Силлабус пән: Практикалық психология Курс



бет12/15
Дата16.01.2017
өлшемі302.77 Kb.
#223
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

3.Фаза- бұл белсенді түрде жұмыс істейтін психотерапиялық топ, қызығушылық, шынайылық, шапшаңдық психотерапиядағы міндеттерді шешуге жағдай туғызады-қарым –қатынастық жүйе өзгереді, іс-әрекет формалары түзеледі.

Топтық жұмыстағы тақырыптарды былайша бөлуге болады, жеке клиенттеердің биографиясы олардың қазіргі уақыттағы проблемалар өмірлік ситуациялар, олардың топтағы бастан кешірген күйлері.

Егер клиент топтан кететін болса, ол топтағы алғашқыда әсерін, іс-әрекетіндлегі өзгерісті баяндайды. Ал егер клиент ешқандай нәтижелі өзгеріссіз кетіп бара жатса топ бұл мәселені талқыға салып, кеңес береді.

Психологтың негізгі құралы вербальды-және вербальды емес реакция.

Сана мен өзіндік сананы дамытудағы вербальдық құралмен әсер ету психолог үшін топ мүшелерінің белсенділігін белгілеуде негіз болып табылады.

Бұл әсер ету құралдарын төмендегідей категорияларға бөлеміз:

1. Жұмыс барысын құру –яғни белгілі бір сұрақтар арқылы жұмыс

бағдарламасын және барысын бастау, «біздің бүгінгі тақырыбымыз

қандай», өзі жайлы айтуда бүгін кімнің кезегі «бүгінгі тақырыбымыздың

ата мынадай», және т.б.

2. Психологиялық ақпараттардың жиынтығы психолог өз сұрақтарын

қолданады белгілі бір субъективтік модолдық параметрлері жайлы.

3. Интрпретация- ең кең қолданылатын әдіс, ол клиенттің өткеніне де не

болмаса өзектілігене де қаттынаса алады. Бұл арқылы клиенттің

эмоцияларын байқау, онымен бірге конфронтацияда болу; яғни

интрпретация клиенттің іс-әрекетін жағдайларын негіздерін гипотездеу.

4. Сендіру және айныту, тікелей және тікелей емес байланысында.

5. Ақпаратты көрсету, елестету.

6. Паценттер орындаудағы шешімдердің құрылымы (вербальды емес әртүлі

әдістерді қолдану арқылы)

Эмпатия. Терапияның көптеген түрлері клиентке сырт келбетінен көзқарасты ұсынады. Эмпатия ішкі көзқарасты, оның нені ойлай және сезіне алатынына шоғырлануды талап етеді. Терапевт клиентке диагностикалық жарлықты ілуге ұмтылған сырттай бақылаушы ретінде емес, әлемнің оның ойынша қалай көрінетінін түсінгісі келетін адам ретінде әрекет етеді.

Эмпатия жайлы: «Мен түсінемін», «Мен сіздің қазір қандай сезімде екендігіңізді білемін» деген сөздермен хабалауға болмайды. Терапевт клиентті белсенді тыңдап отырғанын көрсетіп, эмпатия вербалды емес түрде жеткізеді. Терапевтер шебер сұхбаттасушылар ретінде клиентпен көз арқылы түйісуді қолданып, оның сөйлеуге даярлығын ыммен қолдап отырады, кері ақпаратты жеткізудің вербалды емес құралдарының барлық арсеналын қолданады. Кейде бұл амал рефлексия (сәулелендіру) деп аталады. Клиенттердің көпшілігі эмпатиялық сәулелендіруге өз сезімдеріне мұқият назар аударумен жауап береді. Рефлексия – адамның дербес әрекеттері мен күйлерін ойластыруға, өзінің рухани әлемін тануына бағытталған ішкі психикалық іс –әрекеті.



Конгруэнттілік – бұл терапевттің сезінгені мен оның клиентке қатысты өзін қалай ұстайтынының арасындағы үйлесімдік. Бұл терапевттің шартсыз жағымды қатынасының және эмпатиясының шынайы екендігінің белгісі. Терапевттің конгруэнттілігі клиенттің ашық–жарқындылық пен шыншылдықтың адам қатынастарының негізі болуы мүмкін екендігіне көзін жеткізуге мүмкіндік береді. Көптеген авторлар адамн ың барлық әрекеттері мен уайымдарын жүйелеуге тырысты. Адамның барлық әрекеттерінің мотиві өмірдің мәнін іздеу және оны жүзеге асыру деп есептейтін практикалық психологияның бағыты Логотерапия деп талады. Оның негізін қалаған В.Франкл.

Логотерапияның негізгі заңдылықтары.

1. Егер адамның өмірінің мәні және мақсаты болмаса ол адам қалыпты өмір сүре алмайды.

2. Өмірдің мәні адамға сырттан берілмейді, оны ұсынуға, жүктеп қоюға болмайды, оны адам өздігінен табуы керек.

Өмірдің мәнән іздеуді Франкл адамның әрекет қылықтарының негізгі қозғаушы күші деп қарастырады. Франкл дамдардың барлық әрекеттерін дамытушы, бұзушы, немқұрайлы деп бөледі. Оның пікірі бойынша өмірдің мәні , оны табуға деген талпыныс кез-келген адам үшін заңды болып табылады.

Егер адам оған жол көрмесе онда психолгиялық қиындықтар, жағымсыз уайымдар басталады. Франкл бойынша өмірдің мәні кез-келген уақытта, тіпті трагедиялық жағдайда болады. Психолог қиын жағдайларда клиентке өмірдің мәнін ұғынуына көмектесуі керек. Франклдің тұжырымдауынша өмірдің мәнін шығармашылықтан, эмоция және сабырлық, қанағат етуден іздеу керек. Өмірдің мәнін табуда Франкл келесі техникаларды ұсынды.

1. дерефлексия

2. Парадоксальді.

3. Сокрттық диалог.

4. Өмірді персоналды ұғындыру.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997

2.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985

3.Бурлучак Л.Ф., Грабская И.А., Кочарян А.С. Основы психотерапии. Киев, 1999.


11 дәріс. Психологтың кәсіби шеберлігі және этикалық нормалары

Дәрістің мақсаты: Студенттерге психологтың кәсіби шеберлігі және этикалық нормалары жайлы мағлұмат беру.

Жоспары:

Практикалық психологтың кәсіби іс- әрекетке дайындығы, бейімделуі, кәсіби біліктілігі, кәсіби эрудициясы, кәсіби икемділігімен дағдылары. Психолог маманның кәсіби куйрейін алдын – алу шаралары. Психологтың міндеттері мен құқықтары. Психолог қызметінің принциптері мен ережелері. Кәсіби компетенция принципі. Зерттелушіге зақым келтірмеу принципі. Клиеттің ішкі жан дүниесіне өзгерту үшін жауапкершілік. Купиялылық принципі ақпараттық келісім шарт принципі

Психологиялық қызмет бөлімінің мақсаты мен тапсырмалары.

Ғылыми негіздемелік және психологиялық қызмет білімге қатынсты сұрақтарды қарастыру кезіндегі мәселені әр ел өзінше шешеді. Бұл кездейсоқ емес. Қызмет психологиясының дамуы бір жағынан қоғамдағы ғылыми психологиялық концепциялармен, ал екіншіден халықтық білімнің қажеттіліктерімен және тапсырмаларымен ұлғаның қалыптасудағы тәрбиелік мақсаттарымен анықталады, ол кез-келген мемлекеттің саяси, экономикалық және басқа да ерекшеліктеріне байланысты.

Сондықтан басқа мемлекеттерде өңдеоген қолайлы құндылықтарды есепке ала отырып, қызмет психолгиясының барлық ғылыми ұйым принциптерін құру керек және кеңестік психологиялық теория мен мәдени традицияға бағыттталатын барлық қадамдарды қарастыру керек.

Ең алдымен, қызмет психологиясының түсінігін анықтау керек. Оның көптеген анықтамалары бар. Бұл қызмет психологиялық өз тарихында қарамастан психологиялық ғылымның интенсивтілігін көрсететін құбылыстардың күрделі екендігін көрсетеді.



Психологиялық қызмет бөлімінің анықтамасы.

Психологиялық қызмет бөлімі - мемлекеттегі толық қамтылған білім жүйелеріндегі компоненттердің бірі. өзімізге сұрақ қояйық: психолгиялық қызмет қазір интенсивті түрде дами бастайды, оны қандай себептер бұған шақырды. Тәжірибе ме? Әрине, педагогикалық практикада бала жайлы оның психологиялық білімінің қажеттіліктері құрылды. Бірақ, бұл тек бір жағынан, ал басқа жағынан - ғылым дамуының логикасы психологиялық зерттеулердің - ғылыми - тәжіибенің жаңа бағытын құру керек екендігін міндеттейді. Осылайша , психологиялық қызмет білімі мен тәжірибенің өзара байланысымен қамтылады. Психолгиялық қызмет бала жайлы барлық ғылым мән осы осы дамудың практикалық реализациясын өзіне бағындырған болатын. Дәл осы бала жайлы ғылым және ғылымның дайындығы мен тереңдігі негізгі тапсырмаларды қарастыруын қажет етеді.

Ғылым мен практиканың өзара байланысы теңдеседі, психологиялық құбылыстар мен педагогикалық шарттар өзара бір - біріне тәуелді , осыдан психологиялық білім қызметінің өзара біркелкі емес, күрделі құбылыстары туындайды.



Психологиялық білім қызметі - негізгі аспектсін көрсететін интегралды құбылыстар болып табылады, яғни - олар ғылыми, практикалық, ұйымдық және прикладной әр аспкетісінің өз тапсырмасы бар.

Ғылыми аспект - психологиялық білім методологиялық теориялық практика психолгиялық дамудың жаңа ғылыми - практикалық бағытының мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің жүргізілуін ұсынады, ол психолгиялық дамудың жасөспірімдік заңдылықтарының индивидуалдылығын меңгереді. Осындағы тапсырмалардың бірі - психодиагностикалық, психокоорекциондық, психопрофилоктикалық, программаны ғылыми тұрғыда өңдеу осы зеттелердің академиялықтан айырмашылығы, олар тек психологиялық механизм мен заңдылықтарға ғана әсер етпейді, сонымен бірге осы механизмдер мен заңдылықтардың психолгиялық даму шартын анықтайды. Осы зерттеулерді орындайтын ғылыми қызметкр практикалық психологқа өзін бағыттайды.

Сонымен қатар, прикладной аспект, тәжірибелік аспект, ұйымдастырушылық аспектілері бар.



Психолог жұмысының ережелері және жалпы принциптері.

  1. Клиенттер, зерттеушілер, текесерушілер алдындағы психологтың ерекше жауапкершілігі.

  2. Клиенттермен жұмыс кезінде психолог сыпайылық танытуы.

  3. Практик психологтың жұмысы әр адамның тәуелсіз интеллектуалды және тұлғалық даму жолындағы шектеулерді жою бағытталған.

  4. Психолог өз жұмысын тұлғаның құқығын сақтай және белсенді түрде қорғай отырып істейді.

  5. Психолог психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда, сонымен қатар өзінің талдаулары мен ұсыныс беруінде мұқият және ұқыпты болуы тиіс.

  6. Психолог адамның дамында және бостандығына физикалық және психологиялық құқығына қол сұқпауы және шектемеуі керек.

  7. Психолог өзін басқарушы тұлғаға ақпараттандырып оытруы міндетті, сонымен қатар басқа тұлғалардың адам құқығын бұзуын байқаған жағдайда өзінің профессионалды бірлестігімен мәлімдеуі керек.

  8. Психолог тек өзі жетік меңгерген білімі және квалификациясы бойынша ғана өкмек көрсетуі тиіс.

  9. Психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді, барлық ғылыми стандарттарға жауап беруші немесе толық апробациядан өтпеген жағдайда амалсыздан өткізу керектігін, қызығушылық танытқан тұлғаларды ескертіп және өз таңдаулары мен ұсыныстарында ерекше мұқият болуы тиіс.

  10. Психолог психодиагностикалық, психокоррекциялық және психотерапиялық әдістерді компоненттілігі жоқ тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

  11. Психологиялық білімі жөнінде дайындығы жоқ және осы сферада білімсіз психологияқ қызмет көрсетіп жүрген адамдарға психодиагностикалық және психологиялық әсер ету әдістерін қолдануға қарсылық танытып, оларды ескертіп, қолдануға психолог тыйым салуы қажет.

  12. Психолог, клиенттің қалауы бойынша зерттеуді және кеңес беру барысында басқа адамдардың қатысуына қарсылық көрсетпеуі керек( сотық психологиялық немесе медициналық психологиялық заңды түрде анықталған экспертизалардан басқалары).

  13. Психолог индивидуалды психологиялық зерттеулер нәтижелерін үшінші бір адамға беру және мәлімдеу тек клиенттердің келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады.

  14. Психолог мұғалімдерге, ата- аналарға, олардың орнын басушы тұлғаларға, оқу тәрбиелеу мекемелерінің әкімшілігіне бала жайындағы мәліметтер, тек балаға олар зиян келтірмейтін болған жағдайда ғана мәлімдеуге болады.

  15. Психологтар психологиялық компоненттілігі төмен адамдардан психологиялық көмектерге жүгінуде кері әсерлердің болу мүмкінділігінің болуы жайында ескертіп, профессионалды психологиялық көмектін кімнен алуы керектігін нұсқауы керек.

  16. Психолог адамдарға қасырет тигізетін жұмыстары мен іс- әрекеттердегі рольдерге өзін қатыстыруға мүмкіншілік бермеуі тиіс.

  17. Психологклиентке өзі қолынан келмейтін, орындай алмайтын уәделер бермеуі тиіс.

  18. Егер баланың зерттелінуі немесе психологиялық әсер етулер басқа қызмет тұлғалардың талаптарымен жүзеге асырылатын болса, психолог осы жайында баланың ата-аналарын немесе олардың орнын алмастырушы тұлғаларға мәлімдеуі тиіс.

  19. Психолог өзінің жұмыс жүргізіп жүрген клиенттер жайындағы ақпараттарды құпия түрде сақтауда жауапкершіл болуы тиіс.

  20. Психолог өз жұмысын ұйымдастыруда өз зерттелінушілерінің денсаулығына, көңіл-күйіне немесе әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеу принципін ұстануы керек.

  21. Зерттелінушілерге жүргізілетін әдістемелерді қауіпсіздік ережелері. Психолог зерттеу әдістемелерінің,зерттелінушінің денсаулығына, көңіл –күйіне, әсер етуші жалған ақпараттар бермейтін әдістемелерді қолдана алады.

  22. Зерттелінушіге қатысты адекватты емес әсер етулер жайындағы ескертулер ережелері.Психолог өз клиенттерімен келісілген шарттар бойынша өз ұсыныстарын жүйелеп, зерттеу нәтижелерін сақауды ұйымдастыруды, осы ақпараттардың таралмауына және басқа да көздеген жеке мақсаттарда қоданбауды қамтамасыз етеді. Психолог зерттелінуші жайында ақпараттарды клиентке хабарлап отыруы тек зерттелушінің келісімін алған жағдайда ғана жүзеге асырылалы.

  23. Психологтың профессионалды компетенттілік ережесі, психологтан профессионалды игерген сұрақтармен жұмыс және құқықтарға сәкестелінген практикалық әдістермен жұмыс жасауы талап етіледі.

  24. Психолог пен тапсырыс берушінің бірлесіп жұмыс жүргізу ережелері, тапсырыс беруші тұлғаның мазасыздандыратын сұрақтар аумағындағы психология ғылымындағы психологтың өз мүмкіндіктер шегін ақпараттандыруын талап етеді. Психолог тапсырыс беруші тұлғаға психологиялық іс - әрекеттердің ережелері мен принциптерін айтып және осы ережелерді, әдістерді қолдануда оларға жетекшілік етуге тапсырыс берушінің келісімін алуы қажет.

  25. Психолог пен зерттелінушінің проссионалды қарым-қатынас ержелері психологиялық әңгімелесу әдістерін, бақылау және алға қойылған міндеттерді шешуде максималды эффективті деңгейде әсер етуді және де, психологпен қарым – қатынастан зерттелінушінің қанағаттануын, симпатия сезімі мен сенімін тудыруды талап етіледі.

  26. Зерттеу нәтижелерін негіздеу ережелері психологты зерттеу нәтижелерін психология ғылымында қабылданған терминдер мен түсініктерде жүйелеп, өз қорытындыларын алғашқы зерттеу материалын көрсете отырып, математикалық – статистикалық өңделген мәліметтермен жүйелеуін талап етеді.

  27. Психолог тапсырыс берушінің зерттелінушіге деген қандай да субъективті жағымсыздық сезімін танытып, оған психологтың көмегімен психологиялық кері әсер етушілігін болдырмауы қажет.

  28. Психолог іс - әрекетінің конфедециалдық принципі сенімді қарым – қатынас негізінде психологтың зерттелінушімен жұмыс процесінде алынған материалдың сапалы түрде немесе кездейсоқ таралуын болдырмауы және осы мәліметтер тапсырыс берушінің, не зерттелінушінің, не психологтың, не болмаса психология ғылымына компромис жасалмайтындай етіп көрсетілуі тиіс.

  29. Психологиялық сипаттағы мәліметтерді кодтау ережесі. Психологты барлық психологиялық сипаттағы мәліметтерде зерттелінушілердің аты – жөнін емес код арқылы белгілеуге міндеттейді. Документ – дешифратор бір ғана жалғыз экземплярда толтырылады және осы мәліметтер психологтың жеке кабинетінде, басқалардың қолына түспеуін қадағалау керек.

  30. Психологиялық сипаттағы мәліметтердің сақтауды бақылау ережелері.Тапсырыс беруші адаммен бірге, алынған мәліметтерге басқа да адамдардың қол жеткізу тізімін, мәліметтерді сақтау шарттары, орны, мерзімі және оларды жою жөнінде алғашқы келісім бойынша қарастырылады.

  31. Психологиялық сипаттағы мәліметтерді корректілеуде қолдану ережелері, психологқа тапсырыс беруші мен зерттелінушіні жарақаттайтын кездейсоқ немесе алдын ала бағытталған мәліметтерді жоюға келісім алуына қол жеткізуіне көмек береді.

  32. Келісім жайында хабардар болу принципі. Психологтың, тапсырыс берушінің және зерттелінушінің психологиялық іс - әрекеттің этикалық принциптері және ережелері, мақсаты, тәсілдері жөнінде хабардар болуын және өз еріктерімен қатысуын талап етеді.

Практикалық психология профессионалды іс - әрект ретінде тобырлық масштабта пайда бола бастайды, сол себепті бір адамның екінші адамға әсер ету негізінде мәселелер шегіне дейін өршиді.

Профессионалды және практикалық этика сұрақтарының түйісу шегі, профессионалды борышының жүзеге асырылуы болып табылады. Профессионалды борыш психологтан әрекет етуін талап етеді, практикалық этика басқа адамға әсер етудің тереңдігін анықтайды, ал мамандық өз әрекеттеріне шектеу қоюды қабылдауын мәлімдейді.

Өзінің профессионалды әрекеттері ушін жаупкершілікке және профессионалды міндеттері үшін уайым сезімінде негіздеуін, психологияның профессионалды әрекеттердегі басқа адамның құндылықтарында айқын ориентациясы, өзінің мүмкіндігін басқа адамға әсерінің өлшемі ретінде адекватты қабылдауы.

Ол психолог мамандығын аздаған әлеуметтік бейімділіктің бірі болуын жасайды. Әйгілі мағынада психолог өзінің профессионалды әрекеттерімен адамның басқа, өзгеше бейнесін жасайды.



Практик психолог жұмысының және оның профессионалды іс - әрекетінің моделі.

Әртүрлі білім беру мекемелеріне және мұғалімдер ұжымына әртүрлі психологтар қажет.

Психолог статусына субъективті амалдардың барлық нұсқауларына келесідей талаптар қойылады:


  • Педұжымның психолог жұмысының негізгі бағыттары және түрлері, міндеттері, ержелерімен, психологиялық қызметтің стратегияларымен толық таныс болғаннан кейін мұғалімдер ұжымының адекватты күтулерінің құрылуы.

  • Психологтың барлық категориядағы тәрбиеленушілермен, тәрбиелеушілермен диагностикалық қарым – қатынас оранту.

  • Мектеп жоспарлары және бағдарламаларда жалпы позицияларды анықтауда мұғалімдермен өзара әрекет және бірлестік орнату.

Психолог іс - әрекетінің бағытталуында, психологтың өзін осы іс - әрекеттің субъекті ретінде және оның әсер етуінің негізгі объектілері: балалар, мұғалімдер, педагогикалық процесс ретінде бөліп қарастыруға болады.

Психологиялық білім беру қызметінің субъектісі – психолог үшін өзінің тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттерін, мүмкіндіктерін, қүшті және әлсіз жақтарын, кемшіліктерін компенсациялау амалдарын білу өте маңызды.

Ол өзінің эмоционалды күйлерін реттей алуы, өзінің психологиялық функцияларын ( ес, зейін, ойлау ) мобильдеуі, қажетті ғылыми, әлеуметтік, профессионалды мәліметтерді іздеу және талдауын іске асыра алуы қажет, кәсіби қажетті қасиеттерін жаттықтыруы керек. Іс - әрекет субъектісі ретінде кәсіби мәнді қасиеттерге ие болып және оны үнемі дамытып оыруы керек, олар интеллектуалдылық, әлеуметтілік.

Балалармен жұмыс кезінде психолог олардың жастық және типологиялық ерекшеліктерін білу. Тәрбиеге, оқуына және тұлғалық даму өзгерісі туралы білуі қажет. Оған дамуында, жүріс – тұрысында, қарым – қатынаста ауытқулары бар балалармен де жұмыс істеуге тура келеді, сол себепті психологқа осы құбылыстар мен процесстер жайында білімі болуы қежет. Баланың дамуы көбіне жанұялық тәрбие шартында қалыптасатын болғандықтан, психолог отбасы психологиясы мен жанұялық тәрбиеге бағытталуы керек. Балалар ұжымы тұлғаның құрылымына әсерін анықтай отырып, психолог міндетті түрде балалар ұжымы мен формалды емес топтардың әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктер біліміне сүйенеді.

Балаға көмек көрсету үшін, баланың өзі өзгеруге талпынысы болуы керек, өзін - өзі тануға, тәрбиелеуге үйренуі керек.

Балалармен жұмыс жүргізуде келесі профессионалды қабілеттер ерекше роль атқарады: ұйымдастырылған, коммуникативті, психодиагностикалық, жасерекшелік – индивидуалды және жанұялық кеңес беру, даму нұсқауларының болжамдары, психопрофилактика және психокоррекциялар. Психологтың балаларға қатысты қарым – қатынасында эмпатия, мейірімділік, ұқыптылық және бақылаушылық, ұстамдылық, төзімділік, табандылық танытуы керек. Айтылып өткен барлық кәсибі маңызды қасиеттер педагогикалық интуициямен және психологтың оптимизмімен сәйкестендірілуі керек.

Мұғалімдермен жұмыс жүргізу үшін, психолог не білуі қажет? Ең алдымен педагог психологиясын және педагогикалық іс - әрекетті профессиограммалар, түрлі мамандағы педагогтардың психограммасын, оқыту және тәрбие психологиясын, педұжымның психологиялық ерекшеліктерін, педагогикалық қарым – қатынастың спихологиялық негіздерін білу керек. Педагогтармен жұмыс кезінде жалпы коммуникативті ұжымдық, психодиагностикалық, психопрофилактикалық және педагогтардың профессионалды тәжірибелер мен мінез-құлықтарына ерекше мән беру керек. Бұларға көбіне психологтың кәсіби маңызды қасиеттерінің мына түрлері сәйкестендіріледі: дипломатиялық, әріптесін түсінуге тырысу, эмпатия сезімі, өзін - өзі игеру, ұқыптылық, достық қарым – қатынас, жоғарғы профессионалды компетенттілік және кең кругозор.

Маманға оқу және тәрбие іс - әрекет психологиясын зерттеу керек; оқыту пәндеренің психологиялық сипаттарын және оларды оқыту спецификаларын, түрлерін, әдістерін, формалары мен амалдарын ұғыну керек.

Осылайша практик психолог іс - әректінің қиындылығы мен көп аспектілігі білім беру жүйесіндегі оның жұмысының мәнділігі көрінеді, ал маман тұлғасына ерекше және әртүрлі талабтар қойылады.

Практик психолог іс - әрекетінің спецификасы оның – адамның индивидуалдығы – пәнімен анықталады.

Мамандар квалификацияланған психологтың квалификациясы жоқ психологтан ажырататын он негізгі қасиеттерді бөліп көрсетті.


  1. Психологиялық көмектің мақсаты.

  2. Профессионалды іс - әрекет жағдайындағы психологтың реакциялары мен назар аударуы.

  3. Практик психологтың концепциялары.

  4. Практик психологтың мәдени продуктивтілігі.

  5. Конфенденционалдылық.

  6. Іс - әрекетіндегі шектеулер.

  7. Тұлға аралық әсерлер.

  8. Адамның жетістіктері.

  9. Жалпыланған теория.

  10. Жалпыланған теорияға қатынас.

Білім жүйесіндегі практик психологтың статусы.

Профессионалдылық позиция, бағдар және психологтың толығымен профессионалдық мазмұны көбіне оның статусымен анықталады.

Практик психолог өз жұмысымен айналысып болғаннан кейін, арнайы пәндерді өтуге эпизотикалық қатысатын маман жағымды көрінеді. Бар энергиясын және жұмыс уақытын ол психологиялық тапсырмаларға жұмсайды.

Психолог ретінде педагогикалық процесстерге сырт жақтан қарайды. Оған қызығушылық танытқан тұлға ретінде ата – аналар, қатысушылар үлкен сенім артады. Бірақ бұл ситуацияларда педагогтар жағынан сенімсіздік байқалады. Егер психологта педагогикалық тәжірибе болмаса, мектеп проблемаларынан жеткіліксіз білім болса онда, ол оның адаптациясын қиындатады, көбіне оның әдістемелік дайындығы, өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз болады. Мұндай жағдайда психологтың психологиясына жақын, балаларға әрқашан жол іздейтін ұстаздармен тығыз қарым – қатынас жасау керек. Өз коллективіне арнайы факультеттерді бітіріп, жаңа профессионалдық рольде қайтып келген педагогтың бейімделуі, бұрын қалған стериотиптерге үлкен өзгерістер кей – кезде стериотиптерге қарсы болады.

Психолог өзінің жаңа бағдарламаларының дұрыстығын жұмыста дәлелдеуге тырысады. Өз ролін анықтамай оқу қысымының бір бөлігін алып жаңа статусқа тұруға нагрузка кедергі жасайды. Өте күрделі қызметтерді үйлестіру, енді бастап келе жатқан маманға және кейде қолынан келмейтін жұмыс. Сондықтан ондай психолог педагогикалық процесстерді іштей біле отырып талдауда өзі қатыса алады, бірақ оны өте керек кезде эпизотикалық түрде жасайды. Психолог көбіне әріптестеріне және әкімшілікке тәуелді болады және ең бастысы – асықпай жаңа статусқа енеді.

Енді бастап келе жатқан маман тиімсіз жағдай болып қалғанда, оны әкімшілік құрамына немесе педагогикалық қызметке алынады. Мұндай жағдайда ол толық көлемде басты жұмыстарды жүргізуі керек. Оның әрекетінде, оқу уақытында жеңуге тырысқан мінез, стериотиптерге және педагогикалық бағдарламалары басым болады. Психологтың жұмысына уақытының жетіспеуі психологиялық профессионалдық компетенттілігін жақсартуға кедергі жасайды. Практикалық жұмысында ол эпизотикалық кеңес берумен, әкімшілік мерекелерді ұйымдастырумен шектеледі.

Мамандардың бірнеше бөлігі халықтардың білім беру бөлімдерінде, аудандық психолог, психолог – методист болып жұмыс істейді. Олар әкімшілікке, педұжымдарға тәуелді емес, психолог статусымен қоса басқарушы жұмысты статусын алады. Бұл психологтар, өз іс - әрекеттерін, масштабты зерттеулерін, әртүрлі категориясын кеңес беруден бастайды да ең тиімді нұсқаларға келеді, педагогтардың педагогикалық психологиялық дайындығын іске асырады, аудандық мектеп психологиясына әдістемелік, координациялық іс - әрекеттеріне көмек жасайды.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> АҚпараттық хат 5 мамыр 2016 жылы
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Силлабус пән: Психология тарихы Курс
2016 -> Мамандық бойынша оқУ – Әдістемелік кешен
2016 -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
2016 -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
2016 -> Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы