«Сызба геометрия және инженерлік графика» пәнінен қортынды бақлауға арналған сұрақтар



Дата14.09.2022
өлшемі19.9 Kb.
#290215
Байланысты:
emtihan suraktar


«Сызба геометрия және инженерлік графика» пәнінен қортынды бақлауға арналған сұрақтар

1.Проекциялау әдісінің негізі неде?


2. Центрлік проекциялау және оның негізгі қасиеттері қандай?
3. Параллель проекциялау және оның қасиеттерін атаңыз.
4. Тік бұрышты проекциялау (ортогональ) дегеніміз не?
5. Нүктенің центрлік прекциясы қалай тұрығызылады?
6. Қандай жағдайда түзу сызықтың центрлік проекциясы нүктеге проекцияланады?
7. Параллель деп аталатын проекциялау тәсілінің мағынасы неде?
8. Түзу сызықтың параллель проекциясы қалай тұрғызылады?
9. Түзу сызықтың параллель проекциясы нүкте бола ала ма?
10. П1, П2 жүйесі дегеніміз не және олар қалай аталады?
11. Проекция осі дегеніміз не?
12. «Байланыс сызығы» дегеніміз не?
13. Берілген горизонталь және фронталь екі проекциялар бойынша үшінші профиль проекциясы қалай тұрғызылады?
14. Эпюр дегеніміз не?
15. Октанттар қалай орналасады?
16. Координаттар мәндерінің таңбаларын түсіндіріңіз.
17. Бәсекелес нүктелер дегеніміз не?
18. Түзу сызықтың эпюрасы дегеніміз не?
19. Жалпы жағдайда орналасқан түзу сызық дегеніміз не?
20. Түзу сызықтың нақты шамасы дегеніміз не?
21. Дербес жағдайда орналасқан түзу сызықтар дегеніміз не?
22. Параллель түзу сызықтар дегеніміз не?
23. Деңгейлік түзу сызықтар дегеніміз не?
24. Түзу сызықтың көлбеулігі дегеніміз не?
25. Проекцияланушы түзу сызықтар дегеніміз не?
26. Түзу сызықтың ізі дегеніміз не?

  1. Сызбада жазықтық қалай беріледі?

  2. Түзудің берілген жазықтықта жатқандығы сызбада қалай анықталады?

  3. Берілген жазықтыққа тиісті нүктені сызбада қалай құрастыруға болады?

  4. Фронталь проекциялық, горизонталь проекциялық және профильдік- проекциялық жазықтықтар дегеніміз не?

  5. Жалпы жағдайдың түзуі арқылы жүргізілген фронталь проекциялық жазықтық сызбада қалай бейнеленеді?

  6. Екі жазықтық өзара қандай жағдайда болады?

  7. Екі жазықтықтың параллельдік белгісі қандай?

  8. Жазықтықта жатқан нүктенің бір проекциясы бойынша екінші проекциясын қалай салады?

  9. Екі жазықтықтың қиылысу түзуін салу жолдарын көрсетіңіз.

  10. Сызбаны түрлендіру тәсілі дегеніміз не?

  11. Проекция жазықтығын алмастыру тәсілі дегеніміз не?

  12. Айналдыру тәсілі дегеніміз не?

  13. Сызбада түзу сызықтың нақты шамасы мен жазықтыққа бұрыштық шамасын проекция жазықтығын алмастыру тәсілімен қалай анықтайды?

  14. Түзу сызықтың нақты шамасы мен жазықтыққа бұрыштық шамасын айналдыру тәсілімен қалай анықтайды?

  15. Сызбада нүкте мен жазықтықтың ара қашықтығын проекция жазықтығын алмастыру тәсілімен қалай анықтайды?

  16. Сызбада екі жазықтықтың бұрыштық шамасын проекция жазықтығын алмастыру тәсілімен қалай анықтайды?

  17. Сызбада айқас екі түзу сызықтың ара қашықтығын проекция жазықтығын алмастыру тәсілімен қалай анықтайды?

  18. Жазықтыққа бұрыштық шамасын проекция жазықтығын алмастыру тәсілімен қалай анықтайды?

  19. Жазықтықтың нақты шамасын деңгей түзуінің бойында айналдыру тәсілімен қалай анықтайды?

  20. Жазықтықтың нақты шамасын беттестіру тәсілімен қалай анықтайды?

  21. Көпжақты бет дегеніміз не?

  22. Дұрыс көпжақты бет дегеніміз?

  23. Дұрыс көпжақты беттердің түрлері?

  24. Жай көпжақты бет дегеніміз не?

  25. Жалпы жағдайдағы көпжақты бет дегеніміз не?

  26. Көпжақты бет пен түзу сызықтың қиылысу нүктелері қалай анықталады?

  27. Көпжақты бет пен жазықтықтың қиылысу сызығы қалай анықталады?

  28. Көпжақты беттердің өзара қиылысу сызығы қалай анықталады?

  29. Көпжақты беттердің жазықтықпен қимасы фигураларының формасы қандай болады?

  30. Беттердің проекциялаушы жазықтықпен қималарын анықтаудың негізгі тәсілі қандай?

  31. Екі көпжақты беттердің қиылысу сызықтарына тиісті нүктелерді өзара қосу тәртібі қандай?

  32. Беттің жазбасына жалпы түсінік беріңіз.

  33. Призма, цилиндр, пирамида және конус беттерінің жазбаларын қандай реттілікпен құрады?

  34. Қисық беттердің жазықтықпен қиылысу сызықтарын қалай саласыз?

  35. Түзу сызықты және қисық сызықты қисық беттердің негізгі айырмашылығы неде?

  36. Жазылатын қисық беттерге қандай беттер жатады?

  37. Беттердің жазбасына жалпы түсінік беріңіз.

  38. Беттердің жазбаларын сала білудің техникада қандай мәні бар?

  39. Бет бойында орналасқан нүктенің жазбадағы орны қалай анықталады?

  40. Аксонометриялық проекциялар деген не және олардың қандай түрлері бар?

  41. Аксонометриялық проекциялардың осьтері, бұрмалау коэффициенттері, масштабтары деген не және олар қалай анықталады?

  42. Аксанометриялық проекцияларды негізінен не үшін қолданады және оларды салу жолдарының принципі қандай?

  43. Нүктенің екінші проекциясы деген не?

  44. Ортогональ проекциядан аксанометриялық проекцияға және керісінше көшу қалай орындалады?

  45. Аксанометрияның негізгі теоремасында не айтылған және оны дәлелдеу жолы қандай?

  46. Тік және қиғаш бұрышты аксанометриялық проекциялардың айырмашылықтары неде?

  47. Тік бұрышты изометрияда және диметрияда аксанометриялық осьтерді қалай жүргізеді және олар бойынша алынған бұрмалау коэффициенттері неге тең?

  48. Проекция жазықтықтарына параллель жазықтықтарда орналасқан шеңберлердің аксанометриялық проекцияларын қалай құрады? Проекциялардың әрбір түріне мысал келтіріңіз.

  49. Қандай жағдайларда шеңбердің тік бұрышты аксанометриялық проекциясын түзу кесінді немесе шеңбер түрінде кескінделуі мүмкін?

  50. Бұранда дегеніміз не?

  51. Сырық (стержень) мен тесіктегі бұранда қалай кескінделеді?

  52. Бұранданың жанабына байланысты қандай түрлері бар?

  53. Бекіту бұрандасы деген не?

  54. Жүрістік бұранда дегеніміз не?

  55. Жүрістік бұрандағақандай бұрандалар жатады?

  56. Қиықжиек дегеніміз не?

  57. Ажырамайтын қосылыстар дегеніміз не?

  58. Пісірмелі қосылыс дегеніміз не?

  59. Пісіру жапсары тілікте қалай көрсетіледі?

  60. Пісіру жапсарының қандай түрлері болады?

  61. Тойтарма шеге дегеніміз не?

  62. Тісті дөңгелек дегеніміз не?

  63. Тісті берілістің қандай түрлері болады?

  64. Тоғынды беріліс дегеніміз не?

  65. Серіппе дегеніміз не?

  66. Серіппенің қандай түрлері болады?

  67. Серіппенің ортаңғы орамдары неліктен кескінделмейді?

  68. Нобай дегеніміз не?

  69. Нобайдың сызбадан айырмашылығы неде?

  70. Нобайды орындау үшін қандай заттар (материал) қажет?

  71. Нобайда бөлшекті айналдыра өлшегенде қандай құралдар қолданады?

  72. Нобайда қандай өлшемдер қойылады?

  73. Тетіктерді өлшеу үшін қандай өлшеу құралдары қолданылады?

  74. Сипаттізім деген не?

  75. Сипаттізім не үшін қажет?

  76. Құрастыру сызбасы деген не?

  77. Құрастыру сызбасына қандай өлшемдер қойылады?

  78. Стандарт бойынша кедір-бұдырлықтың неше класы тағайындалған?

  79. Қандай сызбалар жұмыс сызбалары деп аталады?

  80. Жұмыс сызбасына қандай талаптар қойылады?

  81. Бөлшектеу дегеніміз не?

  82. Бөлшектеу не үшін орындалады?

  83. Өлшемдерді үйлестіру деген не?

  84. Құрастыру сызбасын орындағанда тіліктер мен қималар қолданылады ма?




Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде