Сырлаушы күнде терезе бояп үлгереді. сырлаушы күнде қанша терезе бояп үлгереді?



Дата22.11.2022
өлшемі49.26 Kb.
#360905
Байланысты:
Ммок 214 Шынарбек Ерсайын Мөж 4
темная материя, ТЕСТ 200 сұрақ (копия), Емтихан жауаптары Тарбие теориясы

  1. 1 сырлаушы 1 күнде 6 терезе бояп үлгереді. 1 сырлаушы 7 күнде қанша терезе бояп үлгереді?

Шешуі:
1 сырлаушы 1 күнде – 6
1 сырлаушы 7 күнде – х
х =




  1. AB кесіндінің ұзындығы CD кесіндісінің ұзындығынан 6 см артық. Егер AB кесіндісінің ұзындығын 15 см, CD кесіндісінің ұзындығын 4 есе арттырса, онда нәтижесі тең болады. AB және CD кесінділерінің ұзындықтарын табыңдар.

Шешуі:
CD = x болса, AB = x + 6 болады.AB кесіндісін 15 см-ге арттырса, x + 6 + 15;CD кесіндісін 4 есе арттырса, x · 4 болады.
4x=x+6+15
4x–x=21
3x=21
x =7
CD = 7→AB=7+6=13


  1. Велосипедші 13 км/сағ жылдамдықпен 2 сағатта, 3 сағатта, 5 сағатта неше километр жол жүрді? S - жол, v - жылдамдық, t – уақыт

Шешуі:
Берілген жылдамдық және уақыт бойынша жүрілген жолды табайық:
S = v · t
S = 13 · 2 = 26 (км) – велосипедшінің 2 сағатта жүрген жолы
S = 13 · 3 = 39 (км) - велосипедшінің 3 сағатта жүрген жолы
S = 13 · 5 = 65 (км) - велосипедшінің 5 сағатта жүрген жолы
Берілген жағдайда жылдамдық (v) – тұрақты шама, ал жол (S) және уақыт (t) – мәндері өзгеріп отыратын шамалар.
Есептің мазмұнындағы велосипедшінің 13 км/сағ жылдамдықпен жүру жолының ұзындығы (S) оның жүру уақытына (t) тәуелді.
Онда уақыт (t) - тәуелсіз айнымалы шама, ал жол (S) - тәуелді айнымалы шама.



  1. Квадраттың қабырғасы а см, оның периметрін (Р) табыңыз. Мұндағы а = 2; 5; 7.



Шешуі:
Квадраттың периметрінің формуласы: P = 4a.
Егер:
a = 2 болса, Р = 4 · 2 = 8 (см);
a = 5 болса, Р = 4 · 5 = 20 (см)
;a = 7 болса, Р = 4 · 7 = 28 (см).
Квадратың периметрінің (Р-нің) мәні оның қабырғасының ұзындығы (а-ның) мәніне тәуелді, мұндағы а – тәуелсіз айнымалы, ал Р – тәуелді айнымалы.
Тәуелсіз айнымалы а-ның берілген бір мәніне тәуелді айнымалы – Р-ның бір ғана мәні сәйкес.
Демек, P = 4a формуласы бойынша квадраттың периметрі (P) оның қабырғасының ұзындығына (a) тәуелді.


  1. Меншікті жылдамдығы 20 км/сағ катер, ағыс жылдамдығы 4,5 км/сағ өзенде ағыспен t сағ жүзді.


Шешуі:
v = 20 + 4,5 = 24,5 км/сағ
Өзенде ағыспен жүзген катердің жүзу қашықтығының (S) жүзу уақытына (t) тәуелділік формуласы:S = 24,5 · t
Формула бойынша:
1) t = 2 болғандағы S = 49 км
2) t = 5 болғандағы S = 122,5 км
Тәуелді айнымалы: S
Тәуелсіз айнымалы: t


«Өзгерістер мен қатынастар» тақырыбын оқыту процесінде 5-9 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру
Оқушының танымдық мүмкіндіктерін арттыруда мұғалім басты рөл атқарады. Оқу – білім алу қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады. Жалпы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, таным белсенділігін арттыру мақсатында сабақ барысында мынадай жұмыстар жүргізуге болады:
1) Деңгейлік есептер шығару
2) Тест есептерін шығару
3) Семантикалық карталар толтыру
4) Перфокарталармен жұмыс
5) Алгоритмдер құрастыру
6) Тірек-сызбалармен жұмыс 7
) Сөз жұмбақтар құрастыру және оны шешу
8) Суретті есептер шығару
9) Ойын, әзіл есептер шешу т.б
PISA есептері арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыта отырып, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға болады. Қазіргі мектеп бітіруші түлектердің жаңа форматты тест сынағын тапсыру барысында математикалық сауаттылықтан білім деңгейлері анықталады. Осы орайда математикалық сауаттылықтан алынған байқау сынақтарында берілген тапсырмаларды сараптай келе бірнеше мағыналы ойлау есептерін байқауға болады. Әсіресе экономикалық мазмұнды математикалық есептер. Экономикалық мазмұнды математикалық есептерді шығарудың практикалық мәні зор. Ол арқылы материалдық қаржы қорын, жұмыс уақытын тиімді пайдалана білуге, еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс сапасын көтеру мүмкіндігін табуға, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Материалдық қаражат түрлерін үнемдеп пайдалану жолында өндіріс орындарында ғана емес, жеке отбасы өмірінде де түрлі қиыншылыққа және т.б. құндылығын түсініп, үнем ережесінің тиімді жолдарын іздестіруге тәрбиелейді, келешекте өздігінен дұрыс шешім табуға баулиды.
Экономикалық терминдер жайлы түсінік қалыптастыратын есептерге ҰБТ есептеріндегі «Арифметикалық орта» тақырыптарында «Орташа айлық табыс», «Орташа жылдық өнім көлемі» деген экономикалық түсінік беруге болады. Мен өз сабағымда оған көптеген мысал есептерді келтіре отырып, отбасы жағдайымен байланыстырып шығартсам балалар ойланып қалады. Ата-анасымен үйренгендерін айтып бөлісуге асығады.
Орташа айлық табыс және орташа өнім, проценттік өсім табу жөніндегі мысалдар келтірейін:
Мысалы: Сауыншының қазан айындағы айлық табысы 3200 теңге, ал қарашада қазан айына қарағанда 15%-ке көп. Ал желтоқсанда қарашаға қарағанда 10%-ке кем. Сауыншының төртінші тоқсандағы орташа айлық табысын көрсетіңдер.
Шешуі:
3200∙0,15=480;
3200+480=3680 теңге қараша айы.
3680∙0,1=368;
3680-368=3312 теңге желтоқсан айы.
Енді орташа айлық табысы: (3200+3680+3312)/3 = 3397теңге.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені