1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие берудің негізгі бағыттары. 2. Кіші мектеп жасындағы балаларға құқықтық тәрбие беру. 3. Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы танымын қалыптастырудың бағыттары. 4. Жоғары мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру. 5. ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие беру жұмыстары.
Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру жөніндегі ағарту және тәрбиелеу жұмыстары қазақстандық қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты туғызатын және соған себеп болатын себептер мен шарттарды жою (барынша азайту) жөніндегі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда білім берудің аса маңызды бағыты сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамайтын білім беру ортасын құру, сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын моральдық деңгейі жоғары, адамгершілігі мүліксіз азаматтарды тәрбиелеу болуға тиіс.
Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:– білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері жағдайларының болмауы; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі; – білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылы негізіндегі өмір-тіршілігі проблемаларын шешу тәжірибесін алу; – білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет.
Кіші мектеп жасында (7-10 жас – кемел балалық шақ, дене және рухани күш жинақтау уақыты) біршама өзгермеген түрде өмір бойы сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің қалыптасуының маңызы зор.
Ар-ождан, абырой, ұят, қайрымдылық, жанашырлық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және т.с.с. рухани қасиеттердің қалыптасуына ерекше назар салған жөн.
Орта мектеп жасы– (10-14 жас – жасөспірім кезеңі, балалардың өміріндегі күрделі кез) – бұл балалық шақта сіңірген руханиэстетикалық қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі. Бұл жаста патриотизм, интернационализм, өз Отанын мақтан ету, елдің қоғамдық құрылымын құрметтеу, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, адамның азаматтық құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің маңызы зор.
Жоғары мектеп жасы(14-18 жас – жастық шақ) – бұл дене және психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын кезең. Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасезімін қалыптастыру болуға тиіс, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға мүмкіндік береді.
Бұл кезеңді тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастырудың сенситивтік кезеңі деп санаған жөн, оның барысында кәсіби білім беру, сыбайлас жемқорлық проблемасын сезінуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарына біртебірте кірігу жүзеге асырылады. Осы орайда тұлғаның сыбайлас жемқорлық ұстанымын қалыптастыру маңызды шарт болмақ.
Студенттік кезең. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда тәрбие процесіне үлкен орын беріледі. Сондықтан студенттердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты саласындағы және сыбайлас жемқорлық қатынастарының келеңсіз салдарлары мен қалыптасатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным туралы студенттердің білімін молықтыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың әлеуметтік маңызды ісшараларын (акциялар, қозғалыстар, тренингтер, пікірталастар, конференциялар) жоспарлау және өткізу аса маңызды. Бұл міндет тәрбие процесіне жауапты жоғары оқу орындары қызметкерлеріне де, тікелей студенттердің өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де жіктелуі тиіс.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары билік, бизнес және азаматтық қоғам арасында дұрыс, өркениетті қарымқатынастар құру тұрғысынан маңызды. Сындарлы ұсыныстарға бастама білдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жауапты және ілгерінді тәсілдеріне бағдарлану сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен көзқарастарға ие ауқымда жастар қоғамдастығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл түптеп келгенде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлде төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға, біздің азаматтарымыздың заңдылық, адалдық және <адал өмір сүру – бұл тиімді және абыройлы>
ҚОРЫТЫНДЫ