Синонимдердің мағыналық реңкі



Pdf көрінісі
бет13/38
Дата19.05.2023
өлшемі0.68 Mb.
#578736
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
stud.kz-104290
философия сессия, В.В.Андронников тест, Алтын сақа 3 -сынып мектепішілік 2022, Дарындылық картасы, kontrolnaya rabota 4 magnetizm , 2021. Тәлімгер жоспары. Жас маман Аян, 500 Әдіс-тәсілдер, Гугл дискте жұмыс жасау, Мангыстау, Педагогика -5, c7c7cb1, Зертхана 1, Олимпиада бұрынғы материалдар, sabaq-kz attachment ou-sauattylyy-test, Ауған соғысы
Майлин). Базаралы өз науқасының бар жайын айтып шықты. Ол үйде
болған сөздің барлығын Мағаш баяндап берді [25, 203 б.].
Бұл мысалдардағы мәндес мүшелер: тілмаш бол деп өтінген екен -
писарь бол деп жабысты, айтып шықты-баяндап берді, мәлімдеп берген-
әңгімелеп берді. Бұлар бірін-бірі қайталамай, тек сәндік үшін түрленіп тұрған
жоқ, мағыналық жүгі болғандықтан да белгілі стильдік қызмет атқарады. Бір
мүше қайталанбай басқаша айтылған: тілмаш бол деп өтінген екен —жай
тілек те, писарь бол деп жабысты — экспрессивті тілек, айтып шықты —
түгел хабарлады, баяндап берді — түгін қалдырмай, тайсалмай хабарлады
деген мағынада. 
Сөз шеберлері синоним сөздерді бірыңғай мүше қызметінде де көп
жұмсайды. Ондайда бірыңғай мәндес мүшелер бірін-бірі толықтыра, сурет
бояуы айқындала түседі.
Ісіндің, кебіндің
Сонда да не пайда (Абай). 
Әлі де айтары көп адамдай қысылмай, жасқанбай, именбей күледі (Ғ.
Мүсірепов). 
Мұндайда көмекші сөз бен сөз тіркесінің сыңары бірыңғай сино-
нимдерге ортақ болып бір рет айтылады, мысалы: 
Ғылым оқып білгенше, тыным, тыныштық таппаған (Абай).
Сөйлемді солай құрауға әуес шебер жазушының бірі М. Әуезов ‘болатын: 
Ең аяғында Абай өзі бір тұспал, болжал жасады. Абай мен Ербол екеуі
де қатты жүріске шыдамды, берік болатын. Іштей екеуінің шыдамдылыққа
байласқан серті, бәсекесі бардай. Үлбіреген… жастықтық аса қатты
қысылған, қымсынған белгісі білінеді. Кей жайларды анық, айқын етіп
хатқа жазып келді (М. Әуезов). 
Сол мақсатпен синонимді бірыңғай мүшенің бірі жеке сөз, бірі тұрақты
тіркес болып та жұмсалады. Ондай болса, мен де ойланып, қабырғаммен
кеңесейін (С. Бақбергенов). Көзіме жас бер, жылайын, шыдам бер, сабыр
қылайын (Абай). Ұғынбайды, ұғынғысы келмейді. Тығылмай, ашу шақырмай
ұтқыр сөйлейтін кісі сияқтанды (Ғ. Мүсірепов). 
Жоғарғыдай мәндес сөздердің арасына да та жалғаулығын қойып
бірыңғай мүше қызметінде жұмсауға жазушы Ғ. Мүсірепов әуес. Бұл
әуестікте де ерекше стильдік мән бар: 
Бәрі де бір ұяда туып, өскендей топас та кеще. Білетіндері болымсыз да
мардымсыз болғанмен, әрнеге әзір тұрғандарын ұнатып қалды. Байжан
іркілмей де бөгелмей бармағын басты (Ғ. Мүсірепов). 
Мұндайдың айтылу әуенінде ерекше ырғақ болады да, мәндес
бірыңғайлардың мағыналары біріне-бірі еселеніп үстелетіндей экспрессивті
мағына сезіледі. Мұндай синтаксистік синонимдер қазақ тілінде мол.
22


Енді синтаксистік синонимдер мен синтаксистік варианттар
арақатынасын ажыратайық. Синтаксис аясында синонимдердің болатыны
сияқты, варианттар да болады. Бұл екеуінің арасындағы қарым-қатынастар
туралы сөз қозғау, сайып келгенде, олардың табиғаты, өзіндік ерекшеліктері
мен бір-біріне ұқсастықтары туралы сөз қозғау болып шығады. 
Синтаксистік варианттарға қатысты әр түрлі түсінік орын алып отыр.
Зерттеушілердің қай-қайсысы болса да синонимдер тәрізді, варианттардың
да, ілгеріде айтылғандай, параллелизмдердің бір түрі екенін мойындайды. Бір
байқалатын жай– варианттың ұғымын кең мағынада, тар мағынада да
түсінушілік кездесіп отырады. Кең мағынада түсінетіндер: «параллелизмнің
синонимдерден басқа, әйтеуір орын ауыстыруға келетін түрлерін
варианттар» – деп атайды. Ал тар мағынада түсінетіндер варианттар мен
тепе-теңдіктерді немесе альтернат, яғни дублеттерді ажыратуға тырысады.
Біреулері бұлай болуының себебін; шартын көрсетеді де, кейбіреулері тек
мысал келтірумен шектеледі. Қазіргі түркі тілдеріндегі синтаксистік
синонимдер мен синтаксистік варианттардың арақатынасы туралы мәселенің
беті ашылмаған. Татар тілінің маманы С. Ибраһимов синтаксистік
варианттардың қатарын ажырататын конструкциялардыңтіркесу, байланысу
түрлері арқылы ажыратылатындығын, мазмұны бірдей болатындығын атап
көрсетеді: «Синтаксистік параллельдер термині синонимдерге қарағанда кең
ұғымда қолданылады. Синтаксистік синоним үшін керекті белгілер
синтаксистік параллельдер ішінен табылады. Синтаксистік вариант термині
мүлдем басқа ұғымды білдіруге қолданылады. Синтаксистік вариант деп
аталатын конструкциялар тіркесуі, байланысу түрлері арқылы
ажыратылмайды, бірдей болып келеді». Келтірілген мысалдар теориялық
пікірді растайды. Бұл саладағы синонимдер мен варианттардың ұқсастығына
келетін болсақ, екеуіне де ортақ принциптер бар екенін байқау қиын емес.
Синтаксистік ситуация, демек, синтаксистік позицияның ұқсастығы екеуінде
де бар. Қаладан шықты – қала маңынан шықты – қалажақтан шықты
мысалдарынан, жалпы алғанда, синтаксистік параллелизмді көреміз. Бұл
параллелизм ішінде синоним де, вариант та көзге түседі. Қаладан шықты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі