Силлабус пән: Практикалық психология Курс


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет9/15
Дата16.01.2017
өлшемі302.77 Kb.
#223
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997

2.Гулина М.А. Основы индивидуального психологического консультирования. СПб., 2000

3.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985

4.Кошчо Й. Служба психологической консультации. Вопросы психологии.1984

5.Меновщиков В.Ю. Введение в психологическое консультирование. М.,2000

6.Обозов Н.Н. Психологическое консультирование.СПб.,2000.

8дәріс. Психопрофилактика (алдын – алу жұмыстары)



Дәрістің мақсаты: Студенттерге жалпы психологиялық кеңес туралы теориялық түсінік беру.

Жоспары:

1.Психологиялық алдын – алу жұмысының мақсаты мен міндеттері

2. Психологиялық алдын – алу жұмысының мазмұны

Психопрофилактикалық жұмыс – практик психолгтың қызметінің ішінде аз зерттелген түрі, алайда білім берудің психологиялық қызметіне қатысы бар барлық ғалымдар мен психологтар бұл жұмыстың маңыздылығын мойындап отыр.



Психологиялық профилактиканың міндеттері:

Психологиялық профилактикаға байланысты әр түрлі мәселелер америкалық әдебиеттерде көрініс тапқан. Психипрофилактикалық қызмет 3 деңгей арқылы жүзеге асырылады:

І деңгей – алғашқы профилактика деп аталады. Психолог мектептегі барлық балалармен бірдей жұмыс істейді және олардың психикалық денсаулықтарын қамқорлыққа алады. Мысалы, 10 оқушының 10-ымен де бірдей жұмыс атқарады.

Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша мектеп психикалық денсаулықтың профилактикасы үшін ең оптималды жүйе болып табылады және мектеп психологтары өмірге осындай алғашқы прфилактиканы әкелген негізгі мамандар болып есептелінеді.

ІІ деңгей – екінші профилактика. Бұл « тәуекелшіл » деп аталатын топқа, яғни мәселелері жаңадан басталған балаларға бағытталаған. Екінші профилактика балалардың оқу мен мінез-құлқында ерте пайда болған қиындықтарды зерттейді. Бұның басты міндеті – балалар әлеуметтік немесе эмоционалды басқаруға көнбейтін жағдайларға жетпей бұл қиындықтарды жеңу. Мұнда психолог шамамен 10 баланың 3-уімен жұмыс істейді және көп жағдайда ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру формасында жүргізіледі.

ІІІ деңгей – үшінші профилактика. Психолог нақты оқуда немесе мінез-құлқында мәселесі бар баламен жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – түзету немесе күрделі психологиялық қиындықтарды жеңу. Психолог 10 баланың 1-уімен жұмыс істейді.

І деңгейден ІІІ деңгейге дейін психолог қызметі жоспарға және қызметтің қамтамасыз етілуіне қатысьы бірте-бірте белсенді бола түседі.

Психопрфилактикалық іс-әрекеттің мәні – балалар мен оқушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын қорғап, күту. Олай болса, психопрофилактика – мектеп және мектепке дейінгі барлық жастағы балалардың психологиялық денсаулығын сақтауға, қорғауға және дамытуға бағытталған балалар психологының іс-әрекетінің арнайы түрі.



Психологиялық профилактика мыналарды талап етеді:

1. Білім беру ұйымдарында бала тұлғасының біртұтас психикасының дамуы мен қалыптасуы үшін қажет психологиялық жағдайлардың сақталуына жауапкершілікті;

2. Қарым-қатынасында, мінез-құлқында, интеллектуалдық және эмоционалды дамуында белгілі бір қиындықтарға әкеп соқтыратын балалардың ерекшеліктерін дәл уақытында анықтауды;

3. Балалардың келесі жастық кезеңге өтуімен байланысты мүмкін болатын әр түрлі қиындықтарды ескеруді;

Психопрофилактикалық жұмыс жеке балалармен, балалар тобымен, сыныппен, сол сияқты тәрбиешілермен, мұғалімдермен, ата-аналармен және баланы дамуына, дүниетанымына әсер ететін басқа да адамдармен де жүргізіле береді. Бұл жұмыстағы қиындық мынада – психолог педагогикалық ұжымның психопрофилактиканың маңызын түсінбейтін жағдайларға көп тап болады.

Психопрофилактиканың нәтижелі болуы тұтастай психологқа байланысты. Психолог өзінің біліміне сүйене отырып, баланың білім алуы мен тәрбиесінің дамуына жағымды жағдай туғызу үшін нені өзгерту керек, нені ескеру қажет және қалай кеңес беру керектігін қамтамасыз етеді.

Психологиялық профилактикалық жұмыстың мазмұны:

Психолог әр жастық кезеңді есепке ала отырып, әр түрлі жастағы балаларға арналған дамытушы бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады. Бағдарламалар білім беру мен тәрбие жұмыстарында барлық жастағы топтың балаларымен, сол сияқты тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналармен де жүргізіледі. Ең бастысы – оқушылардың барлығына практикалық іс-әрекетті өздерінің қызығушылығын, қабілеттерін анықтауға, дамытуға және өзін білімнің барлық саласында байқап көруге мүмкіндік беру. Сондықтан да әрбір баланың танымдық сферасы мен іс-әрекетінің кеңейіп, өзіне «осы уақыттағы мәдіниеттің әсерін» сезінуге мүмкіндік туғызу керек. Дамытушы бағдарламалардың да негізгі мәне осында.

Психолог жасайтын дамытушы бағдарламалардың қамту аймағы өте кең, күрделі. Мұнда психолог баланың қоршаған ортасын, оған әсер ететін барлық жағдайларды; ойынды, оқу процесін, тәрбиелік іс-шараларды, қарым-қатынасты, театрға, табиғатқа баруды, спорттық секцияларды талдайды. Мұнда бұның бәрі баланы психикалық, тұлғалық дамуына қаншалықты әсер ететіндігін анықтайды.

Психолог баланың болашақтағы интеллектуалды және тұлғалық дамуында белгілі бір пайда болатын қиындықтарды ескеріп отыра алатын психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.

Психопрафилактикалық жұмыс- практикалық психологияда үлкен қажеттілігіне және үлкен қолданысына қарамастан аз өңделген аз қарастырылған психологиялық жұмыс болып есептеледі.

Психологиялық прафилактиканың міндеттері:

Психопрафилактиканың ең кең маңызды мәселелері америкалық әдебиеттерде көрініс тапқан.

Психопрафилактиканың мәселелері негізгі үш деңгейге бөлінеді:

1.Деңгей аталмыш біріншілік прафилактика. Психолог төмен эмоционалдық, қалыпсыздығы бар мінез құлқында және оқу да өзгерістері бар балалармен психологиялық денсаулығын ескере отырып жұмыс жасайды.

2.Деңгей аталмыш екіншілік прафилактика. Ол мәселесі бар балалармен жұысқа бағытталады. Екіншілік прафилактика баланың мінез құлқында, оқуында қиындықтары болған ждайда жүрізіледі. Пралафилактиканың негізгі міндеті: мінезінде, оқуында қиындықтары бар балаларды әлеуметтік басқаруға қиын топ болудан алдын мәселелерін шешу.

3.Деңгей аталмыш үшіншілік прафилактика. Психологтың негізгі зейіні оқуда және мінез құлқында жарқын қиыншылықтары , мәселелері бар балаларға бағытталады. Оның негізгі міндеті: шынайы психологиялық мәселелік қиындықтарды жеңу және коррекция жасау.

Психопрофилактика бұл баланың мектепке дейінгі және мектептегі балалық шағының психологиялық денсаулығының дамуына және сақталуына бағытталған бала психологының негізгі іс әрекетінің ерекше түрі.

9дәріс. Психокоррекция



Дәрістің мақсаты: Психокоррекциялық жұмысты ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерін түсіндіру.

Жоспары:

1.Психокоррекцияны ұйымдастыру үшін психологиялық ақпараттың алу ерекшеліктері.

2.Психокоррекцияны ұйымдастыруға психологиялық ақпаратты қолданудың ерекшеліктері.

3.Практик психологтың жұмысындағы психологиялық коррекцияны ұйымдастырудың тиімділігі және мәселелері.
Психокоррекция бұл психолог жұмысының маңызды және жауапкершілігі мол әрекеті.

Психокорреция – бұл психиканың дамуы мен қызмет етуіндегі қалыптыдан қайсібір жағымсыз ауытқуларды мінез –құлықтық, эмоциялы, танымдық не болмаса адамға психологиялық проблемаларды тудыратын басқа да көріністерді бәсеңдетуді немесе жоюды мақсат еткен, адамның психикасына белсенді ықпал ету.

Психологиялық түзету бұл психологтың психикалық денсаулығы сау адамның кемшіліктерін түзетуде қолданылатын психологиялық әдістің жиынтығы (Р.С. Немов). Жеке тұлғаның дамуында ауытқуыбар балалармен жеткіншектерге психотерапияны қолдануға болмайды. Мұндай психологиялық көмек көрсету түрі арнайы психологияның, психопатологияның және педагогикалық коррекцияның дамуымен күшейді. Сірә, қалыпты даму және ауытқушылығы бар түзетулерді бөліп қарастыру қажет. Біріншісін психолог,ал екіншісін паотпсихолог, дефектолог, психоневролог, психиатр жүзеге асырады.

Біз психологиялық түзету баланың жас ерекшелігінің және жеке қабілеттерінің, оның оптимальді моделіне, психологиялық дамуына сәйкес келмейтін ерекшеліктерін түзететін психолог әрекеті деп түсінеміз. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық түзету жұмыстары бала дамуындағы кемшіліктермен ауытқуларды түзету немесе алдын алуды шамалайтын психологиялық педагогикалық ықпал жасау жиынтығы. Ол бір бірімен тығыз байланысты екі формада жүзеге асады: жеке ауытқуларға бағытталған (симптоматикалық), және осы ауытқулардың пайда болуымен себептерінен хабардар болу (этимологиялық).

Түзету жұмысын жүргізуші психолог мынандай схемамен жұмыс жүргізуі керек:не бар?, не болуы керек?, керекті нәрсе болу үшін не істеу керек?. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, психологиялық даму нормасын анықтап алу керек. Оның үш деңгейін талдап, жүргізу керек. (Г.С. Абрамова).

Нейрофизиологиялық деңгейде зерттелушінің функциональді ми құрылымының негізінде қорытындысын жасайды.

Жалпы психологиялық талдау деңгейі . Психиканың заңдылықтарамен механизімдері негізінде жұмыс істеу.

Жас ерекшелік деңгейі.Алынған нәтижелерді жас ерекшелігіне сәйкес келуін дәлелдеп, айқындауға көмек көрсетеді.

Шетелде психокоррекциялық мәселені екі түрлі жолмен шешеді: психодинамикалық және жүріс тұрыстық. Психология пәнінің парадигмасына байланысты сана және мінез құлық. Көрсетілген тәсілдер балалармен және жеткіншектермен жүргізілген психикалық түзету жұмыстарының әдістері, тактикасы, стратегиясы, мақсатымен байланысты.

Жүйелілік принціпі онтогенездегі күрделі жүйелі психикалық дамудағы қажеттіліктерді есепке алу.

Психологиялық түзету ауытқуды түзетуге арналған болғандықтан бала бойындағы қиындықтардың пайда болуын түсіндіруші әр түрлі модельдер бар:

Биологиялық модель ауытқулардың пайда болуын ағзаның жетілу типінің төмендеуімен байланыстырады.

Медициналық модель дамуында ауытқуы бар мәселелерді қарастырады.

Педагогикалық модель қиындық себептерін әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.

Әлеуметтік психологиялық модель қиындықтың пайда болу себептерін баланың қарым қатнас жасайтын ортасынан деп түсіндіреді.

Психологиялық модель өз жасына лайықты іс әрекет түрлерін орындай алмауына қарап бағдар жасап, себептерін іздейді.

Психокоррекциялық жұмыста да, психотерапияда да әңгіменің сәйкес формалары қолданылады. Алайда, психологиялық консультация психокоррекциямен және психотерапиямен сырттай біліміне қоймасшекарамен өзгешеленеді де, тек шартты түрде бөлінеді. Психокоррекциялық және психотерапиялық әсерлер адам өміріндегі көптеген қиыншылықтарымен қақтығыстарына негіз болатын терең, жеке бастық мәселелердішешуге бағытталады.

Психокоррекция – бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады. Жеке бас дамуына әсер ету жас және дара психологиялық ерекшеліктеріне (танымдық, эмоционалды-еріктік, қалыпты мінез-құлық және қасиеттеріне ) қарай жүретін қалыпты процес.Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері:

Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негізге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығулар қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.

Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың 70 жылдарынан басталды. Тура аудармасы «исправление - түзету» деген мағынаны береді. Психолог жеке тұлғпның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады.

1. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асырады.

2. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады.

Р.С.Немовтың пікірінше, «психокоррекция» ерекшелігі – психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсер ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.

Психокоррекцияның басқа бағыттардан ерекшелігіне сипаттама:



  • психикасы сау адамдарда біріншіден күнделікті өмірде шешілмеген мәселелері болады, психологиялық қиындықты сезетін ашуланып, оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, сондай-ақ жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидтерге жүргізіледі;

  • мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстар жүргізерде, психикалық саулығы міндетті түрде ескеріледі;

  • психокоррекция жұмыстар жүргізілуі жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады;

  • орта мерзімде көмек беруге бағытталады (психологиялық көмек индивидті қабылдау 15-реттен аспайды);

  • психологтың жұмыс жоспары индивидтің құндылық қорына негізделе құрылады;

  • әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық өзгеруіне бағытталады.

Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты – баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.

Психокоррекциялық мақсат 3 бағытқа негізделеді:

1. Әлеуметтік даму жағын ықшамдау;

2. Балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту;

Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру;


Психокоррекцияның негізгі міндеттері:

Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субьектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.


Психокоррекциялық бағдарлама құрудың түрлері:

- коррекцияның жалпы моделі сабақ жүктемесін құрастыруда баланың жеке бас дамуы жағдайы, қоршаған орта мен адамдар арасындағы жүйелі қатынастары ескеріле отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп қарастырады.

- коррекцияның типтік моделі тәжірибеге негіз етіп, түрлі жетекші іс-әрекет (ойын, оқу және еңбек) қимылын ұйымдастыру.

- коррекцияның жеке моделі баланың жеке психикалық дамуын, қызығушылығын, білімін және мәселелелрінің түрлерін белгілеу.

- стандартты бағдарламада: қажетті құрал-жабдықтар, қатысушыларға қойылатын талаптар мен кезеңдерге бөлінген жоспар.

- еркні бағдарламада: психолог психокоррекциялық мақсат, міндеттерді еркін жоспарлайды және кезеңдерге өз қалауынша бөле алады.

Психокоррекциялық жұмыста әсер ету деңгейі психологтың кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігіне байланысты:

Теориялық жағынан ( баланың психикалық даму заңдалағы мен жас кезеңдерін, оқыту мен тәрбие мәселесіндегі қатынасты, жеке және шығармашылық қабілетті білуі ) дамуы, арнайы әдістерді ( бір әдістің немесе ықпалдың мүмкіндіктерін ) және жағдайларды білуі және дайындығы жатады.

Тәжірибелік жағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялық әдістер мен әдістемелерді қолдануды меңгеруі, қызметіндегі құпияларды сақтай білуі мен сенімділігі.

Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басында алдымен өз мәселесі (өзін-өзі басқару) – бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі жағдайды шеше білуі ( жеке мәселесін шеше алмаса, алдына келген индивид мәселесіне тепе-тең көзқараста қарай алмайды) нейтралды ара қашықтықты ұстай білуге мүмкіндік береді. Психолог күнделікті өзімен жұмыс жасап, жеке басын жетілдіріп отыруы қажет, себебі алдымен сыртқы түрімен сенімге еніп, әсер етеміз.


Психокорекцияның түрлері.

  • Сипатына қарай: симптомды (ауру белгісі) және каузалды (себеп) деп бөлініп, дер кезіндегі дамудағы кедергіні анықтайды.

  • Ұзақтығына қарай: тым қысқа, қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді. Өзекті мәселені шешуге қажетті бір немесе бірнеше сағаттар, айлар сондайқ кейде жылға созылуы мүмкін.

  • Міндеттің ауқымына қарай: жалпы, жеке және арнайы болып бөлінеді. Кешенді ұйымдастырылған жұмыстар жеке, жалпы және арнайы топпен жүргізіледі.

  • Мазмұнына қарай: танымдық өрісі жеке тұлғалық, аффектілі еріктік, мінез құлық тұрғысынан, тұлғааралық қатынасынан, топ ішілік ата ана мен бала қатынасынан тұрады.

  • Жұмыс түріне қарай: жеке топпен, табиғи жабық топпен (ұжым, отбасы, ерлі зайыпты).

  • Бағдарламаға байланысты: бағдарламалық және жанынан шығарған еркін тақырыптар.

  • Әсер етудегі басқару: Дерективті және дерективті емес болып қарастырылады.

Білім беру мекемелерінде психокоррекциялық жұмыс психологиялық педагогикалық әсер тұтастығы оны түзетуде бала дамуынағы бұзылыс пен жетіспеушілікке ағарту жұмыстарын қолдану. Ол екі байланыста көрінеді: симптомдық жкек ауытқуға және этимологиялық шығу себебіне бағытталған.

Психолог коррекциялық жұмыстармен айналысқанда келесі тізбекпен жұмыс жасайды: а) не бар? б) не болу керек? в) қажетті нәрсе болу үшін не істеу керек? Оған жауап беруде психиканың дамуын үш деңгйде қарастыра, түсінік берумен талдауда тұрады ( Г.С. Абрамова).

Нерофизиологиялық деңгейінде ( не бар?) психолог құбылысты ми қызметі туралы білім негізінде зерттеп, ми шабуылын басты ұстанымдарға, ми қабығы мен психикалық қызметтерге бағыттайды.

Жалпы психологиялық талдауды ( не болу керек?). Психика қызметінің механизімі мен заңдылықтары негізінде алынған көсеткіштер қолданылады.

Жеке ерекшелік психологиялық деңгейінде ( қажетті нәрсе болу үшін не істеу керек?) жеке тұлғаны жас және дара ерекшелігіне қарай сәйкестендіре нақты талдайыды.

Психокоррекциялық мәселеге әдіснамалық негізді батыс елдерінде екі үлкен топқа бөлді; психодинамикалық және мінез құлық психология пәні оны бағытына қарай сана және мінез құлықта қарастырады. Бұл ықпал бала мен жеткіншекте жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың мақсаты, стратегиясы және әдістерін ескертеді. Психодинамикалық ықпалда қолданылатын ойын терапиясы, арттерапиясы және бала психоанализі бойынша ерекшеленсе, мінез құлықтық терапияда қарастыратын балада мінез құлық дағды жолдары туралы білімді (жетондық бағдарлама) бейімделуге үйлесімді моделдерді, орындаушы біліктілігін дамытуға (мінез құлық тренингі), өзіндік реттелуге (скилл терапиясы) қалыптастырады. Іс әрекеттік ықпалда отандық психологиялық мектепке арнайы білімді іс әрекетте ұйымдастырады, коррекциялық жұмыста ішкі және сыртқы белсенділікті басқару мен бақылауды және деңгейге көтеру арқылы психологиялық құралдарды меңгереді (Л.С.Выготский, А.Р. Лурия, П.Я.Гальперин.) Психокоррекциядағы психологиялық механизм деп интериоризация (импорт) сыртқы әрекетті (көшірме жасау, нұсқау бойынша орындау, көрсету) ішке қарай «айналдыру» (Л.С.Выготский.) Осы бағыт бойынша іс әрекеттің жоспарлы әдістемесіне балалар мінез құлқына ойын коррекциясы және психогимнастиканы қалытастыруға болады.


Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастырудағы негізгі ұстанымдар.

Психокоррекциялық бағдарлама құруда ескерілетін ұстанымдар: жас және дара дамудың психологиялық ерекшелігін есепке алу, жүйелілік, бірлік және іс әрекет күрделендіру ұстанымымен қатар В.С.Выготскидің енгізген «таяудағы даму аймағы» есепке алынып «жоғарыдан төмен » және «төменнен жоғары» ұстанымы негізінде құрастырылады.



Әртүрлі коррекциялық бағдарламаны құрастыруда осы ұстанымдарды ұстану қажет.

  1. Коррекция, алждын алу және джамыту міндеттерінің жүйелік ұстанымы. Онтогенезде психиканың даму сипатымен оның күрделілігін жүйелі есепке алудан тұрады. Кез келген дамыту түзету бағдарламас осы негезде құрастырылады

Мақсаты мен міндеттері үш деңгейлі мақсат жүйесінде қалыптасуы қажет:

  1. Коррекция арқылы дамудағы ауытқу мен бұзылысты, ескеру қиындықтарды жою.

  2. Профилактикалық (ағарту) дамудағы ауыт қу мен қиындықтарды ескерту.

  3. Дамыту даму маңызын қолайлы ету жіне жағдай жасау.

Коррекциялық дамыту іс әрекетіне мақсат пен міндеттерді анықтауда бүгігі күннің өзекті мәселесімен шектелуге болмайды, «таяудағы даму аймағын» ескеру қажет.

  1. Диагностика мен коррекция бірлігі ұстанымы.

Тапсырыс берушіге психологиялық көмек көрсету тәжірибелі психолог маман іс әрекетінің негізгі түрі ретінде процестің біртұтастығын көрсетеді. Коррекция жұмысының тиімділігін 90% анықтау қаншалықты терең, мұқият зерттелуіне байланысты коррекциялық жұмыстарды жүзеге асырудың бастамасын диагностикалық зерттеулер алуы тиіс, соның негізінде алғашқы қорытынды жасалып, коррекциялық дамыту жұмысының мақсаты мен міндеттері қарастырылады. Коррекциялық дамыту іс әрекектін жүзеге асыруда, жеке тұл,адағы өзгеріс динамикасын, мінез құлқын, іс әрекетін, эмоционалды жағдайын, оның түзету жұмысы барысындағы сезімдері мен мазасыздықтары ұдайы бақылауды қажет етеді. Бағдарлама міндеттері тапсырыс берушіге психологиялық әсер ететін әдістер мен тәсілдерге дер кезінде өзгертуге толықтыруға мүмкіндік береді.

  1. Каузальды тип түзетудің артық шылық ұстанымы: ең сәтті жүргізілген синтомдық жұмыстың өзі клиенттің бастан өткізген қиындығын соңына дейін ешіп бере алмайды. Түзету әс шараларын, артықшылығы дамудығы қиындық себептері мен ауытқуды анықтау және жою болып табылады.

  2. Коррекцияның іс әрекеттік ұстанымы: іс әрекеттің қалыптасу негізі А.Н Леонтев, Д.Б Элконин еңбектеріндегі баланың психикалық дамуы теориясы болып табылады. Коррекциялық жұмыстың жүргізілуі әдістердің қолданылу жолдары мен қойыоған мақсаты анықтайды. Коррекциялық дамыту әсерінің басты тәсілі клиентте белсенді іс әрекетін ұйымдастиыру оның жүзеге асыру барысында ауыр, әрі даулы жағдайларды бағдарлау үшін түрлі жағдайлар жасалады, негіз етіп тұлғаның жағымды дамуы қарастырылады.

  3. Клиенттің жас кезеңі, психологиялық және дара еркшеліктерін есепке алу ұстанымы: Клиенттің жеке ерекшелігін нақты есепке алу, әрбір дамудың қолайлы бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.

  4. Психологиялық әсер етудің кешенді әдістер ұстанымы: Тәжірибелі психологияның әдістерінің барлық деңгейде, тәсілдері мен техниканы қолдану қажеттілігін білдіреді. Бірде бір техника немесе әдістеме бір ғана теорияның меншігі емес. Бұл әдістер әр түрлі мәселелері бар тапсырыс берушіге тиімді психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

  5. Коррекциялық бағдарламада таяудағы әлеуметтік ортаны белсенді қатыстыру ұстнаымы: Бала әлеуметтік ортадан тыс, өзге адамдармен қарым қатынасқа түспей өз алдына бөлек дамуда тежелу байқалады. Ол әлеуметтік қатынаста, тұтас жүйеде, бөлінбейтін бірлікте дамиды.

  6. Психикалық процестерді түрлі деңгейде ұйымдастыру тірегі ұстанымы: нақты дамыған психикалық процестерге сүйену, оларды белсенді ететін әдістерді қолдану. Тапсырыс берушінің ішкі күшін ( ресурсын) анықтауға негіз болады.

  7. Күрделендіру ұстанымы: әр бір топ ең төменгі қарапайымнан, ең жоғарғы күрделіге келесі кезеңдерден өту керек. Материялды қағаз жүзіндегі күрделілік, оның психоголиялық қиындығына әркез сәйкес келе бермейді. Материялдық эмоционалды күрделілігін есепке алу. Коррекция жұмысына ұсынылатын материал немесе ой жаттығулар жағымды эмоционалды әсер қалдыру қажет. Коррекция жұмысының құрылым бағдарламасы психололгиялық дәлелді болу шарт. Коррекция жұмысының сәттілігі ең алдымен диагностикалық нәтиженің шынайы, дұрыс, обьективті кешенді бағалауына байланысты болады.

  8. « Жоғарыдан төмен » коррекциялық ұстанымы: Л.С.Выготский ұсынған коррекция жұмысының бағыттылығын ашады. Психолог назарында коррекция іс әрекетінің негізгі мазмұны, клиенттің ертеңгі келешек дамуы, таяудағы даму аумағвн құрудан тұрады.

  9. «Төменнен жоғарыға» коррекциялық ұстанымы: коррекция жұмысының жаттығу мен дағдының қарастырылуында. Коррекция жұмысының басты міндеті мінез құлықтың қажетті моделін жасап, оны тез арада бекіту. Коррекция жаттығулары жекелік және топтық деңгейде қарастырылады. Алдымен тәжірибелік психолог маман индивидті жеке ұабылдаған жөн, себебі жеке және дара ерекшелігімен этностық , әлеуметтік, мәдени көзқарасын анықтау мен ескеру жұмыстары жүргізіледі. Жеке пікірін байқағаннан кейін, қосымша пікірлер қажеттілігін сезінгенде топтық жұмыстарға қосатын болады.

Танымдық процестерге психокоррекциялық жаттығулар:

Психокоррекциялық жұмыстың ойын жаттығулары арқылы берілуі: мінез-құлықтың реттелмеуі, бала қобалжуы, қорқуы мен қарым-қатынас бұзылуында қолданылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын еркін әдіс ретінде қолданылады. Ойын жаттығулары бағыттау, қайта құру және бекітуге арналады. Ойын үстінде баланы асықтырудың қажеті жоқ, бірақ белсенділігін байқатқанда мадақтап отыру шарт.

Бала-бақшада аффектілі: шектен тыс өкпелегіш, жағымсыз тұйық, эхмоциясы тұрақсыз балалар кездеседі. Олармен олйынның төрт түрі: сюжетті ролді, ереже бойынша ойын, бейнелі-ролдік ойын, және режиссерлік ойындар қарастырылады. Олар мектепке дайындық төңірегінде шоғырланған. Осы тақырып бойынша зор ғылыми тәжірибелік жұмыстар жүргізген (Л.А. Венгер, Л.М. Безруких, А.С. Смирнова, В.В. Холмовская, т.б.). психологтардың назарын таза психологиялық мәселелерге аударған жөн. Психикалық процестерді дамытуды жетілдіре отырып мінез-құлықты басқару, алдын алу, анықтау, сондай-ақ психолог баланың жеке бас дамуына маңызды үлес қосып, мектепте табысты оқуға дайындық жасауға ықпал етеді.

Бала психикасының дамуына орта көп қырлы әсер етеді. Мектепке дейінгі баланың жекелілігінің қалыптасуы топтағы эмоционалдық-психологиялық ахуалдың жағымды болу шартында ғана толыққанды болады.

Шынайы өмірде мектепке дейінгі балаларда құрдастарының ортасында танымал еместері кездеседі. Олардың қарым-қатынас шеңбері тар, олар ойын ұйымдастыруда тұрақты мүше бола алмайды, ал олардың жеке қасиеттерін балалар төмен бағалайды. Бұл жағдайда коррекция пәні баланың топтағы құрдастары мен ортада танымал болуына әсер ету, ал психокоррекциялық жұмыстың негізгі бағыты – балалардың оған деген кері қатынасын бағдарлау және жағымды бағалау жүйесін зерттеу.

Балада жеке бас қалыптасуында ауытқуының көрінуінің алғы шарты шет қалуға ұмтылысы, өзге балалармен байланыстың ұзақ болмауы, оның ойын топтарына қатыспауынан көрінуі мүмкін. Бұл жағдайда психокоррекциялық жұмыстың мақсаты қарым-қатынасқа аз түсу симптомы болады. Мұнда психолог баланың ішкі жүйесіне көңіл аударады. Жұмыстың тиімді тәсілдері ретінде ересектердің болып жатқан оқиғаға эмоционалды түсіндірмесін пайдалануға болады, бұл балаға болған жайтты эмоционалды қабылдауға көмектеседі. Мұнда кейін балаға құрдастарының ойынына, таласына, қақтығысына өзінің түсіндіруші болуын ұсынуға болады.

Коррекциялық жұмыстың пәні мектепке дейінгі ойын әрекетінің операционалды жағының ақауы болуы мүмкін: ойын дағдысының дамымауы, әріптестіктің жағымды тәсілдерін игермеуі, ойын әрекеті тәсілдерінің тепе-теңдігі (тым жайбарақаттылық, қозғалыстағы мазасыздану, моторлы импульсивтілік). Мұнда коррекциялық жұмыстың бір бағыты балалардың ойын әрекеті түсінігін жинақтау болып табылады: олардың зейінін сюжетті ойындарға ойын әрекетінің мазмұнына, бірізділігіне, құрдастарының өмірге құштар, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына аударады. Психологиялық әсер етудің басқа бағыты – ойынның мағынасын түсінуге, ойын әрекетін орындауды дағдыландыру.

Балаларды құрдастарының ойын түсінуге, өз пікірін айта білуге, ортақ ойынды жоспарлауға, әрекет бірізділігін анықтауға дағдыландыру қажет. Қимыл әрекеті баяу дамыған балаларда шапщаң мазмұны ойындарға қызығушылығын оятқан маңызды, олардың ойын операцияларын ең жоғарғы деңгейде жетілдіріп, сәйкесінше мұндай баланың әрекетін мадақтап отырған дұрыс.

Қимыл белсенділігі жоғары балаларға өздерінің қозғалысын мазасыздығын басқара алуға мүмкіндік беретін жағдай туғызған жөн. Мұндай балалардың қохғалысын жасанды шектеу олардың тек ашу мен қозуын күшейтеді.

Мотивациялық аумақты түзетуде баланың мінез-құлқындағы бұйрық өзімшілдік көзқарастың басым болуынан қарастырылады. Мұндай балалардың белсенді, бастамащыл, қарым-қатынасқа бейім болуы мүмкін. Бірақ оларда ойынға деген ұмтылыс ойнау үшін емес, алғашқы ұту деген секілді жекелік мақсаттар болады. Өзімшілдік мотивтері балалар мінез-құлқында ащық көрінуімен бірге жасырын болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда негізгі коррекциялық жұмыста жекелік маңыздылық пен іс-әрекеттің қоғамдық құнды мотивтері арасында үйлесімділікті орнатуға бағыттайды. Бұл үшін балаларды мақсатқа сай тәсіл әртүрлі әлеуметтік пайдалы іс-әрекетке жұмылдыру. Онда мотивацияға негізделген тәсілдер қолданылуы мүмкін: досқа көмек, өз тобына көмек көрсету, қақтығыста төрелік ету. Ең бастысы бала әлеуметтік маңыздылық сапасын шынайы көрсете алса және өзінің «басты» болуғақажеттілігін қанағаттандыра алса болғаны. Психокоррекция бағыты мұндай баланы құрдастарымен бірге ортақ іс-әрекетпен жұмылдыру қажет.

Балада өзі қабылдау бағдары маңызды: өзінің сыртқы келбетіне қызығушылық тудыру (киімі, шаш қойып , жекелік ерекшеліктері). Сондықтан педагогтардың белсенді – жағымды қатынасының маңызы зор, баладағы жағымды қасиеттерді көріп өзіне айтып отыруы керек.

Көшбасшыға қарсы белгі тағы бір коррекциялық іс-әрекеттің мүмкін болатын пәні. Көшбасшыға қарсы – бала құрдастарының беделін жетістіктермен емес, басқа себептермен жаулап алумен келеді. Бұл күш көрсету, қоқан-лоқы жасау, алдау, т.б. болуы мүмкін. Коррекциялық жұмыс мұндай жағдайда мақсатқа сай мінез-құлықтың жағымсызх түрін түсіндіруге бағытталады. Шаршау симптомы түзету жұмысының міндеті болуы мүмкін. Ол барлық балаларда қорғаныс реакциясы ретінде көрінуі мүмкін. Бала болып жатқандарды түсінуге қабілетсіз, өзін қорғансыз, әлсіз сезінеді. Бұл көз жасын көрсету. Балада мұндай міне-құлық түзету – оған тынышталуға көмектеседі. Мектепке дейінгі жастағы балалардың аффектілі мінез-құлыққа коррекция. Бала бақшада аффектілі деп аталатын жиі, өткір, қиратқыш эмоционалдық реакцияға бейім балалар кездеседі. Мұнда мінез-құлықтың жағымсыз түрлері: жоғары өкпешілдік, бірбеткейлік, эмоционалдық, тұрақсыздық. Аффектілі күйден баланы үлкендердің өтініші, жазалауы, сөгісі шығара алмайды.

Мінез-құлқында қиындығы бар балаларға көмектесудің негізгі құралы ойын болып табылады. Қазіргі психологиялық –педагогикалық әдебиеттерде ойынның төрт түрде сипатталуы: сюжеттік рольдік, ережелермен ойын, бейнелік-рөлдік, режиссерлік.

1-кезең. Сюжеттік-рөлдік ойын.

Алдымен ересек баланы рөлдік бейнені игеруге дағдыландырады. Ересектер ойын сюжетін ұсынады. Ойында бала құдіретті күш болады. Жағдайды басқаруды, әлсіздерді қорғап, жауздарды жеңуді үйретеді. Бұл үшін балаға мысал үшін балаға келесі жағдаятты ұсынуға болады.: екі кейіпкер кездесіп, қиындыққа жолығады. Олардың бірі сасқалақтп не істерін білмей жылайды. Екіншісі қалай шығар жолды іздейді. Оған көмекке құдіретті күш келеді, сиқырлы таяқша көмегімен қиын жағдайдан шығуға көмектеседі. Құдіретті күш бейнелі рөлбалаға жағдаятқа іштей емес, сырттай жол табуға болатынына шынайы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Егер бала жетекшінің көмегін қажет етсе, бұл жерде ол үлкендердің көмегінсіз, өз мәселесін шешуге, қақтығысты жағдайдан шығуға әрекет жасайды. Бала ойынды өзі ойлап табады., жетекші оған тек қақатығысты жағдайды енгізіп отырады. Баланың алдына міндет қойылады – бейнелік – роль көмегі арқылы мәселелерден шығатын жол іздеу, аффектілі міне-құлықты жеңу негізге алады.

2-кезең. Режиссерлік ойын.

Бұл кезеңде балаларды әртүрлі режиссерлік ойындарға дағдыландыруға бағытталады. Аффектілі мінез-құлықты балалардың жекелік ерекшелігін ескере келе, алдымен режиссерлік ойындағы ойын әрекетіне үйрету маңызды. осы мақсатпен кубиктер жиынтығын қолдануға болады. Жетекші әртүрлі әңгімелейді және шағын заттарды балалр алдында ойнатады. Жағдаяттарды таңдағанда деректерді емес сәттерді алған дұрыс. Бұл балаларда эмоционалдық лебіз тудырып, көтеріңкі көңіл-күйге әкеледі. Мысалы: жетекші үлкен нейтралды кубикті алып, оны кеңістікте қозғап, айтады: «Біреуі үлкен, түкті алып келе жатады».

Енді баларды өз бетінше сюжет құрастырғанды дасюжет құрастырғанды дағдыландыру қажет. Бұл үшін оларға бірнеше ойыншықтарды ұсынуға болады.

3-кезең. Вербалды ойындар. Бұл кезеңде балада ерекше көзқарас қалыптасады, режиссерлік көзқарас қатынасына қарағанда жалпылама болады. Материалдық құралсыз сөз арқылы көрсетуге болады.

Алдымен оған белгісіз жағдаяттарды аяқтау ұсынылады. Бала мұұны материалдық құрал көмегінсіз, эмоционалды жағымды аяқтайтынына көз жеткізу керек.

Егер бала бұл тапсырманы жақсы орындаса, оған ойынның келесі нұсқасын ұсынуға болады. Жетекші мұнда әңгімені қауіпті жерде тоқтатады.

Балалр саңырауқұлақ теруге барды: себет толы саңырауқұлақ ты жинап олар жалғыз аяқ жолмен келе жатыр. Жалғыз аяқ жол үлкен асфальт жолды кесіп өтетін еді, бала өтіп кетті, ал қыз себетті құлатып алып саңырауқұлақ ты төгіп алады. Осы кезде жолда машина көрінеді бала әңгімен іаффективті аяқтаса психолог өзге кейіпкерлерді құтқаратындай батыр кейпінде өзгеруінге болады.

Психокоррекция тиімділігін бағалау ерекшелігі.

Коррекция тиімділігін анықтайтын факторлар

Тиімділікті бағалаудың талаптары.

  1. Тапсырыс беруші не күтеді.

  2. тапсырыс беруші үшін маңыздылық « Бар мәселеден арылу.»

  3. Тапсырыс беруші мәселесінің сипаттамасы.

  4. Тапсырыс берушінің серіктес болуға дайындығы.

  5. Коррекцияны жүзеге асырушы психологтың күтетіні.

  6. Психологтың кәсіби және тұлғалық тәжірбесі.

  7. Психокоррекцияның түрлі әдістерінің ерекше әсері.

-әдістерді нақты анықтау.

-Мамандардың бірдей біліктілік деңгейі.

-Жұмыс бағасын тәуелсіз сарапшылар, мамандар беру керке; псхолог тұлғасының құрылымын, әсер ету тиімділігін алдын – ала болжау үшін, оның сапаларының көріну деңгейін есепке алу;

-Тікелей және жанама нәтижені салыстыру; кәсіби мақсат міндеттерге әсер ететін теориялық алғы шарттарды ескеру;

-Топтық түзету жұмыстарында психологтың кәсіби мүмкіндіктерін ескерген жөн.


Психологтың – « тапсырыс берушіге » қатынасы.

Коррекция жұмыс барысында субьектіге психологиялық әсер етуде психолог жетекші роль атқарады. Кәсіби құндылықтың ең бастысы – тұлғаның бірегейлігіне бағыт ала отырып, психолог коррекйиялық бағдарламаның мазмұнын анықтауда, оны жүзеге асыру уақытын, әсер ету әдістерін, ең маңыздысы, оның нәтижесіне жауапкершілік алады.

Әсіресе, онтогенезде бастапқы кезеңдегі дамуды коррекциялауда жауапкершілік жоғары. Бұл үш себептермен шартталады.

1.Балалық шақтағы жекелік даму қарқыны және жас ерекшеліктері қалыпты шамамен сипатталады. Қалыпты шама – нақты бір баланың психикалық мүмкіндіктерін бағалау деңгейін көрсетеді, әрі бағыттаушы, коррекциялық жұмысқа негіз етіп алынады.

2. Психологиялық диагноз қоюдың күрделілігі, түсінікті, дәйекті, дәлелді, сенімді, әдістемелер қолданылуынан анықталады. Зерттеуге қатысудан бас тарту, қызығушылықтың жоғалуын немесе зейіннің басқа нәсеге ауып кетуіне байланысты тесттік тапсырманы орындауда баланы психолог өзіне жағымды деңгейде қаратып алуы қажет.

3. Коррекциялық жұмыста үлкендермен қарым – қатынаста баланың өз құқықтарын қорғап, мақсатына берік болу қиынға соғады.

Психокоррекциялық жұмыста психолог пен тапсырыс берушілер арасындағы қарым – қатынастың үш нұсқасы бар. / Г.С.Абрамова бойынша/


  1. « Мен сиақты жаса » / психолог өзіне жауапкершілік алып, жұмыстың қатаң жүйесін ұсынады /

  2. « кел, бірге жасайық » / психолог тапсырыс берушімен жауапкершілікті бөліседі. /

  3. « Мына тәсілдерден өзің таңдау жаса » / тапсырыс берушіге өзіне жауапкершілік алу ұсынылады. /

Жағдайдың қалыптасуына тәжірибелі – психологтың әдіснамалық тәсілі әсер етеді.

Психокоррекциялық әдістердің топтамасы:

(А.Л.Гройсман топтамада белгілер сапасы ретінде ми беделі, биологиялық гоместаз, коррекция объектісі мен заты, бағыты және ұстаным әсерін енгізді).

а) мидың биологиялық беделі бойынша:

сергіту- тоқтау-

түсіндіру; өзіндік илану;

көз жеткізу; ұйқыға кетер алдындағы күйде

сендіру (босаңсуда);

нұсқаулық реттеу; ұйқыдан оянар алдында сендірру;

ақылды реттеу; ұйқы үстінде сендіру (парадоксалды

фаза);

беделмен сендіру (арбау); әдістерді босаңсу және нашақорлық



эмпатиялық тыңдау, сезіну; жағдай деңгейінде қолдану
б) биологиялық гомеостаз бойынша:

қалыпты жағдайда;

стрестік жағдайда;

в) әсер етудің бағыты мен сипатына қарай:

дамыту;

белсенділікті түсіру;



икемдеу;

г) психикалық процестерге әсер ету артықшылығы:

имаготренинг (қиялды);

ментальды тренинг (ойлау);

эмоционалды-еріктік жаттығу;

д) қатысушылар санына байланысты:

моптық (микро, макро, мега топ):

жекелік;


е) ұстанымына қарай әсер ету:

гетерогенді (басқаларға);

аутогенді (өзіне);

ж) өнер құралдарын қолдану арқылы:

изотерапия (сурет, құрастыру, жапсыру, саз балшық);

библиотерапия (кітаптар, авторын ұсыну);

музыкатерапия (әуен тыңдау, айтқызу);

би терапиясы (билету, қимылдарды қайталату);

денеге жанасу терапиясы (екі адам бірге жасау);

Жекелік коррекция жұмыстарында қолданылатын әдістер:

Көз жеткізу әдісі-клиенттің сын көз-қарастары арқылы, фактілерді логикалық негізде қорытындыға келтіру арқылы қайта санасына әсер ету.

Сендіре білу әдісі-мәселе сипатына қарай клиентті дауы ырғағының ықпалы арқылы, дене бітімінің күйі, жағдайды есепке ала отырып сендіруді жүзеге асыру.

Сұхбаттасу әдісі: ауызша түрде әлеуметтік-психологиялық ақпарат көмегіне сүйену.

Бақылау әдісі: клиентті мұқият тыңдап (колибровка) сыртқы және ішкі сезімін бақылай отырып талдауға әкелу.

Психологиялық қолдау көрсету: эмпатияны вербалды және вербалды емес деңгейде қарастырады.

Диалог әдісі жиі қолданылатын екі адам арасындағы ұқсастану (подскойка) деңгейінде қолданылады.

Ену немесе алып кету әдісі: санада (қимыл, ым-ишара, тыныс жолын, дауыс ырғағын біртіндеп қайталау) содан бейсанада қайталау қайталау арқылы сенімге ену, артынан өзіңмен мәселеге байланысты алып кету.

Психокоррекциялық жұмыстың кезеңдері.

1.Психокоррекцияға анамнез (ақпарат) жинақтау;

а) Әңгімелесу;

б) Психодиогностика.

2. Психологиялық диагноз қою (жас мөлшері мен әлеуметтік мәдени ерекшелігін ескерту)

3. Ықтимал немесе шартты-қалыпты болжам қою.

4. Психокоррекциялы іс шараларды жоспарлау (таяудағы даму аймағын ескеру)

5. Психокоррекциялық іс шараларды жүзеге асыру

6. Коррекциялық жұмыстың нәтижесін бағалау

7. Мәселенің қайталанбауын алдын алу.

Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастыру алгоритмі:

1. Берілген психологиялық анамнез (ақпарат) психологиялық диагнозды негізге алу.

2. Психологиялық анықтау болжамы арқылы, түзету жұмысының мақсатын құру.

3. Коррекция жұмысынның мақсатын құрастыру.

4. Психокоррекциялық жұмыс негізіне құрылатын әдістемелік бағыт таңдау.

5. Коррекция жұмысын жүргізетін, стратегия мен әдісті таңдау.

6. Индивидпен жұмыс түрін анықтау (жекелік, топтық немесе аралас)

7. Барлық түзету жұмысына қажетті жалпы уақытты анықтау.

8. Қажетті кездесулер жиілігін анықтау (күнделікті, аптасына бір рет, аптасына екі рет, екі аптада бір рет, т.б.).

9. Әрбір түзету сабағының ұзақтығын анықтау.

10. Коррекция жұмыстарының әдістері мен техникаларын іріктеу.

11. Жұмысқа бөтен адамдардың қатысуын жоспарлау (отбасымен жұмыста-туыстарына қосу т.б.).

12. Коррекция жұмысының бағдарламасын жасап, түзету сабағының мазмұның анықтау.

13. Қажетті материал мен құрал жабдықты дайындау.

14. Процесті кезеңдерге бөлу. Міндетті түрде нәтижені тексеріп, қажетті түзету енгізу үшін психодиагностикалық жұмыс қорытындысын қарау.

15. Коррекция жұмысын іске асыру.

16. Жұмыстың нәтижелігін бағалау.

17. Өткізілген түзету бағдарламасын нәтижелігін бағалау туралы психологиялық немесе психологиялық педагогикалық қорытынды жасау.

18. Түзету нәтижесін, жеке ерекшелігін және клиенттің әлеуеттік жағдайын ескере отырып алдын алу шараларын жоспарлау және оны жүзеге асыру.

Отбасы психологиясына арналған психокоорекция

Психокоорекциялық жұмыстарға отбасының иерархиялы жүйеде дұрыс ұйымдастырылуы мен қызметінің құрылымы, сондай-ақ тұлғааралық қатыстағы қақтығыстарды жеңуге арналған психологиялық әсер ету жолдары жатады. Басты жұмыс отбасымен ондағы топ мүшелері арасында рөлдердің өзгеруі және иерархиялы жүйеде белгілі даму циклымен жүргізіледі. Отбасы қызметінде бірлік бұзылғандықтан «сену» деңгейі аңызғақарай, «көз-қарас» пікірі өткен ата-баба тәжірибелерінің өмір сүру жолдарын дұрыс деп тауып, сонымен шектелуді жөн көру және «сенгіш отбасы психологиясы» болып, онда қорғану механизмі қолданылады. Отбасында жасырын ұстайтын құпиялары болады соны айтудан қорқады (ертеректе отбасы мүшесінің біреуі қылмыс істеуі, бала тастауы, алдыруы және т.б.) және соны ашып қоймас үшін тепе-теңдік емес, жабық деңгейде өзара қатынаста әсер етеді. Ол келесі өмірлік циклда қайта келіп қалыпты дағдарысқа айналады.

Э. Дювалльдың кезеңдері шектеуде отбасындағы баланың болуы, оның жас ерекшелігі қарай шектеді. Осыған байланысты отбасының өмірлік циклына келесісипаттар беріледі:

1.Қалыптасқан отбасы (0-5жыл) баланың болмауы.

2.Отбасында баланың болуы, үлкені 3 жасқа келуі.

3.Отбасында бала-бақша жасында баланың болуы, үлкені 3-6 жас.

4.Отбасында жеткіншек жасындағы баланың болуы, үлкені 13-21 жаста.

5.Отбасы балаларын өмірге «аттандырған».

6.Ерлі-зайыптылар жетілген жаста.

7.Кәрілікке жеткен отбасы.

Отбасы дағдарысында өзект мәселелері шектеліне, сол жағдай әлсіздеу бір отбасы мүшесінде «сақтаушы» болып содан байқалады, ол кішкентай бала немесе зейнеткер адам болуы мүмкін. Сол жағдайда ауру белгісі (симпом) мінез–құлықты ескі көз-қарас пен өзара қатынасты байқатады. Ауру белгісін көрсететін адамды, сақтаушыны «теңестірілегн ауру адам» деп айтады. Отбасы жүйесін теориялық ықпалда зерттеушлер отбасында ауру белгісінің көрінуі, ол отбасы қажеттілігінің метафорасы деп атайды. (Шерман Р., Фредман Н., 1997).

Плзак пікірінде ерлі-зайыптылар қатынасының дамуын екі сынды кезеңге бөлді (Плзак 1973). Бірінші сынды кезең ерлі зайыптылардың бірге өмір сүруінің 3 және 7 жылында кездеседі. Самоукина Н.В. алғашқы дағдарыстың (5-7 жыл) болуы серіктесіне көз-қарасы, яғни алғашқы бейненің өзгеруі, алдымен бір-бірінің алдында психологиялық беделінің төмендеуі болып табылады.

Екінші сынды кезең ерлі-зайыптылрдың бірге өмір сүрунің 17-25 жыл аралығында туындауы мүмкін. Ерлі-зайыптылар бір-бірінен психологиялық шаршайды, өмір сүруде жаңа қатынасты, өзгерісті қажет етеді. Бұл еркектер қатты уайымдайды. Отбасы дағдарысының жеңіл өтетеін тұстары еркіндік, дербестек деңгейде жаңа қатынасты бірге іздеуге ниет етсе ғана, шешімін таппақ. Отбасы дағдарысы кезінде бұрынғыдай өмір сүре алмайды, ролді тепе-теңдікте бөліп қарастыра алмау себептері: жағдайды шешуде таныс шаблонды қолдану, дағдыланған мінез-құлықты , ескі қалыптасқан модельдің қажеті блмай қалуынан туындайды. Отбасылық психокоорекция-отбасылық қатынасты қалыпты жүйеге сәйкестендіріле отырып, әлеуметтк мәдени ерекшілікескеріле жргізіледі.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> АҚпараттық хат 5 мамыр 2016 жылы
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Силлабус пән: Психология тарихы Курс
2016 -> Мамандық бойынша оқУ – Әдістемелік кешен
2016 -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
2016 -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
2016 -> Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы