Синонимдердің мағыналық реңкі



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата19.05.2023
өлшемі0.68 Mb.
#578736
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
stud.kz-104290
философия сессия, В.В.Андронников тест, Алтын сақа 3 -сынып мектепішілік 2022, Дарындылық картасы, kontrolnaya rabota 4 magnetizm , 2021. Тәлімгер жоспары. Жас маман Аян, 500 Әдіс-тәсілдер, Гугл дискте жұмыс жасау, Мангыстау, Педагогика -5, c7c7cb1, Зертхана 1, Олимпиада бұрынғы материалдар, sabaq-kz attachment ou-sauattylyy-test, Ауған соғысы
соқтырарлық олқылықтар да бар.
7. Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен
фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Мысалы:
Жолыққан жанның бәріне асығыс, ат үсті жауап берді [40, 69 б.]. 
8. Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі – перифраза. Жеке сөздің
орнына оның түсінігін сипаттап беру. Мысалы: М.Әуезов деудің орнына
«Абай жолы» романының авторы, Күләш деудің орнына қазақтың бұлбұл
әншісі деуге болады.
9. Мағынасы жағымсыз сөздердің мәнін тыңдаушыларға жеңілдетіп,
жұмсартып айту тәсілін тіл білімінде эвфемизм деп атайды. Бұл да тіл
мәдениетінің бір тәсілі болып саналады. Мысалы, өсек-аяң дегеннің орынан
ұзынқұлақ немесе сымсыз телефон деп, өтірік сөз дегеннің орнына қоспа деп,
өсекші дегеннің орнына аузы жеңіл деп жұмсартып қолдана беруге болады.
М.Әуезов «Абай жолы» романында Абайдың өлімін мынадай
эвфемизмдер арқылы бейнелеген: «Осылайша айналасы айықпаған сұр
тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп
болған күннің ертеңінде Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің ыстық демі
тоқталды. Шөл даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үзілді. Сонау бір
шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім өскен алып
шынар құлады. Өмірден Абай кетті. Мұнда жазушы Абай деудің орнына
бірде Ұлы жан, бірде ұлы кеуде, бірде зәулім өскен алып шынар деп
перифраза тәсілімен ерекше назар аудартқызып, өлді деген жағымсыз қатал
сөздің орнына дүниеден көшті, қазақ тапты, демі тқталды, үзілді сияқты
эвфемизмдерді қолданған [25, 296 б.].
Жүйелі синонимдерге мәтіннен тысқары күйінде де мағыналық
жағынан жақын немесе тепе-тең келетін сөздер жатады. Олар мәтін ішінде
қолданбай-ақ, сол күйінде синонимдік қатар жасай алады. Ал, тек мәтін
45


ішіндегі қолданысына қарай синонимдік қатар құрай алатын түрлерін
мәнмәтіндік синонимге жатқызамыз.
Ғылыми әдебиеттерде синонимдердің мәтін ішінде атқаруы мүмкін
стилистикалық қызметтері төмендегідей санамалап көрсетіледі:
1) салғастыру қызметі;
2) қарсылықты қатынасты білдіру қызметі;
3) юмор туғызу;
4) эмоционалдық қызметі [10, 98 б.].
Көркем шығарма тілінде жазушылар синонимдерді көбінесе бір сөзді
қайталамас үшін қолданады: Мысалы арық, күйсіз, көкбақа деген сөздер
синонимдес сөздер. Олардың ішіндегі доминант – арық сөзі. Көркем
шығармадан мысал келтірсек:
Қаздары арық, тауықтары көкбақа екен [24, 19 б.].
Күйсіз сиырдан туған бұзау арық келеді [24, 19 б.]. 
Ақбiлектiң жүрегі зырқ ете mүcmi. Зырқ етпей қайтсiн, тықыр
шықты. Жүрегiнiң дүрсiлi болғай eдi деп, қолын кeyдeciнe басып eдi. Тас,
тас емес-ау, тeмip емес - ажал шықыр еткендей, құйқа тамыры шымыр
eттi. [39, 69 б.]. 
Бұл мысалдарда автор қорықты, шошып кетті деудің орнына бұл
сөздерге мағыналас тұрақты тіркестерді (жүрегі зырқ ете mүcmi , құйқа
тамыры шымыр emmi ) қолдану арқылы айтпақ ойын оқырманға әсерлі етіп,
дамытып жеткізеді.
Синонимдер контексте мағыналық контраст деп аталатын кереғарлық
мән тудырып, оның оқырманға тигізетін әсерін-экспрессиясын күшейту
арқылы стильдік жүк арқалайды.
Туған жер есіне түскенде, іші бауыры елжіреп өртенгендей күйеді [39,
79 б.]. 
Іші бауыры елжіреу, өртену- өкіну, сағыныш деген сөздермен
мағыналас.
Көркем шығарма тілінде қаламгер айтпақ ойын айқын, әсерлі етіп
жеткізу үшін және поэтикалық образды дәл беру үшін синонимдік
қатарларды таңдап, талғап пайдаланады. Синонимдер - шығарма тілінің сөз
оралымын арттыратын құралдар. Синонимдк қатарлардың біреуін өз орнына
таңдап жұмсау, жазушыдан шеберлікті, сөздің нәзік мағыналық ерекшелігін
сезіне білуді талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
сәйкес оқыту
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
бекіту туралы
болып табылады
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасының
Инклюзивті білім
білім берудің
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
рсетілетін қызмет
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
мемлекеттік мекемесі
Суммативное оценивание