Силлабус «коммуналдық гигиена»

Loading...


бет1/3
Дата18.02.2017
өлшемі74.42 Kb.
  1   2   3

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ

2


НУО КАЗАХСТАНСКО-

МЕДИЦИНАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
КАФЕДРА ГИГИЕНЫ И ЭПИДЕМИОЛОГИИ



СИЛЛАБУС

«КОММУНАЛДЫҚ ГИГИЕНА» пәні бойынша – GT 5303
5В110400 «Медикті-профилактикалық іс» мамандық үшін
Гигиена және эпидемиология кафедрасы
4 курс
7-8 семестр
Дәрістер: 40 сағат
Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар: 80 сағат
Оқу сағатының көлемі : 360 сағат (8 кредит)
Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): 120 сағат
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы: 120 сағат
Тексеру үлгісі: емтихан

Алматы, 2013



2009 ж. МЖБС бағдарламасы сәйкес 2012-2013 оқу жылына медикті-профилактикалық іс факультетінде оқитын 3 курс студенттеріне арналып құрастырылған элективтік циклдің оқу силлабусы
Құрастырушылар: гигиена және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., доцент Л.Ж. Орақбай, аға оқытушы м.ғ.к. М.М. Қалимолдин және ассистент А.А. Туружанова.

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ


    1. ЖОО аты: ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




    1. Кафедра: Гигиена және эпидемиология




    1. Пән: Коммуналдық гигиена




    1. Мамандықтар: медикті-профилактикалық іс




    1. Оқу сағатының көлемі : 360 сағат (8 кредит)




    1. Оқылу курсы және семестрі: 4 курс, 7-8 семестр




    1. Оқытушылар жайында мәліметтер




Т.А.Әкесінің аты.

Ғылыми дәрежесі

Атқаратын қызметі

Ғылыми кызығушылығы

Оқытатын курсы

1

Омарова М.Н.

м.ғ.д.

Профессор

Тұрғындар денсаулығы және қоршаған ортаның жағдайын зерттеу, оның ішінде балалар және жасөспірімдер

Жалпы гигиена

2

Орақбай Л.Ж.

м.ғ.д.

Курс меңгерушісі, доцент

Зиянды өндірістегі жұмысшылардың денсаулығы және кәсіби ортаның жағдайын зерттеу, тұрғындар денсаулығының қаупін бағалау

Жалпы гигиена

3

Калимолдин М.М.

м.ғ.к.

Аға оқытушы

Экологиялық жайсыз аймақтардағы балалар денсаулығы және қоршаған ортаның жағдайын зерттеу.

Жалпы гигиена

4

Туружанова А.А.

-

ассистент

Тұрғындар денсаулығы және қоршаған ортаның жағдайын зерттеу.

Жалпы гигиена




    1. Байланыс мәліметі: кафедраның орналасқан орны - Алматы қаласы, Мақатаев көшесі,34 телефондар: 397-75-20, 397-75-18, электронды мекен-жайы: ncgigieny@mail.ru




    1. Пәндер саясаты:

Студент кафедраның талаптарын орындау керек:

- сабаққа кешікпеу керек;

- сабаққа тек қана ақ халатпен жіберіледі;

- себепсіз сабақ бостпауы керек;

- босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген бір уақытта қайталап оқу керек;

- оқу процессіне белсенді араласу керек;

- тәжірибелік сабақтардың барлық тапсырмалары талаптарға сәйкес орындалуы және көркемделуі керек;

- СӨЖ бойынша тапсырмалар жеткілікті деңгейде атқарылуы және белгіленген мерзімде тапсырылуы керек;

- айып шаралары:

студент, барлық кезеңді тексерулерді тапсырмаған болса, емтиханға жіберілмейді.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе. Коммуналдық гигиена - халықтың мекен ету ортасын жақсарту, халық аурушаңдығының алдын алу мен төмендету бойынша шараларды негіздеу мақсатында, коммуналды гигиена саласындағы гигиеналық нормативтер мен санитарлық-эпидемиологиялық заңнаманы әзірлеу үшін, қоршаған ортаның табиғи және антропогендік факторларының елдімекендер жағдайында адам денсаулығына әсерін зерттейтін, жетекші профилактикалық пәндердің бірі.

Коммуналдық гигиена профилактикалық медицинаның ғылыми салаларының бірі және оның мәселелерін Медициналық-профилактикалық іс мамандығының бакалаврлары білуі қажет.



2.2 Пәннің мақсаты: медициналық-профилактикалық бағыттағы маманның коммуналдық гигиена саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өткізу жұмысына даярлау.

2.3 Пәннің міндеттері:

  • коммуналдық гигиена объектілеріне ескертпелі және ағымдық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өткізуге үйрету;

  • атмосфералық ауа, елдімекендер аумағындағы топырақ пен су қоймаларындағы су ластануының негізгі көздеріне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өткізуді ұйымдастыру кезінде санитарлық-гигиеналық әдістерді қолдануды үйрету;

  • сумен жабдықтау көздерін, ауыз су мен су өткізетін құрылыстарсапасын жақсарту тәсілдерін санитарлық-гигиеналық бағалау бойынша мағлұмат беру;

  • елдімекендердегі кәріз жүйелері мен түрлерін; шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік ағынды суларды тазарту бойынша тазалау құрылыстары жұмысының тиімділігін санитарлық-эпидемиологиялық бағалауды үйрету;

  • елдімекендерде атмосфераны ластайтын қалдықтарды тазалау бойынша түрлі кәсіпорындардағы шаң мен газды тазалау құрылыстары жұмысының тиімділігін санитарлық-эпидемиологиялық бағалауды үйрету, шекті-ұйғарынды қалдықты (ШҰҚ) анықтау;

  • адамның денсаулық жағдайына қоршаған орта факторларының (су, ауа) әсерін зерттеу бойынша мағлұмат беру;

  • елдімекендер аумағын күту мен қатты және сұйық түрдегі қалдықтардантазартуды, сондай-ақ оларды зарарсыздандыру тәсілдерін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бойынша мағлұмат беру;

  • тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, түрлі коммуналдық тұрмыстық объектілерді, медициналық ұйымдарды, дәріханалар мен спорт құрылыстарын жарықтандырумен, жылумен және желдетумен қамтамасыз етуге санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау өткізуге үйрету;

  • сумен жабдықтау мен кәріздендірудің, қала мен ауыл тұрғындарын қоныстандыруды, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, коммуналдық-тұрмыстық объектілерді, спорт құрылыстарын, медициналық ұйымдар мен дәріханаларды жоспарлау менсалудың жобалық құжаттарына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама өткізуге үйрету;

  • су объектілерін атмосфералық ауа мен елдімекендер аумағындағы топырақты, жабық ғимараттардағы ауаны санитариялық қорғау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық шараларды әзірлеу мен енгізуге үйрету.


2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білім берудің түпкілікті нәтижелері

Студент:

  • азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының санитариялық, табиғатты қорғау заңнамаларын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық, қызмет мамандары қызметінің құқықтық негіздерін;

  • коммуналдық бөлім құжаттамасын;

  • халық арасында жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пайда болу қаупі мен су арқылы таралу себептерін, жағдайы мен факторларын және олардың алдын алуды;

  • атмосфералық ауа, топырақ пен су қоймаларындағы су ластануының негізгі көздеріне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды өткізуді ұйымдастыру ережелерін;

  • тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, коммуналдық объектілерді, спорт құрылыстарын жарықтандырумен, желдетумен және жылумен қамтамасыз етуді бағалау әдістерін;

  • елдімекендерді сумен жабдықтау, кәріздендіру, қала мен ауыл тұрғындарын қоныстандыруды, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, коммуналдық-тұрмыстық объектілерді, спорт құрылыстарын, емдік-профилактикалық мекемелер мен дәріханаларды жоспарлау мен салу жобаларына сараптама өткізу кезеңдерін;

  • қоршаған орта факторларының әсеріне байланыстыхалық денсаулығының көрсеткіштерін есептеу және талдау әдістемесін;

  • ауаны санитариялық қорғау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыру мен өткізу ережелерін;

  • қоршаған ортаның әртүрлі факторларының деңгейін бағалау үшін қажетті құралдардың жұмыс істеу қағидатының құрылғысын;

  • Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, коммуналдық гигиенаға тікелей қатысы бар негізгі баптарын;

  • Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялықсаулығы саласындағы заңнамалардың, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы кезіндегі негізгі баптарын;

  • Қазақстан Республиасының «Жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарау тәртібі туралы» Заңын (шағымдарды, өтініштерді, өтінімдерді, ұсыныстарды қарау);

  • Қазастан Республикасының «Мемлекеттік қадағалау мен бақылау туралы» Заңы, коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің жұмыс істеу кезінде қолдануына қажетті заңның негізгі баптары;

  • Мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін(мемлекеттік қызметкер этикасы);

  • су гигиенасы және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау бойынша нормативтік-құқықтық актілерін;

  • су объектілерін санитарлық қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілерін;

  • атмосфералық ауаны санитарлық қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілерін;

  • елдімекендерде топырақты санитариялық қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілерін;

  • тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың гигиенасы бойынша нормативтік-құқықтық актілерін;

  • елдімекендерді жоспарлау бойынша нормативтік-құқықтық актілерін;

  • медициналық қалдықтар бойынша нормативтік-құқықтық актілерін (медициналық қалдықтарды жинау,уақытша сақтау, жою тәртібі, жіктеу);

  • денсаулық сақтау объектілері бойынша нормативтік-құқықтық актілер;

  • коммуналдық объектілер бойынша нормативтік-құқықтық актілерін (халыққа тұрмыстық қызмет көрсету: кір жуатын орындар,шаштараздар, химиялық тазалау және т.б.) білуі тиіс.

Студент:

  • мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың түрлі деңгейлерінде басқарушылық шешімдер қабылдауды;

  • санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы асқынған жағдайда түрлі объектілердің санитарлық-гигиеналық жағдайды бағалауды;

  • нақты аумақты сумен жабдықтау және суды пайдалану ерекшеліктерінескере отырып су жолдарында инфекция таралуын жою бойынша шаралар тиімділігін бағалауды;

  • коммуналдық гигиена объектілері мен қоршаған орта факторларын ескерпелі және ағымдық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруды;

  • атмосфералық ауа, топырақ пен су тазалығын гигиеналық бағалауды;

  • коммуналдық гигиена саласында мемлекеттік ескертпелі және ағымдық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруды;

  • санбюллетеньдер, парақшалар шығаруды;

  • ауыз су, топырақ сынамасын зерттеу (химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық) үшін іріктеу әдістемесін меңгеру, зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша топырақтың, судың сапасын бағалауды және қажетті құжаттарды ресімдеуді;

  • топырақ құрамын гигиеналық зерттеуді;

  • елдімекендердегі атмосфералық ауа мен жабық ғимараттардағы ауа сынамасын аспирациялық әдіспен іріктеуді;

  • ЕПМ-нің, рецептуралық өндірістік бөлімі бар дәріхананың жабық бөлмееріндегі ауа сынамасын седиментациялық әдіспен іріктеуді;

  • санитариялық-қорғау аймағының өлшемдерін анықтау;

  • тұрғын үй аудандарының ғимараттары мен аумағындағы микроклимат көрсеткіштерін анқытауды (ауа температурасы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа ағынының жылдамдығы);

  • тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттарды табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейін анықтауды және бағалауды;

  • қоныстанған аймақта көлік шуылының деңгейін анықтауды және бағалауды;

  • ғимараттарды үздіксіз инсоляциялау уақытын, КЕО жобада бекітуді;

  • тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардағы микроклимат корсеткіштерін зерттеуді;

  • коммуналдық бөлімнің белгілі бір мерзімге жқмыс жоспарын құруды (қауіп дәрежесін ескере отырып зертханалық объектіні жоспарлау, ұйымдастырушылық-әдістемелік жоспар) және есеп беруді;

  • халықтың санитариялық сауаттылық бойынша білім деңгейін арттыру үшін санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді (дәрістер, семинарлар, әңгімелесу);

  • жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды қарау бойынша жұмыс істеп үйренуді. Шағымдарды қарау тәртібі мен оған жауап қайтаруды;

  • өтініштерді, өтінімдерді қарау тәртібі мен оған жауап қайтаруды;

  • басқа ведомстволармен жұмыс істеу және өзара байланыс құруды (әкімшілік, АІІД, су дайындау және су жіберу объектілері, көгалдандыру қызметтері, экологиялық қызмет, прокуратура, сот органдары, сондай-ақ жоғарыда тұрған қызметтер);

  • пікірталасқа түсу және өз көзқарасын дәлелдеуді;

  • топта жұмыс істу және көшбасшылық қасиеттерге ие болуға үйреніп алуы қажет.

Студент:

  • коммуналдық гигиена саласында мемлекеттік ескертпелі және ағымдық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға;

  • коммуналдық гигиенаның түрлі объектілерінің жобалық құжаттарына сараптама өткізуге машықтануы қажет.


2.5 Пререквизиттер: Экология, медициналық биофизика, физиология, микробиология, далпы гигиена, қоршаған орта мен денсаулық, жұқпалы аурулар, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау.

2.6 Постреквизиттер: еңбек гигиенасы, дезифекциялық іс негіздері мен эпидемиология.

2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әрбір сабақты жүргізу үлгісі және ұзақтығы (дәріс, практикалық, семинарлық, зертханалық, оқытушының жетекшілігімен өздігінен жүргізілетін, өзіндік жұмыс)

      1. Дәрістің тақырыптық жоспары






Дәріс тақырыптары

Сағаты

1

Коммуналдық гигиена пәні. Пәннің даму тарихы. Коммуналдық гигиенаның дамуындағы Қазақстан мен Ресей ғалымдарының рөлі. Заңнама коммуналдық гигиена саласындағы медициналық-профилактикалық іс бакалавры қызметінің негізі ретінде.

1

2

Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік санитариялық қадағалау. Коммуналды гигиена саласындағы ескертпелі және ағымдық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау.

1

3

Санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу әдістері. Коммуналдық гигиена саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу әдістерін жіктеу.

1

4

Зертханалық зерттеулерді стандарттау және метрологиялық қамтамасыз ету.

1

5

Санитариялық-эпидемиологиялық зертхана жұмысы кезіндегі еңбекті ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы.

1

6

«Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздері» МС. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау. Санитариялық қорғау аймақтары.

1

7

Ауыз суды тазарту әдістері, тазарту құрылыстарының тосқауылды рөлі, тазартудың арнайы әдістері. Ауыз суды тазарту мен зарарсыздандыру әдістері

1

8

Орталықтандырылған сумен жабдықтау. Құдық құрылғысы мен бұлақ қаптажына қойылатын санитариялық талаптар.

1

9

Әртүрлі елдердегі су объектілерін санитариялық қорғау. Жер үсті суларын ластанудан қорғаудың санитариялық ережелері мен нормалары.

1

10

Төтенше жағдайларда сумен жабдықтауды ұйымдастыру мәселелері.

1

11

Су қоймаларының ластану көздері. Су объектілеріндегі судағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау.

1

12

Қалалық ағынды сулар. Тұрмыстық және өндірістік ағынды сулардыңсанитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасы.Ағынды суларды тазарту әдістерін санитариялық-эпидемиологиялық бағалау.

1

13

Өндірістік ағынды суларды зарарсыздандырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері.

1

14

Кәріздендіру Су объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық қорғау бойынша шаралар жүйесі.

1

15

Жер үсті су қоймаларының өздігінен тазаруы.

1

16

Топырақтың гигиеналық мағызы, оның ластану және оны қорғау проблемалары. Топырақтағы химиялық заттарды нормалаудың гигиеналық қағыдаттары.

1

17

Елдімекендерді санитариялық тазартуды ұйымдастыру мен өткізу негіздері. Полигондар: жайландыру мен күту.

1

18

Санитариялық-эпидемиологиялық заңнама. Топырақ тазалығын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау әдістері.

1

19

Қатты және сұйық түрдегі қалдықтарды зарарсыздандырудың негізгі әдістері. Қалдықтарды жинау және жоюды санитариялық қадағалау.

1

20

Зираттарды жайландыру мен күту. Жануарлардың өліктері мен өзге де жануар тектес қалдықтарды зарарсыздандыру және жою.

1

21

Атмосфералық ауаның ластануы мен оны қорғаудың қазіргі заманғы проблемалары. Атмосфералық ластанудың халық денсаулығына әсері.

1

22

Атмосфералық ауадағы химиялық заттарды нормалау. Атмосфералық ауаның ластануын бағалау әдістемесі.

1

23

Елдімекендерде атмосфералық ауаның ластануын бақылауды ұйымдастыру.

1

24

Атмосфералық ауаны санитариялық қорғау бойынша шаралар: технологиялық, санитариялық-техникалық, жоспарлы, әкімшілік. Атмосфералық ауада ластаушы заттардың таралу заңдылықтары.

1

25

Атмосфераға жіберілген қалдықтарды тазарту бойынша шаң мен газды тазартатын негізгі құрылыстар, олардың жіктемесі мен сипаттамасы.

1

26

Тұрғын үй әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйдің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері. Тұрғын үйлер салуға бөлінген учаскеге қойылатын гигиеналық талаптар.

1

27

Ғимараттарды жылыту мен желдетуді нормалаудың гигиеналық негіздері.

1

28

Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттарды табиғи және жасанды жарықтандыруды гигиеналық бағалау.

1

29

Коммуналдық мақсаттағы мекемелерге қойылатын санитариялық талаптар.

1

30

Ескертпелі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау кезеңінде ғимараттарды табиғи және жасанды жарықтандыруды гигиеналық бағалау.

1

31

Медициналық ұйымдардың, спорт құрылыстары, мәдени ағарту және ойын-сауық орындарының құрылысын ескертпелі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау.

1

32

Медициналық ұйымдардың, амбулаториялық-емханалық,шипажай-сауықтыру және санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің гигиенасы.

1

33

Санитариялық-эпидемиологиялық заңнама, медициналық ұйымды ағымды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау.

1

34

Операция бөлмелерінің жабдықтары мен иүліктерін санитариялық күту.

1

35

Спорт құрылыстары, мәдени ағарту және ойын-сауық орындарының гигиенасы.

1

36

Аудандық жоспарлаудың гигиеналық негіздері. Қала салу факторлары.

1

37

Елдімекендерді жоспарлау мен жобалық құжаттама. Қаланың бас жоспарын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау. Елдімекендер аймағын функциялық алдын ала тексеру. Инсоляцияның гигиеналық мағызы.

1

38

Қаладағы шуыл проблемасы. Шуылдың халық денсаулығына әсері. Санитариялық заңнама.

1

39

Шуылдың ұйғарынды деңгейін нормалау және оларды өлшеу. Халықты электромагниттік өрістен қорғау.

1

40

Ландшафттық-рекреациялық аумақтарға және елдімекендерді көгалдандыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Қазақстан аумағында таралып қоныстану сызбасындағы техникалық-экономикалық факторларды есепке алу.







Каталог: download -> files
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско- российский медициналық
files -> З қосымшасы (жалғасы) «тр тәртібімен мақЖ жөніндегі анықтама хабарлама» нысаны ф-04-25-08/13
files -> З қосымшасы (жалғасы) «каско жөніндегі анықтама хабарлама» нысаны ф-04-25-08/2
files -> Департамент внутренних болезней
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско
files -> 051103 мамандық Фармация бакалавры
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско медициналық российский медицинский
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско- российский медициналық
files -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско- российский медициналық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...