- Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) және оны құрайтын көлемдерді анықтау үшін сулы немесе құрғақ спирометр қолданылады. Спирометрдың мунштугін спиртке матырылған мақтамен сүртеді. Зерттелуші максимальді дем алғаннан кейін спирометрге максимальді терең дем шығарады. Спирометр шкаласы арқылы ӨТС анықтайды. ӨТС-ның көлемін анықтау үшін зерттеуді бірнеше рет қайталап, оның орташа өлшемін алу керек. Әрбір қайталаған сайын спирометр шкаласын бастапқы сызыққа қойып отыру керек. Ол үшін сулы спирометрдің ішкі цилиндрінен тығынды алып, цилиндрді төмен түсіреді, ал құрғақ спирометрде өлшейтін шкаланы айналдырып, нөлдік белгіні сызықпен теңестіреді. Зерттелушіні тұрғызып, жатқызып және физикалық жүктемеден кейін де анықтайды.
Қазіргі спирометрлер тікелей тыныс көлемдерін немесе ағыс (поток) өлшемін өлшей алады, сол өлшемдерді пайдаланып көлемдерді өлшей алады. Спирометрия жүргізгенде өлшем жүргізетін адамның мұрынынан ауа сыртқа мұрыннан шығып кетпеу үшін- арнайы зажиммен қысады, ол спирометрге пластикалық немесе қағаз мундштук арқылы дем алады. Тыныс көлемдері мен сыйымдылықтар(сыйымдылық- ол екі немесе одан көп көлемдер жиынтығы) резервті тыныс шығару көлемі-(РО выд) мен функциональды қалдық сыйымдылығы(ФОЕ), тыныс алу сыйымдылығы (Е вд), резервті тыныс алу көлемі- РО вд мен тыныс көлемдері (ДО). - 1.ӨТС (ЖЕЛ) - өкпе тіршілік сыйымдылығы. Науқас қалыпты дем алады, сосын жайлап терең дем алады жалпы өкпе сыйымдылығына жеткенше(қаншалықты ауа сыйғанша), сосын жайлап толық тыныс шығарады, жалпы қалдық ауа көлемі қалғанша(ОО). Осы жайлап толық тыныс шығарған кезде алынған ауа Өкпе тіршілік сыйымдылығы деп аталады.
- 2. ФЖЕЛ(ТӨТС)- тездетілген өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Науқас қалыпты дем алады, сосын жайлап терең дем алады жалпы өкпе сыйымдылығына жеткенше, сосын максимальды интенсивті жылдам тыныс шығарады қалдық ауа қалғанша. Кей уақытта науқасқа содан кейін максимальды интенсивті жылдам тыныс алуды сұрайды-жалпы өкпе тіршілік сыйымдылығына жеткенше (ОЕЛ). ФЖЕЛ(ТӨТС)- ол форсирленген тыныс шығару кезінде алынған көлем.
- 3. ОФВ1- форсирленген тыныс шығарудың 1 секундтағы көлемі
Достарыңызбен бөлісу: |