Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы
Ситуациялық есеп
Тобы: ЖМ-906
Орындаған:Батыр Н.А
Қабылдаған:Даулетова М.Д
Түркістан 2022
Науқас М 69 жастағы ер адам таңертең станционардың қабылдау бөлімшесіне келіп түсті. Төс артындағы 25 минутқа созылған қысып ауруы сезімі, ентігу, жүрек тұсында тәулікте қайталанып отыратын ұстамаға, әлсіздікке шағымданды.Ауруы сезімі нитроглицериннің 2 таблеткасымен басылған.
Анамнезінде: 2 апта бұрын миокард инфарктын алған.Осы апта ішінде ангинозды ауырсыну жиілеген. Ауырсыну сол қолға, иыққа, мойынға және жаққа беріледі. Нитроглицерин таблеткасымен ауырсыну басылады. Артериялық гипертониямен 2 жылдан бері сырқаттанады, ең жоғары АҚҚ 150/90.АҚҚға қарсы кардиомагнил мен фозиноприл 5 мг күніне екі реттен қабылдап жүр.
Қант диабетінің 2 типін 2 жылдан бері ауырады. ЖРВИ мен жиі ауырады.
Объективті қарау: наукастың жалпы жағдайы қанағаттандыралдық, тері жабындысы бозғылт, бойы - 168 см, вес - 90 кг. ИМТ – 31,9 кг/м2.Перифериялық ісіктер жоқ. Өкпеде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ.
ТЖ 18 рет/мин. Жүрек тондары өзгеріссіз. ЖСЖ – 95 рет/мин, АҚҚ 180/110мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз,тілі ылғалды, таза.
Лабораториялық зерттеу: Лейкоцит-8,5/л, тромбоцит-180/л, эритроцит- 4,5/л, гемоглобин-126г/л, СОЭ-8мм/ч,глюкоза - 8,9 ммоль/л, (HbA1c)-9.
Инструментальді зерттеу: ЭКГ
ЭКГ түсірілді: ІІ,ІІІ AVF Т тісшесі аздап жоғарылаған, aVL тіркемесінде T инверсия, S-T сегменті изолиниядан 1-2 мм жоғары.
Сұрақтар:
1. Синдромдарды анықтаңыз.
2. Диагнозды құрастырыңыз.
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеу әдістері.
4. Ауруды емдеу үшін негізгі қолданылатын дәрілерді жазыңыз.
Жауаптары:
1. Синдромдарды анықтаңыз.
Коронарлық синдромы
ауырсыну синдромы,
АГ синдромы,
гипергликемия.
2. Диагнозды құрастырыңыз.
Негізгі ауру: ЖИА, тұрақсыз үдемелі стенокардия,ІІІ ФК С (Braunwald E), жоғары қауіп,ерте инфаркттан болған.
Басынан өткерген: 25.11.2022 МИ
Негізгі аурудың асқыну: Артериялық гипертензия І дәреже.
Ілеспелі аурулары: Қантты диабет ІІ тип-декомпенсация сатысы
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеу әдістері.
Эхокг, Селективті Коронография, Б\Х, ЖҚА, ЖЗА, Радионуклеотидтік сцинтиграфия, күштемелік сынама, тәждік артерияның мультиспиралды компьютерлік томографиясы.
4. Ауруды емдеу үшін негізгі қолданылатын дәрілерді жазыңыз
І.Нитраттар негізінен шеткергі көк тамырларды кеңейтіп, жүреке келетін қан мөлшерін азайтады, өкпе артериясындағы қан қысымын төмендетеді, корнар тамырларының түйілуін басады. Ең нәтижелі өкілі - нитроглицерин. Жүрек қыспасын басу үшін тіл астына 0,5 мг нитроглицерині бар бір таблетка салу керек, оның әсері 1 – 3 минуттан кейін басталып, 3 – 5 минутта шарықтау шегіне жетіп 20 – 30 минутқа дейін созылады.
ІІ. Бета – блокаторлар ауырсынуға қарсы, ырғақтың бұзылуына қарсы, қан қысымын төмендету ретінде қолданатын дәрі – дәрмектер. Олардың барлығына тән қасиеттер: жүректің соғу жиілігін азайту, миокардтың жиырылғыштығын төмендету, жүректің қан айналымы және оттегіне мұқтаждығын азайту.Метопролол тартрат- 5мг 2-3 рет аралығы жалпы мөлшер 15 мг жеткенге дейін ішке 50 мг әр 6 сағат сайын 48 сағат бойы.
ІІІ. Кальций антогонистердің негізгі қасиеттері тамыр жүйесінің кедергісін азайту, жүректегі тотығу – тотықсыздану дәрістерін төмендету, жүрек торшаларына кальциий иондарының ағысын бәсендету, қан қысымын төмендету осы аталған дәрілер түріне сәйкес келеді. Нифедипин 10 мг күніне 2-3 рет.
ІҮ.Миокардтың метаболизмін жақсартатын дәрілер қолданады: милдронат, предуктал-35 мг 2-3 раза
V.Антикоагулянтты терапия- ST сегменті жоғарыламаған жағдайда тромболитик енгізілмеген жағдайда-1 мг/кг 2 рет тәулігіне.
VІ. Фракционирленбеген антикоагулянт болмаган жагдайда гепарин 60-70 ХЕ/ кг сағатына ( махс 1000 ХЕ/ сағ)
VІІ. Тромболизис жүргізу үшін альтеплаза т/і тікелей 15 мг,сосын 30 мин аралыгында 50 мг,сосын 60 мин аралыгында 35мг,100-200 мл 0,9 натрий хлорид ерітіндісімен бірге; тенектеплаза 50 мг ағыщып 5-10 с аралығында.
Достарыңызбен бөлісу: |