Синонимдердің мағыналық реңкі


Синонимдердің стильдік және қолданыстық реңкі



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата19.05.2023
өлшемі0.68 Mb.
#578736
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
stud.kz-104290
философия сессия, В.В.Андронников тест, Алтын сақа 3 -сынып мектепішілік 2022, Дарындылық картасы, kontrolnaya rabota 4 magnetizm , 2021. Тәлімгер жоспары. Жас маман Аян, 500 Әдіс-тәсілдер, Гугл дискте жұмыс жасау, Мангыстау, Педагогика -5, c7c7cb1, Зертхана 1, Олимпиада бұрынғы материалдар, sabaq-kz attachment ou-sauattylyy-test, Ауған соғысы
2 Синонимдердің стильдік және қолданыстық реңкі
2.1 Синонимдердің функционалдық стильде қолданылуы
Ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, синонимдердің мағыналық
сәйкестігінен басқа олардың мәнмәтін ішінде де орын ауыстырымдылығы
маңызды екендігіне көз жеткізуге болады. Өйткені синонимдерді бірін-бірі
алмастырып қолдану кезінде сөздердің стильдік реңктері ажыратылып,
синонимдер қолданылу ерекшеліктеріне қарай жіктеледі.
Сөздердің стильдік реңктері олардың неше алуан функционалдық
стильде қолданылуымен тығыз байланысты.
Әрбір тілдің қаншалықты дамығандығы сол тілдегі стильдік
салалардың санымен қоса, сапасымен де өлшенеді. Әдеби тілі ерте дамыған
тілдердің стильдік белгілері айқын сараланып, жігі бір-бірінен бөлініп
тұрады. Ал жазба әдебиеті кенжелеп дамыған елдерде стильдің түрі мен жігі
ажыратылмай, бір-бірімен араласып жатады. 
Қазақ тіліндегі стильдің түрі мен жігі ажыратылып, сараланған.
Синонимдердің стильдік мәнін ғалым Ә.Болғанбаев мынадай түрлерге бөліп
көрсетеді [5, 29 б.]:
1. Қадір тұтып сыйлағандықты білдіретін реңктер: ақсақал – қария;
2. Салтанат құру, көтеріңкі мәндегі реңктер: мерекелеу – тойлау, азамат
– жігіт;
3. Поэтикалық реңктер: асқар – биік, шапақ – арай;
4. Дөрекілік мәндегі реңктер: бет – сықпыт, ерке – шолжың, ақсақ –
шойнақ;
5. Кекесін, мысқыл мәніндегі реңктер: көлік – бұт артар, еркек –
бөрікті; т.б.
Белгілі бір ұғымды жан-жақты толықтырып айтуда, сәл ғана
мағыналық айырмашылқтарды қамтып, оралымды етіп жеткізуде синоним
сөздердің стильдік мәні өте зор. Сонымен бірге, синонимдердің стильдік
қызметі мынада: сөйлеуде я жазуда бір сөзді қайта-қайта қайталау, мысалы:
алдыңғы сөйлемде қолданылған сөзді, келесі сөйлемде қайталай беру
стильдік жағынан кемшілік туғызады. Мұндай жағдайда сол сөздің
синониммін тауып қолдану керек. Мысалы, ұлы жазушы М.Әуезовтың «Абай
жолы» романынан алынған сөйлемдегі сөздерге назар аударып көрейік.
«Қазіргі Тоғжан жүзінде бір шақ кетпейтін үлбіреп, толқып, лезде
келіп, сәтте қайтып тұратын қызыл арай реңі жоқ». Осы сөйлемдегі жүз, рең;
кезде, сәтте деген сөздер – бір-біріне синоним. Жазушы өзара мәндес
сөздердің нәзік айырмашылықтарын жете біліп, синоним сөздердің
сыңарларының айтылатын ойға дәл келетінін тауып қолданған. Соның
нәтижесінде оның ойы көркем болып шыққан. 
Барынша жалпы мәнінде алсақ, стилистика тілдің мәнерлі құралдары
туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-
қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің
қызмет ету заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-
35


қатынастың анағұрлым жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай
салаларына ғылыми, көркем, публицистикалық, ресми және тұрмыстық
салалар жатады. Функционалды стильдер осы салаларға сәйкес
ажыратылады.
Әдеби тілдің стилистикалық жүйесі өте күрделі және біркелкі сипатқа
ие емес, көп қырлы. Л.В.Щербаның пікірінше, оған (стилистикалық жүйеге)
әлеуметтік және жергілікті диалектілердің сипаттамалары, жазба тілдің
әртүрлі формалары (мыс, көркем әдебиеттілінің, ресми тілдің формасы,
ғылыми стиль т.б.) кіреді. Қоғам «жіліктенген» сайын, ол «қоғамның әдеби
тілінің стилистикалық құрылымы да күрделене түседі». Әрбір ерекшеліктің
өмірге келуі қарым-қатынастың міндетінен туындайтын жұмсалымдық
сәйкестілік болғанда ғана жүзеге асады. Стилистикалық құрылымда,
Л.В.Щербаның пікірінше, «сөздердің сәйкесті төрт қабаты ерекше орын
алады», олар: салтанатты мәнге ие сөздер, бейтарап, тұрпайы (фамильярный)
және дөрекі (вульгарный) сөздер (мыс, лик-лицо, морда-рожа). Ол орыс
әдеби тілінің стилистикасын негізгі және ерекше бояуларға ие бірнеше
қосымшалардан тұратын шоғырланған топ ретінде алып қарап, яғни, тілдің
синонимдік қатарын стилистикаға тірек етіп ала отырып, бірақ стилистиканы
тек синонимия құбылысымен шектемейді [34, 117-126 б.].
Жалпы, тілдің синонимикалық құралдары мен функционалды
стильдердің ара-қатынасы мәселесі - әлі толық зерттелмеген іргелі мәселе.
Функционалды стильдерде тілдің синонимикалық байлығы әртүрлі дәрежеде
пайдаланылады. Мысалы, көркем стильде синонимдер кең пайдаланылса,
ғылыми, ресми стильдерде керісінше аз жұмсалады, тіпті мүлде
қолданылмайды десе болады.
Тіл байлығының көрсеткіші болып табылатын синонимдерді жете
білудің мәні зор. Лексикалық синоним сөздерге бай адамның жазғаны да,
сөйлегені де ұдайы құлпырып, түрленіп тұрады. 
Тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік құрамының бай әрі
дамыған тіл екенін аңғартады.
Синонимдер тікелей стильмен байланысты болып келеді. Тіл-тілде
салаланған, қалыптасқан, орналасқан бірнеше стильдік тармақ болады. Тілдің
даму барысында оның лексикасындағы көптеген сөздер сараланып белгілі бір
стильге телініп, әр топқа бөліне бастайды. Мұны белгілі бір синонимдік
қатардың ішіндегі сөздердің қолданылуынан да аңғаруға болады. Мысалы,
«Аспанды түнерген қара бұлт қаптаған, қара түнді өте-мөте меңіреу қылып
тұр» немесе «Көкке бой қанша созсаң жібермейді» деген сөйлемдердегі
аспан, көк деген синонимдік қатардың құрамындағы аспан сөзі, жер шары,
жер жүзі деген синонимдік қатардағы жер шары тіркесі көбінесе ғылыми
стильде қолданылады. 
Синонимдер қай стильде болса да бәрінде бірдей дәрежеде
қолданылмайды. Ауызекі тілде бір сөзді қайталай бермей, оған мағыналас,
мәндес синоним сөздерді қолдану да, ойды әсерлі, түсінікті жеткізудің
айғағы. Қашан да сөзді қарапайым қолдана отырып, тартымды да көркем
айта білген ғұламалардың шешендігін, сөйлеу мәнеріндегі қатаң сақталған
36


әуезділікті өзімізге өнеге тұтуымыз керек. Мысалы: «Жұрт, халайық, халық»
деген синоним сөздердің ішінен «халайық» сөзі, «барлық, күллі, баршасы,
барлығы» дегендерден «барлығы», «бет, жүз, рең, әлпет» дегендерден «бет
әлпеті» өте көбірек қолданылады.
Ауызекі стилін жандандыру үшін жазба әдебиеттегі сияқты әрбір
синонимдерді басқа да көркемдік тәсілдерді талғампаздықпен қолданса, ой
дәл, анық, әсерлі жеткізіледі.
Мысалы: Қайғы, уайым, қасірет, шер т.б. синонимдердің орнын
былайша алмастырып қолданса: «Солардың жетуін келтіріп, жазғытұрғы
аласапыранға ұрындырсақ, қолда барды тауысып, құралақан отырсақ,
Қарағанды қара қайғының астында қалады, мейрамдау түгілі кейде жақын
адамның да көңіліне қаяу салады. Оңашада үйде аналы-балалы екі адам
іштегі қайғы-шерін жаспен жібітті». (Ғ. Мүсірепов)
Әрине, ауызекі тіл жазба тілдегідей құрылымды, стилистикалық
заңдылықты қатаң сақтай бермейді. Десек те, тіл байлығын, халқымыздың
сөз асылдарын тиімді, өз орнымен пайдалана білсек, ана тіліміз де
жұтаңдамай, көркейе түседі.
Ресми-кеңсе, ғылыми стильде синонимдердің жеке бір сыңарлары
кейде ретіне қарай қолданылады. Ал екі, не үш синоним бірдей қатар
қолданылмайды. Бұлай тек публицистикалық және сөйлеу стилінде, көбінесе
көркем әдебиет стилінде жұмсалады. Мысалы, ағайын, қарындас сөздерінің
өзара синонимдік сипаты бар. Бірақ, соңғы сөз көбінесе көркем әдебиет
стилінде қолданылады, сөйлеу тілі стилінде өте сирек айтылады. Жалпы,
туыс ағайын мағынасындағы қарындас негізінен көркем әдебиет стилінде,
шешендік стилінде, ара-тұра сөйлеу стилінде қолданылады.
Серт, уәде, ант сөздері бір-біріне синонимдер. Жеке күйінде стиль
түрлерінің қай-қайсысында да қолданыла береді. Екеуі, не үшеуі қатар
көркем әдебиет стилінде, сондай-ақ публицистикалық стильде кездеседі.
Ара ағайынның сөзін айттың, қарындастың көз жасын айттың,
шырағым Абай, қарындасқа қайырымы бар бала деп естуші ем (М.Әуезов).
Қысылған халқың, қаумалаған қарындасыңбауырыңнан пана табар
бәйтерек болыңдар. Жем үшін осындайда қарындастың қанын ішкендіктен
қабан атанған. 
Кеңгірбайдың зиратына барып тұрып, серт, уәдені сонда шешеміз.
Бұнысы бір ант, серттей...Дәрмен өз ішінен бір ант-серт айтып
отырғандай болды. 
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында осындай мәнмәтіндік
синонимдер жиі ұшырайды. Мысалы, дәлел-далбай, жайылыс-өріс, әлек-
алқын, кейіс-қияс, кек-қыжал, қатал –суық, қорлық-мазақ, үміт-қиял,
соқтығысып -қағысып, пысқырып – ысқырып, шүленсіп- мырзансып,
қайратты-сабырлы, қуатсыз-қорғансыз, туысқансыз-жақынсыз, жүдеу-
қайғылы, мұңды, ұяң-жұмсақ, сұлу- ажарлы және т.б. Сол сияқты жазушы
қолданысындағы әмір-бұйрық, жыныс-ұлыс, жаза-кесік, бұла-болпаш,
тыным-тыйым, шабуыл-шандуыл сияқты үстеме мағыналы синонимдер
публицистикалық стильде, сондай-ақ сөйлеу тілі стилінде сирек ұшырасады.
37


Синонимдер публицистикалық стильде белгілі бір ойды жан-жақты
түсіндіру, толықтыра түсу мақсатында қолданылады. Синонимдер саяси
әдебиеттерде де осындай қызмет атқарады.
Публицистикалық стильде кейде дублет сөздер де қолданылады. Бұл
кісінің өшпес ерлігі мен батырлығы, өжеттілігі мен табандылығы туралы
аңызға айналған әңгімелер мен республикамыздың түкпір-түкпіріне тарады
(Газеттен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі