Силлабус пән: Психология тарихы Курс



бет7/9
Дата16.01.2017
өлшемі0.76 Mb.
#219
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қысқаша мазмұны: Сараптаудың күрделі психикалық құбылыстарды зерттеуде қолданылуы, өріс алып таралуы. Г.Эббиигауздің (1850-1909), Г.Э.Мюллердің (1850-1934) есті зерттеуі. Вюрцбург мектебіндегі (О.Кюльпе, Н.Ах, К.Бюлер, О.Зельц) ойлауды 'эксперименталды зерттеу.

Д.М.Кэттеллдің ( 1860-1944) психологиялық лабораториясындағы даралық ерекшеліктер, оқу дағдылары, психофизика, ассоциация салаларындағы зерттеулері. Жануарлардың эксперименталды психологиясы (Э.Торндайк, В.Смолл және т.б.).

Ф.Гальтонның (1882-1911) эксперименталды дифференциалдық психологиясы. Тестерді құрастыру. Ч.Спирмен (1863-1945) қабілет туралы, факторлық анализді жасау, әзірлеу.

А-Бине, В.Анридің "даралық психологиясы" және психодиагностикалық әдістерді жасауы.

Г.И.Челпанов негізін калаған Москва университеті жанындағы психология Институтыңда, орыс лабораториясында В.М.Бехтерев, С.С.Корсаков, Л.Л.Токарский, П.И.Коналепский, Л.П.Нечаев, В.Ф.Чиждің эксперрименталды-психологиялық зерттеулері.

1907жылы В.М.Бехтерев негізін қалаған Психоневрологиялық институтындағы эксперименталды-психологиялық зерттеулер. А.Ф.Лазурскийдің тұлға психологиясына үлесі. Табиғи эксперименты құрастыруы.



Әдебиеттер:

  1. Изучение траидиций и научных школ в истории советской психологии / под ред. А.Н.Ждан – М., 1992

  2. Лейбин В.М. История зарубежной психологии – М., 1994

  3. Лучинин А.С. История психологии – Ростов н/Д., Феникс, 2005

  4. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. В 2-х том – Ростов- на-Дону, 1996

  5. Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии – СПб., 1998

  6. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001

  7. Ярошевский М.Г. История психология – М., 1985


11 – тақырып. Психологияның қазіргі тарихы. Психологиядағы әлемдік мектептер.

Сұрақтары. Психологиялық ғылымдардың жіктелуі. Психологиядағы дағдарыс. Әдіснамалық плюрализм. Психологияға философиялық ағымдардың әсері. (феномонология, экзистенциализм, прагматизм, марксизм өмір философиясы). М.Верттеймер, В.Келлер, К.Коффкалардың гештальпсихологиясы. К.Левиннің зерттеулері. З.Фрейдтің психоанализі. Фрейд бойынша психиканың дамуы. А.Адлердің даралық психологиясы. Ағза мен мүшелердің психикалық кемістігі мотивациялық фактор ретінде ілім. К.Юнгтің аналитикалық психологиясы. Ассоциативті сараптау.

Қысқаша мазмұны: Психологиядағы ашық дағдарыс. Психологиялық гылымдардың жіктелуі. Әдіснамалық плюрализм. Психологияға жаңа философиялық ағымдардың әсері.

Бихевиоризмнің психология пәні мен міндеттерін жаңаша түсінуі. Сана орнына мінез-құлықтың келуі. В.М.Бехтерев, И.М.ІІавлов және бихевиоризм. Бихевиоризмнің Дж.Уотсоннан Б.Скиннерге дейін дамуы. Бихевиоризмнің әлемдік психологиялық ғылымға қосқан үлесі.

М.Вертгеймер, В.Келлер, К.Коффканың гештальпсихологиясы. Физикализм, психофизикалық параллелизм. Негізгі ұғымдар мен эксперименталды деректер. К.Левиннің (1890-1947) зерттеулері. Гештальтпсихологияға және оның психика туралы ғылымға қосқан үлесіне жалпы баға беру.

Француз әлеуметтік мектебі психиканың дамуындағы әлеуметтік ортаның рөлі мен психикалық процестердің дамуы. ІІ.Жанедің тұжырымдамасындағы естің,ойлаудың, жалпы сананың және тұлғаның әлеуметтік шарттастыгы. Л.Леви-Брюльдің жабайы адам ойлауы туралы.

В.Дильтей мен Э.Шпрангердің сипаттау психологиясы, оның түсіндірме психологиясына қарсы тұруы.

З.Фрейдтің (1856-1939) психоанализі. Психиканың құрылымы мен динамикасы, сана мен санасыздық. Елігу, олардың сублимациясы. Фрейд бойынша, қорғаныс мсханизмдері. Фрейд бойынша, психиканың дамуы және тұлға жүйкесінің бұзылуы (невроздануы). ІІсихоанализдің психология мен іргелес ғылымдарға әсері.

А.Адлердің (1870-1937) даралық психологиясы. Ағза мен мүшелердің психикалық кемістігі мотивациялық фактор ретіндегі ілімі. Өтем жоне әсіре өтем. Билікке елігу және әлеуметтік сезім.

К.Юнггың (1875-1961) аналитикалық психологиясы. Архетип, ұжымдық санасыздық, экстраверсия ұғымдары. Ассоциативтік эксперимент.



Әдебиеттер:

  1. Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности.– М., 1999

  2. История психологии: период открытого кризиса (нач. 10-х – сер. 30-х гг. 20 века) Тексты / под ред. П.Я.Гальперина, А.Н.Ждан – М., 1992

  3. Лейбин В.М. История зарубежной психологии – М., 1994

  4. Лучинин А.С. История психологии – Ростов н/Д., Феникс, 2005

  5. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. В 2-х том – Ростов- на-Дону, 1996

  6. Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии – СПб., 1998

  7. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001

  8. Ярошевский М.Г. Психология в 20-ом столетии – М., 1974

  9. Ярошевский М.Г. История психология – М., 1985



12- тақырып. Марксизм философиясына негізделген кеңес психологиясының қалыптасуы.

Сұрақтары. Марксизм классиктерінің психология саласындағы негізгі идеялары. Психология ғылымына марксизмді еңгізу тарихы. ХХ ғасыр 20-30 жылдары аралығындағы әдіснамалық пікір сайыстардың тарихи ролі. П.П.Блонский, Л.С.Выготский, К.Н.Корнилов, С.Л.Рубинштейіннің маркстік психологиялық ғылымының қалыптасуындағы рөлі.И.П.Павлов, А.А.Ухтомский, Н.А.Бернштейн, П.К. Анохиннің мінез – құлық пен психикалық іс - әрекеттің философиялық механизмдерін зерттеуі.Кеңес психологиясының 20-30 жылдарындағы жалпы психология саласындағы жетістіктері. Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн. С.Л.Рубинштейннің «Психология негіздері» 1935 ж. кітабы кеңес психологиясының соғысқа дейінгі даму нәтижесін қортуы.

Қысқаша мазмұны: ХХғ. 20-30 жылдар аралығындағы әдіснамалық пікір-сайыстардың тарихи рөлі. П.П.Блонский, Л.С.Выготский, К.Н.Корнилов, С.Л.Рубинштейннің психологиялық ғылымның қалыптасуындағы ролі. Кеңес психологияда рефлексологияны, бихевиоризмді, психоанализді, психологиядағы идеалистік философияны сынға алуы. 30-жылдардағы педология мен психотехниканы талқандау.

И.ІІ.Павлов, Л.А.Ухтомский, Н.А.Бернштейн, Г.К.Анохиинің мінез-құлық пен психикалық іс-әрекеттің физиологиялық механизмдерін зерттеуі.

И.Н.Шпильрейн, С.Г.Геллерштейн, А.Ц.Пуни, К.К.Платоновтың қолданбалы зерттеулері мен практикалық психологиясы. Балалар психологиясы (ІІ.П.Блонский, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Н.А.Рыбников және т.б.), патопсихология (В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, В.Н.Мясищев және т.б.), әлеуметтік психология мен тұлға психологиясы (Б.Г.Ананьев, В.М.Бехтерев, А.Б.Залкинд, М.А.Рейснер және т.б.) бойынша зерттеулер.

Кеңес психологтарының 20-30 жылдардағы жалпы психология саласындағы негізгі жетістіктері (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготсий, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн). С.Л.Рубинштейшнің "ІІсихология негіздері" (1935) кітабы-кеңес психологиясының соғысқа дейінгі даму нәтижесін қорытуы.

Кеңес психологтарының соғыс жылдарындағы қолданбалы және практикалық жұмыстары.

Педагогикалық ғылымдар Академиясын (1943), Москвада және Ленинград университсттерінде психология бөлімін (1943-44), Грузияда психология Институтын (1944) ұйымдастыру.

1940-50 жылдары психологиялық ғылымдардың дамуына әкімшілік және саяси араласудың теріс салдары. Психология пәні, санасыздык, биологиялық пен әлеуметтіктің арақатысы туралы 50-70 жыддары теориялық пікір-сайыстар.

КСРО психологтар Қоғамын (1959), "Вопросы психологии" (1955) журналын ұйымдастыру. Кеңес психологиясының әлемдік ғылыми-ақпараттық кеңістікке шығуы.

1940-80 жылдары кеңес психологиясы мен жеке ғылыми мектептердің негізгі жетістіктері. Б.Г.Ананьевтың даралық психикалық даму мен сезімдік таным психологиясы теориясы. А.Н.Леонтъевтің іс-әрекет психологиясы. СЛ.Рубинштейннің психологияның философиялық негіздері мен субъект психологиясы. В.Н.Мясищевтің қатынас теориясы. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін кезеңдік калыптастыру теориясы. Д.Н.Узнадзенің бағдар теориясы. А.Р.Лурияның психикалық функциялардың динамикалық оқшаулануы (локализация) теориясы. Б.М.Теплов пен В.Д.Небылицынның жүйке жүйесі қасиеттері мен зерттеуі. В.С.Мерлиннің интегралдық даралық пен тепмерамент теориясы. Б.Ф.Ломовтың жүйелілік тұрғыда қарауды жасауы инженерлік психологияның негізін қалауы. П.И.Зинченко, А.А.Смирнов – ойлауды, О.К.Тихомиров, М.М.Мұқанов, Б.Ф.Зейгарниктың зерттеуі.

Психологиялық ғылымдардың жіктелуі. Әлеуметтік, заң, саясат, этностық, инженерлік, ғарыш, еңбек, спорт, өнер психологиялары және т.б.



Әдебиеттер:

  1. Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности.– М., 1999

  2. Зинченко В.П., Моргунов Е.В. Человек развивающейся . Очерки российской психологии – М., 1994

  3. Изучение траидиций и научных школ в истории советской психологии / под ред. А.Н.Ждан – М., 1992

  4. Лучинин А.С. История психологии – Ростов н/Д., Феникс, 2005

  5. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. В 2-х том – Ростов- на-Дону, 1996

  6. Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии – СПб., 1998

  7. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001

  8. Ярошевский М.Г. Психология в 20-ом столетии – М., 1974

  9. Ярошевский М.Г. История психология – М., 1985

13 – тақырып. Соғыс жылдары (1941 – 1945 ж) мен 80- жылдардың ортасына дейінгі кеңес психологиясы.

Сұрақтары. 1940-1980 жылдардағы кеңес психологиясы мен жеке ғылыми мектептердің жетістіктері. Кеңес психологтарының Жеңіске қосқан патриоттық үлесі. РСФСР – да Педагогикалық ғылымдар Академиясын, Мәскеу және Ленинград университеттерінде психология бөлімін, Грузияда психология Институтын ұйымдастыру. КСРО психологтар Қоғамының «Вопрос психология» журналын ұйымдастыру. Кеңес психологиясының әлемдік ғылыми ақпараттық кеңестікке шығаруы. КСРО психологтары Қоғамының съездері: 1959,1963,1968,1971,1977,1983,1989. О.К. Тихомировтың, М.Мұқановтың, Б.Ф.Зейгериктің зерттеуі. Психологиялық ғылымдардың жетілуі: әлеуметтік, заң, саясат, этностық, инженерлік, ғарыш, еңбек, спорт, өнер т.б. психологиялардың дамып жетілуі.

Қысқаша мазмұны: 1940-80 жылдары кеңес психологиясы мен жеке ғылыми мектептердің негізгі жетістіктері. Б.Г.Ананьевтың даралық психикалық даму мен сезімдік таным психологиясы теориясы. А.Н.Леонтъевтің іс-әрекет психологиясы. СЛ.Рубинштейннің психологияның философиялық негіздері мен субъект психологиясы. В.Н.Мясищевтің қатынас теориясы. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін кезеңдік калыптастыру теориясы. Д.Н.Узнадзенің бағдар теориясы. А.Р.Лурияның психикалық функциялардың динамикалық оқшаулануы (локализация) теориясы. Б.М.Теплов пен В.Д.Небылицынның жүйке жүйесі қасиеттері мен зерттеуі. В.С.Мерлиннің интегралдық даралық пен тепмерамент теориясы. Б.Ф.Ломовтың жүйелілік тұрғыда қарауды жасауы инженерлік психологияның негізін қалауы. П.И.Зинченко, А.А.Смирнов – ойлауды, О.К.Тихомиров, М.М.Мұқанов, Б.Ф.Зейгарниктың зерттеуі.

Психологиялық ғылымдардың жіктелуі. Әлеуметтік, заң, саясат, этностық, инженерлік, ғарыш, еңбек, спорт, өнер психологиялары және т.б.



Әдебиеттер:

  1. Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности.– М., 1999

  2. Зинченко В.П., Моргунов Е.В. Человек развивающейся . Очерки российской психологии – М., 1994

  3. Изучение траидиций и научных школ в истории советской психологии / под ред. А.Н.Ждан – М., 1992

  4. Лучинин А.С. История психологии – Ростов н/Д., Феникс, 2005

  5. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. В 2-х том – Ростов- на-Дону, 1996

  6. Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии – СПб., 1998

  7. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001

  8. Ярошевский М.Г. Психология в 20-ом столетии – М., 1974

  9. Ярошевский М.Г. История психология – М., 198


14-тақырып.Шетелдік психологиясының жаңа бағыттары мен беталыстары.

Сұрақтары. Жан Пиаженің генетикалық психологиясы. Анри Валлонның даму психологиясы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін психологяның жаңа салаларының пайда болуы мен дамуы. Инжанерлік психология, эргономика, кросс мәдени психологиялық зерттеулер, ұйымдастыру, тарихи, экологиялық психологиялар, психолингвистика т.б.Кибернетика мен ақпарат иеорияларының психологияға әсері. Когнетивті психология. Әлеуметтік когнетивтік психология. Неофрейдизм Г.Салливен, К.Хорни, необихевиоризмдегі А.Бандура тұлға теориялары, гуманистік психология Ш.Бюллер, А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс. Жаңа психопрактиктердің таралуы. Батыстың математика, физика, нейрофизиология, социология, саясаттану ғылымдары мен пән аралық байланыстарының дамуы.

Қысқаша мазмұны: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін психологияның жаңа салаларының пайда болуы және дамуы. Инженерлік психология, эргономика, кросс-мәдени психологиялық зерттеулер, ұйымдастыру, тарихи, экологиялық психологиялар, психолингвистика және т.б.

Ж. Пиаженің 1І896-1980) генетикалық психологиясы. А.Валлонның (1879-1962) даму психологиясы.

Кибернетика мен ақпарат(информация) теорияларының психологияға әсері. Когнитивтік психология. Әлеуметтік когнитивтік психология. Неофрейдизм (К.Хорни, Г.Салливен), необихевиоризмдегі (А.Бандура) тұлға теориялары, гуманистік психология (Ш.Бюлер, А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс) Трансактік психология. Трансперсоналды психология. Шығыс психологиясы мен философиясының Батыстың психологиялық ғылымдары мен практикасына әсері.

Психологияның математика, физика, нейрофизиология, әлеуметтану, саясаттану ғылымдарымен пәнаралық байланыстарының дамуы.

Психологиялық танымның озгешелігі мен мәні туралы пікір-сайыстар. XXI ғасыр - психология ғасыры.

Әдебиеттер:


  1. Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности.– М., 1999

  2. Лейбин В.М. История зарубежной психологии – М., 1994

  3. Лучинин А.С. История психологии – Ростов н/Д., Феникс, 2005

  4. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. В 2-х том – Ростов- на-Дону, 1996

  5. Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии – СПб., 1998

  6. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001

  7. Ярошевский М.Г. История психология – М., 1985


Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.

Сабақ барысы.

Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.


Практикалық сабақтарды өткізуге арналған

жалпы әдістемелік нұсқау

Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.

1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.

Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.
2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.

Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.



3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.

Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.



4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.

Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.

Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.

5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.

Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.



Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті
Гуманитарлық факультеті

Педагогика және психология кафедрасы

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
(Психология тарихы) пәніне арналған

1 – тақырып Психология тарихына кіріспе – 1сағат.

Психология тарихының пәні және міндеттері. Оның қазіргі заманда алатын орны.

Психология ғылымының функциялары және принциптері.

Психология тарихының даму кезеңдері.Зерттеу әдістері



Тапсырма:

  1. Сөздікке принциптердің және зерттеу әдістерінің анықтамасын жазыңыз.

  2. Кестені толтыр.




Психология тарихының зерттеу пәні

Қамтитын мерзімі

ерекшеліктері






































Әдебиеттер:

  1. Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности.– М., 1999

  2. Лейбин В.М. История зарубежной психологии – М., 1994

  3. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. В 2-х том – Ростов- на-Дону, 1996

  4. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001

  5. Ярошевский М.Г. История психология – М., 1985

  6. Аюрзанаев О.И. Пространство и время в буддизме/ Психология и соционика межличностных отношений - 2003, № 11


2 – тақырып. Бихевиоризмдегі ғылыми зерттеулердің бастауы мен дамуы

Талқылау сұрақтары: Классикалық бихевиоризмге мінездеме. Бихевиоризм және Скинердің басты идеялары. Бихевиоризмнің басты психологиялық жаңалықтары.

Необихевиоризм және оның өкідерінің өзіндік идеялары.
Тапсырма:


  1. Бихевиоризм және Скинердің басты идеялары.арасындағы салыстырмалы талдау жасау

  2. Қытай философиялық мектептері арасында салыстырмалы талдау жасау

Әдебиеттер:

    1. Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности.– М., 1999

    2. Лейбин В.М. История зарубежной психологии – М., 1994

    3. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. В 2-х том – Ростов- на-Дону, 1996

    4. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001

    5. Ярошевский М.Г. История психология – М., 1985

    6. Аюрзанаев О.И. Пространство и время в буддизме/ Психология и соционика межличностных отношений - 2003, № 11

3 – тақырып. К.Левин еңбектеріндегі тұтастылық идеясының дамуы

Талқылау сұрақтары: К.Левиннің тұлға теориясы. К.Левин еңбектеріндегі тұтастылық идеясының дамуы. Психологиялық идеялардың даму ерекшеліктері.



Тапсырма:

      1. К.Левиннің тұлға теориясы көзқарастарының салыстырмалы кестесін жасау

      2. Психологиялық идеялардың даму ерекшеліктері таным туралы көқарастарын талдау

      3. Ежелгі Шығыс пен Антиканың темперамент туралы идеяларын салыстырып талдау

      4. Дәріс бойынша жаңа түсініктерді сөздікке жазыңыз.

Әдебиеттер:

  1. Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности.– М., 1999

  2. Лейбин В.М. История зарубежной психологии – М., 1994

  3. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. В 2-х том – Ростов- на-Дону, 1996

  4. Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии – СПб., 1998

  5. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001

  6. Ярошевский М.Г. Психология в 20-ом столетии – М., 1974

  7. Ярошевский М.Г. История психология – М., 1985

  8. Донских О.А., Кочеркин А.Н. Античная философия. Мифология в зеркале рефлексии – М., 1993

  9. Материалисты древней Греции / под ред. М.А.Дынина – М., 1995


4 – тақырып. И.М.Сеченов және оның психологиядағы идеялары және эксперименттік психологияның бастауы

Талқылау сұрақтары: И.М.Сеченов және оның психологиядағы идеялары және эксперименттік психологияның бастауы жайлы таныстыру, тақырып аясында білімдерін толықтыру.

И.М.Сеченов психолог ретінде. Сеченовтың психологияны дамыту бағдарламасы. "Бас миының рефлекстері" еңбегінің орыс және дүние жүзілік психологияның кейінгі дамуы үшін мәні мен маңызы.

Тапсырма:


  1. Сеченовтың психологияны дамыту бағдарламасы туралы көзқарастарын салыстырып талдау

  2. "Бас миының рефлекстері" еңбегінің орыс және дүние жүзілік психологияның кейінгі дамуы үшін мәнін анықтау


Әдебиеттер:

    1. Жарықпаев, Калиев Қазақ тәлім-тәрбиесі – А., Санат, 1995

    2. Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности.– М., 1999

    3. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психоолгии. В 2-х том – Ростов- на-Дону, 1996

    4. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001

    5. Ярошевский М.Г. История психология – М., 1985


5 – тақырып. Іс-әрекеттік тұрғының жаңа түсіндіруші мүмкіндіктері

Талқылау сұрақтары: Индивидуалды сана ақиқаттар жүйесі ретінде. Әдеттегі ақиқат құрылымы. Индивидуалды сананы экспериментік зерттеу міндеттері. Ойлау психологиясындағы іс-әрекет тәсілінің дамуы. Іс-әрекеттің жүйелік қасиеттері мен сипаттамаларының өзарабайланысы. Тұлға іс-әрекет субъектісінің жүйелі «жоғарысезімтал» қасиеті ретінде (А.Н. Леонтьев).



Тапсырма:

      1. Жаңа заман ғалымдарының таным теорияларының салыстырмалы кестесін жасаңыз.

      2. XXI ғ. психологияның өкілдерін атап, олардың идеяларын ашыңыз.

Әдебиеттер:

  1. Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности.– М., 1999

  2. История психологии: период открытого кризиса (нач. 10-х – сер. 30-х гг. 20 века) Тексты / под ред. П.Я.Гальперина, А.Н.Ждан – М., 1992

  3. Лейбин В.М. История зарубежной психологии – М., 1994

  4. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии – Ростов- н/Д, 1996

  5. Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии – СПб., 1998


6 – тақырып. Танымдық процестерді жүйелік-іс-әрекеттік талдау мәселелері

Талқылау сұрақтары: Психологиядағы жүйелік іс-әрекет тәсілінің қалыптасуындағы

Іс-әрекеттік тұрғының жаңа түсіндіруші мүмкіндіктері.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> АҚпараттық хат 5 мамыр 2016 жылы
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Силлабус пән: Практикалық психология Курс
2016 -> Мамандық бойынша оқУ – Әдістемелік кешен
2016 -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
2016 -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
2016 -> Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы