ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕРКӘСІПТІК КӨЛІК КАФЕДРАСЫ
Акашев А. З., Ермакова К. Б., Келисбеков А. К.
«КӨЛІК ТҮРЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ»
ПӘНІ БОЙЫНША СӨЖ ЖӘНЕ ОСӨЖ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының студенттері үшін
Қарағанды 2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕРКӘСІПТІК КӨЛІК КАФЕДРАСЫ
Исина Б.М.
«ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫН БАСҚАРУ»
ПӘНІ БОЙЫНША СӨЖ ЖӘНЕ ОСӨЖ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының студенттері үшін
Қарағанды 2016
ӘОЖ 656.2(574) (07)
Исина Б.М. СӨЖ және ОСӨЖ орындауға арналған. Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2016. 10. б.
Әдістемелік нұсқаулар оқу жоспары мен "Жолаушылар тасымалын басқару" пәнінің бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған және студенттердің СӨЖ және ОСӨЖ жұмыстарын орындау үшін қажетті мәліметтерді қамтиды.
ҚарМТУ редакциялық-баспа Кеңесінің мүшесі-Рецензент
Т.ғ.к, доцент АТ - Кабикенов С. Ж.
Университеттің редакциялық-баспа кеңесімен бекітілді
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2016 ж.
СӨЖ (ОСӨЖ) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындық. Семинар жұмысына тақырыптың негізгі сұрақтары шығарылады. Семинар сабағының тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтарының тақырыптарына әдістемелік кеңестер сұрақтарға жауап береді, не істеу керек? Семинар сабақтарының тақырыптарына әдістемелік кеңестерді мұқият зерделеп, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына өз бетінше жауап дайындаңыз. Әр сұрақты дайындау барысында жауаптың негізгі ережелері мен тезистерін, тұжырымдарды қысқаша, схемалық түрде жазып алыңыз, формулалар мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңыз. Дайындық аяқталғаннан кейін өз білімдерін өзін-өзі тексеру сұрақтарының көмегімен тексеріңіз. Өз бетінше жұмыс істеу кезінде қиындық тудырған сұрақтар жазып, оларды оқытушыға қойыңыз.
СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалуы тиіс. Дәрістерде өз бетінше алған білім тереңдеуі және кеңейтілуі тиіс.
Алайда, семинарлық сабаққа шығарылатын сұрақтардың көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студенттің өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша одан әрі жұмысы қажет, бұл ОСӨЖ барысында жүзеге асырылады. Сондықтан ОСӨЖ-ге қосымша сұрақтар, есептер, жаттығулар және т.б. қойылады, олардың көмегімен тақырып мазмұны толық ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |