Социализация детей в школе через инклюзивное образование



бет2/2
Дата11.06.2022
өлшемі33.8 Kb.
#268126
1   2
Байланысты:
мақала мафтуна
Педагогикалық техника-melimde.com
Аnnotation
This article discusses the need to include children with special needs in inclusive education, as well as ways to socialize them through inclusive education. The article says that all citizens have equal rights in society, there is an opportunity to study at school and university. The system of inclusive education should be integrated into mainstream schools to include children with special needs as well, regardless of their appearance, disability or poor health. Inclusive education is a complex and urgent problem that is currently attracting the attention of the world community. In this regard, the article discusses the full integration of the individual needs of children and their characteristics in the educational process with the participation of the environment and family members through inclusive education. Inclusive education is based on the ideology of eliminating any discrimination against children, establishing equal treatment for all people, and creating special conditions for children with special educational needs. This direction helps children to succeed in school and forms a good lifestyle. Because all people have the right to a good life.

Ключевые слова: инклюзивное образование, инклюзия, общество, государство, школа, дети, система, развивать, инновация

Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, инклюзия, қоғам, мемлекет, мектеп, балалар, жүйе, дамыту, инновация.

Кіріспе
Қазіргі кезде ерекше мұқтаждыққа зәру балаларда сауат ашу, оқыту және тәрбиелеуге баса назар аударылып отыр. Бұл заманда әр бір бала, әр азамат білім алуға толықтай құқылы және бұл туралы еліміздің заңнамалық,нормативті құжаттарында да көрсетілген. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке даярлауға арналған әрқилы мектепке дейігнгі тәрбие және оқыту «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін » қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар балалар саны артып отыр.[2,с 574] Оларды оқыту кеңейіп , түзетіп қолдау технологиялары жетілдіруде.


Инклюзивті білім беру туралы зерттеу орталығы барлық балалардың бірге оқу тәжірибесінің әлеуметтік маңыздылығын қарастырады. Бұл инклюзияның қорқыныш пен қате түсініктің алдын алуға және бір-біріне деген құрмет, өзара түсіністік және достық орнатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта инклюзия денсаулық, ахуал, кәсіптік оқу, мол тәжірибе және жұмысты қамтитын ауқымды әлеуметтік саланың бір бөлігі болып табылады. Ерекше қамқорлықты талап ететін балалармен жұмыс істеу, оларды оқытып, тәрбиелеу оңай шаруа емес. Педагог тұлғасынан түсіністікті, сүйіспеншілікті, адалдықты және сабырлылықты талап ететін зор еңбек болып табылады. Осы орайда, білім беруде ерекше қажеттілігі бар оқушыларды қолдау жұмыстарына педагогтермен қоса қосымша ересек адамдарды араластыру тәжірибесі көп кездеседі. Мысалы, соңғы 20 жылда Біріккен Корольдік мектептерінде мұғалімдермен бірге жұмыс істейтін қосымша ассистенттердің саны күрт артқаны байқалады.[1,с 601] Осылайша, педагог тұлғалары қоғамда мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше қамқорлыққа мұқтаж балаларды оқытуда барлық күш-жігерлерін жұмсап, қолдан келгенше тырысып бағып, барлық адамзаттың бірдей дәрежеде екенін қоғамның санасына сіңуіне және әр бір дүние есігін ашқан бала толықтай білім алуға құқылы екенін дәлелдеуге тырысып бағуда. Алайда, педагогтар мен білім беретін орта, яғни, мектеп баланы тек білім алуға үндеп, тәрбиелі болуға баулиды, ал нағыз үлгі-өнеге мен тәрбие ең алдымен отбасынан басталады. Сондықтан тек мұғалімдер емес, сонымен қатар, ата-аналар мен басқа да отбасы мүшелері баланы тәрбиелеп, жақсы жолға бастап отыруы тиіс. Үкімет пен жоғары білім беретін оқу орталары жастарға барынша қолдау көрсетіп отыр.

Инклюзивті білім беру дегеніміз- ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту, тәрбиелеу үдерісіне қосу. Инклюзия сөзінің мағынасы- (франц. «Inclusif»- өзіне енгізетін; лат. «Include»- ішіне аламын, енгіземін) жалпы білім беретін мектептерде ерекше мұқтаждықтары бар балаларды оқыту үрдісін сипаттауда қолданылатын термин. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы барлық балаларға мектепке дейінгі, мектепте және басқа да оқу орындарында білім алуға, қоғам өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13- желтоқсанында енгізілген болатын. Ал біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Инклюзивті білім берудің мақсаты- мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты білім алатын балалар қатарына қосып, бірдей білім беру, оқыту. Бұл дегеніміз, адамдардың дініне, шығу тегіне, жынысына, сырт келбетіне қарамай, тең құқылы жеке тұлға ретінде баршаға бірдей білім беру жүйесі болып табылады. [5]


Инклюзивті білім беру жүйесі- оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсетумен қатар, оларлың әрқайсысын психологиялық- педагогикалық қолдауды қамтамасыз етіп, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизиологиядық мүмкіндігін назарға ала отырып, құрылатын оқу-тәрбие процесін ерекшелігін ескерген жөн. Яғни, қазіргі жаңа инновациялық оқыту технологияларының бірі- тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясын негізге ала отырып, білім беру жүйесін құрастырады. Инклюзивті оқытудың ерекшелігі де сонда, яғни, педагог топтағы балалардың әртүрлілігін, олардың сипаттамаларын, мүмкіндіктері мен жеке мүдделерін, қажеттіліктері мен әр баланың даралығын ескере отырып оқытады, соған бағдарланады. Осыған байланысты оқытуда пайдаланатын әдіс- тәсілдер мен технологияларды таңдап,өзгертіп отырады.
Оқыту мен тәлім- тәрбиеден бөлек, ең алдымен инклюзивті білім алатын балалармен жақын қарым- қатынас орнатып алған жөн. Әр баланың физиологиялық ерекшелігінен бөлек, ішкі жан дүниесін түсіну, психикасындағы ерекшеліктерді, немесе ауытқушылық байқалатын болса, дер кезінде алдын алу жолдарын қарастырып педагог- психологтың көмек беруі қажет. Балаға ең алдымен өзін жақсы түсінетін жақын дос, өзін жақсы көретін жанашыр ата - ана мен мұғалім болуы қажет. Сонымен қатар, баланың физиологиялық ерекшеліктері мен ауытқуларын анықтап алып, әрі қарай соған сай әрекет ету қажет. Л. С. Выготский айтқандай: «Зерттеуші өзінің жұмысын жүргізу барысында тек ғана жинаған мәліметтерге емес, сонымен қатар, өзінің тұлғалық қасиеттерін де іске асыра алуы қажет. Адамның қасиеттері диагностикалаудың ажырамас бөлімдерінің бірі, сондықтан, зерттеуші тек топтастырылған сүреттемелерге ғана емес, сонымен қатар, мінез – құлықтағы өзгерістерді де байқауы қажет». Сол себепті, диагностикалау барысында баланың жеке қасиеттеріне де көңіл бөліп, назар аудару қажет. Жалпы балалардың психофизиологиялық және психологиялық ахуалын тексеру үшін бірнеше әдісті қолдану қажет. Мысалы, 1- сыныптар үшін: «Мектепте оқуға дайындындықтың мотивациясы» атты Л. А. Венгер тесті- оқушыларды жағымсыз қасиеттерден арылту мақсатында; «Қарым-қатынас» түстері (А. О. Прохорова тесті) – оқушының білім мекемесіндегі субъективті эмоционалды жай күйін анықтауда; «Мидың аз дисфункционалдық диагностикасы» (Р. Тулуз- Пьерон тесті) – кіші мектеп жасындағы балалардың ми қызметінің бұзылуының диагностикасын анықтауда; 4 – сыныптар үшін: «Мектептік бағалаудың скринингтік мотивациясы» (Н. Г. Лусканова тесті) – даму деңгейі диагностикасының өнімділін анықтауда; «Социометрия» әдістемесі – топтағы балалар арасында социометриялық өлшемдер жүргізу, аутсайдер балалармен бөлек жұмыс жүргізу үшін; ал жоғары сыныптар үшін: «Ақыл-ой дамуын тексеру» (Штур тесті) – мектептегі әртүрлі ақыл-ой дамуының параметрін анықтауда; «Қызықтар картасы» (А. Е. Голомшток тесті) - оқушылардың болашақ мамандықтарын таңдауы үшін және т.б. әдістерді қолдануға болады.[4,с 14;15]
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары:

  • Әрбір адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады;

  • Әрбір адам ойлауға қабілетті;

  • Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы;

  • Әрбір адам білім алуға құқылы;

  • Барлық адам бір-біріне қажет;

  • Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;

  • Барлық адам құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;

  • Әр адам білім алу барысында көмекке мұқтаж;

  • Жан-жақтылық адамның өмір сүру барысын кеңейтеді.[4,с 8]

Инклюзивті оқыту барысында балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы болып танылуда. Қазіргі кезде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Осы орайда, балаларға бағдарлана оқыту технологиясын да ішіне алады. Себебі, инклюзивті білім беруде әр бір баланың қажеттілігі ескеріліп, қанағаттандырылып отырылады. Инклюзивті оқытуда топтық және жеке оқыту формасы да қолданылады. Бала жеке жұмыс жасаған кезде, ешкімге тәуелсіз болуға, мәселелерді жалғыз өзі шеше алуға үйренеді. Топпен жұмыс жасаған кезде, топ мүшелері мен жақын қарым-қатынас орната отырып, басқалардың ойын тыңдауға және құрметтеуге, басқалардың пікірі мен санасып, ортақ қорытынды жасауға үйренеді. Егер де инклюзивті білім беру жүйесі балаларға ұнап, сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда балалардың да денсаулығы мен психикасы жақсы жаққа өзгере бастайды. Сонымен қатар, инклюзивті білім беретін мектептерде оқитын балалар адамның құқығы туралы, конституциядағы заңдылықтар туралы оқуға мүмкіншілік алады. Бұл мүмкіншіліктің енгізілген себептерінің бірі, әр бір адам өз құқығын білуі, қоғамда өзінің құқығын қорғай алуы қажет және инклюзивті оқитын балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге үйренеді.


Психикалық дамуының ауытқушылығы бар балаларда интеллектуалды даму деңгейі, зейіні, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Осы себептерге байланысты психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 7-8 жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші, не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектеп мен балабақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толыщ игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баланы арнайы мектеп-интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы білім беретін мектепте арнайы бағдарламамен мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, инклюзивті оқуға міндетті. Себебі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» әр бір азамат орта білім алуға міндетті.[3,с 16]

Қорытынды


Қоғамда барлық адами тұрғыдан алғанда тең дәрежелі, сондықтан ерекше қамқорлыққа мұқтаж балалар, мүгедектер және мүмкіндігі шектеулі әр түрлі топтағы балалар дені сау балалармен жалпы білім беретін мектептерде және ЖОО да оқуға тең құқылы. Қазіргі кезде еліміздің барлық төңірегінде инклюзивті білім беру арқылы балаларға сауат ашып, оларды оқытып- тәрбиелеуге үкімет тарапынан жағдай жасалып отыр. Инклюзивті білім беру жүйесінің де негізгі мақсаты, оқушылардың тең құқығын анықтау және жүзеге асыру, сонымен қатар, ұжым іс-әрекетіне қатысуға, қоршаған ортасымен қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау болып табылады. Инклюзивті оқыту арқылы әр бір ерекше қамқорлыққа мұқтаж балалардың қажеттіліктері ескеріліп, білім алуына қажетті жағдайлар туғызып, жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнайы жеңілдетілген бағдарламамен, қажетті техникалық құралдар арқылы, арнайы мамандармее жүзеге асырылады, нәтижесінде, ерекше мұқтаждықтары бар балалар сауат ашып, мұғалімдер тарапынан тәрбиеленіп, психологиялық жағынан дами түседі, қоршаған ортаға бейімделіп, әлеуметтенеді, қарым-қатынасқа түсе алады, басқа балалар сияқты оқыту-тәрбиелеу үдерісінде жетістіктерге жетіп, биік шыңдардан көріне алады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, гуманизм мен қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Инклюзивті оқыту арқылы балалар баршаның тең құқылы екенін түсініп, толеранттылыққа тәрбиеленеді. Түсіністік танытып, қолдау көрсету ата-аналар тарапынан да талап етіледі, себебі, бала ең алдымен отбасында тәрбиеленеді, ең алдымен ата-анасынан қамқорлық пен сүйіспеншілік күтеді. Мектепте мұғалім тәртіпті болуға шақырып, білім алуға бағыт-бағдар беріп отырса, отбасы мүшелері баланы тәрбиелеп, сауат ашуға көмектесіп, қолдау көрсетеді.
Инклюзивті білім беру біз өмір сүріп жатқан әлемнің, біз армандаған әлемнің және біздің осы екі әлемдегі рөліміздің сипаты жайлы пайымдауға көмектеседі. Сондай-ақ, инклюзия мен әлеуметтік теңдікті сынып бөлмесінен тыс жерде де жүзеге асырылуы тиіс. Білім беру қоғамды өзгерте алмауы мүмкін, бірақ мұғалім қоғамдағы әртүрлілікті барынша азайтуға ат салысуы міндетті. Бұл күрделі мәселе, бірақ бұл бағыттағы жұмыс қашанда білім беру саласындағы жауапты вектор болып қала береді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. Эндрю Поллард. «Рефлективті оқыту негіздері» Ұлттық аударма бюросы, 5-басылым.: Нұр-Сұлтан, 2020ж.

  2. Рассел Григг. «Бастауыш мектеп мұғалімі. Шеберлікті шыңдау» Ұлттық аударма бюросы, 2-басылым.: Нұр-Сұлтан, 2020ж.

  3. Кубесова Д. Заманауи педагогикалық технологиялар және инклюзивті оқыту- өмір қауіпсіздігі // Мектептегі психология. Психология в школе.-2021.- № 12

  4. Мендалиева Ж. Инклюзивті білім берудің қажеттіліктері// Мектептегі психология. Психология в школе.-2021.- № 2

  5. https://bilimger.kz/106979/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру