Сопақша ми дизартриясы. Сопақша ми дизартриясы артқы ми құрамына кіретін сопақша мидың қабынуы немесе ісіну ауруларына шалдыққан кезде байқалады. Сонымен сопақша миға орналасқан бас сүйек пен миға қатысты қимылдатушы тіл асты, тіл жұтқыншақ кейде үш жақты, кезбе нервтерінің маңызды бөліктері (ядролар) бұзылады.
Сопақша ми дизартриясы жұтқыншақ, көмекейдің, тілдің, жұмсақ таңдайдың бұлшық еттерінің сал болып немесе әлсізденіп қалуымен сипатталады. Бұл сияқты ақаулығы бар баланың қою және сұйық тамақты жұтуы мен шайнауы қиындайды. Дауыс жұмсақ таңдайдың дұрыс жетілмеуінің себебінен әлсізденіп ыңылдап естіледі. Сөйлеу тілінде ұяң дыбыстар айтылмайды. Жұмсақ таңдайдың әлсізденуінің салдарынан іштен шығатын ауаның ағыны мұрын жолы арқылы еркін өтеді де, айтылатын барлық дыбыстар мұрыннан ыңылдап естілетін болады.
Дизартрияға шалдыққан балаларда тілдің және жұтқыншақтың бұлшық еттерінің күш – қуатының әлсірейтіні байқалады және міңгірлеп өте түсініксіз, көмескі сөйлейді. Сопақша ми дизартриясына шалдыққан баланың бет әлпеті келіссіз келеді.
Ми қыртысы асты дизартриясы. Ми қыртысы асты дизартриясы бас ми қыртысының астындағы тораптардың зақымдануынан пайда болады. Ми қыртысы дизартриясы бұлшық еттер күш – қуатының ширығуының әсер етуінен және гиперкинезімен сипатталады.
Гиперкинез дегеніміз баланың бақылауынсыз сөйлеу тілі мүшелеріндегі және мимикалық бұлшық еттерінің еріксіз күшпен қимылдауы. Бұндай қимылдар тыныш тұрған жағдайда байқалады, бірақ бұл қимылдар сөйлеген кезде күшейеді. Бала ойнау барысында, жақындарымен немесе көңіл – күйінің басқа жағдайда әсерленіп тұрғандағы әңгімелесі кезінде жеке дыбыстарды, сөздерді және қысқа сөйлемдерді дұрыс айтуы мүмкін, бірақ артынша сол дыбыстардың біреуінде айта алмай қалатын жағдайға ұшырайды. Сөйлеу мүшелері құрысады, тілі тартылады, дауысы үзілмелі болады. Кейде еріксіз айқайлап дыбыстардың көмейді бұзып – жарып шығатыны байқалады. Балалар сөзді, сөйлемді жылдамдатып тез – тез сөйлейді немесе керісінше сөздерін бөліп – бөліп айтады. Сонымен қатар, дауысының күші мен саздылығы бұзылады.
Ми қыртысы асты дизартриясының ерекшелігі сөйлеу тілінің шапшаңдығы, ырғағы, сарыны, сарыны жағынан ұйқастығының бұзылуымен сипатталады. Кейде ми қыртысы асты дизартриясы бар балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтарының асқынып кетуінің салдарынан есту қабілетінің нашарлауына әкеп соғады.