлаңыз

  2. Соншалықты таныс емес серіктес табуды қатысушылардан сұраңыз

  3. Содан кейін олардың бір-бірімен әңгімелесе таруға екі-үш минут барын айтыңыз. “Кел сөйлесейік!” ойнының негізгі ойы осында жатыр. Олар кез-келген тақырыпқа сойлесе алады, бірақ оларға өздері туралы сөйлескен жөн.

Талқыланатын сұрақтары

  1. Сізжаңадосыңыздықаншалықтыжақсыбілесіз?

  2. Берілгенекі-үш минут тез өткендейболғанжоқ па?

  3. Жаңадосыңбұрынғыдосыңнан да жақсыбілебастағансекілдібопешкімөзінсезінгенжоқ па?

Кеңестер

  1. Қатысушыларданөздеріжүрексінбейсөйлеуінсұраңыз

  2. Кейбірадамдарға әңгіменінегізсіз бастаған қызықсызсекілді. Олардытеріп алыңыз, жолдастарынаөздерітуралыайтуға итермелеңіз

  3. Ойынныңортасындаойынға бәрітартылдыма, жоқ па екенінсонытексеріңіз. Егер басқаларқатыспасаоларға қатысуға жағдай жасаңыз.


СӨЖ-8 бақылау тапсырмалары

Тапсырма 1

Ұжымдағы келіспеушілік менеджерге көптеген жүйке ауруын, ал фирмаға шығындар әкелуі мүмкін. Сондықтанда, басшыға оларды уақытында тауып және сәйкесінше қортынды жасау қажет. Келіспеушілікті болдырмау үшін жұмыс стилін өзгерту керек.

Мысалы, тапсырмаларды көзбе-көз емес, жалпы кеңесте бөлу, тәжірибеге пікірлермен ашық ауысуды, жиі бірігіп қортынды жасауды енгізу.

Кейде басшы өзі сезбей келіспеушілік тудыруы мүмкін. Есіңізде болсын - басшы ретінде мыналарға жол бермеу керек:



  1. өзіңіздің қол астыңыздағылардан қандай болсын іскерлік мәліметтерді жасыру;

  2. қол астындағыларыңыздың белгілі біреуіне арнайы ықыласпен қарау;

  3. өзіңіздің қол астындағыларыңызды жоғары тұрған басшыға қорықпай "талдауға" беру;

  4. өз әріптестеріңіздің маманданғанына сенбеу

Келесі сұрақтарға жауапберіңіз:

  1. Ұжымда шиеленіскен жағдайлар тумау үшін менеджер не істеу керек?

  1. Егер шиеленіскен жағдай нақты болса, оны қалай басқару керек?

  2. Шиеленісті шешуде менеджер ретінде сіздіңәрекетіңіз қандай?


СӨЖ № 9 тапсырмалары

  1. Сұраныс жағдайына байланысты маркетинг түрлерінің кестесін құрастыру

  2. «Қазіргі қоғамға маркетинг не береді?» тақырыбына эссе жазу


СӨЖ №10

  1. нарық түсінігі, артықшылықтары мен кемшіліктері, негізгі атқаратын қызметтері;

  2. Нарықтың жіктелуі

  3. Нарықтық конъюнктура, сұраныс көлемі, нарық үлесі


СӨОЖ № 10


  1. Мына тауарлардың қайсысы нарықта сұранычсты тудырады: зиянсыз темекілер, спирт сусындары, нан, сүт, зонтики, тіс емдейтін шаралар, балмұздақтар.

  2. Маркетингті қолданудың негізгі экономикалық шарттарын атаңыздар?

  3. Маркетинг тұжырымдамасының қандай элементтерін шағын және орта бизнесте қолданған жөн?


СӨЖ №11 тапсырма

Тақырыбы: Маркетингтің қоршаған ортасы


  1. Макроортаның демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, саяси-құқықтық факторлардың қайсысын өндіруші ескеру керек:

а) спорт велосипедтерін;

б) қуыршақтардың колекциясын;

с) үрленетін қайықтарды;

d) нан өнімдерін;

е) сіріңкелерді.


  1. Бизнестің қарқынды дамуына жағдай жасайтын, сеггменттеудің қажеттілігінің толық белгілерін көрсетіңіз:

а) сыра жасайтын зауытқа;

б) үй аяқ-киімін өндірушіге;

с) шашты күтуге арналған косметика өнімін өндірушіге;

d) автомобиль косметикасын өндірушіге;

е) ойыншық фабрикасына;

f) сыртқы киімдерді тігетін фабрикаға;

g) құрғақ асты дайындайтын фабрикаларға;

h) тоңазытқыш өндірушге;




  1. Сізге таныс бір кәсіпорынды талқылаңыз, сіз жұмыс істеген не болмаса тәжірибе өткен жеріңізді. Таңдаған кәсіпорын бойынша, оған қандай нарықтық қызметтің субъектілері сәйкес келеді:

а) жабдықтаушылар;

б) маркетингілік делдалдар;

с) бәсекелестер;

d) клиенттер;

е) байланыс аудиториялар.
СӨЖ № 12-ге тапсырма


  1. «Нарықты сегменттеу» сөзжұмбағын құрастыру.

СОӨЖ №12

Тақырыбы: нарықты сегменттеу
1. бизнестің қарқынды дамуына жағдай жасайтын, сеггменттеудің қажеттілігінің толық белгілерін көрсетіңіз:

а) сыра жасайтын зауытқа;

б) үй аяқ-киімін өндірушіге;

с) шашты күтуге арналған косметика өнімін өндірушіге;

d) автомобиль косметикасын өндірушіге;

е) ойыншық фабрикасына;

f) сыртқы киімдерді тігетін фабрикаға;

g) құрғақ асты дайындайтын фабрикаларға;

h) тоңазытқыш өндірушге;

2. тауар өндіруші нарыққа шығуға жоспарланған жаңа тауарының нарықта жайғасуының варианттарын талқылаңыз.

а) созылмалы сағыздың;

б) кір жуатын ұнтақтың;

с) балалар киімін;

d) әйелдерге арналған журнал;

е) салқындатылған сусындар.
СӨЖ №13-ке тапсырма


  1. Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі, оның маркетингтегі мәні.

  2. Тауардың өмірлік циклінің түрлері және оның мінездемесі.


СОӨЖ № 13

Тақырыбы: Тауар және тауар саясаты

  1. төменде берілген тауарларға тауарлық мінездеме беріңіз және оның тұтынушыларға деген қандай қажеттілігі бар екенін түсіндіріңіз:

а) электршәйнегі;

б) қол сағаты;

с) жеңіл автокөлігі;

d) гүл отырғызатын ыдыс кашпосы;

е) үстел лампасы;

f) сән журналы;

g) ағылшын тіліне арналған білім беру қызметі;

h) тоңазытқыш;

i) велосипед.

2. келесі мағынаны түсіндіріңіз: әдейі жасалынған тауар, іс жүзінде орындалған тауар. Мысал ретінде:

а) сіздің ойыңызша ең әйгілі салқындатылған сусын;

б) түрлі-түсті теледидар

с) роликтік конькилер

d) диван


е) екікамерлі тұрмыстық тоңазытқыш

f) тіс пастасы

g) сұйық сабын

h) фортепиано

і) электррадиаторы.

3. келесі тауарларға сыртқы орам варианттарын ойластырыңыз ( орамның формасын анықтау, түрін, тауардың маркісін анықтау).

а) жас әйелдерге арналған духи:

б) ер адамдарға арналған әшекей бұйымдары;

с) балаларға арналған шоколадтық дражесі

d) балалар конструкторы

е) тігіске арналған жіптердің бумасы

f) үстел сервисі

g) хрустальді люстра

h) пластикалық электрошәйнегі

і) 6 пирожый

СӨЖ № 14-ке тапсырма


  1. Бағаны құрудың негізгі этаптары және оның мінездемесі.

  2. Бағаның негізгі түрлері және оның мінездемесі.

СОӨЖ № 14

Тақырыбы: Маркетинг жүйесіндегі баға

1.Төмендегі тауарлар бағаға қалай әсер етеді: банандар, апельсиндер, клубникалар, картоп, ет, балық, сүт, кәмпиттер, дәптерлер, кітаптар, жиһаз, теледидар, бензин, газ.

2.сүттің бағалық икемділігі – 0,78, үйдің – 0,67, шоколадтың – 1,2, қоғамдық транспорттың – 0,8. осы тауарларға деген сұраныс пен пайда қалай өзгереді, егер:

а) баға 20% жоғарыласа

б) пайда 10% төмендесе.

3.бағаға ең жоғары дәрежеде қандай фактор әсер ететінін анықтаңыз:

а) классикалық әйелдер костюмі;

б) дәрілік өнімдер

с) кітап басып шығаратын түрдің әртүрлілігі

d) күнделікті және сән аяқ-киімі

е) сүт және нан

f) консервіленген шырын.
СӨЖ № 15-ке тапсырма (3-сағат)


  1. Франгайзинг: бөлшектеп сату формасы ретінде.

  2. Тауарды орындау кезінде лизингті қолдану.


СОӨЖ № 15 (1,5-сағат)

Тақырыбы: Тауар қозғалысын ұйымдастыру

  1. 10 өндіруші және 20 тұтынушы бар нарықта қанша байланыс орнауы мүмкін делдалдармен және делдалсыз.

  2. төмендегілерге тарату каналын ұсыныңыз:

а) видеокасеталарды өндірушілерге

б) музыкалық аспапты шығаратын шағын фирмаға:

с) пластик және орамдарды шығаратын ұсақ өндірушілер

d) салқындатылған сусындар өндірушілеріне

е) полиграфиялық құрал-жабдықтарды шығаратындарға
СӨЖ № 16-ға тапсырма


  1. Маркетинг бюджетін құрастыру әдістері

  2. Маркетинг жоспарының құрылымы


СОӨЖ № 16

  1. Шаруашылық портфельге кіретін бизнестің, мақсаттың, міндеттің, өнімнің түрлерін анықтаңыз және келесі кәсіпорындар үшін стратегияның дамуын түсіндіріңіз:

а) университет

б) сауда үйі

с) жиһаз фабрикасы

d) кітап дүкені

е) туристік фирма

f) құрылыстық бірлестік

g) көліктік фирма

h) көкөністі өндіретін фермерлік шаруашылық.

2.Стратегияны құрастыру мақсатында әртүрлі жағдайларды пайдалана отырып, төменде көрсетілгендерге стратегияны таңдау кезіндегі факторлардың әсер етуін түсіндіріңіз:

а) консервілік комбинат

б) кондитерлік фабрика

с) шағын нан пісіретін қоймалар

d) жанармай құю станциясы

е) темір жол вокзалы

f) әуежай.

Білімді бағалау критериялары:





Бағалау шкаласы

Критериялар

Рейтинг 0-49

Балл 0

Әріптік эквивалент F

Қанағаттансыз. баға



Бағдарламалық материалды толық білмеу; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеу және ірі қателіктер жіберу

Рейтинг - 50-74

Балл - 1-2,33

Әріптік эквивалент - D, D+,C-, CC+

Қанағаттансыз. баға



Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; онда бағдарламалық материалды жеткілікті түрде түсінбеу анықталады; теориялық ережелерді интерпредациялауда жекелеген қателіктер жіберіледі; материалды репродуктивті түрде ғана баяндау байқалады;өзіндік қорытындылар мен жалпылаулар жоқ.

Рейтинг - 75-89

Балл - 2,67-3,33

Әріптік эквивалент – B-, B, B+

Баға - жақсы



Жауап толық, дұыс; негізгі идеялар білімі қарастырылатын қайнар көздер білімі көрсетілген. Графиктер құрып, талдау жасай білу. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық, қорытындылар жасай білу ептілігі. Тәжірибелік жағдайларды талдау үшін теориялық білімді пайдалана білу. Бірақ баяндауда анықсыздықтар бар

Рейтинг - 90-100

Балл - 3,67-4,0

Әріптік эквивалент – A-, A

Баға - өте жақсы



Жауап толық, дұрыс; негізгі идеялар, қарастырылатын қайнар көздерді білу. Графиктер құрып, оларды талдай білу ептілігі. Микроэкономикалық жағдайлардың математикалық модельдерін дұрыс құру және бағалай білу ептілігі. Қосымша әдебиетті пайдалану. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық білдіру, қорытынды жасау ептілігі.


Штрафтық балдар төмендегілер үшін:

- сабақтарға келмеу, кешігіп келу, – 10% жалпы рейтингтен

- тапсырмаларды үнемі орындамау – - 10% жалпы рейтингтен

Ынталандыру балдары төмендегілер үшін:

- СӨЖО бойынша белсенді жұмыс – +10% жалпы рейтингтен



- СӨЖО бойынша сабақтан қалмау – + 5% жалпы рейтингтен
Пайдаланған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

  1. Жакенова Б. Қ. Маркетинг негіздері : оқулық. - 2-бас. - Астана : Фолиант, 2011.

  2. Жәкенова Б. Қ. Маркетинг негіздері (тест тапсырмаларының жинағы) : оқу құралы . - 2-бас. - Астана : Фолиант, 2012.

  3. Купешова, С. Т. Инновациялық Маркетинг : оқулық . - Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір", 2013. –

  4. Мейірбике ісіндегі Маркетинг және әкімшілік үрдіс: дәрістік топтама: оқу құралы / Ж. С. Төлебаев [ж. б.]. - Алматы : Эверо, 2012-

  5. Сатыбалдыұлы С. С. Маркетинг және Маркетинг негіздері : оқулық . - 2-бас. - Астана : Фолиант, 2011. –

  6. Нысанбаев, С. Н. Маркетинг негіздері : оқулық . - Алматы : Эверо, 2010.


Қосымша әдебиеттер

  1. Нысанбаев С. Н. Маркетинг негіздер: оқулық . - Алматы : Эверо, 2006.

  2. Рахымбаев А. Б. Маркетинг: оқу құралы.-А., 2009.-

  3. Рахимбаев, А. Б. Маркетинг теориясы және практикасы : оқу құралы . - Алматы : Заң әдебиеті, 2009.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде