СызықТЫҚ алгоритмдер мен программалар жұмыстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата02.10.2022
өлшемі0.61 Mb.
#307175
түріПрограмма
  1   2
Байланысты:
Зертхана2



Зертханалық жұмыс №2. 
СЫЗЫҚТЫҚ АЛГОРИТМДЕР МЕН ПРОГРАММАЛАР 
 
Жұмыстың мақсаты: Компьютерде есептерді шешуге үйрену үшін алдымен 
қарапайым 
сызықтық 
алгоритмдер 
мен 
олардың 
негізінде 
құрастырылатын 
программаларды орындауға машықтану.
Әдістемелік материалдар мен жаттығулар. Есептеу техникасында орындалатын 
амалдар негізінен бүтін және нақты типтерге жататын деректермен байланысты. Олар сан 
мәндері арқылы сипатталынады. Компьютердің техникалық ерекшелігіне байланысты, 
оның жадындағы бүтін сандар дәл күйінде, ал нақты сандардың мәндері жуық түрде 
сақталынады. Деректердің мәндері оларды сақтауға арналған жад көлеміне байланысты 
болады. Математика пәніндегідей, сандарға қосу, алу, көбейту, бөлу амалдары орындалады.
Нақты сандардың бөлшек бөлігі мен бүтін бөлігінің арасына нүкте қойылады. 
Ескеретін мәселе – бөлу амалын орындағанда, нәтижесі нақты сан болады. Мысалы: 
> > > 5/2 
2.5 
Арифметикалық амалдардың орындалу нәтижесінде бүтін сан алынғанның өзінде 
нәтиже нақты сан түрінде бейнеленеді. Мысалы, 5.0 немесе 125.00. 
Кез келген есептің алгоритмі күрделі болуы мүмкін; алгоритм көптеген қарапайым 
алгоритмдерден құралады. Ең қарапайым алгоритмдердің негізінен үш түрі жиі кездеседі: 
сызықтық, тармақталған және қайталанатын (цикл) алгоритмдер. Осылардың бірінші түрі 
қарастырылсын. 
Сызықтық алгоритм дегеніміз есепті шешуге арналған барлық амалдар бір тізбек 
бойынша, тек бір бағытта орындалатын есептеу процесі. Мұндай алгоритмнің негізінде 
құрастырылған программаның операторларының орындалу тәртібі жазылу тәртібімен 
бірдей болады. Ондай алгоритмді орындау үшін меншіктеу, енгізу және шығару 
операторларымен шектелуге болады. 
Мысал 1. Берілген арифметикалық өрнектің мәнін есептеу. Тұрақты әрі белгілі 
шамалар 𝑎, 𝑏, 𝑐 мен мәні енгізілетін шама 𝑥 үшін келесі функцияның мәнін есептеу керек 
болсын: 𝑦 = 𝑎 ∙ 𝑥
2
+
𝑏 ∙ 𝑥 + 𝑐.
Алгоритм әртүрлі бейнеленуі мүмкін. Мысалы, блок-схема немесе вербальді (мәтін) 
түрінде. Әрине, алгоритмді блок-схема түрінде бейнелеу көрнекті болғанымен, жұмыстың 
нәтижесі бойынша есеп құрастыруда кейбір қиындықтарды туғызуы мүмкін (көп орын 
алады және сызба жұмысына уақыт жұмсалынады). Сондықтан вербальді сипаттауды 
қолданған ыңғайлы болады.
Енді осы амалдардың компьютерде орындалуы қарастырылсын: 
a=5 
b=7 
c=9 
x=3 
y=a*x*x+b*x+c 
print(x,y) 
3 75 
Мысал 2. Қабырғалары берілген үшбұрыштың периметрін табу алгоритмі. 
Математика пәнінен белгілі тәртіп бойынша, алдымен қабырғалардың мәндерінің 
үшбұрыш құрайтындығын тексеру керек. Осыдан кейін оның алгоритмін келесі түрде 
сипаттауға болады.
1. Берілген үшбұрыштың қабырғаларының мәндерін 𝑎, 𝑏, 𝑐 компьютер жадына 
енгізу. 
2. Үшбұрыштың периметрін есептеу 𝑝 = 𝑎 + 𝑏 + 𝑐. 
3. Есептің нәтижесін экранға шығару. 


a=4 
b=6 
c=5 
p=a+b+c 
print('p=',p) 
p= 15 
Мысал 3. Қарапайым пайыз бойынша депозитке салынған ақшаның алғашқы 
мөлшері екі жылдан кейін қаншаға тең болатынын есептеу. Ол есептеудің формуласы 
белгілі: 
summa = summa ∗ (1 + r ∗ n),
мұндағы r = 5% −жылдық пайыз мөлшері, summa =1000 – депозитке салынған 
ақшаның алғашқы мөлшері. Екі year=2 жылдан кейінгі ақшаның мөлшерін табу үшін келесі 
амалдар орындалады: 
summa =1000 
rate = 0.05 
year = 2 
summa = summa*(1+year*rate) 
print(summa) 
1100.0 
Осы мысалдарда келтірілген алгоритмдердің операцияларының жазылу тәртібі 
бойынша, ешбір ауытқусыз орындалады. Әрине, практикада мұндай алгоритмдер таза 
күйінде кездеспейді; олар күрделі алгоритмдердің құрамында ғана болады. 
Мысал 4. Күрделі пайыз бойынша депозитке салынған ақшаның үш жылдан кейінгі 
шамасын анықтау керек болсын. Есептеу формуласы келесі: 
summa = summa ∗ (1 + 𝑟)
𝑛
,
мұндағы r = 5% −жылдық пайыз мөлшері, summa =1000 – депозитке салынған 
ақшаның алғашқы мөлшері. Үш year=3 жылдан кейінгі ақшаның мөлшерін табу үшін келесі 
амалдар орындалады: 
summa=1000 
rate=0.05 
year=3 
summa=summa*(1+rate)**year 
print(summa) 
Есептеудің нәтижесі: 
1157.6250000000002 
[Finished in 100ms] 
Мысал 5. Жоғарыда келтірілген мысалдарда программаның орындалу нәтижесін 
шығаруда қолданылған print() функциясының аргументінің аты ғана көрсетілген. 
Сондықтан компьютер өзінің қалауы бойынша нәтижені шығарған. Нәтижені өз қалауымыз 
бойынша шығаруға болатын мүмкіншіліктер бар. Сонымен бірге, қайталау алгоритмінің бір 
мүмкіндігі де қарастырылсын. Ол үшін while циклдық командасын қолдануға болады. 
Кейінгі дәрістерде циклдық алгоритмдер туралы мәліметтер толығырақ қарастырылады.
Әзірше жоғарыда қарастырылған есептің мақсаты өзгертіліп, енді ақшаның әрбір жылдағы 
мөлшерін табу керек болсын. Программа келесі түрде жазылсын:
s=1000 
rate=0.05 
nyears=5 
year=1 
while year<=nyears: 
s=s*(1+rate) 


print ("%3d %0.2f" %(year, s)) 
year+=1 
Бұл программаның орындалуының нәтижесі келесі түрде шығарылады: 
1 1050.00 
2 1102.50 
3 1157.62 
4 1215.51 
5 1276.28 
Нәтижені осындай түрде шығаруды форматталған деп атайды; ол нәтижені көрнекті 
түрде, оқуға ыңғайлы түрде болуын қамтамасыз етеді. Мұндағы келтірілген белгілеулердің 
қызметін келесі түрде сипаттауға болады: 
- %3d деген белгілеу бүтін типке жататын сан, ені үш таңбаның орнына тең сол 
жақтан ашық жер қалдыру немесе шегеру, d белгісі бүтін сан типін көрсетеді; 

%0.2f белгісі нақты сан типіне жататынын көрсетеді; 0.2 белгісі нақты санның 
бөлшек бөлігінде сақталынатын таңбалар санын көрсетеді.
Форматтаудың басқа да түрлерін пайдалануға болады. Мысалы, бұл программаны 
келесі түрде жазылуы қарастырылсын: 
s=1000 
rate=0.05 
nyears=5 
year=1 
while year<=nyears: 
s=s*(1+rate) 
print (format(year,"3d"), “ “, format (s,"0.2f")) 
year+=1 
Бұл программаның орындалу нәтижесі жоғарыда келтірілген программаның 
нәтижесіндей екендігіне көз жеткізуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
ғылым министрлігі
сәйкес оқыту
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
рсетілетін қызмет
Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
атындағы жалпы
туралы жалпы
қызмет стандарты
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
емтихан сұрақтары