Кіріспе
Ұсынылған пән таңдау компонентінің базалық пәніне жатады.
Пәннің мазмұны қаржылық ақпаратты өңдеу және талдау үшін заманауи АТ-инфрақұрылымын басқару ерекшеліктерімен танысуға және клиенттерге қызмет көрсетуде ақпараттық қолдауды қалыптастыруға, банктік ақпараттық технологиялардың әртүрлі нысандарын қолдануға байланысты бірқатар мәселелерді қамтиды.
«АТ-инфрақұрылымын басқаруды ұйымдастыру» пәнін оқытудың мақсаты бизнес пен кәсіпкерлік қызметте ақпараттық технологиялар мен жүйелерді пайдалану бойынша қосымша дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Пәннің міндеттері:
- бизнес және кәсіпкерлік саласында ақпараттық технологиялар мен жүйелерді пайдалану бойынша білім алу;
- студенттердің ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді, есептеу техникасы мен телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып, ұйымның АТ-инфрақұрылымын басқару бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру;
-негізгі оқытуды табысты жалғастыруға және таңдалған саладағы еңбек нарығында жақсы бәсекелестікке мүмкіндік беретіндей ақпаратты қорғауды және берудің сенімділігін қамтамасыз ету бойынша, интернетте Web-модельдерді құру қағидаттары бойынша білім мен дағдыларды алу;
- ақпараттық технологиялардың ғаламдық және әлеуметтік контекстегі әсерін түсіну үшін қажетті білімді игеру.
Басқа пәндермен байланысы:
Пререквизиттер: Informationand Communication Technologies
Постреквизиттер: дипломалды практика, дипломдық жоба
Оқыту нәтижелері:
- бизнес саласындағы ақпаратты және дербес деректерді қорғаудың тиісті деңгейін сақтай отырып, деректерді сақтау және өңдеу операцияларын басқару бойынша білімдерін көрсету;
-кәсіби қызметте бизнес-қосымшалар мен ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалана білу;
- алдағы кәсіби қызметте есептеу техникасы мен телекоммуникацияның заманауи құралдарын қолдана отырып, әріптестерімен және серіктестерімен жедел ақпарат алмасуды өз бетінше жүргізу;
-бизнес - басқару және IT-инфрақұрылымын дамыту саласында алынған деректерді талдау және түсіндіру.
Білім алушы пәнді меңгергеннен кейін келесі оқу нәтижелеріне ие болады:
-IT-инфрақұрылымын құру және басқару әдіснамасын, сондай-ақ басқару және сүйемелдеу саласындағы оның негізгі стандарттарын білу;
-әртүрлі профильдегі және масштабтағы IT-инфрақұрылым компоненттерін пайдалану кезінде заманауи бағдарламалық, ақпараттық қамтамасыз етуді таңдау және бағалау әдістеріне талдау жүргізе білу;
- бизнес-процестерді модельдеуде заманауи технологияларды пайдалану барысында дағдыларға ие болу.
Достарыңызбен бөлісу: |