Силлабус пән: Практикалық психология Курс



бет6/15
Дата16.01.2017
өлшемі302.77 Kb.
#223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Психологиялық қызмет бұл практиканың құралдарымен және әдістерімен адамдарға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің жүйесі. Бұл әрқилы әлеуметтік институттардың (өндіріс, медицина, білім беру, мәдениет, спорт, құқық қорғау органдары) іс-әрекетін психологиялық қамтамасыздандыру жүйесі.

Дифференцияланудың екінші ішкі факторы негізінен қолданылатын әдістер мен міндеттермен байланысты. Осының негізінде психодиагностика, психотерапия, психологиялық түзету және кеңес беру ерекшеленеді.

Кейде жас ерекшелік факторлардың қолданылуынан балалар (дұрысы мектептег) практикалық психология және геронтопсихология ерекшеленеді.

Мектептегі психологияның басты міндеті бала тұлғасының дамуына ықпал етуде, оқыту және тәрбие процестерін психологиялық қамтамасыз етуде. Герантох егде тартқан адамның арнайы қиыншылықтарымен айналысады. Психоанализ- 19 ғасырдың соңында австриялық психиатр, психолог З.Фрейд негізін қалаған психологиялық бағыт. Ол истериялық неврозды зерттеу және емдеу әдісінен дамыды. Кейін Фрейд басты назарға рухани өмірдің қозғаушы күші, мотиві, құмарлғы мен мәнін алатын жалпы психологиялық теориясын жасады. Фрейд психиканың құрылымдық схемасын жасап онда 3 деңгейді бөлді: саналық, сана асты, бейсаналық..Тұлғаның кіна тағатые сезімі, ой. Қалаулары бейсаналық аймаққа ығыстырылып шығарылады да, ығыстырылып шығарылған мазмұнның кері санаға енуіне мүмкіндік бермейді. Бірақ бейсаналылық адамның психикасынан, әрекет-қылықтарынан көрініс табады. Мыс: түс көру невроз т.б. Психоаналитикалық терапия барысында осыны ұғыну ауыр симтомдардың жойылуына әкеледі. Фрейд алғашқыда неыроздың дамуын келесідей түсіндірді.. кейбір уақиғаларды адам психикалық травма ретінде қабылдайды және оның ауырлғына байланысты толығымен бастан кешіре алмайды. Сондықтан тітіркену тоқтатылады да, «аффктінің басылып тасталуы» жүзеге асады. Бұл феноменді түсіндіру үшін Фрейд энергия ұғымын қолданды. «Басып тасталған аффект энергиясы шықпағандықтан денеге түседі де оның қызметін бұзады». 2.Осы энергияның есебінен денелік аймаққа симтомдар қалыптасады.

Кейін психоанализде невроздың генезисін түсіндіруде теорилық бағыттар қалыптасты:

Динамикалық, топографиялық, энергетикалық, құлымдық. Т.б. Энергетикалық бағыт ұғымын қолдана отырып Фрейд невроздың пайда болуының 2 факторын бөлді: жыныстық конституция және инфантильды уайым.

Топографиялық бағыттың түсіндіруі бойынша невроздың пайда болуының маңызды шарт уайымды бейсаналық аймаққа ығыстырып тастау болып табылады..Ығыстырылған уайым ұғынылса симтомнаң мазмұны табылса, жазылу, емделу процессі жүреді. Динамикалық бағыт позициясынан невроз инстинктивті құмартулар мен олардың босаңсып шығуына кедеогі келтіретін күш арасындағы конфликт. Энергияның басаңсып шығуы түрлі әрекеттерде жүзеге асады.Мысалы:Біреумен қарсыласу, спорт, қатты уайым шегу, өш алуды қиялдау, тіпті ол адамның алдында бас ию.т.б.

Энергия қандайда бір объектіге , адамның бейнесіне, идея, затқа «байланады». Бұл процесс катексис деп аталады. Катекцияланған энергия байланып тасталғандай ол өзекті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталуы мүмкін емес. Бұл невротикалық дему факторы. Адлерлік пихология – тұлға теориясы мен терапиялық жүйе. Негізін салушы Альфред Адлер. Индивидуалды психологияда толымсыздық сезімінен өмір салты өзін-өзі бұзуы мүмкін. «Психопотологиясы» бар тұлға ауру емес, өзіне деген сенімін жоғалтқан адам.

Терапияның міндеті сондай адамның белсенділігін көтеру, әлеуметтік қызығушылықтар деңгейін көтеру, жаңа өмір салтын дамыту.

1. «Мен» концепция- мен кіммінге қатысты менде бар тұжырымдар.

2. «Мен» идеал-Адлер бұл неологизмнін 1912 ж негізін салды.Ол өз орнымды алу үшін мен қандай болуым керек дегенге қатысты.

3. «Әлем картинасы»-әлем менен не талап етеді және мен емес яғни мені қоршаған ортаның мен туралы тұжырымдары.

4. Этикалық тұжырымдар- «дұрыс-дұрыс емес заңдылығы.»

Мен және мен- идеал арасындағы сәйкессіздік жағдайында толымсыздық сезімі пайда болады. Өзі туралы түсінігі мен әлем картинасы жөніндегі түсінігі арасында сәйкестіктің жеткіліксіздігі толымсыздық сезіміне әкеледі: «Мен әлсізбін, қорғансызбын. Өмір қауіпті, қатал». Өзі туралы түсінігі мен этикалық тұжырымдары арасындағы сәйкессіздік: «Әрқашан шындықты айту керек, мен өтірік айтамын» моральдық аймақта толымсыздық комплексін туғызады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997

2. Весник образования.-М.,1995.№7.

3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

4. Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000

2 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы жалпы түсінік.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге практик психологтың кәсіби іс- әрекетінің міндеттері мен түрлерін, әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуын түсіндіру.

Жоспары:

1. Практик психологтардың кәсіби іс- әрекеттерінің міндеттері мен түрлері

2. Практик психологтардың іс-әрекеттеріне әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуы
Практикалық психологтың қызмет ететін аумағы бүкіл әлемді құрайды. Өйткені адамдар тіршілік ететін барлық жерлерде психологиялық қиындықтар туындайды. Бұл сфеараның шекарасы тұтастай адамдар қоғамын қамтығанда жеке дара алынған тұлғадан түрлі типтегі және көлемдегі топтарға дейін ұласады.

Отбасынан бастап мектепке дейін және мемлекетаралық, ұлтаралық қатынастарда қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының барлық деңгейлерінде психологтың қызметіне деген объективті қажеттіліктер туындайды. Психологиялық қиындықтардың тереңдігіне қарай, психологиялық қайсыбір елде даму деңгейіне байланысты, ұлттық дәстүрлерге және басқа да факторларға қатысты практикалық психологияның нақты салалары психологтың қызметін алуда.

Психологтар мемлекеттік басқару органдарында, коммерциялық құрылымдарда, жеке бизнесте, дәрігерлік мекемелерде, білім беру жүйесінде, қарулы күштерде, ішкі істер Министрлігінде, түзету-тәрбие мекемелерінде қызмет етеді.

Психологтар жеке тәжірибемен айналыса алады, психикалық денсаулық орталықтарында, персоналды жолдау конторында немесе қайырымдылық қорларында жұмыс жасай алады. Олар қоғамдық пікірді зерттеу орталықтарында қолданбалы конфликтологияда, отбасына қызмет көрсету орындарында, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету орталықтарында, оқу орындарында, денсаулық сақтау органдарында еңбек етеді, ұйымдастырушы – басқарушы кеңесшілер, имидмейкерлер, жарнамашылар, іскер қарым–қатынас және дәрігерлік емес топтың психотерапияның жетекші тренерінің рөлдерінде көрінеді. Сайлау алдындағы шараларды жүргізуде оларға деген сұраныс мүлде ұлғаяды. Кей жағдайларда оларды партияларды немесе лидерлерді сайлау штабтарына талап етеді. Олар қалыпты, күрделенген, тіптен экстремалды жағдайларда жұмыс жасайды.

Бір ғана мысалды келтірейік. Стокгольмның банкіне қарулы тонаушы баса көктеп кіреді.Алайда ол тонап үлгермейді: полиция дер кезінде келіп үлгірді. Ал шапқыншы болса бірнеше аманат адамдарды басып алып, банктің жер төлесіне тығылды. Оның талаптары қарапайым да шешімді еді: досын түрмеден босатып, оған жер төлеге әкелу, үш миллион крон мен екі пистолет беріп, банктен кедергісіз аманаттармен бірге кету еді.

Полиция сол талаптарды орындау немесе жер төлені шабуылмен алу қажет пе екендігін шешеуі тиіс еді. Соңғы жағдайда аманаттар үшін тәуекелдің шынайы өлшемін анықтау қажет болды. Барлығы қылмыскедің тым қауіпті екендігін айғақтап тұрды: бірнеше күн бұрын ол бір полицейскийді жарақаттап, кейін банкте селт етпестен келесісіне оқ атты. Сонымен бірге оның ақыл есінің дүрыстығы да күман тудырған еді.

Полицияның әрекеттерінде тәжірибелі психолог, Каролина институтының профессоры, доктор Н.Бэйрут кеңес берді. Ол оққа ұшырау тәуекеліне бет бұрып, қылмыскерге жер төлеге барып онымен көзбе көз сөйлесті. Бэйрут оның шын мәнінде шешімді, демек өте қауіпті адам екендігіне көзін жеткізді. Сонымен бірге ол жан ауруына шалдықпаған, нашақор да, ішкіш те емес еді. Тіптен ол қылмысты мақсатын діттеп, тым ақылға қонымды да, қисынды әрекет етті.

Бэйрут қылмыскердің досына қатысты талабын орындап, қандай жағдайда да оның өзін жібермеуді ұсынды. Оның соңына түскен жағдайда адамдардың көбісі қауіпке ұрынуы мүмкін. Сондай ақ құғын өзгермелі, мазасыз жағдайда жүріп, кездейсоқ, қате шешімдер орын алуы мүмкін еді. Кеңесші қылмыкер ойланбастан полиция қызметкерлеріне атады, өйткені олар оған тікелей қауіп төндіруде, ал аманаттарды өлтіру шарасы ол үшін пайдасыз екендігін айтады. Осы тұста кәсіби қылмыскерлер мен саяси террористердің арасында айырмашылық бар. Соңғылары жақтастарының тұтастай тобына ортақ мақсаттарды көздейді. Егер террористердің бірі қауіпті жүзеге асыруда өзі өлсе де, оның жақтастары әрекеттерінің өнімдерін пайдалана алады. Ал қылмысты адам үшін өмірін шегінен артық ешбір мақсат болмайды.



Психодиагностика бұл – психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау, сипаттау және талқылау. Сондай-ақ клиенттің қиындықтарын түсінуге және шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинау мәселелерін зерттейтін саласы.Диагностика алдын алу немесе кеңес беру жұмысын тиімді жүргізудің тиімділігін бағалауға қажет.

Психотерапия бұл – адамдардың психикасына ықпал ету іс–шараларының жүйесі, психологиялық көрсету формасы сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы. Психотерапия шартты түрде психологиялық құралдармен адамдардың жүйке – психикалық және психосоматикалық аурулары мен бұзылыстарын емдеумен айналысатын дәрігерлік психотерапияға және дені сау адамға клиентке бағдарланған және оның психологиялық қиындықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес психотерапияға бөледі.

Психокоррекция адамдардың дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқуларды жоюға әкелетін көмек көрсетуге шоғарланады. Көптеген авторлар психотерапия мен психокоррекциясының арасындағы айырмашылықты байқамауға бейім болады. Кейбіреулері соңғы терминнің психологтың клиенттермен жасайтын қызметінің дәрігерлік емес сипатын ерекше көрсетудің амалы ретінде ұсынылғанына сенімді.

Психологиялық кеңес беру бұл – ұсыныстар мен кеңестерді талап ететін аса терең емес қиындықтарға қатысты шешіммен ерекшеленетін психологиялық көмектің бір түрі. Оны психолог клиенттің қиындықтарын қосымша зерттеудің және сұхбаттасудың негізінде береді.

Психопрофилактика бұл: а) жүйке – психикалық және психосоматикалық денсаулықтың әлеуметтік кикілжіңдердің бұзылыстары, тұлғаның үйлесімді дамымауы психологиялық алғы шарттары бар оқытудың, тәрбиенің, қарым-қатынастың қиындықтары сияқты әрқилы қиындықтардың алдын алуға ықпал ететін іс-шаралардың жүйесі; б) нұсқалған қиындықтар мен заңдылықтарды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы.

Психогигиена бұл адамдардың жүйке–психикалық және психосоматикалық денсаулығын сақтауға және еңбектің (әсіресе интеллектілі) оқудың, сондай-ақ күнделікті өмірдің лайықты жағдайларын жасауға бағытталған іс-шаралардың жүйесі. Дәрігерлік психологияның нұсқалған мәселелерді зерттейтін саласын да психогигиена деп атайды. Тиісті әлеуметтік ортаны ұйымдастыру, адамдардың күн тәртібімен өмір салтын жақсарту жолымен психикалық денсаулықты сақтау және нығайту психогигиенаның мақсаты болып табылады.

Психологиялық реабилитациясы қалыпты психикалық қызмет ету, қарым-қатынасты және іс-әрекетті қалпына келтіру мақсатында адамдардың өміріндегі психотравмалық оқиғалардан туындаған үлкен стрестен кейін мұқтаж еткен көмектің арнайы формасы болып табылады. Табиғи, техногенді және әлеуметтік апаттардың құрбандары реабилитацияны қажетсінеді. Көшуге мәжбүр болғандарға, соғыстар мен қарулы қақтығыстардың ардагерлеріне күнделікті өмірдің психикалық травмаларын кешірген адамдарға психологиялық ликвидация қажет.

Психологиялық ағарту бұл – тұрғындарды ұйымдардың қызметкерлерін психологиялық білімдерге тарту. Мәселен мектептегі психологиялық қызметтің психологтары мұғалімдер мен ата–аналардың психологиялық мәдениетін арттыру үшін лекциялардың циклін жүргізеді. Оларды қызықтырған мәселелер жөнінде кеңестер, сондай-ақ балалар және педагогикалық психология, тұлға психологиясы бойынша арнайы семинарлар, қарым-қатынас және тұлға аралық қатынастар тренингтері жүргізіледі. Көптеген мекемелерде қызметкерлерінің кәсіби жетістігімен тығыз байланысты психологиялық білімін арттырудың жүйесі бар. Психологиялық ағартудың бірқатар мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарымен, танымал әдебиеттің басылымымен практикалық психолог психологияның қызметтерін жарнамалаумен шешіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997

2. Весник образования.-М.,1995.№7.

3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

4 Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000

5. Леви Т.С.Психолог и педагогический коллектив. –М.,1995
3 дәріс. Психолог клиент және тапсырыс беруші ұғымдары

Дәрістің мақсаты: Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру және психологиялық міндет және психологиялық көмек жайында теориялық түсінік беру.

Жоспары:

1.Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымы жайында

2. Психологиялық міндет және психологиялық көмек.

3. «Идеалды психолог», «идеалды клиент», «потенциалды тапсырыс беруші» ұғымдарының шетел және отандық практик психологтар еңбектерінде ғылыми талқылауы.

Практикалық психологтың қызметіне деген нақты сұраныс тапсырыс берушіге немесе клиентке байланысты. Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымының астарында кеңесшілердің, психотерапевттердің және өзгеше маманданған практикалық психологтардың қызметін пайдалану даярлығында көрінетін кәсіби іс –әрекеттің аталмыш формасының қажеттігін тиімді қоғамдық мойындау жағдайы анықталады.

Жалпы бұндай тапсырыс күрделі ішкі немесе тұлғааралық мәселелерге қатысты кеңес қажет психикалық дені сау адамдардан түседі. Әрине психологқа мәселелерін өз бетінше шеше алатын, өмірін психологиялық зақымдайтын жағдайлардың пайда болуының алдын алатындай құра алатын адамдар келмейді. Алайда оның іс –әрекетіндегі немес өміріндегі экстремалды оқиғалар да кәсіби психологиялық көмекке деген қажеттілікті тудыруы мүмкін.

Клиенттер және тапсырыс берушілер де психологтың қызметіне тікелей тапсырыс беретіндер болып табылады. Практикалық психологиядағы клиент бұл психологтан көмек алатын адам. Психологқа өзі, басқа адамдар немесе олармен өзара қатынастары жайлы психологиялық ақпаратты табыс ететін ересек адам немесе бала практикалық психологтың клиенті болып табылады. Ол өзін сол ақпараттың мазмұнына жауапты санайды, өйткені ол оның күйзелістері мен тиімсіз ойларының өнімі болып табылады. Сонымен бірге клиент психологиялық ақпаратты алушы да болып табылады, яғни дәл ол проблемасын психологқа артпай өзі шешуі тиіс.

Балаларға қатысты мұғалімдер, балаларына қатысты ата –аналар, қызметкерлеріне қатысты ұйымдардың басшлығы, аурулардың нақты категорияларына қатысты дәрігерлер, психологиялық сараптамаға мұқтаж айыпталушыларға қатысты сот органдары психологтың қызметтеріне тапсырыс берушілерге жатады. Жарнамашылар, қоғаммен байланыстар жөніндегі құрылымдар және имиджмейкерлер де өзінше психологтың қызметіне тапсырыс береді. Олар өздерінен тәуелсіз «клиент» – тікелей сатып алушылармен немесе дауыс берушілермен қызметке бағдарланады.

Психологқа мектептегі білім жүйесінен келіп түсетін едәуір кеңнен танылған тапсырыстарды қарастырып көрелік. Мұғалімдердің және ата –аналардың тарапынан түсетін тапсырыстар көбінде кейбір балалар мен жас өспірімдердің оқығысы және қабілеттерін пайдаланғысы келмеуімен, барлық немесе нақты пәндер бойынша төмен үлгеріммен байланысты. Оқушылар өздерін нақты іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге, есті дамытуға, сабақта анағұрлым зейінді болуға, уақыттарын орынды бөлуге үйретуді сұрай келеді.

Көптеген тапсырыстар жеке проблемалар жөнінде болады: баланың мазасыздығы (әсіресе мектептегі), әртекті кешендер, баланың өз –өзіне сенімсіздігі, мінез –құлықтағы және өзгелермен өзара қатынастарындағы қиындықтар. Оқушылар психологтан құрдастарымен әсіресе қарама –қарсы жыныстағы құрдастарымен қарым – қатынастарындағы, мүғалімдермен және ата –аналарымен өзарақатынастарындағы қиындықтарды жеңуге көмектесуді сұрайды. Жоғары сыныптағы жас өспірімдер мен боз балалар нақты қасиеттерін қалай дамытуға болатынын, қандай мамандықты таңдауға болатынын сұрайды. Психологқа «қиын» сыныптармен тәрбие жұмысының бағдарламасын қалай құруға болатыны жөнінде, нашар отбасыларындағы балаламен қалай жұмыс жасауға болатыны жайлы; сынып пен мұғалімнің, ата –аналар мен балалардың, өзара оқушылардың арасындағы дауларды қалай шешуге болатыны, мектеп пен ата –аналардың арасындағы қатынасты қалай реттеуге болатыны жайлы тапсырыстар келеді.

Психологқа келіп түсетін сұраныстардың бірқатары оқуда елеулі нәтижелерге жетпеген, өздерінің кәсіби қызығушылықтарын сезіне қоймаған, өздерін қабілетсіз сезінетін оқушыларға қатысты кәсіби бағдарға байланысты. Психологқа баланың дарындылығына орай оның оқу курсын тездетіп өтудің орындылына байланысты тапсырыстар да келеді.

Ұйымда қызмет ететін психолог тұрақты әрекет етіп отыратын әлеуметтік тапсырысты өзінің күнделікті міндеттерін бастамашылдықпен және шығармашылықпен орындауында жүзеге асырады. Ол өзінің жоспары бойынша жұмыс жасай отыра дара немесе топтық психологиялық проблемаларды анықтайды, оларды зерттеп, шешу жолдарын іздестіреді. Мәселен, психолог оқушылармен танысу үшін ағылшын тілі сабағына келеді. Оның назарын мұғалімнің әрбір сұрағына қолын көтеріп, менімді, ашық та қуанышты жауап беретін қыз назарын аулайды. Мұғалім аталмыш сыныптағы балаларды сиаттауда сол қызды өте қабілетті деп атайды. Алайда келесі математика сабағында ол өз өзіне ұқсамайтындай: пысықтығы жоғалып кетті, сұрақтарға селт етпейді, ал егер сұраса сенімсіз де жасқаншақтықпен жауап береді. Математика пәнінің мұғалімі қызды үлгерімі әлсіздердің қатарына жатқызады. Психологтың алдында: осындай соншалықты әркелкі оқудың негізінде не жатыр? деген сұрақ туындайды. Ендігі жолда ол тәжірибеден алынған вербалданбаған, көркемделмеген тапсырыстың негізінде психоло гиялық проблеманы құрастыруы қажет.

Жалпы клиенттер тәжірибелеуші психологпен кездесуге кеңес алу немесе психотерапия сеанстарына өз бетінше келеді. Алайда кейбір жағдайларда (жабық мектептер, түрмелер, клиникалар) адамдарды психологқа олардың келісімінсіз бағдарлайды. Әрине осындай жағдайда өзара қолайлы қатынастарды қалыптастыру қиынға соғады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997

2. Весник образования.-М.,1995.№7.

3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

4 Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000

5. Леви Т.С.Психолог и педагогический коллектив. –М.,1995.
4 дәріс. Психологтың кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымы мен мазмұны
Дәрістің мақсаты: ЖОО студенттеріне психологтың кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымы мен мазмұнын түсіндіру.

Жоспары:

1. Психологтың кәсіби әрекеті.

2. Психологтың кәсіби әрекетінің құрылымы мен мазмұны.
Психологтың іс-әрекеті кәсіби қызметтердің ерекше түрін білдіреді. Көмек сұрап келген адам өзін және өзінің әлеуметтік ортасын тереңірек сезінуге, онымен едәуір үйлесімді қатынастарды қалыптастыруға, өмірдің жаңа күйзелістері мен құндылықтарына ие болуға мүмкіндік беретін психологиялық ақпаратқа сүйеніп психологиялық проблемаларын шешу қабілетін қалыптастырады.

Кәсіби міндетті алу, клиенттің психологиялық көмектің ынталандырылған сұранысын білдіретін тапсырысқа жауап беру түріне ұласады.

Тапсырыс зерттелініп психологиялық проблемаға өзгеруі тиіс. Көптеген жағдайда шағым тым бұлыңғыр, түсініксіз сипатта болатындықтан аса қажет. Кез келген ресми немесе биресми тапсырыс психолог үшін алғашында адамға қандай-да бір проблеманың бар екендігінің белгісі болып табылады. Демек анамнез – тексерілуші және оның ауруының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығы қажет.

Тапсырыстың нақтылығын анықтау үшін, проблеманы нақты мазмұнға толтыру үшін тапсырыс берген адаммен арнайы әңгіме жүргізу қажет.

Психологтың клиентпен өзара әрекеттестігінің негізгі үзбелерін қамтитын іс-әрекетінің бес адымды үлгісі кеңінен танымал. Бұл үлгі психология мен психотерапияның негізгі әдістерін біріктіретін тұжырымдаманы білдіреді. Ол практикалық психологияның әртүрлі когнитивтік, бихевиористік, психоаналитикалық мектептерде, сондай-ақ нейролингвистикалық бағдарламалауда да жүзеге асырылуы мүмкін.

«Факторлар теориясы» оның әдіснамалық негізі болып табылады. Ол теория бойынша кеңес беруде а) клиентті түсіну; ә) клиент тіршілік еткен және қабылдайтын шешімге ықпал етуі мүмкін ортамен танысу; б) мінез-құлықтың жағымды стратегиясын анықтау үшін клиенттің өз ортасымен қатынастарын талқылау сияқты үш негізгі проблема бар. Тұлға мен ортаның қатынасына баса назардың аударылуы практикалық психологияның көптеген бағыттарының негізінде жатқан тұлғалық – бағдарланған теориялармен қарама-қайшылыққа енеді. Факторлар теорияларының қисынында орта талдамасының, клиент даралығының талдамасы сияқты маңызды екендігі ерекше көрсетіледі.

Клиенттің шешімі жөнінде жүргізілген жұмыс сәйкес мотивацияның қалыптасуына және сақталуына ұласады. Ол жұмыс психологпен кездесудің алғашқы минуттарынан, адамның проблемасын шешу қажеттілігін біршама сақтап қалатын сенімді қатынастарды қалыптастырудан басталады.

Психолог клиентке кері ақпаратты ұсынып, проблемасын түсінуде инсайтты кешіруге ықпал етіп, оны ашылуға итермелеп, онда өзінің тұлғасы жөнінде жүйелі жұмыс жасаудың әрекетшіл тілегін қалыптастырады. Ары қарай клиенттің референтті тобында қабылданған нормаларды ұстанудың егжей-тегжейлі ұсыныстардың негізінде мотивация жүзеге асады.

Психологпен тікелей қарым–қатынас аяқталғаннан кейін сауықтандыратын мотивацияны сақтап қалі үшін телефон немесе хат арқылы едәуір ұзақ мерзімді байланысты сақтап қалу мүмкіндігі клиенттің өзінің және жақындарының алдындағы жауапкершілігін есіне түсіріп отыру, сондай-ақ оның психологтың көмегінсіз қиындықтарын сәтті жеңу сенімділіген иландыру сияқты факторлар маңызды.

Психологтың клиентке берген ұсыныстары мен кеңестері жайлы мәселе оның кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымында маңызды орын иеленеді. Осы жөнінде практиктер мен теоретиктер өте сақ ұстанымды жақтайды. Тіптен кейбіреулері негізгі үш дәлелді келтіріп кеңес беруге тиым салу ұстанымын ұсынады. Бірінші, дәлел бұл - әрбір клиент өмірінің бірегейлігімен болжанбайтындығынан тәжірибеде тиімді кеңес беруге болмайтыны. Екінші дәлел бойынша кеңес клиенттің еркінсіздігін, тәуелділігі мен енжарлығын арттырып, тұлғасының дамуына ықпал етпейді. Үшінші дәлелдің мәні кеңесті жүзеге асырудағы сәтсіздіктің себебі клиентпен психологқа жүктеліп, оның беделінің төмендеуін әкелуінде.

Кеңес беруде тартыну жайлы ережеге жатпайтын екі жағдай бар. Біріншісі, клиентті өмірінен өте маңызды нәрсені түсінуіне ынталандыру қажет болатын жағдайға қатысты. Бұл үшін психолог оны жаңа ақпаратты және жаңа эмоциялы тәжірибені алуда бір нәрсені жасауын не болмаса жасамауын сұрауы мүмкін. Екіншісі психолог клиенттің өз бетінше психолог шеше алмайтын сыни күйде екендігіне сенімді болған жағдайларға қатысты.

Сонымен бірге клиентке объективті ақпаратты ұсыну қажет. Сондай-ақ клиент кеңеске мұқтаж, психологтың одан бас тартуы, оның көңілін қалдыруы мүмкін. Мәселе кеңестің қандай түрде ұсынылуында. Ол клиенттің өз бетінше қорытынды шығаруы тиіс бейтарап формада ақпарат ұсыну түрінде жасалынса жақсы.

Психолог эксперт ретінде қызмет еткенде және іс-әрекетінің тиімділігі кеңестер мен ұсыныстардың сапасымен анықталатын жағдайларда кеңес беруге тиым салу ережесінің психологқа қатысы болмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997

2. Весник образования.-М.,1995.№7.

3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

4 Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000

5. Леви Т.С.Психолог и педагогический коллектив. –М.,1995.
5. дәріс. Білім беру мекемелеріндегі психологтың қызметі.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> АҚпараттық хат 5 мамыр 2016 жылы
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Силлабус пән: Психология тарихы Курс
2016 -> Мамандық бойынша оқУ – Әдістемелік кешен
2016 -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
2016 -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
2016 -> Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы